Балалардағы туберкулез кез м ісі


Пәнің аталуы «Педиатриядағы мейірбике ісі Алматы медицина колледжі
Кредитер- 2 ЦӘК «Педиатриядағы мейірбике ісі»
Дәрістің тақырыбы-Балалардағы туберкулез кезіндегі мейірбике ісі.
Сабақтың мақсаты – дидактикалық , тәрбиелік, дамыту Курс-3,семестр-5
Оқытушы – Омашбекова Г.А. Дәрістің кысқаша мазмұны:
Дәрістің жоспары:
Туберкулез жайлы түсінік.
2.Тубіркулездәің жіктелуі, белгілері, диагностикасы, емі.
3. Туберкулездің арнайы алдын – алуы.
Дәрістің мәтіні:
Туберкулез.
Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), есікше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру.
Этиологиясы:
Туберкулездің қоздырғышы – микобактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.
Эпидемиологиясы:
Ең таралған жолы ауа – тамшы арқылы және ауа шаң арқылы.
Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі – науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда – туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады.
Туберкулез көбінесе 3 жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың туберкулезбен ауруы мүмкін.
Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады.
Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады
Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты.
Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каверна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.
Диагностикасы:
1. Анамнезің жинау.
2. Объективтік зерттеу.
3. Манту сынамасын жүргізу.
4.Рентгеналогиялық зерттеу жүргізу.
5. Қақырықта және асқазанды, бронхтардыжуған судан микобактериялардың табуылуына негізделеді.
Емдеу:
Комплексті, ұзақ мерзімде жүргізілуге тиіс. ДОТЦ терапия бойынша емдеу керек.
Ол 2 этапта жүргізіледі.
1 этап – белсенделегі төмендегенше стационарда емделеді.
2 этапта – белсенділігі төмендегенде емханада емделеді.
Туберкулезге қарсы препараттар береледі: белсенді препараттар изониазид 0,008 – 0,01 – 0, 015 г/ кг мөлшерінде немесе фтивазид, рифампицин, пиразинамид.
Бесенділігі орташа препараттар: этамбутол, этионамид, протионамид, стрептомицин.
Белсенділігі төмен препараттар: ПАСК, тибон.
Тамақманудың зор маңызы бар, тамақ алуан түрлі болуы керек.
Санаторийлерде емделу өте пайдалы.
Қазақстанда Туберкулезге қарсы жұмысты Туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орт-нда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика Туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген.
Алдын – алу:
Елімізде балаларға 1925 жылдан бастап туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіліп келеді, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 4 күнде іске асырылады. Ревакцинациясы 6 – 7 жаста, 12 жасында, 16 - 17 жасында жасалынады, Манту сынамасы теріс болған жағдайда.
1жатан бастап 15 жасқа дейін жыл сайын Манту сынамасы жүргізілуі қажет. Баланы санитарлы – гигиеналық тәртіпке үйрету қажет. Тұрмыстық жағдайды жақсарту керек.
Глоссарий:
Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:
1. Туберкулездің қоздырғышын сипаттаңыз?
2. Туберкулездің түрлерің айтыңыз?
3. Туберкулездің диагностикасы. Манту сынамасы?
4. Туберкулездің арнайы алдын – алуы?
Тарататын материал: тестер, ситуациалық есптер.
Манипуляция алгоритмдері:
Сабақтың жабдықталуы: оқу-жұмыс бағдарламасы, дәріс, кестелер, тестер, сөзжұмбақтар.
ЧЕК-парағы:
Үй тапсырмасы: Туберкулез. Дәріс.
Қолданатын әдибиет:
К.А. Святкина, Е.В.Белогородская, Н.П.Кудрявцева алматы – «Ана тілі» 1993 ж «Балалар аурулары», 303 - 320 беттер.
Тестер:
1. Туберкулезге тән белгіні таңдап ал:
температурасы 36,0-36,50
*микрополиаденит
құсу
ентігу
терісінің құрғауы
2. Туберкулезге қарсы вакцинаны таңдап ал:
АДС
АКДС
полиомелит вакцинасы
*БЦЖ
гамма глобулин
3. Гиперергиялық Манту сынамасындағы инфильтараттың денгейін корсет:
иненің орны
папуласы 2-4 мм
папуласы 5мм жоғары
папуласы 19 мм жоғары
*папуласы 15 мм жоғары
4. Туберкулезді емдейтін препаратты көрсет:
пеницилин
левомицитин
линкомицин
бисептол
*изониозид
5. Туберкулездің қоздырғышын көрсет:
стафилококк
*Кох таяқшасы
стрептококк
вирус
Лефлер таяқшасы
8. Туберкулезға диагноз қоюдың негізгі әдісін таңдап ал:
*Манту сынамасы
УЗИ
рентгеноскопия
бактериоскопия
қанның биохимиялық анализі
9. Манту сынамасының теріс жауабын көрсет:
*иненің орны
папуласы 2-4 мм
папуласы 5мм жоғары
папуласы 19 мм жоғары
папуласы 15 мм жоғары
10. Күдікті Манту сынамасындағы инфильтараттың денгейін корсет:
иненің орны
*папуласы 2-4 мм
папуласы 5мм жоғары
папуласы 19 мм жоғары
папуласы 15 мм жоғары
Ситуациалық есептер:
БЦЖ қайталама егудің алдында 23 балаға Манту сынамасы жасалды. Олардың арасында 3 баланың Манту сынамасы оң болып есептелді. БЦЖ егуге болытын баланың саны?

Приложенные файлы

  • docx 14819518
    Размер файла: 18 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий