жанр дайын


Эпос, драма және лирика туралы Сократ, Платон, Шеллинг, Гегель, Аристотель пайымдарын сипаттаңыз
Әдебиеттің тегі мен түрі әдебиет яғни сөз өнері эпос, лирика, драма дейтін негізгі үш салаға жіктеледі. Бұлар әдеби жанрлар мен түрлердің тегі деп те аталады және олардың әрқайсысы мазмұны және суреттеу, баяндау тәсіліне қарай өз тарапынан жүйе құрып, жанрлық түрлерге бөлінеді.
Бөлінгенімен, ішкі байланыстарын үзбей, бояулары бір-біріне кіріксе де, өздеріне тән ерекшеліктерін сақтап қалады.
Эпос — әдебиеттің негізгі үш тегінің бірі, әдебиеттің баяндау жанрларының басын құрайды. Эпостық шығармада оқиға өз бетінше автордың еркінен тыс жүріп жатқандай әсер береді. Мұнда оқиғаны суреттеу тәсілінің бір ерекшелігі — сюжет желісінің тежелетіндігі. Эпостық жанрдағы шығармаларда негізгі әңгімеге қатыссыз “бөгде” бір нәрселер бейнеленетін секілді. Шын мәнінде бұл — эпостың өзінің жанрлық мақсатына жету үшін қолданатын тәсілдерінің бірі. Эпос тұтастықты көксейді, шындық дүниені қалайда кең көлемде көрсетуді қалайды. Нәтижеде қомақты, өркешті, кең тынысты шығарма туады. “Батыр Баян” поэмасында Мағжан осы тәсілді шебер іске асырады. Жорыққа аттануға әскерін жинаған Абылай ханға Баян батырды күттіру арқылы оның тұлғасын ғана биіктетіп қоймайды, сол арқылы поэмаға қосымша талай оқиғаларды суреттеп, шығарма ауқымын барынша кеңейтеді, құлашын кең жазады. Эпос оқиғасы сырт оқиға ғана емес. Қаһарманның ішкі дүниесіне бойлау, оның жан диалектикасын ашу қандайда қызғылықты оқиғадан кем әсер етпейді. Эпостық шығармалар тарихы сонау қадым замандардан басталады. Аңыз, ертегі, дастан, жырлар — біздің баға жетпес ұлттық мұрамыз. Болмысты бейнелеу, адам мен қоғам өмірін суреттеу эпос жанрында негізгі үш арнамен атқарылады. Ол жанрлар шағын көлемді (анекдот, мысал, әңгіме, новелла, әпсана-хикаят), орташа көлемді (поэма, повесть) және ірі көлемді (эпопея, роман) болып бөлінеді.
Үш текті әдебиет жанрларының бірі — лирика, адамның көңіл-күйін шертеді. Бұл жанрда “ақын адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі” (Байтұрсынов). Адамның сырттан алған әсері көңіл көрігінде балқып, нәзік сәулелі сезімге айналады. Жалт өткен сезім жарқ етіп ақын жүрегін дөп сөзбен жарып шықса, міне, бұл — лирика. Лирика — алдымен сезімнің гүлі, гүлдің хош иісі, көз жауын алған көркі. Мұнда субъектілік басым. Эпоста автор оқиға көлеңкесінде қалса, лирикада алға шығады, өзі өлең мазмұнына айналады. Және өз қалпын “бетін өзгертпейді” (Аристотель). Өлеңнің лирик. кейіпкері көбіне автордың өзіне тартады. Лирик. кейіпкер — жүрегін от сезімге ораған ой адамының бейнесі. Лирик. өлеңдегі сұрапыл тебіреніс, толғаныстар, қызу қанды қарбалас әсерлер соқыр сезім емес, ой көзді сезім. Абай: “Өмірде ойға түсіп кем-кетігің, Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің” десе, бұл — лирик ақын бейнесі. Ой мен сезім лирикада ғашықтардай табысады, сол махаббат ләззатынан көркем сөз атты перзент туады. “Қуатты ойдан бас құрап, Еркеленіп шығар сөз” деп Абай тегін айтпаған. Өлең қолдан жасалмайтынын, ой, қайрат, жүрек тұнығынан қайнап шығатынын ескерткен. Лирик. жанр түрлері қазақ ауыз әдебиетінде терме, толғау нысанында қалыптасты. Әлемдік әдебиетте ертеден өріс алған элегия (мұңды өлең), ода (мадақ өлең),эпиграмма (әжуа өлең), эпитафия (жоқтау), сонет сыршыл, композициясы белгілі нормамен жазылатын өлең секілді түрлері қазақ поэзиясында берік орын тепті. Саяси-әлеум. лирика түрлері де дамыды. Тақырыбы мәңгілік саналатын махаббат лирикасы, табиғат лирикасы түрлерінен қазақ поэзиясы әлемдік поэзияның қай-қайсысымен де иық теңестіретін шығармалар тудырды.
Әдебиеттің үшінші тегі — драма. Мұнда оқиға көз алдында өтіп жатады. Кейіпкерлер бастарынан шиыршық атқан шым-шытырық оқиға кешеді. Бәрі әрекет үстінде. Жәй әрекет емес, тайталасқан күрес, айтыс-тартыс, қырқыс. Айлаға қарсы айла, әрекетке қарсы әрекет. Оны істейтін кейіпкерлердің характері. Бәрі соған байланысты: жақсылық та, жамандық та. Характер, мінезділік — адамның өзегі, алтын арқауы. Атом бөлшектенгенде орасан зор энергия пайда болатыны мәлім. Характер ядро іспетті. Драманың ойдағыдай шығуы сол ядроның қуатын қалай “босата” алғанына, яғни кейіпкердің мінезін қалай аша білгендігіне байланысты. Оның тәсілі сан алуан. Характер қақтығыста, тартысқа көрінбек. Қшінде бүккен сырлары, әлеум.-саяси көзқарасы, өзге де адамгершілік, құлықтылық, ар-инабаттылық қасиеттері жан алып, жан берген күрес, шайқастарда ашыла түспек. Ғ. Мүсіреповтың драмаларындағы характерлер дәл сондай шиеленіс, күрес үстінде ашылады. Біреулері махаббаттай пәк, асыл да асқақ сезім үшін, сүйген жарының жолында өзін құрбан етеді. Сөйтіп рухани сұлулығымен көрермен жүрегінде мәңгі ұялайды. Қайсыбірі ұсақтығымен, арам, арсыздығымен жирендіреді. Екеуі жиылып адамның іштей жуылуына, жаңғырып шыңдалуына бастайды.
Әдебиет тектері мен түрлерінің жіктелуінде белгілі шарттылық бар. Эпос, лирика, драма іштей бір-бірімен байланысты. Бір әдебиет көзінен тарайтын бұлақтар. Үш тектің үшеуі де қазақ көркем сөзінің фольклор, дара ақындар әдебиеті, жазба әдебиеті тармақтарының бәрінде бір сапада ойға азық, жанға сусын бола білді. Үшеуі де даму барысында біріне бірі әсер етіп, бірін бірі демеп, ашып, толықтырып отырады. Мыс., жаңа эпос-роман жанры психологизм, драматизм құралдарын барынша пайдаланады. Демек, лирика, драма жанрларынан өзіне керекті нәр алып отырады деген сөз. Роман жанры бірден бүгінгі кемеліне келе қойған жоқ. Оның ілкі өркендері ертеректе, фольклор қойнауларында шым-шымдап өсіп жетілді. Соңғы жылдары фольклортану ғылымы дастан эпосының қайсыбір белгілерінен новелла, роман жанрларының нышандарын тауып, зерттеп жүргені тегін емес. Ертегілік дастандармен қатар, новеллалық, романдық дастандар дейтін түрлер ғыл. айналымға енгізілді. Жанрлық ауыс-күйіс — әдебиет дамуындағы табиғи процесс. Әдебиеттің үш текті жанрларға жіктелуі күллі көркемсөз дүниесіне қатысты заңдылық. Міне, осы ортақ заңдылықтан фольклор, дара ақындық ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті саларын бір-біріне қарсы қоймай, араларына өтпес ор қазбай, қайта оларды бір-бірімен тығыз байланыста тұтас өнер жұйесі ретінде қарап зерттеу қажеттігі туындайды.
Ғ. Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» повесінің жанрлық ерекшеліктерін сипаттаңыз
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің классигі Ғабит
Махмұтұлы Мүсіреповтің қазақ әдебиетіне қосқан
көркемдік үлесі үлкен. Қазақ әдебиетіндегі әңгіме,
очерк, публицистика, повесть, роман, драма
шығармаларының қалыптасып, дамуында
Ғ.Мүсіреповтің орны бар. Сондай–ақ, әдеби–сын мен
әдебиеттану саласында да оның еңбегі елеулі. Жер жүзі
әдебиеті мен орыс әдебиетінің алтын қазынасын байыта
түскен ірі аудармашы да. Идеялық мазмұны терең,
көркемдік қасиеті көзтартарлық талай–талай асыл
бұйымдардың авторы.
Ғ.Мүсірепов – қазақ әдебиетіндегі майталман
жүйрік сөз зергерлерінің бірі.Оның көркемдік шеберлігі
кейінгі буын қаламгерлердің үйреніп, тағылым аларлық
әдеби мектебіне айналды.Қазақ әдебиетінің дамуына
келелі үлес қосқан Ғ.Мүсірепов тек қазақ еліне ғана емес,
бүкіл халыққа да кең танылған ірі суреткер. Оның
көрнекті еңбектері орыс және басқа да халықтар
тілдеріне аударылумен қатар, шетел тілдеріне де
аударылып, кеңінен таралғаны мәлім. Қазір Ғабит
Мүсіреповтің есімі бүкіл дүние жүзіне әйгілі.
Ғабит Мүсірепов – шеберлігі шығарма сайын
ширығып, шыңдала берген, бірден – бірге өрлеп, ең
шырқау биіктерге көтеріле берген жазушы. Оның әрбір
шығармасы – көркемдік жаңалық, тың сөз, өнеге үлгісі.
Идеялық мазмұны терең, көркемдік сипаты көз
9 тартарлық «Оянған өлке», «Жат қолында» романдары
тек жазушы творчествосынан ғана емес, бүкіл қазақ
әдебиетінен келелі орын алатын көрнекті шығарма
ретінде танылды. Жазушының өмірінің соңғы кезеңіндегі
екі үлкен туындысы – «Кездеспей кеткен бір бейне» атты
прозалық поэмасы мен «Ұлпан» атты романы еді.
Жазушының бұл романдары қазақ әдебиетінің асыл
қорына қосылған елеулі көркемдік үлес.
«Кездеспей кеткен бір бейне» шығармасының басты кейіпкері Еркебұлан арқылы Сәкен Сейфуллин өмірінің бір эпизоды алынған. Сәкен өлімін домбыра ішегінің үзілуі арқылы берген бұл шығарма – ақындық шабыттан туған шығарма.
Оның “Кездеспей кеткен бір бейне” повесі (1966, ҚР Мемл. сыйл., 1970) – классикалық шығарма. Повесть Мүсіреповтің шынайы сөз зергері ретіндегі қаламгерлік қарымын, талант қуатын танытты. Қара сөзбен жазылған поэма іспетті бұл шығармада азаматтық ерлік пен ақындық асыл өнер, адамгершілік биіктік пен махаббат терең лиризммен әсем өрнектелген. Адам бейнесін, мінез-құлқын, іс-әрекетін әдемі штрих-детальдармен беруде жазушы ірі көркемдік табысқа жеткен. Бас кейіпкер Еркебұланның жігерлі тұлғасы, оның рухани әлемінің алуан сырлары көркемдік бояумен әсем өрнектелген. Оның прототипі ретінде ақын Сәкен Сейфуллин алынған. Терең лиризммен, сан түрлі сезім толқындарымен тебірене жырланған Еркебұлан бейнесі қазақ әдебиетіндегі ұнамды образдар қатарын байытып, сөз өнерінде үлкен жетістік саналды.
Әдеби тек туралы Л.И.Тимофеев, Г.Н.Поспелов, Б.В. Томашевский, В.Е.Хализев пайымдарын сипаттаңыз
Жанр туралы түсінік жазба әдебиеттің қалыптасуы, дамуы барысында анықталады. Әдебиет - өнердің үлкен бір саласы болса, яғни, өнердің үлкен бір тармағы деп қарастыруға болады. Қазақ әдебиеті - қазақ өнері мен өмірінің айнасы, шежіресі іспетті. Осы өнер мен өмірдің кескінді сұлбасы қазақ әдебиетінде ежелден көрініс тауып  келеді. Десе де, жанрға бөліп, жік-жігімен қарастыру әңгімеміздің басында айтып кеткендей жазба әдебиетпен тікелей байланысты.  Қазақтың жазба әдебиеті негізінен ХIX ғасырдың екінші жартысынан бастау алатынын  тіл білімі ғалымдары жан-жақты дәлелдеп берді (Т. Қордабаев, Р.Сыздықова,С.Аманжолов және т.б).  Демек біздің әдебиетімізде жанр, тек пен түрге ажыратып қарастыру да осы кезеңнен бастау алады. Әдебиетті жасайтын ақын, жазушы, драматург, сатирик, публицист, сыншыжәне т.б атқаратын қызметіне орай әдеби жанр жасайды. Жанр дегеніміздің өзі ішінен тек пен түрге ажыратылады. Яғни түр жиналып тек жасайды, тек бірігіп жанр қалыптастырады. Әдебиеттегі белгілі бір заман ағымына, сол замандағы адамдар психологиясына (образ) қарай әдебиеттанушы ғалымдар тарапынан жанр деп баға беріледі. Бірақ, бұл шартты құбылыс. Дегенмен бұл құбылыс орын алмай жанр қалыптаспайды, әдебиет те алға қадам баспайды. Жанр дегеніміз әдебиеттің өсіп-өркендеуіне, қарыштап дамуына қызмет етеді. Әдебиеттің үш үлкен тегі: поэзия, проза және драма. Осы үш ұғым қай кезеңде де көрініс береді. Әрине сол кезеңнің шығармашылық тұлғаларына байланысты бір жанрдың қарқынды дамып, енді бірінің кенже қалуы ықтимал. Бірақ қашанда халық тұрмысының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап отыратыны сөзсіз. 
 Профессор Л.Тимофеев пен Н.Венгров: «Әдебиет тегінжанр деп атау дұрысырақ», - дейді. Біз де осы пікірге қосыламыз.
М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының композициялық ерекшеліктерін сипаттаңыз
Халық тағдыры М. Дулатұлының прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның "Бақытсыз Жамал" атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. "Бақытсыз Жамал" қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың "Қыз көрелік", С.Көбеевтің "Қалың мал", С.Торайғыровтың "Қамар cұлу", т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.
"Бақытсыз Жамал" романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады. ... Жайлауға жаңа көшіп қонған ауыл. Саумалкөл маңына жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз сапырған жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт енді бірін-бірі қонаққа шақырып мәз. Үй жағалап қымыз ішкен жастар... Осылайша жайбарақат жатқан ауылға патша ұлықтары келе жатқаны туралы хабар тарайды. Абыр-сабыр басталады. Ауыл сыртына үй тігіледі. Арнайы үйге келіп түскен екі ұлықты "ләббай, тақсыр" деп күткен ауылнайдың сөзінде де ерекше бір мақтаныш сезіледі. Міржақып Дулатұлы осы шағын көріністі суреттеу арқылы өз заманының тұрмыс-жағдайын, адамдардың психологиясын дәлме-дел береді. Ауыл адамдарының өзара әңгімелерінен, ауылнай бастаған белсенділердің іс-әрекет, мінез-құлықтарынан жазушы мол сыр ұқтырады. ...Дәл осындай абыр-сабыр сәтте ауыл қазағы Сәрсенбайдын әйелі босанып, дүниеге қыз бала келгені туралы қуанышты хабар жетеді. Дүниеге келген бұл сәби романның бас кейіпкері Жамал болатын. Табиғатынан зерек жаратылған Жамал молдадан ескіше, жаңаша оқып, хат таниды. Түрлі хисса-дастандарды көп оқиды. Бірқатарын жатқа да айтатын болады. Сөйтіп елдің көзіне түсіп, қыз айттырам деушілердің назарына ілігеді. Жамал он бес жасқа келді. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі бір-біріне муафиқ келіп, Жамал сол елдің қызының алды болды. Бұл айтылмыш артықшылығының үстіне сөзге бек ұста болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды. Олай-бұлай қалжыңмен сөйлескен бозбаланы сөйлетпейтін еді. Ел ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастап, шет елдерге де "Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қыз бар" деген лақап жайыла бастады. Көркіне ақылы сай болып бойжеткен Жамалды Байжан деген бай баласы Жұманға айттырады. Қыз шешесінің қарсылығына қарамастан, Сәрсенбай болашақ құдасының байлығына қызығып, құдалыққа келіседі. Бірақ бай баласы топас, нашар болады. Жамал оны менсінбейді. Сөйтіп жүргенде бір тойда оқыған, мәдениетті, жаңаша киінген, сыпайы, әдепті Ғали деген жігітпен танысын, көңілдері жарасады. Арада біраз уақыт өтіп, қыздың Жұманға ұзатылар шағы туғанда, Жамал Ғалимен қол ұстасып қашып кетеді. Жастарды қудалау басталады. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан Ғали ауырып қайтыс болады. Қайғыға батқан Жамал көп ұзамай Жұманға ұзатылады. Көрмеген қорлықты көреді. Ақыр аяғында бір боранды күні Ғалидың қабірінің басына барып, жылап жатып қайтыс болады. Романда оқиға желісі—суреттелетін ауыл өмірі, әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қарым-қатынастар мен жекелеген адамдар түсінігіндегі қайшылықтар шырмауына түскен Жамал мен Ғалидың мөлдір махаббаты, өз еркіндіктеріне жету жолындағы үмтылысы осы арнада өрбиді. Ақыр аяғында трагедиямен аяқталады. М. Дулатұлы бұл оқиғаны кездейсоқ болған бірді-екілі жай ретінде қарамайды. Ғашықтар трагедиясын ол қазақ даласындағы әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Сол арқылы қазақ қыздарының бас еркі, жастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ой ұсынады. Жазушы үшін әйелдің бас бостандығы, өзінің сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы ең бір түйінді мәселе болды. Ол әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады. Міржақып Дулатұлының романдағы Жамал бейнесін сомдаудағы жаңалығы да өзінің осы идеясына негізделеді. Романдағы Ғали — сол замандағы оқыған, мәдениетті жастарының жиынтық бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген , жазған хаттарынан бұл қасиет айқын аңғарылады. Ал шығармадағы Байжан бай, оның баласы Жұман, сондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбай, үлкен шешесі Қалампыр — ескі психологияның адамдары. Оларға адамгершіліктен гөрі байлық, шен мақтанышы қымбатырақ. Тұтастай алғанда, "Бақытсыз Жамал" романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсетті, үлгі болды.
5.Жанрды текке бөлудің 2 принципін баяндаңыз. Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Әдебиеттегі жанр — әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М.Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты. Қазақ әдебиетінің тарихында жанрлардың түрленуіне Абай Құнанбаев пен М.Әуезов шығармаларының рөлі ерекше болды. Поэзиядағы ұлы құбылыс болып табылатын Абай қазақ өлеңін жанрлық жағынан қайта түлетсе (“сегізаяқ”, “алтыаяқ”, т.б.), Әуезов түркі әдебиетін әлем әдебиеті деңгейіне көтерген “роман-эпопеяның” түрленген түркілік нұсқасын тудырды. Әдебиеттегі жанрларды тегі мен түріне қарап лирикалық, эпостық және драма жанрлар деп бөлеміз. Әлемдік әдебиетте лирикалықжанрларға: элегия, эпиграмма, эпитафия, ода, идилла, сонет, рондо, мадригал, ғазел, хокку, танка, баллада, памфлет, романс, өлең, терме, толғау, т.б. жатқызады. Адамның көңіл-күйі, ой мен сезімнің үндесуі лирикалық жанрлардың басты ерекшеліктері болып табылады. Олар өзара өзіндік реңк, бояуымен де ерекшеленеді: элегия — мұң, эпиграмма — сықақ, ода — мадақ, т.б. Лирикалық жанрларды мазмұны мен тақырыптық өзгешелігіне қарап қана емес, бейнелеген өмір құбылыстары, ой-сезім өрнектері ерекшеліктеріне байланысты саяси-әлеумет лирика, философия лирика, көңіл-күй лирикасы, табиғат лирикасы, т.б. жүйелеп топтастыру үрдісі де бар. Эпостық жанрларға эпикалық кең тыныс, көп желілік, мазмұн қоюлығы, баяндау стилі тән. Дегенмен, бұл жанрлардың да шағын, орта және үлкен түрлері бар (әңгіме,повесть, роман). Эпостық жанрлар ұлттық әдебиеттердегі аңыз, ертегі, батырлық, тарихи жырлардан бастау алады. Қазіргі заманғы әдебиеттегі эпостық жанрларға:новелла, мысал, әңгіме, повесть, поэма, роман, роман-эпопея, т.б. жатады. Эпостық жанрлардың әрқайсысы өзіндік табиғатына, алған тақырыбына байланысты іштей жанрлық түрлерге бөлінеді. Мыс., роман жанрның өзі іштей тарихи роман, лирикалық роман, деректі роман, мемуарлық роман, шытырман оқиғалы роман, серілік роман, психологиялық роман, т.б. болып жіктеледі. Ал әдеби ағымға, әдеби бағытқа, стильге қатысты романтикалық роман, реалистік роман, классикалық роман, т.б. түрлерге бөлінді. Кейде қалыптасқан дәстүрлі жанр табиғатынан өзгеше көркем шығармалар пайда болады. Кезінде, Л.Н. Толстой өзінің “Соғыс және бейбітшілік” атты шығармасын дәстүрлі бір жанр аясында қарастыруға қарсы болып, “Бұл роман емес, тіпті поэма да емес, ал тарихи шежіреден мүлдем алыс” деп пікір білдірген. Кейін автор оны “Илиада” мәнеріндегі шығарма деген. Яғни көне эпикалық дәстүрдің өз шығармасының жанрлық табиғатында көрініс тапқанын сезген. Әдебиеттану ғылымы бұл стильде жазылған көркем шығармаларға екі жанрлық анықтама беріп, “роман-эпопея” деп атады. Кейін сөз өнерінде бұл жанрлық түрде іргелі шығармалар жазылды (Дж.Голсуорси, М.А. Шолохов, Әуезов, Ә.Нұрпейісов, т.б. роман-эпопеялары). Драмалық жанрлардың драма, трагедия, комедия сияқты тарихи қалыптасқан ірі 3 түрі бар.Трагедия жанры тарихи-эволюция ұзақ даму кезеңінен өтті. Эсхил, У.Шекспир, Ф.Шиллер, Г.Ибсен, М.Метерлинк, Ж.Б. Мольер, Ю.А. Стриндберг, Әуезов, т.б. қаламынан туған трагедияларды бір жанрлық қатарға қоя алмаймыз. Әдеби дәуір, ағым мен бағыт әрбір жанрға ықпал етеді. Сонымен қатар әрбір суреткердің даралық, ұлттық, классик. стилінің жанр табиғатына өзгеріс енгізетіні де әдебиеттану ғылымында белгілі (қ. Стиль). Драм. Ж-лар іштей жанрлық түрлерге бөлінеді. Трагедия мен комедияның бір-бірімен ұштасқан трагикомедия, ал комедияның лирикалық комедия, сатиралық комедия, водевиль, фарс, т.б. түрлері бар. Комедияда өмірдің келеңсіз құбылыстары, адам мінезіндегі мін — күлкі, әзілмен беріледі. Ал трагедияның жанрлық ерекшелігі — шығарма күрделі оқиға, ымыраға келмейтін тартысқа құрылып, соңы қайғылы аяқталады. Әлем әдебиетінде трагедия жанры У.Шекспир шығармалары арқылы биікке көтерілді (“Отелло”, “Гамлет”), қазақ әдебиетінде трагедия жанрының үздік үлгісін Әуезов (“Қаракөз”, “Абай”) жасады. Жалпы драмалық жанрларға оқиғаны ширыққан тартысқа құрып, мейлінше шиеленістіріп, шарықтау шегіне жеткізе суреттеу тән 
6.Тектердің шығу тарихын пайымдаңыз.Сөздік көркем туындыларды әу бастан әдебиеттердің тектері деп үш үлкен топқа бөлу етек алды. Олар эпос, драма және лирика. Осылай десек те, қаламгерлердің (әсіресе, XX ғ.) өмірге әкелгендерінің бәрі осы үшемге (триадаға) жата бермесе де, олар күні бүгінге дейін әдебиеттану құрамында өздерінің маңыздылықтары мен беделдерін сақтап келеді.Платонның «Мемлекет» трактатының үшінші кітабында  Сократ поэзияның тегі турасында ой толғайды. Ақын, бәлкім, біріншіден, өз атынан тікелей сөйлейді, бұл  «дифирамбаларда басымдықпен» (лириканың өзіндік маңызды сипатының мәні бойынша) орын алады; екіншіден, аық сөзі араласпай, кейіпкерлердің «сөз алмасуы» түрінде түзілетін туындылар трагедия мен комедияларға (поэзия тегі ретінде драма тап осындай) тән; үшіншіден, өз сөзіңді қатысушы тұлғаларға тән бөгде сөзбен біріктіру (эпоста ұшырасатын): «Және де ол (ақын-В. X.) қай кезде бөгде сөзді келтіреді және сол кезде оның белгілі бір аралығында өз атынан сөйлейді, оның бұнысы әңгімелеу болып табылады». Выделение Сократ және Платон бөліп көрсеткнн үшінші, поэзияның (аралас түрдегі) эпикалық тегі оқиға туралы әңгімені қатысушы тұлғаның ( көне гр. diegesis) қатысуынсыз шектеу және айтылатын сөзге  (көне гр. mimesis) іс-әрекет, мінез-құлық арқылы еліктеуге  негізделген.Аристотельдің «Поэтикасының» үшінші бөлімінде осыған ұқсас пікірлер айтылады. Бұл жерде эпостың, лириканың және драмның сипаты болып табылатын поэзиядағы (сөз өнеріндегі) еліктеудің үш амалына қысқаша сипаттама беріледі: «Бір нәрсеге, бір ғана нәрсеге еліктеп, өзіңнен алыс оқиға турасында Гомер сияқты сөз қозғау, не болмаса, тап осындай, бірақ еліктеуші өзімен өзі қалып, ештеңке өзгертпей немесе барша суреттелетін тұлғаларды қатысушы және іс-әрекет үстінде екендігін танытады»Қайта Өрлеу дәуірінде аристотельдік үшем нақытылана түстін А.С.Минтурно «De Poetika» (1559) трактатында сөз өнерінің құрамындағы эпос, мелика (яғни, лирика) және сахналық поэзияны (яғни, драма) бөліп көрсетті.Тап осындай рухта – сөз саптаушыға («сөз иесіне») көркем тұтастықтық қатынастағы типтер ретінде  әдебиет тектері кейінірек бірнеше мәрте қарастырылды. Сонымен қатар, XIX ғ. (әуелі романтизм эстетикасында) эпосты, лириканы және драманы сөздік-көркем формалар түрінде емес, әлдебір ойжүрту арқылы танылатын философиялық санаттама түрінде басқаша ұғыну орнықты да, әдебиет тектері көркем мазмұнның типтері түрінде пайымдала. Осы себепті олардың осы бір қарастыруы поэтикадан (сөз өнері туралы ілімнен) алшақтай түсті. Осылайша, Шеллинг лириканы шексіздік пен еркіндік рухына, эпосты – тап-таза қажеттілікке жатқызса,  драманы осы екеуінің өзіндік синтезі: еркіндік пен қажаттіліктік арасындағы күрес ретінде қарастырды. Гегель (Жан-Польдің ізін ала) «объект» және «субъект» санаттамасының көмегімен эпос, лирика және драманы  : эпикалық поэзия – объективті, лирикалық – субъективті, ал, драмалық болса  – осы екеуінің қоспасынан тұрады деп сипатта. В.Г. Белинскийдің «Поэзияны тек пен түрге бөлу» (1841) мақаласының арқасында гегельдік концепция (және оған сәйкесетін терминология) отандық әдебиеттануда түбегейлі қалыптасты.XX ғ. әдебиет тектері талай мәрте психологияның (еске алу, көрініс, қуаттылық), лингвистиканың (бірінші, екінші, үшінші грамматикалық жақ), сондай-ақ, уақыт санаттамасының (өткен, қазіргі, болашақ) түрлінше құбылыстарына жатқызылды.Бірақ та Платон мен Аристотельден тамыр тартқан дәстүр өзін түгеспей, әлі күнге дейін өмір сүруін жалғастырып келеді. Әдебиеттің тектері әдеби туындының тілдік ұйымдасыру типі ретінде жете назар аударуға лайықты дау тудырмайтын дәуірден үстем реалдылық болып табылады.Эпос, лирика және драманың табиғатына 1930-шы жылдары неміс психологы және лингвисі К. Бюлер жасаған сөз теориясы өз жарығын түсірді, онда ғалым сөз саптаудың (тілдік актінің) үш аспектісі бар деп тұжырымдайды. Олар өз бойына, біріншіден, сөздің тақырыбы (репрезентация) туралы хабарламаны; екіншіден, экспрессияны (сөйлеушінің эмоциялық айшығын); үшіншіден, апелляцияны (сөз саптауды өзіндік іс-әрекетке айналдыратын сөйлеушінің әлдекімге қарата сөз толғауды) сыйдырады. Тілдік іс-әрекеттің осы үш аспекті өзара байланыста болып келіп, сөз саптаудың түрлінше типтерінде (оның ішінде, көркем) өздерін қилынша танытады. Лирикалық туындылардағы ұйымдастырушы бастау көз және доминант тілдік экспрессия болып табылады. Драма апеллятивтік, сөздің өзіндік іс-әрекеттік қырына назарын аударып, сөз оқиға өрбуінің белгілі бір сәтіндегі жүзеге асатын өзіндік іс-әрекет ретінде танылады. Эпоста өз кезегінде кең ауқымды түрде  тоже широко опирается на апеллятивтік тілдік бастауға (өйткені, туындының құрамына олардың іс-әрекеттерін алмастыратын кейіпкерлердің сөз саптауы енуіне) арқа сүйейді. Осы әдеби текте сырттай сөйлеушінің әлдене турасындағы хабарламасы басымдыққа ие болып келеді.Сөз тінінің осы бір қасиетімен лирика, драма жәнеи эпос, сондай-ақ (тап олардың өзі айқындаған) басқа да әдеби тектердің қасиеттері: туындының кеңістіктік-уақыттық ұйымдасытру амал-тәсілдері; олардағы адамның өзіндік көрініс берулері; автордың қатысуының формалары; мәтіннің оқырманға арналу сипаты табиғи байланыста болып келеді. Әрбір әдеби тек, басқаша айтар болсақ, ерекше, тек өзіне ғана тән қасиеттерге ие болып келеді.Әдебетті текке бөлу поэзия мен прозаға бөлшектеумен қабыспайды. Кейбірде сөз ыңғайында  лирикалық туындыларды  поэзиямен, ал, эпикалықты – прозамен дәрегейлестіреді. Бұндай сөз қолданысы дұрысты емес. Әрбір әдеби тек өз бойына әрі поэтикалық (өлеңдік), әрі прозалық (қара сөздік) туындыны сыйдырады. Эпос өзінің өнердің ежелгі кезеңдерінде көбіне өлеңдік (антикалық эпопеялар, француздық ерлік туралы әндер, орыс былиналары мен тарихи әндері және т.б.) болып келді. Эпикалықтың өздік тектік негізінде өлеңмен жазылған туындылар жатыр, олар Жаңа уақыттың әдебиетінде де ара-кідік ұшырасады (Дж. Н.Г. Байронның «Дон Жуаны»,  А. С. Пушкиннің «Евгений Онегині», Н.А. Некрасовтың «Русьте кім жақсы тұрадысы»). Әдебиеттің  драмалық тегіде де әрі өлең, әрі проза, тіпті кейде екеуі қабаттаса бір туынды бойында ұшырасады (У. Шекспирдің көптеген пьесалары). Тіпті басым жағдайда өлең түрінде кезігетін лирикада прозалық болып келеді (тургеневтік «прозалық өлеңін» еске түсірейік).Әдеби тектердің теориясында өте өткір терминологиялық проблемалар да туындайды. «Эпикалық» («эпикалы»), «драмалық» («драматизм»), «лирикалық» («лиризм») сөздері тек қана әңгімеге өзек болып отырған туындының тектік ерекшеліктерін білдірмейді, сонымен қатар оның басқа да қасиеттерін танытады. Эпикалық деп асқақ-сабырлы, тыншымды қалыптағы өмірді кең ауқымды, күрделі де, көп қырлы әлемге деген көзқараспен пайымдап, әлдебір тұтастық ретінде қабылдау болып табылады. Осыған байланысты кейбірде гомерлік поэмаларда және одан кейінгі  бір қатар туындыларда көрініс тапқан (Л.Н. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілігі») «эпикалық құлаштылық» жайында сөз етіледі. Эпикалы болса, тек эпикалық (әңгімелеуші) туындыларда ғана емес, идеялық-эмоционалдық ауандылық ретінде барлық әдебиет тектерінде драмада (А.С. Пушкиннің «Борис Годуновы») және лирикада (А.А. Блоктың «Куликово алаңында» циклінде) орын алады. Драматизм деп әлдебір қарама-қайшылыққа қатысты көңіл қобалжуымен, алаңдау мен алабұртумен байланысты болып келетін ой ауанын атау қалыптасқан. Және ақыр соңында, лиризм дегеніміз – бұл автор, әңгімеші, персонаждар сөздерінде айшықталған асқақ эмоционалдылық. Драматизм мен лиризм де барша әдеби тектерде ұшырасады. Осылайша, Л.Н. Толстойдың «Анна Каренина» романы, М.И. Цветаеваның «Отанға деген сағынышы» драматизмге толы. И.С. Тургеневтің «Байбатшалар ұясы» романы, А.П. Чеховтың «Үш апалы-сіңілі» және «Шие бағы» пьесалары, повести И. А. Буниннің әңгімелері мен хикаяттарының бойына лиризм барынша сіңірілген. Эпос, лирика және драма, осылайша, туындының эмоционалды-мағыналық типтерінің  эпикалық, лиризмдік және драматизмдік «үн қатымының»  бір жақты-қатаң байланушылығынан азат болып келеді.Біздің ғасырдың ортасында неміс ғалымы Э. Штайгер осы екі ұғымның (эпос –эпикалық т.с.с.) шектелуінің төлтума тәжірибесін қолданды. Ол өзінің «Поэтиканың негізгі ұғымдары» еңбегінде эпикалықты, лирикалықты, драмалықты ұғыным, еске алу, толқу сияқты ұғымдармен байланысты стильдік (реңктік//тоналдылық — Tonart типті) құбылыс ретінде сипаттады. Және де әрбір әдеби туынды өз бойына (эпостың, лириканың немесе драманың сыртқы формасына қарамай тәуелсіздіктегі) үш бірдей бастау көзді біріктіреді: «Егер де мен лирикалық пен драмалықты лирика және драмамен байланыстыратын болсам, ештеңке түсіндіріп бере алмаймын» деп тұжырымдады.Алғашқы қауымдық синкреттік шығармашылығында эпос, лирика және драма қоғамның ертеректегі кезеңінде қалыптасты. XIX ғ. аса ірі орыс тарихшылары және әдебиет теорияшыларының бірі А.Н. Веселовский өзінің «Тарихи поэтикасының» алғашқы үш тарауын әдеби тектердің шығу төркініне арнады. Ғалым, әдеби тектер іс-әрекеттері жоралғылық ойын-биі болып табылып, еліктеу дене қимылдары қуанышты немесе қайғылы айқай әнмен сүйемелденетін алғашқы қауымдық халықтардың ғұрыптық хорынан шықты деп дәлелдеді. Веселовский эпос, лирика және драманы из  ғұрыптық «хорлық іс-әрекеттердің» дамыған «протоплазмасы» деп ұйғарды.Хордың белсенді қатысушыларының (ән бастаушылары, корифейлерінің) айқайлауы лиро-эпикалық әндерге (кантилендерге) дамып, уақыт өте келе ғұрыптан ажырауы: «Лиро-эпикалық сипаттағы әндердің ең бірінші болып, табиғи жолмен хор мен ғұрыптың байланысынан бөлініп шығуы болып табылады». Веселовскийше, поэзияның өзіндік ілкі формасы лиро-эпикалық әндер. Осындай әндердің негізінде кейіннен  эпикалық әңгімелеу қалыптасты. Ал, хорлық айқайдан өз кезегінде ғұрыптан бөлініп шыққан лирика (басында топтық, ұжымдық сипата болған) өсіп шықты. Эпос және лирика, осындай репетте, Веселовскийдің түсіндіруі бойынша  «ежелгі ғұрыптық қордың ыдауының салдары». Драма хор мен хор бастауышының реплика алмасуларынан пайда болған деп тұжырымдайды ғалым. Және де оның (эпос пен лирикадан өзгешелігі), дербестікке ие бола отырып, сонымен қатар, ғұрыптық хордың және оған әлдебір ұқсастықтың «барша синкретизмін сақтап қала алған».Веселовский ұсынған әдебиеттің тектерінің шығу теориясы алғашқы қауымдық халықтар өмірі туралы замана ғылымына белгілі көптеген фактілермен расталды. Осылайша, драманың бірте-бірте ғұрыптық іс-әрекетке қатысушылардың белсенді сөздерімен сүйемелденетін ғұрыптық қойылымдардан: би мен пантомимадан шыққандығы даусыз. Сонымен қатар,  Веселовскийдің теориясында эпос пен лириканың қалыптасуы ғұрыптық іс-әрекеттерден тыс тәуелсіз өмірге келуі есепке алынбаған. Осылайша, мифологиялық аңыздамалар негізінде кейіннен прозалық аңыз (сага) және ерегілер хордан тыс қанат жайды. Олар бұқаралық ғұрыптарда әнге салынбады, тайпаның әлдебір өкілі тарапынан әңгімеленді (және де, ықтималдығы, көп жағдайда бұндай әңгімелеу көпшілікке қаратыла айтылмады да). Лирикада ғұрыптан тыс өмірге келуі бек мүмкін. Лирикалық өзін-өзін таныту алғашқы қауымдық халықтардың өндірістік (еңбектік) және тұрмыстық қарым-қатынастарында дүниеге келді. Әдеби тектердің қалыптасуының түрлі жолдары болды. Және де ғұрыптық хор соның бірі болып табылады.
7.А.Н.Веселовскийдің синкретизм ілімін байыптаңыз.Синкретизм - "жігі ашылмаған", біте қайнасқан сөз тіркесінің синонимі болып табылатын бұл ұғым қандай да болсын құбылыстың жетілмеген дамымаған, өзара жіктеле қоймаған бастапқы күйін білдіреді. Бұл ұғым көбінде алғашқы қауымдық немесе архаикалық мәдени кезеңге байланысты көп қолданылады. Өйткені дәл сол мәдени кезеңде мәдениет салаларының жіктелмегендігін байқаймыз. Синкретизмнің мәнін миф, мифологиялық сана өте жақсы анықтайды. Мифтердегі субъект - объектілік қатынастардың жоқтығы, жеке тұлғалық бастаманың көрінбеуі, адамның өзін айналасын қоршаған әлемнен бөліп-жарып қарамауы, т.б. Синкретизм көріністері болып табылады. Архаикалық мәдениеттегі ғылымдардың, өнер түрлері мен наным сенімдердің жіктелінбеген бастапқы біртұтастық күйі архаикалық мәдениеттің синкреттік сипатын танытады. Сондықтан да мәдениет тарихында зерттеушілер алғашқы қоғамдық синкретизм деген үлкен кезеңді айқындайды. Адамзат дамуының бұл сатысында өмір өзінің іріктелмегендігімен, біртұтастығымен бір-бірімен етене тығыс байланыстылығымен сипатталады. Сол мәдени кезеңнің адамдарының дүние танымындағы синкретизм көріністерін алғашқы наным-сенім түрлерінен: фетишизм, анмизм, тотемизм т.б. айқын көруге болады.
8.Гегельдің жанрлар генезисін зерттеуін баяндаңыз. Неміс философы Гегель әдебиеттің тегі туралы мәселемен ден қоя айналысқан . Бұл ретте ол өзі ғылымының негізі етіп философиялфқ ұғымдарды алады. Яғни, объект, субъект ұғымдарын пайдаланады. Әдебиеттің әдеби тектерінің негізін ол өзінің диалектикалық идеяларының негізінде қарастырды. Субъект дегеніміз ақынның өзі, эпос - баяндаушы жанр дей келе, лириканың түрлеріне мадақ жырын, элегияны, лирикалық жолдауды, өлеңді, эпиграмма мен сонетті жатқызады. Драмаға драма мен трагедияны жатқызады.Сөйтіп, бір елде ерте, бір елде кеш тарап, жанр атаулары қанатын кеңінен жайды, сонымен қатар осы процесс істінде олар әртүрлі ассоциацияларға ие болып, басқа да мағыналарды жүктеді. Мысалы, Италияда «новелла» сөзі басында әртүрлі жанрдағы прозалық шығармаларды, рыцарлық романдарды, антикалық дәуірдің батырлық мифтерін, тарихи туындылар мен мысалдарды білдірумен қатар, тұрмыстық күлкілі әңгімелерді де білдірді. Ал Ресейде повестерді новелла деп атады. Жазушылар өздерінің шығармаларына қоғамның санасында қалыптасатын жанрлық атауын белгілейді. Авторлар кейде жанама ассоциациялардың жетегінде кетіп, қателесуі де мүмкін. Әдебиеттанушыларға автор пікіріне қарсы шығу қиындық тудырады.Әртүрлі жанрдағы шығармалар кейде бір атаумен айтылса, енді бірде бір жанр әртүрлі елдерде түрлі атауға ие. Мысалы романдардың тарихи және қазіргі заманғы немесе, екінші жағынан, саяси және философиялық бөлінуін есепке алудың қажеті жоқ. Көркем шығармалардағы тарих пен қазіргі заман олардың тақырыбы саласына жатады. Ал автор мен кейіпкерлердің саяси және философиялық мүдделері оның проблематикасы саласына жатады. Шығарманың компазициялық мотивациясын оның жанрлық ерекшелігіне жатқызуға болмайды. Айталық, лирикадағы арнау жанрға жатпайды.Жанр - бұл тарихи құбылыс емес, типологиялық құбылысқа жатады. Олардың құрылысы мүлдем басқаша болғанымен, нақты жанр туындысы болады. Роман, комедия, элегиялардың жанрлық ортақтығы неде? Оны шығарманың өң бойынан іздеген дұрыс болар деп ойлаймыз. Яғни, шығарма авторының өз ойын беру әдісі жанрлық тұтастықты құрайды. Жоғарыда айтқан Аристотель мен Гегель философиясы осының айқын дәлелі болып табылады. Көп құрылымды көркем шығарманың мазмұынынан оның жанрлық аспектісі болып табылатын, тарихи қайталанатын аспектісін, жанр және оның түрлілігінің негізі жататын қырын табу керек.
9.Эпикалық баяндау және оның субьектісі туралы пайымдаңыз.  Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалып, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан. Баяндау- әңгімешінің, жазушының оқиғаны өз атынан айтып беруі. Баяндау ұтымды әдіс ретінде көркем әдебиетте және әдістеме ғылымында қолданылады. Көркем әдебиеттегі баяндау жазушының шеберлігіне, тілінің табиғилығы мен ойнақылығына байланысты ұтымды көркемдік әдіс болып қалыптасқан. Әсіресе, ұлттық қазақпрозасындағы бұл әдіс шығармаға дәстүрлі әңгімешілдік сипат дарытатын пішім ретінде бағаланып жүр. Әдістеме ғылымындағы баяндау - оқу материалының мазмұнын белгілі жүйемен әңгімелеп түсіндіру тәсілі. Баяндау барлық сыныптарда, әр түрлі (көбінесе, гуманитарлық) пәндер бойынша қолданылады. Баяндау әдісін қолдануда оқушыларға оқу материалын неғұрлым толық, ғылыми нанымды әңгімелеу көзделеді. Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру, пікірлесу, әңгімелесу, көрнекілік тәсілдерін пайдалануға болады. Ұтымды қолданылған баяндау әдісі оқушылардың сабаққа ынта-ықыласын, белсенділігін арттырады.
10 М.Әуезовтың Абай жолы эпопеясындағы эпизм,лиризм, драматизм ерекшеліктерін сипаттаныз.
«Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Сөйтіп, 19 ғасырдың 40-50-жылдарын М. О. Әуезов туған әдебиетіміздің даму тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды. Мұның өзі заңды да, өйткені «Абайдай» шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес».  Әуезов өзінің төрт том «Абай жолы» арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді - өз отандастарына, керек десеңіз тіпті - қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты. Дәлірек айтқанда, қазақ халқының ұлылығын - оның өткен өмірін - тарихын, тарихының түбірлі кезеңдерін, қазақ мінезі қалыптасқан трагикалық Һәм шығармашылық дәуірлерді ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып, ашып, жан-жақты айқындап, терең түсіндіріп берді. 19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақ өмірінің бұл төрт кітаптан тыс қалған бір де бір қалтарысы жоқ. «Абай жолының» мазмұн жағынан алғанда жалпы жұрт мойындаған энциклопедялық сипаты, жанр жағынан алғанда қазақтың тұңғыш эпопеясы екендігі де осында жатыр. Тағы бір күрделі ерекшелік - осынау кең құлашты халықтық эпопея бастан-аяқ тартысқа, қарама-қарсы күштердің қым-қиғаш күресіне құрылған және осылардың бәрі диалектикалық қимыл-қозғалыс, өсу-өрбу, өрістеу үстінде көрсетілген. Мысал үшін шығарманың негізгі арқауындағы арналы тартысты алайық. Бәрінен бұрын мұнда жеке адамдар арасындағы психологиялық шиеленістер, қарым-қатынастағы қайшылықтар, әлдінің әлсізге қиянаты, зорлығы, қаныпезерлікке ұласқан қаталдығы (Қодар мен Қамқа оқиғасы); одан өрбіген ру мен ру арасындағы кескілестер - жер дауы, жесір дауы, құн, барымта, алыс-жұлыс, айқастар; осылардың жалпы жұртқа тиген зардабы - түрлі сипаттағы қаналулар: кедейленулер, қаңғып-тентіреулер, жұтқа ұшыраулар, жатақтардың пайда болуы, қазақ даласына орыс қоныстанушыларының келуі, жарлы-жақыбайлардың өзара ынтымағы, олардың үстемдерге қарсылығы, бұл қарсылықтар үстінде көрінген жалаңтөстер, олардың жазалануы, жер аударылуы, осы арқылы бірте-бірте ескі мен жаңаның ара жігі ажырап, күрестің жаңаша сипат алуы... Осылардың бәрі қара қылды қақ жарған әділдікпен адал, ақиқат шындық шеңберінде тағы да нақты және даму үстінде көрінуі - шын мәніндегі реалист-суреткердің айта қалғандай дарын күшіне, талант қуатына саяды. Эпопеяда ешбір адам жоғарыдағыдай тартыс арнасынан шет қалмайды. Бәрінің характерлері, сол қым-қиғаш күрес үстінде қалыптасады. «Абай кезіндегі қазақ даласында,- дейді автор,- күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыры әлі де тереңдегі ескіні мен Құнанбай образына жинақтадым. Ал, оның баласы Абай бойында енді туып келе жатқан жаңа бар. Сондықтан, ақын Абайдың қалыптасуын көрсету арқылы мен үлкен қоғамдық шындықты - ескі мен жаңаның диалектик, қарама-қарсылығын, күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тиіс болдым». Бұл - аса қиын әрі қатерлі адым. Күрес пен тартысты анық жауласқан қарама-қарсы екі жақ емес, туған әке мен баланың арақатысына құру бұрылтпас және көл-көсір психологиялық дәлелдер таппаса, көптің сана-сезіміне бір қарағанда жете қоймайтын нанымсыз нәрсе секілденеді. Реалист-суреткердің айта қалғандай шығармашылық күш-қуатының тағы бір керемет көрініс тапқан тұсы - осы ара: әке мен баланың өзара ымырасыз жауларға айналуы, нәтижесінде Абайдың әкеден біржола тұсау үзіп, іргесін ажыратуы. Оқырманды осыған қалтқысыз сендіруі - автордың қисапсыз шеберлігі болса, соның нәтижесінде көрінген «Абайдың қасиеті - өз табының тілегінен көп қиналыстар, толғанулар, тәнге-жанға түскен жаралар арқылы жыртылып айырылуында, өз заманынан биік тұруында».[2] Бұл - эпопеяның идеялықаласытақырыптық негізінің мызғымас мықтылығы. «Абай жолының» граниттей берік ірге тасы осынша шебер қаланған. Ал, сюжет пен композицияға келетін болсақ, мұнда да Әуезов суреткерлік шеберліктің үлгісін көрсеткен. Төрт кітаптың өн бойында адам образдарын жасауға қызмет етпейтін бір де бір деталь, штрих, керек десеңіз, бір де бір сызық жоқ. Бәрі де мінездеу мен мүсіндеу, жинақтау мен даралау міндеттерін атқарып тұр. Әр характердің жасалу тарихы бар. Әр образ тип дәрежесіне дейін көтерілген. Басты кейіпкерлер ылғи өрбу, өсу үстінде көрінеді. Ӏ-кітаптың басында қаладан аулына асығып келе жатқан бала шәкірт пен 4-кітаптың аяғында жарық дүниеден жөнеліп бара жатқан данышпан ақынның екі арасындағы қырық бес жыл тек қана Абайдың адам, азамат, ақын ретіндегі өзгеруімен, жаңғыруымен, жаңаруымен, құбылуымен, құлпыруымен өтетіні сияқты әрбір ірі, іргелі қаһармандар не ілгерілеп, не кері кетіп, не өрлеп, не құлдырап, не өліп, не тіріліп отырады. Статикалық түрде бір де бір құбылыс жоқ, бәрі динамикалық сипатта. Бұл сюжет мінсіздігінің нәтижесі.
11.Ә.Нұрпейісовтың Қан мен тер трилогиясындағы Еламан-Ақбала-Тәңірберген линиясын байыптаңыз
Ә.Нұрпейісов – халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері.  Жазушының «Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу»деген үш кітаптан тұратын «Қан мен тер» трилогиясы қазақ әдебиетіндегі айтулы шығармалар қатарына жатады. Роман-трилогияда Арал қазақтарының төңкеріс алдындағы, төңкеріс жәнеАзамат соғысы жылдарындағы өмірі, ішкі-сыртқы жаулармен күресу тарихы көркемдікпен суреттелген. Шығарманың оқиғасы романның орталық кейіпкері Еламанның төңірегінде өрбіген. Бірінші кітап «Ымырт» намысшыл Еламанның дүниеқоңыз Федоровты өлтіруімен аяқталса, трилогияның «Сергелдең» деген екінші кітабында абақтыда болып, айдауда жүріп, түріктермен арадағы соғысқа қатысқан, жан-дүниесі өзгерген, өзіндік ой-өрісі қалыптасқан, сана-сезімі өскен Еламан бейнесі суреттелген. «Күйреу» атты үшінші кітапта оқиға желісіне негізгі кейіпкер ретінде Тәңірберген қатысқан. Жалпы трилогияның оқиғасы Еламан – Ақбала – Тәңірберген арасына желі болып тартылған. Романда Судыр Ахмет, Қарақатын, Ақбаланың әкесі Сүйеу қарт бейнелері де өзіндік ерекшелікпен сомдалған. Жазушының «Қан мен тер»трилогиясын академик М.Қаратаев: «Қан мен тер» романы бүкіл әдебиетіміз үшін зор творчестволық табыс, жақсы жаңалық», – деп бағалаған. Ә.Нұрпейісовтің бас қаһарманы Еламан – еңбекші қауымның өзгеден алабөтен артықшылығы жоқ қатардағы өкілі. Оның шектен тыс жуастығы, сылбырлығы, шешуші сәттердегі екіұдайлығы бізге таныс революционерлер мінезінен алшақ жатыр. Тек қана адам ретінде сараптағанда кінәлауға  да болмайтын дағдылар Еламан жан дүниесіндегі адамгершілік максимализм, турашылдық, намыс сарылып әділет іздеу іспетті ұждандық-этикалық сапалар аясында табиғи қалпымен нанымды. Саяси-әлеуметтік сауаты ашылмаған, қазақ даласындағы тұңғыш өнеркәсіп салаларының бір түрі – балықшылық кәсібімен күнелткен, мәдени-ағарту орталықтарынан алыс, табиғаты қатал Арал теңізі өңіріндегі  жандардың ел тұтастығы мен егемендігі үшін күреске шығуы – тарихи заңды құбылыс. Фамилиясы да аталмайтын (әкесі – Науан) “қараңғы” Еламанның семьялық арнадағы тіршілік-тынысы – оның бүкіл адамдық тағдырын анықтаудағы, ар-ождандық ізденістерін, ашудағы негізгі тетіктердің бірі. “Қан мен тердің” тағы бір ерекшелігі халық бейнесін сомдауда елдің наным, сенім, көңіл-күй пернелеріне аса мән берілуі, жекелеген жандардың қоғамдық аренадағы орны мен тұрмыстық қалпын желілес суреттеу. Трилогиядағы психологиялық арна автордың әр от басындағы тіршілік дағдыларын кейіпкерлердің рухани өміріне тереңдеп бейнелеуден байқалады. Еламан, Рай, Мөңке, Қален, Төлеу отбасы, Тәңірберген, Федоровтар әулеті, штабс-капитан Рошаль, орыс жұмысшылары, Сүйеу қарт, Судыр Ахмет ошағына дейін жіті назар сала, арнайы тоқталуды көреміз. Бұл әдіс роман қаһармандарына тиесілі әлеуметтік іс-әрекеттердің психологиялық түп-тамырын табуға, образдардың толыққанды сипатын ашуға тікелей жол бастаған.
Бір реттен М.Шолоховтың “Тынық Донын” еске түсіретіндей хал “Қан мен терде” Еламан – Ақбала – Тәңірберген жүлгесімен көрініс береді. Еламан басындағы сергелдең мен Ақбала кешкен адасу соқпағы, Тәңірбергеннің азап пен ар талқысында талықсуы – күрделі көркемдік-эстетикалық шешім.Еламанның бүтін бітімді тұлғасы оның жалпы һәм жалқы қасиеттерінің бірлігінен тұрады. Осы екеуінің жұптаса дамуына сай характері толысады, байиды. Трилогияның бастапқы кітабы «Ымыртта» Еламан – қарапайым балықшы. Туа біткен мінезіне өршілдік, қайраттылық тән. Намысқой жігіт. Жұрт Қаратаз деп атайтын Құдайменде байдың қорлығына шыдамай, айбат шеккен, сес көрсетіп, балықшылар арасына кетіп қалған. Бір-екі сөзінен ой түйғіш, көкірегі ояу жан екені байқалып қалады. Жетпей жатқан тұсы әзірше былайғы дүниемен ісі жоқ. Жазушы міне, осындай бұйығы, патриархалдық қапастағы тұңғиық тұлғаның ішіне бірте-бірте әлеуметтік сәуле түсіреді. Еламанның ел-жұртының тағдыры хақында ендігі түйгендерінің бәр-бәрі мінсіз емес. Келісетін де, келіспейтін де жерлері бар. Қазақ халқының өткен күнін, бұрынғы бетке шығарларын түгін қалдырмай сынап-мінеуі сыңаржақтау. Роман жазылған уақыттағы, яки кеңес кезіндегі үстем көзқарастың – социалистік реализмнің салқыны тигендей. Ел тарихын тым кемсітіп жібергенімен келіспейміз. Келісетініміз – Еламанның ел ішінің бірлігі хақындағы түйгендері. Мұның жөні бөлек. «Қан мен терде» айналасына үлкенді-кішілі сюжет тармақтары түйісетін Еламаннан басқа да бір кейіпкер бар. Ол – Тәңірберген. Тәңірберген – жағымсыз тип. Бұрынғы таптық көзқарас, қазіргі парықтық дүниетаным тұрғысынан да оңып тұрған адам емес. Ақбаланың Тәңірбергеннен тапқан ұлының атын Құдайберген деп қояды. Осыны естіген кесір шал Сүйеу осқырына отырып, Тәңірбергеннің бай тұқымына мінездеме береді. «...Құдайберген дсйді, ә? Бұл күшігі – Құдайберген... Әкесі – Тәңірберген. Ал, ал, әнебіреулер Алдаберген... Жасағанберген... – деп ызалы сөздер алқымына тығылғандай, үзіп-үзіп сөйледі. – Әй-әй, о несі? О несі екен?.. Абыралы ауылының балаларын Құдай береді... Алла береді... Тәңір береді... Жасаған береді... Әй, сонда біздің балаларымызды кім берген екен? О несі, әй?».[10] Трилогияны қазір оқығанда да байқалатыны, автор Тәңірбергенді байлығы үшін жерлеп отырған жоқ. Бұл бейне таптық тұрғыдан емес, жалпы адамгершілік тұрғыдан әшкереленген. Перзент ретінде оны Тәңірдің, Құдай тағаланың бергені рас. Малын ше? Оны Құдай берді дей алмайсың. Дей алмайтының – кісі еңбегін жегіш. Оның үстіне ұры ұстайды. Түрікпеннің жылқысын әлденеше рет айдатып алып, көршілес екі елдің арасына от жағады. Түрікмендердің қазақ ауылын шауып жүргені осы байдың кеселінен. Тәңірберген ел бірлігін көп сөз етеді. Адалдықты, тазалықты дәріптеуге құштар. Іс жүзінде ел ішіне іріткі салушы нағыз қызыл көздің өзі. Тып-тыныш отырған балықшылар ауылын екіге жарып, бір-бірімен өштестіріп, қастастырып қояды.Тұрмыс жағынан да азып біткен. Күйдім-жандым деп алып қашқан Ақбалаға көрсеткен қиянаты, баласынан айырып қоя беруі оның қатыгез келбетін толықтыра түседі. Ақбаланы үйден түріп шыққан күннің ертеңінде қаннен қаперсіз ел аралап кетеді. Бұл дүниеде Ақбала дейтін әйелінің болғанын тарс естен шығарғандай. Бұл қаталдығына Тәңірбергеннің өзі де таң қалады. Құрбандығын жұтып алған қолтырауын екеш қолтырауын да көзіне жас алады екен. Ал, Тәңірберген өз тас бауырлығына өзі тәнті... Және сол мінезін мақтан еткендей ме, қалай?Еламан іштей жуылса, Тәңірбергенді кір басады. Сол ластығына өзі сүйсінетін мұндай жан – қазақ әдебиетінде бұрын кезікпеген кейіпкер. Құнанбай да қатыгез, бірақ дәл мына Тәңірбергендей сырты бүтін, іші түтін, су жұқпас мүттайым, баянсыз қара жүрек емес.
12. Әдебиетіміздегі тұнғыш психологиялық роман деп зерттеушілер Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романын атап жүр. "Ақбілектің" психологиялық роман табиғатына тән негізгі сипаты шығарманың сюжеттік-композициялық концепциясы кейіпкердің ішкі әлемін талдау мақсатына тәуелділігінде [12;280б]. Кейіпкердің қиын тағдырын жазушы ішкі монолог, толғаныс т.б. сияқты адами проблемаларды, бір кезеңдік қазақ өмірін: ондағы жаңа тіршілік-тынысты сыртқы реалдық өмір шындығын сана күресі, ой арпалысы, көзқарас қақтығысы арқылы бейнелейді. Суреткердің өзіне тән психологиялық стилі осы романда жан-жақты көрінген. Ол-күнделік ретінде берілген Ақбілек ойлары. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы қазақ қызының тағдырына құрылған шығарма. «Ақбілекте» қазақ аулының Ресей жеріндегі төңкерістер кезіндегі, ақ пен қызылдың лаңы тұсындағы әлеуметтік-саяси жағдайына баса көңіл бөлінген. Өйткені романның фабуласы қоғамдағы құбылыстарға тікелей байланысты дамиды. Бүкіл сюжет елдегі азамат соғысы тұсында ғана өтуге тиіс оқиғаға негізделген. Қазақ халқының орыс тепкісінің астында көрген зорлық-зомбылықтарын Ж.Аймауытов Ақбілек трагедиясы арқылы шынайы суреттеген. Ресей империясының екі ғасырдай боданы болған қазақ халқының азып-тозған мүшкіл халін айқын көрсету үшін жазушы Ақбілек басындағы трагедиясын шегіне жеткізіп көрсете білген. Ішкі Ресейдегі қызыл орыстардың тегеурінді екпініне шыдай алмай оңтүстікке қарай жөңкілген ақ орыстар жүрген жерін жалмап, бейбіт халықты тонап, қырып-жойып бара жатты. Кейбір кеудемсоқ офицерлер тіпті шектен шығып қазақтың қыз-келіншектерін зорлап, қорлап кетіп отырды. Ақбілек те осындай бір ақ офицерінің күшпен зорлап қосылған уақытша әйеліне айналып еді. Осы оқиғаларды баяндай отырып, жазушы ұлттық психологияны нанымды суреттейді. Орыстардың қазақтарды менсінбеуі, адам санатына қоспауы, қазаққа деген зорлық зомбылығын шімірікпестен істей салуы – бір жағынан орыстардың басқыншылық мінез-құлқын, езуші халық ретінде дандайсыған көңіл-күйін көрсетсе, екінші жағынан қазақтардың орысқа дегенде дәрменсіздігін, ынжықтығын, бейшаралығын байқатады. Бірімен-бірі айтысып-қырқысқанда батыл қимылдайтын қазақтар орыстан өктемдік көрсе, ұнжырғасы түсіп, бүгежектеп қалады. Осыны жақсы білетін озбырлар онан сайын құтырына түседі. Ж.Аймауытов өз романында мәселенің осы жағына баса назар аударған. Автор езуші ұлт пен езілуші ұлттың психологиясын дәл берген. Ақбілек – сол кездегі қазақ қыз-келіншектерінің ғана емес, ғасырлар бойы отарлық тепкіден көз ашпаған қазақ халқының жиынтық бейнесіне айналған. Сондықтан да «Ақбілек» қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік орын алатын шығарма. Ақбілектің жандауысы, шерлі мұңы кеудесінде жаны, сезімі барға жеткендей – ақ. Бірақ, оған тіл қатып, үн қосқан ешкім болмады. Ең негізгісі, ол ертеңгі күнге сенімін жоғалтпады, жақсы, қайырымды жандарға жолығармын деген үмітін де үзбеді. Осы мақсатпен көк пен жерге де, тау мен өзенге де сыр ашты, «күздің сарғыш жапырақтарына», «саялдық қара бұлттарға»мұң шақты. Көзі көріп, көңілі сенген, бастан өткерген көрініс – жайларды бөлісті. Іскендір дуанамен кездескеннен кейін жанын жегідей жеген азап пен қорлықтың салмағы бір мезет жеңілдеп, ұмытылғандай болып еді. Бірақ, нағыз азап, күйзелістер алдынан тағы шықты. Ел ішіндегі өсек – аяң, бұрынғы ғашығы Бекболаттың тояттаған соң сырт айналуы т.т Ақбілектің жан- жарасын одан сайын қоздырды. Бұған «көзі тікшиген, тымырайған» қатыгез мінезді өгей шешесі - Өріктің де кері әсері мол болды. Ес біліп, бой түзей бастағаннан тағдыр тауқыметін мол тартқан Ақбілекті араға бес жыл өткен соң көргендегі әсер өзгеше. Ағасы Төлегеннің артынан іздеп барып, оқуға түседі. Нағашысы Кәмиләмен кездесіп, өз өмірлері төңірегінде өрбіткен сыр – сұхбаттары, Ақбала,Балташ т.б қатынастар мезгіл әуенін аңғартумен қоса ,басты тұлғаның дүниетаным эволюциясын да танытады. Жас өмірін өксікпен өткізген Ақбілектің Балташ сынды азаматпен көңіл қосып, Іскендірмен қайта табысуы жан жарасын жазып, нұрлы өмірге батыл, сеніммен қадам жасатады. Роман тілімен айтсақ, Ақбілектің «жүрегін жуып тазартқан алтын леген – аяулы жаны, Қаратаудай қайратты, ай мен күндей ғылым еді». Қысқасы, дүбірлі дәуірдегі қазақ қызының өмір, тағдыр жолы шындыққа сыйымды ,келісті көрініс тапқан. Демек, Ақбілек бейнесі – қазақ қызының тағдыр – талайын танытумен бірге бақытқа ұмтылған, жаңа өмірді, қызық – қуанышты алдан күткен күрделі әрі бедерлі бейне. Қаламгер мұраты – жеке адам, яки Ақбілек арқылы халық өмірін, тарихы мен тағдырын, тұрмыс – тіршілігін шындық оқиғалар, нақтылы көріністермен көрсету болса, бұл міндет күрделі жанр – роман арқылы ұлттық – эстетикалық деңгейге көтерілген, әрі Еуропалық үрдістегі туындылар табиғатына жазылу баяны,суреттеу мәнері тұрғысынан үндес, сәйкес келеді. Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды.Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады.
Бекболат - қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігіт. Жасы жиырма жетіде. Басында барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстінде орысшалау пенжек, шалбар. Сұр шапан, сар сафиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғында көнелеу қисық табаны бар. Белбеуіндегі жарғақ далбағайы, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігі, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттегі- оның өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болады.
Мұқаш - таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігіт. Жасы 35-те. Болыстыққа сайланбай қалған.
Офицер- романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халқымызды билеп, басып-жаншып келген көрінісі ретінде де есте қалады.
Ұрқия - Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер. Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі.
Балташ - Ақбілектің жанын түсінген жігіт. Ақбілектің басынан өткен тағдырға қарамай, оған ғашық болады. Балташтың бұл қасиетін бағалап, Ақбілек оған күйеуге шығады.
13. С.Ерубевтың менің құрдастарым романындағы автор баяндаушы ерекшеліктерін сиипаттаңыз
С.Ерубаев «Менің құрдастарым» романның кіріспе бөлімінде бақыт туралы түсінік береді... «Менің құрдастарым» - кәптеген белгілерімен жаңа роман. Мұны, ең алдымен, шығарманың қурылыстық принципінен көруге болады. Автор кейіпкерлер өмірін бастан аяқ тізіп жатпай, ең қажетті тустарына ғана тоқталады. Шығарманың басты идеясы Қазақстанның совет жылдары ішінде табыстарға жеткенін, адамдардың ой-санасы биіктегенін, достықтың, еңбектің, адамдықтың жолы, кеңейгенін кәрсету болып табылады. Қарағанды кендерін шет елдік жебірлер билеген заманның шындығын барлық сурықсыз қалпымен суреттеген жазушы, совет екіметі сол бурынғы езілгендер мен зәбірленгендерге не берді деген сауалға көркем жауап айтуға талаптанған. Романның басты кейіпкерлері - Совет екіметі тусында оқып, білім, мамандық алған жастар. Кен инженерлері Рахмет, Лиза, дәрігер Ықылас, жас жұмыскерлер Мырзаш, Қали сияқтылар совет жастарына тән озық қасиеттер танытады. Рахмет, Лиза, Ықылас сынды жастар тұлғасын қызғылықты, нанымды ашып беруі - жазушының жетістігі. Бұл каһармандар өз мүддесін халык, Отан мүддесімен бірлестіре білгендер. Инженер Рахметті тек оз шахтасының, забойының қамы ғана кызықтырып қоймайды, ол бүкіл республика, Отан жайын да әрдайым есте тұтады. Рахмет өзі музыкант болмаса да, жер жүзінің музыка классиктерін ешкімнен кем білмейді. Ол өз ана тілінде, орыс тілінде ғана емес, ағылшынша да сөйлей алады. Мамандығы инженер Рахмет өмірдің сан-сала тараптарынан    хабары    бар    заманынының    озық    адамы, интеллекті қаһарман.
«Менің құрдастарым» романында ескі заманды көзден өткерген, егде тартқан адамдардың мінезінде туған жаңалықтар да жақсы көрсетілген. Байырғы кеншілер Алексей, Илья, Шектібайлардың бай тәжірибесі жастардың жігерлі, өжет істерімен қосылып, жарастықты үйлесім табады. Бұлардың әрқайсысы жеке дара мінез иесі, сәтімен табылған шыншыл тұлғалар. Бұл роман да кемшіліктен ада емес. Аяқталмай қалғанының өзі автордың көп мүмкіншілігін жарыққа шығармаған. Оқиғалардың кейде тым үздік-үздік қалпында берілуі, стилистикалық олақтықтар бұл романның «соңғы редакциядан» өтпегендігін көрсетеді. «Менің құрдастарым»- социалистік реализм әдісін игере отырып жазылған шығарма. Өмір шындығы жан-жақты суреттеліп, қомақты көрсетілген. «Түннен де қараңғы кешегі өмір, бақытты да қуанышты, жаңалыққа толы өзгерісті, қиялдан да күшті бүгінгі шындық» эстетикалық мол әсермен ғана көрсетіліп қоймай, жарқын болашақ көркемдік нанымдылықпен шебер суреттелген, яғни өршіл романтика романның жанды арқауы болып қиюласқан. Саттар романында уақиғаларды өрбіту, тартыстарды күшейту процестері ұзақ, баяндауларсыз, күрделі пейзаждарсыз берілген. Эпизодтардың келте болуы уақиғаның логикалық байланысын үзбей құбылта түсуге, лирикалық шегіністерді мол қолдануға, сөйтіп, оқушының ынтасын арттыра түсуге мүмкіндік берген. Осының нәтижесінде «Менің құрдастарым» темпераменті күшті, эстетикалық әсері мол шығарма болып шыққан. Роман дәріптейтін жаңа сезімнің бір ерекшелігі, ұлттар арасындағы достық сезімінің иланымды көрсетілуінде. Рақмет пен қызы Лизаның сүйісіп отырғандарының үстінен шыққан Вознесенский басында бұлан-талан ашуланады. Роман барысында райдан қайтады. Орыс ғалымының дүниетанымындағы өзгерістерді көрсету арқылы автор ұлттық һәм интернационалдық тақырыпқа қатысты бірқатар мәселелерді орынын тауып қоя білген.Роман композициясының ойдағыдай қалануы жаңа материалдың жеткіліктілігіне, дәуір кескінін бейнелейтін адам типтерінің қалыптасуына байланысты екені белгілі ақиқат. Жас жазушы суреттеп отырған өмірдің ұңғыл-шұңғылына мейлінше қанық. Шығарманың образдық жүйесі Қарағандының кешегісі мен бүгінгісін, барлық әлеуметтік таптары мен топтарын қамтыған. Оқиғалары Ленинград пен Қарағанды аралығында өтеді. Шалқар кеңістік романның эпикалық алып құлашын жаза түскен.«Менің құрдастарымның» бас кейіпкері Рақмет – қазақ әдебиетінде бұрын-соңды кезікпеген герой. Өндіріс инженері. Характеріндегі сәулелі де, көлеңкелі де сипаттар мейлінше қанық бейнеленген. Рақмет – идеал герой емес. Кемшілігі бір басына жетіп жатыр. Әйтсе де оның өмір сүрген уақытының күңгей жағын бойына молынан сіңірген жас ұлан екендігі тайға таңба басқандай айқын көрініп тұрады.Рақмет Ленинград оқуын бітірген. Атақты академик Вознесенскийдің шәкірті. Фамилиясының Дәуірұлы аталуында үлкен мән бар. Рақмет – қазақ елінің өркениетке қол созған қайтпас-қайсар талабының символы да, реалистік нақтылы көрінісі де.
«Менің құрдастарымды» жастардың жансерігі дәрежесіне көтеріп тұрған өлмес өрнек Саттардың аузымен «жаңа сезім» деп аталғанын көрдік. Ал, «жаңа сезімді түсіне білу үшін сыншыл болу, саясатшы болу аз екен, сол сезімнің денеңді дуылдатып, жүрегіңді тулатып толқытуы қажет екен. Былайынша айтқанда, жана сезіммен бойыңның теңдес болуы керек екен». Керемет дәл байлам. Мұның дәлдігі сонда – сол айтқандарын Ерубаев өз басынан өткерген, сондықтан да өзі тізген қажеттілік, өзі тауып қойып отырған шарт оның терең сеніміне, иланымына айналған. Автор Рахмет образы арқылы қазақтың советтік интеллигенциясының туу, қалып- тасу жолын дұрыс көрсете алған. Романда оның қойшылықтан инженерлікке дейінгі ұзақ сонарлы өмірі нанымдылықпен сурет- телген. Балалар үйіндегі Рахметтің өз ор- тасына қарай ойлайтын ойы, істейтін ісі сәбилік сатыда болса, студент Рахметтің өмірге көзқарасы, мақсат нысанасы толық- қан, бірақ та логикалық дәйектілікке ие болмаған. Институт әрбір жаска елдің адал ұлы болуы үшін кажетті сана, білім берге- німен, оның характерін толық қалыптасты- ра алмайды, ол процесс нақтылы еңбек үстінде, практикалық өмірде шынығады, орнығады. Міне сондықтан да автор инже- нер. Рахметті Қарағандының алып қарқын- ды өміріне араластырып, тартысқа түсіреді, ескімен күресіп, жаңаны орнықтыруға бар күшін жұмсатады, алғыр қыялымен келе- шекке көз жібертеді, сөйтіп оның харак- терін айқындайды. Рахмет — талғамы күшті, өмірдің барлық саласынан жеткілікті хабары бар, мәдениет шыңына көтерілуге талаптанған, оның едә- уір биігіне көтеріле де алған өршіл жас. Рахметтің өз айналасындағылардан шоқ- тығы биік болуы, оларға үлгі болатын жа- ғымды образ дәрежесінде суреттелуі заң- ды да нанымды. С. Ерубаев сюжет босаңдығына қарсы бол- ған. Оның шығармасының композициясы- на алып қарқынды советтік өмірдің темпе- раменті әсер еткен. Содан болуы керек, Саттардың романында оқыйғалардың өрбуі, тартыстардың өткірленуі ұзақ баяндаулар- сыз, күрделі пейзаждарсыз берілген. Эпи- зодтардың шұғыл алмасуы оқыйғаның ло- гикалық байланысын үзбей, құбылта түсу- ге, лирикалық шегіністерді мол қолдануға, сөйтіп оқушының ынтасын арттыра түсуге мүмкіндік берген. Осының нәтижесінде «Менің құрдастарым» темпераменті күшті, эстетикалық әсері мол шығарма болып шыққан. Романда Қарағандының өткендегісі мен бүгінгісі нақтылы суреттеліп, нанымдылық- пен баяндалады. Бүгінгі «қыялдан да күш- ті шындыкты» орнықтырып, дамытып жат- қан жастар мен байырғы шахтерлер шы- найы қалпында, типтік жағдайларда әсер- лі бейнеленген. Автордың орнықтырмақ болған озық идеалы Рахмет пен Лиза об- раздары арқылы берілген. Рахмет пен Ли- за — қалыптасқан характері, типтік сыйпа- ты бар образдар.
14.Ш.Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» роианындағы баяндау еркшелігі
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.
Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып, насихатынтыңдап, азғанағылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды.
«Әділ-Мария» романы (1925) – Ш.Құдайбердіұлының іргелі шығармаларының бірі.  Оның «Қайғылы роман» деп аталуында үлкен мән бар. Романға  екі ғашықтың бір-біріне қосыла алмай, арманда кеткен қайғылы мәңгілік махаббаты өзек болған. Суреткердің Шығыс философиясындағы махаббат тақырыбына көз тігуі оның сопылық философиялық-эстетикалық дәстүрге ден қойғанын дәлелдейді және суреткердің  жеке дара рухани дамуының шарттарымен, интуитивтік сезімдік қабылдауларымен сай келді.
Романдағы реалистік желі қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігін, адамдардың мінез-құлқын, психологиясын суреттеуде көрінеді. Туынды автордың Шыңғыстау туралы лирикалық толғанысынан басталады. Шығармадағы оқиғаны суреттеу барысында баяндаушының сюжеттік желіге кенеттен «кіріп», табиғат туралы толғануы оқиға түйінінің күрделі және ширыққан шешуші тұстарына эмоциялық бояу қосады. Шыңғыстау шығарманың соңына дейін кейіпкер ретінде оқиғаға қатысып отырады.
Автордың асқақ, биік, ерекше сезімдермен байланысты табиғат суреттері романтикалық ажармен айшықталған. Шәкәрімге поэтикалық шабыт берген кәрі Шыңғыстау тауларына қарата айтылған арнаудың тілі көтеріңкі, эмоциялық бояуды қалыңдататын риторикалық сұрақтар, лепті сөйлемдер, поэтикалық инверсиялар, қайталаулар (талай, сенде сөздерін анафоралық қайталау), поэтикалық антитезалар («құмары қанып, қуанғаны да болды, жүрегі жанып, суалғаны да болды», «біресе рахат, біресе бейнет», «үнсіз дауыс») т.б. айқын байқалады. Таудың қимыл-әрекеті градациялық тәсілге сай құлпырып, әдемі эстетикалық әсер тудырады. Қайталаулар лирикалық сазды күшейтіп, роман кеңістігін өзінше сомдаған.
Баяндаушы романда оқиғаны әңгімелеп қана қоймай, өзінің оқиғаға қатысын, сезім-күйлерін, қуанышы мен ренішін білдіріп отырады. Ол ойға беріледі, оқиғаны кейіпкерлермен бірге өз басынан кешіреді және куәге Шыңғыстауды тартады. Баяндаушының кейіпкерлерінің тағдырына селқос, немқұрайлы қарай алмайтынын айқын аңғарамыз. Баяндаушы оқиғаны суреттей отырып, арасында оқырманға да тікелей тіл қатады. «Ардақты оқушылар!» деп басталатын қаратпа сөзінде Әділдің Мариядан айрылып, абақтыда өткізген азапты күндерін, жан дүниесіндегі сезімдерін, қуанышын, жұбанышын суреттейді. Бұл толғаныстарда Шәкәрімнің адам, суреткер, азамат ретіндегі сезімдері, авторлық бағасы тікелей көрініс табады.
Романда табиғат «тірі» сипатта көрінеді, тауға «тіл» біткен, оның өзіндік ойы бар. Тау жастарға болысып, олардың махаббатын қуаттап отыр. Іңірде туған толық ай да таумен «тілдесіп», Әділ мен Мария махаббатының бір куәсі әрі қорғаушысы, жанашыры іспетті. Екі ғашықтың алғашқы махаббатын көріп, «аспандағы жарық ай әлдеқашанғы кәрі Шыңғыстауға дыбыссыз ымбалмен: «Ақсақал-ау! Мына екеуі бір-біріне не қылған құмар?  Мұнан басқа қалыңдық ойнаған кісі жоқ па еді? Мына екеуі бірін-бірі құшақтап жатып өлсе, арман қылатын емес қой? Бұл бұрын бірін-бірі көріп, асық болып па еді?» – дегенде, кәрі Шыңғыстау терең шатқалдан шығып, ай жарығымен жарқырап бұраңдап аққан мөлдір өзен суын сылқ-сылқ күлдіріп айтыпты: «Сен көрген жоқсың-ды...Бұл іс күндіз болғандықтан сен оны көре алған жоқсың» [2, 20] – деп, Әділ мен Марияның алғаш рет қалай кездескенін, көрген сәтте бірін-бірі шын сүйіп қалғандығын, екі жақтың үлкендері құдаласып, уәде жасасқанын айтып береді.
Ш. Құдайбердіұлы романында табиғат суреті – композицияның көмекші емес, маңызды, басты элементтерінің бірі. Пейзаждық суреттемелер баяндаудың жалпы реңін береді, оған лирикалық бояу дарытып, әуез қосады. Қазақ прозасында ай мен таудың сұхбатын, табиғатты дәл осылай «жандандыра» суреттеу бұрындары болмаған. Романда кәрі Шыңғыстау дербес лирикалық кейіпкерге айналған. Ол болатын драмалық оқиғаның куәсі, сырттай бақылаушысы әрі оған тікелей қатысы бар кейіпкер қызметін атқарып тұр. Табиғат құбылыстарын ирреалды әлем деңгейінде қабылдау баяндаушыға қаһармандарының сезімдеріне, көңіл-күйлеріне барлау жасауға мүмкіндік береді. Баяндаушы қабылдауындағы, санасындағы реалды және ирреалды әлемдердің кезектесуі, өрілуі өмірді мәңгілік ретінде тұтастай қабылдау танымын көрсетеді. Баяндаушы табиғатты (Шыңғыстауды) үлкен ғарыш ретінде қабылдайды. Ол табиғатпен тілдесіп, өз өмірінің әр қилы сәттерін есіне түсіріп, қуанышымен де қайғысымен де ортақтасады. Бұл турасында Б.Майтанов: «Шыңғыс тауы – тап-таза символикалық бейне. Өз қойнауында туған Әділмен бірге опық жеп, зар төгетін кәрі Шыңғыс. Ұқсастыра, қабаттастыра суреттеу принципі басым. Шыңғыстау мен қаламгер – автор әрі сырлас, әрі мұңдас. Жазушы өзімсіне сөйлейді. Баланың әкеге еркелегеніндей. Тау-анадан аспан-атаның қаһарына араша сұрау. Табиғат пен адам дүниесінің тұтастығы. Пейзаждың түпкі мәні әлеуметтік өмір қайшылығын, сұрапыл қиянаттың құрық бермес асаулығын ишаралау» [3, 30] – дейді.
Романда Шыңғыстау кейіпкердің психологиялық ахуалына сәйкес суреттелген. Пейзаж шығармада болатын болашақ оқиғаның жай-жапсарын алдын-ала меңзейді. Әділді урядник ауылға келіп, алды-артына қаратпай, жаламен абақтыға айдап  алып бара жатқанда, кейіпкердің көңіл-күйімен табиғат та сабақтас бейнеленген. «Сол кезде Шыңғыс жақтан қайғылы қара бұлт шығып, қара дауыл болып, қарлы жаңбыр жауа бастады... Дәл сол кезде сен қарлы, жаңбырлы қара дауылыңды соққызып, Әділді урядник  бір айдаса, ыққа қарай сен дауылыңмен екі айдап, бурадай бұрқырағаның жерді қара түтек боран қылып, аспанды қара жаңбырлы қара бұлтпен қаптағаның Әділге қылған кәрің бе? Әйтпесе, рахымсыз зұлымдыққа ызаланып, жазасызды аяп жылағаның ба?..» [2, 52] – деген үзіндідегі (курсивпен берген – Ж.Қ.) «қара бұлт», «қарлы жаңбыр» сөздерінің үдемелене қайталануы кейіпкердің басына төнген жамандықтан, қайғыдан хабар береді. Сонымен қатар бұл үзіндіде баяндаушының өз кейіпкеріне деген ашық аяушылығын, ыстық ықыласын көреміз. Ол Әділге жаны ашып, тауды да өз қатарына қосады.
Ш.Құдайбердіұлы романындағы пейзаж таза реалистік үлгіде емес екенін, онда  лирика-романтикалық саздың да басым көрінетініне назар аударғымыз келеді. «Әділ-Мария» романының көркемдік әдісінде ауыз әдебиетінің әңгімешілдік сипаты, бейнелеу үлгілері молынан кездеседі. Шығарма құрылымындағы көтеріңкі баяндаудан ғасырлар бойы басым орын алып келе жатқан көркем шығармашылықтағы поэзия өрнектері мен прозаның белдесуі тәрізді құбылыс анық аңғарылады. «Әділ-Мария» романының махаббат тақырыбына жазылған басқа шығармалардан өзіндік ерекшелігі баяндау мәнерінен, оқиғаның лирикалық бояуға қанықтығынан көрінеді.
Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» әңгімесіндегі Шұғаны бөліп әкеткенде Әбдірахман, С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Ахмет қайраттылық таныта алмай, шарасыздық тұсауында қалады. «Әділ-Мария» романында Әділ өз махаббаты үшін қайратты қарсылыққа бара алады. Ол – зорлыққа қарсы тұра алған рухани күшті тұлға. Махаббат үшін, адамдық үшін қандай кедергілерге төтеп беруі, қиындықтармен жан аямай күресуі  Әділ мен Мария рухының биіктігін, беріктігін дәлелдейді. Ш.Құдайбердіұлы шығармашылығы оның метафизикалық дүниетанымымен тығыз байланысты. Оның  философиялық концепциясында тірі мен өліні, өмір мен өлімді, жоғары мен төменді қарсы қою маңызды орын алады. Нақты өмір сүріп, тіршілік еткенімен, ішкі рухани жан қозғалысынан, ардан ада, мейірімділіктен айырылған, шынайы махаббатты танымаған жандар өлі болып саналады, олар – төменгі әлемнің өкілдері.
Ш.Құдайбердіұлытің махаббат тақырыбын арқау еткен шығармаларында шығыс әдебиетінің әсері байқалады. Әлемдік сопылық дәстүрімен байланысы күшті Шәкәрім үшін махаббаттың ғарыштық мәні бар, ол абсолюттік танымға – құдайды сезінуге баспалдақ сынды. Біздің ойымызша, Шәкәрімнің лирикалық шығармаларында ғана емес, «Әділ-Мария» романында да Әділ мен Марияның таза махаббат үшін құрбан болып, бірге өлуін, ал оларға кедергі жасаған Еркімбектің тірі қалуын осы тұрғыда түсіну керек сияқты.
Суреткер шығармаларындағы діни-романтикалық мотив өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық сынды метафизика үстемдік құрған дүниенің өзгеше суретін сомдауда, жоғары ақиқаттарға ұмтылуда байқалады және онда тіршілік ететін адам жанына  айрықша назар аударылады. Жеке тұлға, құпия әрі ерекше тіршілік иесі ретіндегі адамның жаны туралы ілім суреткер шығармашылығының басты бағдары ретінде көрінеді. Ақын туындыларындағы лирикалық кейіпкердің кіші ғарыш болған жан дүниелері терең діни парадигмаларға, рухани сана архетиптеріне негізделген. Шығыс пен Батыстың рухани жинақтаудағы  ауқымдылық Ш.Құдайбердіұлының имандылыққа, махаббатқа, танымға, өзін-өзі жетілдіруге, этика мәселелеріне иек артқан көп желілі дүниетанымдық парадигмасын танытады. Суреткер дүниетанымдық, методологиялық тұғырының шырқау биігіне адам жаны, рухы, ары мен адамгершілік мәселелерін шығарады.
15,17Баяндаушының оқырманмен аралық қызметі , баяндаушы-куәгер , баяндаушы-оқиғалады, кейіпкер әрекеттерін талқылаушы екенін баяндаңыз. Баяндаушы бейнесі туралы М.Бахтин пайымдарын сипаттаңыз
Орыс зерттеушісі В.М.Жирмунскийдің пікіріне ден қойсақ: «Әдеби туынды бізге картина немесе музыкалық шығарма сияқты көркемдік-эстетикалық ләззат сыйлайды. Біз әдеби шығарманы оқығанда оны қосымша құралдарсыз-ақ түсінеміз. Оған біздің сезім-күйіміз, қабылдауымыз, интуициямыз қатысады» [1,17-б].Көркем туындыларды өмірге әкелетін автор. Автор жасаушы, шығарушы деген ұғымды береді. Автор жасаушы, баяндаушы объективті әңгімелеуші ретінде көрінеді. Автор жасаушы өзінің шығармасын тудырады. Оның көзқарасы, идеясы, дүниетанымы – сол туындының негізін құрайды.Автор кейде шығармашылық үдерісте өзінің жасайтын мәтініне билігі жүрмей де қалады. Ол сюжет жетегінде көркем шығармасын өзі күтпеген жағдайда дамытады, аяқтайды. Ал, автордың көркем шығармада көрінуі күрделі. Оқырман әрбір шығарманы оқу үстінде, одан авторды іздеп отырады. Әрине, автор көркем мәтінге өзінің ұстанымымен, көзқарасымен тікелей қатысады. Онда ол шығарманың кіріспесінде, эпиграфында, басталуы мен аяқталуында, арнауында, авторлық ескертулерде қатысады.Құрылымы жинақы аяқталған туынды жасау – қаламгердің шығармашылық мақсаты. Автор әңгімелеуші өз кейіпкерінің бейнесіне еніп, олармен бірігіп те кетеді. Сондықтан автор олардың ой сезімдік, білімдік, тілдік дәреже деңгейлерінен асып, өзінше бөлектенбейді, солардың әлеуметтік ортасында бірге жүреді. Мұндай баяндаудың артықшылығы: бірнеше тараптан көрінеді. Біріншіден, кейіпкерді сипаттауға кең мүмкіндік туады, екіншіден, автор өзінің түсінік, көзқарасын оқырманға күштеп таңбайды.Автордың баяндаған жайттарын оқырман өз көзімен көріп отырғандай сезінеді. Бұл баяндауда оқиғалар көрнекі түрде ізбе-із көрсетіліп, оларға аратұра авторлық түсініктемелер беріліп отырады. Мұндай баяндауда уақыттың бірлігі бұзылмайды. Шығарманың кейіпкерлері оқиғаға тікелей араласады.Автор бейнесінің, әсіресе, прозалық шығармалардағы орны ерекше. Егер лирикалық шығармада лирикалық субъектінің көңіл күйі сол субъектінің өзі арқылы, жеке берілсе, драмалық шығармаларда да іс әрекет қатысушы кейіпкерлердің өздері арқылы көрсетіледі. Ал, прозалық шығармаларда осылардың бәрін біреу баяндайды. Кейіпкерлерді сөйлетіп, оларды әр түрлі оқиғаларға қатыстырып отыратын автор сөзінен оқырман санасында автордың өз бейнесі туралы түсінік қалыптасады [2,90-б].Өмірдегі жазушының орнына әңгімелеуші автордың бейнесі қалыптасады. Көркем туындыда автор бейнесінің көріну дәрежесі әр түрлі болады. Кейде ол шығармада барынша анық көрінеді, яғни, шығармадағы болып жатқан оқиға құбылыстарға автордың көзқарасы анық байқалады. Ол бірде «жасырынып”, кейіпкер бейнесінің «тасасында қалады”.Кей көркем туындыда автор шығарманың басқа кейіпкерлерімен бір қатарда тұрады, оқиғаға басқа кейіпкерлер ретінде қатысады. Мұнда ол шығармадағы басқа компоненттердің бірі ретінде қарастырылады.Шығармаға өзек болатын өмір құбылыстарын сұрыптап алып, оған идеялық бағыт, бейнелілік беретін, бір сөзбен айтқанда, шығарманың идеялық көркемдік мазмұнын қалыптастыратын жазушының өз бейнесі – автор бейнесі болады. Автор бейнесі автордың сөзінен байқалады. Автор сөзінің ар жағында жазушы немесе айтушы субъект тұрады. «Осы тұрғыда көркем шығармадағы «баяндаушы адам” мәселесі туады. Прозалық шығармадағы баяндаушының композициялық негізгі үш түрі бар. Олар: үшінші жақ (ол) түріндегі әңгімелеуші автор; арнайы әңгімелеуші (бұл не шығарманың кейіпкері, не белгілі бір әңгімелеуші адам); бірінші жақтағы (мен) әңгімелеуші» [3,90-б].Үшінші жақтан әңгімелеуші шығармада баяндалатын жайттардан тыс тұрады. Алайда, бұл оның өзіндік дүниетанымы, көзқарасы болмайды дегендік емес. «Ол» түріндегі әңгімелеуші әңгімені объективті жүргізеді, арасында тек түсініктер ғана беруі мүмкін. Сол сияқты ол қандай да бір жолмен әңгімеге еніп, оған араласып та отырады. Бұл әсіресе, авторлық шегіністерде байқалып, оның рухани әлемі, қоғамдық саяси мәселелерге көзқарасы ашылады. Бұған байланысты зерттеуші Б.Майтановтың қазіргі қазақ прозасы авторларына қатысты (мәселен, Р.Мұқанова) айтқан ой-тұжырымдары бар. «Ол» баршаға ортақ жайттарды, бәріне қатыстылықты білдіреді.Зерттеуші Б.Майтанов: «Автор мәртебесі классикалық әдебиетте аса биік деңгейге жетті. В.Виноградов, М.Бахтин тәрізді ғұламалар оны көркем шығарманың алтын өзегі, мазмұн мен пішіннің мәйегіне санады. Өзге жұрт биографиялық автор, жазушы өмірі сияқты бақырайып тұрған шындықтың құрсауында жүргенде, олар текст құрсағындағы автор жаратындысына тән атом, иондар, қозғалысын зерттеумен айналысты. М.Бахтин кейіпкер еркіндігін автор зорлығынан құтқаруға тырысты. Бұл дені дұрыс эстетиканың негізгі заңдылығы еді. Баяндау құрылымына байланысты ол қос енді сөз теориясын өзгеше тереңдікпен дамытты, ал алмастырылған төл сөз (замещенная прямая речь) теориясын жаңадан ашты. Ю.Лотман мәтін ішіндегі мәтіндердің араласымы, яғни Ю.Кристева жиі айтатын интертекст туралы, сонымен қатар мәтін құбылысына автормен қатар оқырманның да ортақтас болу мүмкіндігі, көру нүктесі хақында ой толғады», деп автордың тұтас мәтінге қатыстылығын ашып көрсетеді [4, 151-152-б].Бірінші жақтан әңгімелеудің ерекшелігі – баяндаудың субъективтілігімен, шындыққа ерекше жақын болып көрінуімен байланысты. Мұнда жеке адам ерекше сезіледі. Әңгімелеушінің өзі бейнеленуші болмыстың бір бөлігі ретінде алынады.Көркем туындыдағы баяндаулар шығарманың көлеміне қарай ұзақ та, ықшам да болады. Мұндағы баяндаушы суреттеліп отырған оқиға мен оқырманның арасын байланыстырады. Әдеби шығармаға баяндаудың әр түрлі тәсілдері тән.Баяндау – оқырман мен баяндаушы арасындағы байланысты белгілейтін тілдік негіз. Мұнымен қоса, баяндау мәтіндегі белгілі бір үзінділерді немесе шығарманың тілдік құрылымын анықтайтын мағынада да қолданылады. Кейде баяндау суреттеу, бейнелеу тәсілдерімен де аралас қолданылады. Өткен ғасырдың орта шенінде орыс әдебиеттануында (негізінен, М.М.Бахтин еңбектерінің әсерінен) тілдің ара жігін, яғни баяндаушы немесе әңгімеші мен кейіпкердің тікелей тіл қатысымын алшақтататын көзқарас туындады. Осының нәтижесінде бейнелеу сипатындағы әңгіменің жиынтығы баяндау деп аталып, бұрын онымен тең қолданылатын суреттеу мен талдау (мінездеме) оның құрамдас бөлігіне айналды. «Қысқаша әдеби энциклопедияда» зерттеуші А.П.Чудаков баяндауды: «эпикалық әдеби шығарманың төл сөзден басқа бүтін құрамы” деген [5,309-б]. Баяндауда оқиға жөніндегі суреттеу даралай көрінеді.Мәтін автордың ойын объективтендіріп, шығармашылық және адам мен қоршаған дүние туралы толғанысын сыртқа шығарып, автор санасынан да тысқары адам баласының жетістігіне айналды. Осы тұрғыдан келгенде, мәтін оқшау дүние емес, ол мәтіндік компоненттердің бірегейі болмаса да, негізгісі. Оның құрылымын мәтіннен басқа, мәтіннің авторы (мәтіннің адресанты), оқырман (адресат), бейнеленетін шындық, тілдік жүйе құрайды. Мәтіндік қызмет – күрделі де көп компонентті, психологиялық интеллектуалдық қарым қатынасты көрсетеді.Зерттеуші Л.Г.Бабенконың көрсетуінше, мәтінді қабылдаудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол мәтіннің болмысынан туындайды. Мәтінді қабылдау екі сатыдан тұрады. Олар: материалдық белгілерді тікелей қабылдау; тілдің образдық белгілері арқылы мазмұнды қабылдау [7,129-б].Мәтінде баяндаудың композициялық тілдік формасының екі базалық негізі – автор сөзі мен кейіпкер сөзі дараланып көрінеді. Негізінен алғанда, автор туындысына өзі баяндаушы болады. Ол шығармадағы оқиғаның ретін, кейіпкерлердің көріну тәсілдерін, шығарма тілінің көркемдігін қамтамасыз етеді.Автор кейде шығармасында өзі жасаған шындық әлемімен бірігіп, біртұтас дүние болып кетеді. Баяндау құрамына шығарма авторы, кейіпкер, олардың арасындағы қарым қатынас, шығарманың белгілі бір мезгілдік, кеңістік және экспрессивтік тұрғыдағы бағдары енеді. Бұлардың бәрі бірлікте бола отырып, автордың идеялық эстетикалық көзқарас қатынасын білдіреді.Көркем шығарманың құрылымы түрлі компоненттерден тұрады. Олар көркем туынды тілінің эстетикалық заңдылықтарына бағынып, көркемдік тілдік жүйе құрап, шығарманы жинақыландырады. Шығармадағы баяндаушы автор бола отырып, ол суреттеліп отырған мәселеге өзіндік көзқарасын білдіреді. Яғни, автор туындыдағы оқиғадан оқиғаны тудырып, соған жетелеп, кейіпкерлерін сөйлетіп отырады. Шығармаға өзек болатын өмір құбылыстарын сұрыптап алып, оған идеялық бағыт беріп, бейнелі күш дарытатын, бір сөзбен айтқанда, шығарманың идеялық мазмұнын қалыптастыратын жазушының өз бейнесі – автор бейнесі деп аталады
16. Эпостың көркемдік тұтастықта суреттеуін сипаттаңыз
Эпостық жанрдың ең ескі және көлемді түрінің бірі - эпостық поэмалар немесебатырлар жыры. Бұларды жай поэмалардан бөліп, жекелеп көрсетудің негізгі себебі- авторы белгісіз, халықтық мұра болғандығында, олардың туу негізінде шындықболмыс жатса да, шығарушыларының ой-санасының әлі сәбилігімен байланысты қиялараласып отыратындығында. Ал басқа жағынан: өмір құбылысын объективтік қалыптабаяндауы, оқиғаны біртіндеп дамытуы т.б. жақтарынан кейін туған, авторы мәлім,поэмалардан еш айырмасы жоқ. (Әрине, тілдерінің ескішілдігін, композициясыныңқарапайымдығын еске алмағанда). Батырлық жырлары, жазу (хат) болмаған уақыттатуып және ауызша айтылған. Бұларды шығарушылар халық ақындары болды. Халықақындары әртүрлі тарихи оқиғаларды, сол оқиғаға қатысып, тамаша ерлік жасағанхалық батырларының ерліктерін, өз отанын қорғаудағы ерлік істерін суреттеген.Батырлық жырлары - ерлікті, жауына берілмейтін, елін қорғайтын батырлықтыаңсаған халық мұңының көлеңкесі. Бұл батырлық жырларына қазақ әдебиетіндегі«Батырлар жырының» бұрынғы ауызбен айтылған түрлері мысал бола алады. Бұлжырлардың қай-қайсысын алсаңыз да, сол кездегі өз жерін, өз отанын басқа елгебермеу деген мәселені қояды. Соның үшін күрескен ерлерді дәріптейді. Бұлсықылды батырлық жырлар, ескі уақытта грек елінде де, фин, орыс елдері тағыбасқа елдерде де болған. Олар ауызша айтылып жүрген.
Қазақтың батырлар жыры  бірден-ақ бірбүтін ұзақ бола салған емес. Бұлар әуелде батырлардың әртүрлі оқиғалардаістеген ерліктері жөнінде жеке жырлардан құрастырылған. Мысал үшін ескі кездеайтылған «Алпамысты» алсақ, ол Алпамыстың екі түрлі оқиғадағы ерлігін жыр еткенекі бөлек жырдан тұрады  (Гүлбаршынғаүйленуі, Тайшық ханның еліне баруы). Бұлар әуелгі әзірде екі бөлек айтылып,кейін екі оқиға біріктірілген.
Осы сияқты әрбір батырлардың әр кездегі ерліктері жөнінде шығарылғанжырлар, бір батырдың не бір оқиғаның маңына жинастырылып, біріктіріліпжазылғаннан кейін, эпостық поэма атағын алады. Сөйтіп, халықтың ауызшатворчествосының негізінде туған бір тапты не бүтін халықты қызықтырарлық мәнізор оқиғаны жыр еткен, өлеңмен жазылған ірі шығармалар эпостық поэма деп аталады. «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» т.б.осы эпостық поэмаға жатады. Басқа жырлар да осылар тәрізді. Бұл поэмалардыңқайсысын алсақ та, сол кездегі көшпелі мал шаруашылығымен тіршілік еткенелдерге қоныс мәселесінің үлкен мәні болғандықтан туғаны байқалады.
Айта кететін нәрсе бұл поэмалардан сол кездегі феодалдық қоғамқұрылысындағы тап қайшылықтарының элементтері де көрініп қалады. «Ер Сайын»жырының ішіндегі 90 құлдың Бозмұнайды сабауы, Ер Сайынның оларға қатты шарақолдануы, сол кездегі езуші мен езілушілер арасында болған көп қайшылықтардыңбір көрінісі тәрізді.
Батырлық жырларының тақырып таңдауында да, композициясында да, оқиғаныбаяндап беру әдістерінде де өзінің ерекшеліктері болды. Эпостық поэмаларда, біртапқа не бүтін халыққа ең қызықты деген оқиғалар суреттеледі. Қатысушы адамдарыүздік шыққан, өздерінің төтенше қасиеттері бар адамдар жорықтарда жеңе беретін,даңқты батырлар боп келеді. Олардың әртүрлі жортуылдары, эпостық поэмалардыңжалпы қаһармандары сықылды, өте асырылып, әсірелеу түрінде суреттеледі;композициясында болсын, тілінде болсын, ауызша жыр творчествосыныңқұрылыстарымен нық байланысты болады.
Поэманың және бір түрі - лиро-эпостық поэмалар. Бұлардың алдыңғыларменұқсас жақтары да, өзіндік ерекшеліктері де бар. Лиро-эпостық поэмаларда эпостыңэлементі де болады. Әсіресе лирикалық жақтары басым келеді. Алған тақырыбы,қаһармандары да алдыңғыдан өзгеше. Батырлар жырында негізгі тақырып -патриоттық. Суреттейтіні, дәріптейтіні ерлік, батырлық болса, ал лирикалықжырда көбіне тақырыбы сүйіспендік, дәріптейтіні сүю жолындағы қаһармандардыңбасынан өткізген қиыншылықтары болады. Мысалы, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш»,«Айман-Шолпан» т.б. Бұлардың кейбір жерлері александрлық романға1 да дәл келіп қалады.
Бұл поэмаларда ғашықтыққа жағдай, себептер эпостық жанрдың жолымен шешілседе, қаһармандардың сүйіспендік жолындағы қиыншылықтары олардың басында болғанкүйініш-сүйініштерін суреттеу арқылы ақын оған өзінің сол оқиғаға қалайқарайтынын да байқатады. Қатысушы қаһармандары - қарапайым адамдар. Басқаларданөзгешелігі сүюге берілген, нәзік сезімді адамдар болып келеді.
Поэма эпостық жанрдың бір түрі. Белгілі бір оқиғаны баяндайтын көркемшығарма. Поэма көбіне сюжетке құрылады. Адамдардың қарым-қатынастарын,тартыс-таластарын, күйініш-сүйініш, мінез-құлық, іс-әрекеттерін суреттейді.Халықтың эпостық поэмаларынан кейінгі жазба әдебиеттегі поэмалардың бірайырмасы - жоққа сенушіліктен арылуы, тұжырымды шындықты көрсетуі, кейдеболған     шындықтан
гөрі, болуы мүмкіншындықты көрсетуі, кейде болған шындықтан гөрі, болуы мүмкін шындықтысуреттеуге әдейі, саналы түрде баруы, қысқасы, мәдениетінің жоғарылығы деугеболады. Поэманың дәл анықтамасы әлі жоқ. Әркім әртүрлі анықтауларды ұсынады.Поэма - өлеңмен жазылған әңгіме. Айырмасы тек өлеңмен жазылуында ғана дегендіайтады. Кейбіреулер ұзақ өлең дейді.
            Алдыңғы пікір шындыққа жақын.Өйткені, әңгімедегі тәрізді, поэмада да оқиға, адамдардың араларындағықарым-қатыстар баяндалады. Бірақ қалай баяндау керек. Міне, осы жағынаналғанда, шын мәніндегі поэма қара сөзбен _________________
1Александрлықроман - Александр Македонскийдің атымен байланысты туған романның бір түрі
баяндалған оқиғадананағұрлым қызық, анағұрлым тартымды.  
Лермонтов айтқандай, оқығанда жасырын қуаты бойды алып, ойды билеп кететінжақсы өлеңнің қасиетінің ең шауып шыққан төрі поэмаларда кездеседі. Ұлыклассиктердің поэмасын оқығанда адамның алатын әсерін тек ақынның өз сөзіменғана жеткізуге болады:
 
Жаныңның ауыр жүгі жеңілгендей,
Көңілді кернеген кек кемігендей.
Болады жылауға да, күлуге де,
Жүректің басынан у төгілгендей, -
 
деп, Лермонтовайтқандай, өлеңнің құдіретті күшін қара сөздің бере алуы қиын. Өлеңнің ырғақ,ұйқас, дыбыс әуезділігі, ерекше келетін сөйлем, сөз тізбектерінің ұйымдасқанкүші мен кереметі қара сөзде жоқ. Өлең мен көркем қара сөздің негізгі бірайырмасы да осында. Жай сөйлегенде өмірдегі ең әдемі, ең сұлу, ең қызық нәрсенімадақтау үшін «мынау нағыз поэма ғой» дейтініміз де поэманың сұлулық қасиетіненегізделгендігі.
Сондықтан поэмаға тән ерекшелікті айқындауда ұлы сыншы Белинскийдің эпостықпоэманың ең биік шыңы санайтын гректің «Илиадасы» мен «Одессиясына» бергенанықтамасына сүйенуіміз керек.
Демек, поэма өлеңмен жазылуының, сюжетке құрылуының үстіне оқиға бірлігініңберік сақталуы, бөлшектерінің біркелкі келуі және солардың барлығы асқаншеберлік, іскерлікпен жанды, жайнақы түрде суреттелуі шарт. Онсыз ешбір поэмаөз дәрежесіне жете алмайды.
Жазба әдебиетте поэманың түрлері әр алуан. Кейде біз эпостық, лирикалық,драмалық поэмалар дер атаймыз. Бұл - поэмаларды жанры жағынан айқындау болыпсаналады. Поэмада қай жанрдың элементі басым, соған қарап ат беріп, айдартағамыз. Шындығында, барлық поэма эпикалық сарында жазылады. Басқа жанрдыңэлементтері оны әшекейлеу, сымбаттау үшін енгізіледі. Эпостық поэмаларда әдеміқолданылған лирикалық, философиялық шегіністер оқырмандарға  ой салып, сезімін толқытып, өзіне ертіпәкетсе, драмалық коллизиялар оқиғаның қызықтылығын күшейте түседі.
Кейде реалистік, романтикалық, фантастикалық поэмалар деп атаймыз. Бұлпоэмаларды стиль-методы жағынан, яғни поэмада өмір өзінің шындық қалпындакөрсетіле ме, әлде оны романтикалық асқақтық бейнеде не қиял дүниесінараластырып суреттей ме, қай методтың элементі басым, міне, осы жағынан алыпқараймыз. Бұнда да бәрібір поэма эпостық жанрдың бір түрі болып қала береді.Кейде психологиялық поэма деген терминді де қолданамыз. Бұл да эпостық поэма,бірақ оның негізінде жататын нәрсе - адамдардың арасындағы тартысты суреттеуемес, қаһарманның ішкі жан сезімін, психологиясындағы не қайғылы, не қуаныштыхалдерді суреттеу. Мысалы, Лермонтовтың «Мцыри», Ә.Сәрсенбаевтың «Ұлым туралыой» т.б.
Поэманың ерекше бір түрі - сюжетсіз поэма. Мұндай поэмалар адамдардыңараларындағы тартысты емес, сол тартыстардың нәтижесін ғана образбен көрсетеді.Бұл өте шеберлікті керек етеді. Егер адам күрестерінің нәтижесін қысқатартымды, көркем түрде шеберлікпен бере алмаса, бір ойды қайталаулар көбейедіде, шығарма схематизмге айналады. Поэма, негізінде, сюжетке құрылады. 
Феодализм қоғамы құлай бастаған кезде Батыс әдебиетінде романтикалық поэматуып, дами бастайды. Бұндай поэманы жасаушы, оның ең басты өкілі Англия ақыныБайрон болды. Сондықтан бұл кейде Байронның атымен байрондық поэма деп те аталады. Орыс әдебиетінде Пушкиннің «Кавказ тұтқыны», «Бақша сарай фонтаны»,«Цыгандары», Лермонтовтың «Демоны» осы сықылды поэмалардың қатарына жатады.
Романтикалық поэманың қаһарманы өз ортасына қарсылық етуші, күшті, өзіжалғыздыққа ұшыраған адам боп келеді. Оқиғалар көбіне-ақ дағдыдан тыс (не бұрынтаныс болмаған жаратылысы бар, не өзінше бір ерекше әдет-ғұрпы бар, ол кездетаныс емес) жағдайда болады. Қаһарманның сырттарына да, оның ішкі мінездерінеде төтенше қасиеттер беріліп суреттеледі. Композициясы бір желімен тұтасыпкелмейді. Шығарма бірнеше қызғылықты эпизодтардан құрастырылады да және авторбір эпизодтан екінші эпизодқа еркін көшіп отырады. Екі эпизодтың арасынжалғастыратын оқиғалардың көпшілігі көлеңкеде қалып қойып отырады.Кейіпкерлердің образды және барлық көріністері де сезімге өте әсерлі бопкеледі. Автордың лирикалық шегіністері, арнаулар көп кездеседі. Шығарманыңішіндегі оқиғаларды бүтіндей алсақ, көңіл күйін қозғап, сезімге үлкен әсерететін түрде суреттеледі.
ХІХ ғасырдың орта кездерінде, реалистік методтың тереңдеп, қанатын жаябастаған кезінде, поэмалар да реалистік бола бастайды. Революцияшыл-демократтықәдебиеттегі поэмаларды алсақ, олар ірі қоғамдық мәселелерді алдарына қояды.Өзінің тақырып, қаһарман, сюжет таңдауы жағынан өлеңмен жазылған әңгіметәрізді, «Саша», «Орыс әйелдері», «Қызыл тұмсық аяз», «Россияда кім жақсытұрады» деген шаруалардың ауызша творчестволарының әдісін, образдарын қолданаотырып, шаруалар өмірінің картинасын көрсететін Некрасовтың поэмалары бұғантолық мысал бола алады.
Совет әдебиетінде поэма эпостық жанрдың ең қанатын кең жайған түрінің бірідеуге болады. В.Маяковскийдің Ленин туралы даңқты поэмасынан бастап,А.Твардовскийдің «Василий Теркині», Алигердің «Зоясы», Сәкеннің «Көкшетауы»,«Қызыл аты», Ілиястың «Күйші», «Құлагері», Сәбиттің «Сұлушашы» - бәрі де әрікөлемді, әрі классикалық көркем поэмалар. Осы соңғы жылдарда қазақ советәдебиетіне көптеген поэмалар қосылды. Тайырдың «Құмдағы дауылы», Әбділданың«Портреттері», Қайырбековтің «Дала қоңырауы» т.б.
Бұл поэмалардың қайсысы болса да, сюжетке, оқиғаға құрылған поэмалар.Әрқайсысының өзінше құрылысы, ерекшелігі бар.
Эпостың әріден келе жатқан бір түрі - мысал. Мысал ескі Грецияда да болған.бірақ мысалдың қайтадан дәуірлеген, кең түрде жайылған кезі XVII-XVIII ғасырлардаболды. Мысал дегеніміз шағын ғана шығарма. Көбіне өлеңмен жазылады. Болмыстыперделеу түрінде (екінші түрінде) сықақтап суреттейді. Автор өз көзқарасыншаадамгершілікке үндейді, мысалдағы қатысушылар адамша сөйлей алатын, адамшакүйініп, сүйінетін не айуан, не басқа нәрселер болады. Бірақ қатысушы адам дабола береді: Мысалдардың көпшілігінде-ақ не басында, не аяғында автор пернелегеннәрсенің негізгі мазмұны, автордың айтайын деген адамгершілік ойы болады.Дворян-буржуазия жазушылары мысалды өздерінің қоғамдық адамгершіліктерінүйретудің құралы етіп қолданды. Бұл үйретулер сатираның кімге қарсы жұмсалуынанықтайтын жазушылардың таптық мүддесі болды.
Россияда мысал жазушылар - Сумароков, Крылов т.б. Қазақтың жазбаәдебиетінде тұңғыш мысал жазушылар Абай мен Нұржан Наушабаев болды.
Абай мен Нұржан, бір жағынан, халық әдебиетіне еліктесе, екінші жағынан,шығыс, орыс әдебиеттеріне еліктейді. Нұржан өзінің «Өгіз бен есек» дегенмысалын «Мың бір түнге» еліктеп жазған. Абай «Қарға мен түлкі», «Шырылдауықшегіртке» дегендерді Крыловтан еркін аударған. Ал бұлардан кейінгі мысалжағынан Крыловқа, Абайға еліктеушілер Сұлтанмахмұт, Сәбит Дөнентаев сияқтыжазушылар болды. Қазақ совет әдебиетінде мысал өлеңдермен шұғылданушылар -Асқар Тоқмағамбетов, Шона Смаханұлы.
Мысал жазушының қайсысы болсын адамгершілікке үндейді. Өз кезіндегі әртүрліоңбағандықтарды мінейді. Орыс халқының даңқты мысал жазушысы Крылов өздәуіріндегі парақоршылық, қара жүрек ел жегіштік, алдампаз, қулық, екіжүзділіктағы басқа осы сықылды мінез-құлыққа қарсы тәрбиелеп, содан бездіруге тырысты.
Мысал біздің совет әдебиетінде де бар. Совет өкіметінің алғашқы кезіндесовет жазушылары өмірдің әртүрлі жақтарын мысал етіп, Совет өкіметіне қарсытапты мысқылдап, оқушыларды оларға қарсы тәрбиелей отырып, өзінің мысалы арқылыжанды, айқын түрде қалың еңбекшілердің алдарында тұрған міндеттерін көрсетті.Сөйтіп, өздерінің мысалдары арқылы революция жұмысына атсалысты. (Д.Бедный,соңғы кезде С.Михалков т.б.)
Роман - эпостық жанрдың ең жоғарғы түрі. Белинский: «Роман - біздіңзаманның эпопеясы», - деп атаған. Роман, эпостық жанрдың басқаларыменсалыстырғанда, өмірді, оның әр алуан құбылыстарын, адамдардың араларындағықарым-қатыстарды кең қамтып, терең суреттейді. Ұлы жазушылардың бір халық неоның өмірінің бір кезеңін суреттеген романдарын алсақ, сол халықтың бүкіл өміріайнаға түскен сәуледей, түгел көз алдыңда тұрады. Мысалы, Бальзак, Л.Толстой,Шолоховтардың романдары мен біздің М.Әуезовтің «Абай» романы бұған толық дәлел.
Шын мәніндегі роман - көркем сөздің биік шыңы. Ол дәрежеге жету үшін өмірдікеңінен қамтудың үстіне романда бірнеше сюжеттік линия, екінші сөзбен айтқанда,негізгі сюжеттік линияға қосымша сюжеттер, негізгі оқиғаға қатысушылардыңіс-амалы мен образдарын толықтыра түсумен бірге және қатар дами отыруы керек.Мысалы, «Абай»  романындағы негізгісюжеттік линия - Абай мен Құнанбай араларындағы тартыс - қараңғылық пен жарық,ескілік пен жаңалықтың тартысы. Бірақ ескілік, жаңалықтардың айналасында үлкенібар, кішісі бар, сандаған сюжеттік линия, адам тартыстары романның негізгіидеясына бағыныңқы өзінше өсіп, дамып жатады. Әйтсе де олардың құятын арнасыбіреу-ақ - ол негізгі тартыс, оқиғаның негізгі желісі Құнанбай мен Абайараларындағы күреске, солардың образдарын толықтыруға келіп тіреледі. Құнанбайөліп, оның жолын қуушылар мен Абай жолын іске асырушылар арасында да олардыңрухтары тірі. Осы тәрізді қиыннан қиысқан оқиғалы шығармаларды ғана шын мәніндероман, оның биік сатысы эпопея деп атайды.
Әрине, шағын көлемді де роман бола береді. Бірақ оның өзінде де романғақойылған шарттар толық сақталынады. Мұның көрнекті үлгісінің бірі -С.Мұқановтың «Ботакөз» романы. Мұнда да революцияға шейінгі қазақ ауылындағытап тартысы, оның даму жолдары т.б. жақтары толық қамтылып, романда бірнешесюжеттік линия қатар өрбид

: 18. Эпика жəне драма ерекшеліктерін баяндаңыз
.Шағын көлемді эпикалық түрге жататын әдеби туындыларда,негізінен,өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде,адам тағдыры бір немесе бірер жинақты оқиға көлемінде ғана көрсетіледі.Оқиғаға қатысатын қаһармандар санаулы,олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес,кейбір үзіктері ғана суреттелетін болғандықтан,мұндай шығарманың көлемі де шағын,ықшам.Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан,дайын қалпында көрінеді.Кейіпкер өмірінің көп бұралаңы шығарма сыртында баяндаудан да,суреттеуден де тыс;авторлық материал нағыз қажетті детальдар мен штрихтар ғана.Шығарманың сюжеттік арқауы ұзақ желілі,арналы даму үстінде емес,қысқа қайырылған келте суреттер түрінде тізбектеледі;композицясы да жинақы,үйірімді,ширақ.Ш.Э.шығармалар әдебиет тарихының әр кезеңінде әр сипатта болған.Мәселен,ежелгі көне дүниедегі бұл тектес көркем туынды миф,одан кейінгі әр тұстардағы үлгілері аңыз,ертегі,мысал,новелла т.б.Миф — табиғат құпияларын,адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян.Бұл байырғы халықтардың бәрінде бар,бірақ түпкі туған төркіні көне Грекия.кейін римляндарға ауысқан.Мифологиялық эпос жалпы эпос атаулының басы.Бұл эпостың идеялық — тақырыптық негізі — адам баласының табиғат пен қоғам туралы ғылым тумай тұрғандағы сонау алғашқы қауымға тән идеологиялық синкретизм.тұсында етек алған аңқау әрі аңғырт ұғым нанымдары.Эпостың көне түрлерінің бірі — аңыз.Бұл да миф секілді әсіре қиял аралас фантастикалық хикая.Бірақ мифтен өзгешелігі аңыздың негізінде шындыққа жанасымды,көбіне тіпті өмірде болған,халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады.(Асан Қайғы)Ертегі — бұл да миф пен аңызға ұқсас,адам өмірінде,не хайуанат дүниесінде болуға лайық әр алуан қызық,кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып,өсіре әңгімелейтін көркем баян,әсерлі хикая.Мысалы ең қысқа түрі.Новелла(ит.- жаңалық, соны сөз)-«бұрын-соңды көз көріп,құлақ естімеген тамаша оқиға туралы шындыққа сиымды әңгіме.(Бокакаччоның «Декамероны»)Ш.Э. түрдің айрықша асыл үлгісі-әңгіме.Тағы бір түрі-очерк.Ең бастысы очеркте суреттелетін шындық-ойдан шығарылған нәрсе емес,өмірде болған не бар нәрсе.Очерк-өз кезінің үні,жаңаның жаршысы.(М.Әуезов «Өскен өркен»)Фельетон(фр.-парақ)өлеңмен де қара сөзбен де жазыла береді.Мұның әдеби қасиеті мол жақсы үлгілерінде кәдімгідей көркем бейнелер,қызық мінездер, сатиралық типтер жасалған.Драмалық жанрдың ерекшелігі – мұнда уақиғаны баяндау да, болған жағдайды адамның қабылдап сезінуі арқылы көрсету де бар. Шығармаға арқау болатын- өмірлік,тартыс,уақиға, ал уақиғаның барысы қалай дамитыны кейіпкерлердің сөйлеген сөзінен аңғарылады. Бұл жанрдың негізгі түрлері трагедия,комедия, драма ерте дәуірде қалыптасып театр өнерінің дамуына байланысты кейін жаңа сипат белгілермен толықты. Осы 3 салаға жататын әр жанрдың түр-түрлерін де поэма мен романды немесе трагедияны жанр д.а.
19. Р.Нұрғалидың драма жанрларын жіктеуін пайымдаңыз
("Драма өнері" еңбегі)Əдебиет əлемі жөнінде өрелі ой, орнықты пікір айтып, қазақ əдебиетінің ғылым мен сынында өзіндік сара жол салған Р. Нұрғалиды қазақ драматургиясының табиғатын, жанрлық жүйесін жан-жақты сара- лап зерттеген бірегей ғалым деп айтуымызға болады.
Р. Нұрғали қазақ драма жанр- ларының – өзіндік ерекшеліктерін, поэтикасын айқындаудың, олардың əдеби дамудағы орны мен маңызын ашудың өрістеу үрдісін тиянақ- таудың, жанрлық құрылымдардың өзгерістерін, сонымен қатар олардың өзара байланысы мен баюын көрсетудің уақыты келгенін айта келіп, өз зерттеуінің негізгі нысанасы етіп алуға бел байлайды. Р.Нұрғали драматургия жанрларын жай қағида, қатаң тұжырым етіп қана алмай, олардың қоғамдық мəдени дамуы мен сабақтастығына мəн беріп, көркемдік- эстетикалық тұрғыдан баға береді.
Ғалым драмалық шығармаларды бұрынғы зерттеуші ғалымдар сияқты трагедия, комедия, драмаға бөліп, əр жанрдағы шығар- маларды ішкі сипаттарына қарай бірнеше бөліктерге бөледі.
Ғалым қазақ əдебиетта- нуында алғаш рет драманың негізгі түрлерінің бірі трагедияға жан-жақты жанрлық тұрғыдан сипаттама береді: «Драматургия жанрларының ішінде өмірге айрықша жақын түрі – трагедия, өйткені бұл формада тіршіліктің сан алуан қайшылықтары, ғаламат тартыстар, құштарлық- тар мен сезімдер шайқасы, ойлар мен идеялар қақтығысы ерекше зор пафоспен, əрі реалистік тереңдікпен бейнеленеді. Классикалық əдебиет- тегі трагедияларда дара тұлғаның əлеуметтік- қоғамдық қайшылықтармен кереғар қайшы келуі, бітіспес күреске түсуі көрсетілген. Трагедия қаһармандары сұм заманның қатігез əдеттерімен шайқаста опат болады; олардың алдарына тас қамалдай неше түрлі кедергілер, асу бермес тосқауылдар тұрады; трагедия асқақ рухты қайсар жанның алапат күресін суреттейді. Трагедия қаһарманы теңіздей сұрапыл тебіреніс құшағында; ол өз ішіне терең бойлайды; қамы- рықты, қайғылы азапты хал кешеді; ке- дергі, қарсылықтармен қаймықпай күреседі».
А.В. Луначарский дүние- жүзілік драматургия тарихына сүйене отырып, трагедияны символдық жəне реалистік деп екі салаға бөліп қарайды. Бірінші қатарға Гетенің «Фаустын» қосса, екінші қатарға Шекспирдің «Гамлетін» жатқызады.Ғалым трагедияның тағы бір маңызды сипатына кейіпкердің үлкен қателік жіберіп, зор адасуларға ұшырайтынын жатқызады. «Бұл əлеуметтік жағдайлар мен қоғамдық қарым- қатынастар тудыратын, кейіпкердің өз еркінен тыс, оның идеал-мұраттарын күйретіп, мақсаты- на жеткізбей мерт қылатын зауал іспетті, тағдыр мен жазмыш бұйрығы тағылеттес ерекше жағ- даяттардан шығады».
Ғалым трагедияның тағы бір маңызды сипатына кейіпкердің үлкен қателік жіберіп, зор адасуларға ұшырайтынын жатқызады. «Бұл əлеуметтік жағдайлар мен қоғамдық қарым- қатынастар тудыратын, кейіпкердің өз еркінен тыс, оның идеал-мұраттарын күйретіп, мақсаты- на жеткізбей мерт қылатын зауал іспетті, тағдыр мен жазмыш бұйрығы тағылеттес ерекше жағ- даяттардан шығады».
Ғалым қазақ əдебиетіндегі классикалық үлгіде жазылып, жанр шарттарына толық жауап беретін ұлттық құндылығымыз - «Еңлік-Кебек» трагедиясын алғаш рет жоғары бағалап, əдеби- эстетикалық талдау жасады. Бұл шығарма- ның эпикалық трагедияның барлық талабына сəйкес келетінін дəлелдеді.
20. Лирикада жеке адам сана-сезімінің бейнеленуін сипаттаңыз.
әдебиет жанрларының бірі — лирика, адамның көңіл-күйін шертеді. Бұл жанрда “ақын адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі” (Байтұрсынов). Адамның сырттан алған әсері көңіл көрігінде балқып, нәзік сәулелі сезімге айналады. Жалт өткен сезім жарқ етіп ақын жүрегін дөп сөзбен жарып шықса, міне, бұл — лирика. Лирика — алдымен сезімнің гүлі, гүлдің хош иісі, көз жауын алған көркі. Мұнда субъектілік басым. Эпоста автор оқиға көлеңкесінде қалса, лирикада алға шығады, өзі өлең мазмұнына айналады. Және өз қалпын “бетін өзгертпейді” (Аристотель). Өлеңнің лирик. кейіпкері көбіне автордың өзіне тартады. Лирик. кейіпкер — жүрегін от сезімге ораған ой адамының бейнесі. Лирик. өлеңдегі сұрапыл тебіреніс, толғаныстар, қызу қанды қарбалас әсерлер соқыр сезім емес, ой көзді сезім. Абай: “Өмірде ойға түсіп кем-кетігің, Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің” десе, бұл — лирик ақын бейнесі. Ой мен сезім лирикада ғашықтардай табысады, сол махаббат ләззатынан көркем сөз атты перзент туады. “Қуатты ойдан бас құрап, Еркеленіп шығар сөз” деп Абай тегін айтпаған. Өлең қолдан жасалмайтынын, ой, қайрат, жүрек тұнығынан қайнап шығатынын ескерткен. Лирик. жанр түрлері қазақ ауыз әдебиетінде терме, толғау нысанында қалыптасты. Әлемдік әдебиетте ертеден өріс алған элегия (мұңды өлең), ода (мадақ өлең), эпиграмма (әжуа өлең), эпитафия (жоқтау), сонет сыршыл, композициясы белгілі нормамен жазылатын өлең секілді түрлері қазақ поэзиясында берік орын тепті. Саяси-әлеум. лирика түрлері де дамыды. Тақырыбы мәңгілік саналатын махаббат лирикасы, табиғат лирикасы түрлерінен қазақ поэзиясы әлемдік поэзияның қай-қайсысымен де иық теңестіретін шығармалар тудырды.Лирикадағы көңіл-күй тек сөйлеушіге тəуелді емес, оны толғандырған өмір құбылыстары, əлеуметтік-саяси жағдайлар, келеңсіз қоғамның мың құбылысты жағдаяты мен алам дүниесі мен табиғат құбылысының байланысы, міне осының барлығы топталып келе автордың тебіренісі арқылы көрініс тауып отырады.
21.22.Лирикалық көңіл-күйдің тек сөйлеушіге тәуелді еместігін пайымдаңыз
Лирика (гр. Lyra - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі) Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс Лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-толғаныстар Лирика тудырады. Эпика жанры баяндауға негізделсе, Лирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасады. Әр халықтын Лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ Лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мүңшер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Шалкніз, Махамбет толғауларында Лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген.
Лирикалық толғаныс тудыратын ұмтылыс пен сезім, ой мен сілкініс көркем бейнеге айналады.
Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырыбына, мазмұнына қарай бөлінеді:
Саяси-азаматтық Лирика
Махаббат Лирикасы
Философиялық Лирика
Табиғат Лирикасы
23. Лирикалық шығармада медитативтік бастау болуын сипаттаңыз. Лирика (гр. Lyra - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі) Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс Лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-толғаныстар Лирика тудырады. Эпика жанры баяндауға негізделсе, Лирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасады. Әр халықтын Лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ Лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мүңшер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Шалкніз, Махамбет толғауларында Лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген.
Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Адами сана лириканың бойында түрлінше не рефлексияға толы (вспомним шедевр С.А. Есениннің атақты «Қаламаймын, шақырмаймын, жыламйамын…» өлеңін еске түсірейік) бейілдік мойындаулардағы, тәубеге келуші монологтардағы тіке және ашықтық, не болмаса, басым жағдайда ішкі болмысты (сипаттама лирика, ең алдымен пейзаждық) суреттеудің (жанама, қатыссыздықтағы) формсында немесе әлдебір оқиға (турасындағы баяндаушы лирикадағы) жинақы әңгімелену көрініс табады. Десек те, кез келген лирикалық туындыларда медитативтік бастау көз ұшырасады. Медитация (лат. meditatio – ойлану, толғану) дегеніміз – әлдене туралы толқу және психологиялық қалың ойға шомуды атайды: «Тіпті сол кезде, қай кезде лирикалық туынды өзінің медитативтілігінен адаланғандай, әрі сырттай сипаттама негізде болған шақта да,  олар тек  сипаттама медитативтік «астар мәтінге» иелік еткен жағдайында ғана толықтай көркемдікке ие болады. Лирикаға, басқаша айтар болсақ, эпикалық баяндауларда молынан ұшырасатын бейтараптық және құштарлықсыз реңк сәйкеспейді. Лирикалық туындының тілі бұл жерде ұйымдастырушы және үстемдікті бастау көз болып табылатын экспрессияға болы болып келеді. Лирикалық экспрессия  сөз таңдауда, синтаксистік конструкцияларда, тұспалдарда, және ең бастысы, мәтіннің фонетика-ырғақтық түзілімін өзін танытады. Лирикада бірінші орынға «семантика-фонетикалық эффектілер» жылжытылады олардың ырғақпен тығыз байланысы,ә детте, қуатты қозғалысты болып келеді. Оның үстіне, эпос пен драма басым көпшілік жағдайда (әсіресе, бізге жақын дәуірлердегі) прозға бет түзгенде, лирикалық туынды басым көпшілік жағдайда өлеңдік формаға ие болады.
24. Лирикалық экспрессия туралы пайымдаңыз. Лирикалық туындының тілі бұл жерде ұйымдастырушы және үстемдікті бастау көз болып табылатын экспрессияға болы болып келеді. Лирикалық экспрессия  сөз таңдауда, синтаксистік конструкцияларда, тұспалдарда, және ең бастысы, мәтіннің фонетика-ырғақтық түзілімін өзін танытады. Лирикада бірінші орынға «семантика-фонетикалық эффектілер» жылжытылады олардың ырғақпен тығыз байланысы,ә детте, қуатты қозғалысты болып келеді. Оның үстіне, эпос пен драма басым көпшілік жағдайда (әсіресе, бізге жақын дәуірлердегі) прозға бет түзгенде, лирикалық туынды басым көпшілік жағдайда өлеңдік формаға ие болады.
Поэзияның лирикалық түріндегі тілдік экспрессия кейбірде өзінің ықтимал шегіне жетеді. Осыншама, батыл да, ешкім күтпеген тұспалдаулар мөлшерін, икемді де, байықтырылған интонация мен ырғақтың  біріктірілуін, лирик ақындар үнемі жүгінуге бейім тұратын (әсіресе, біздің жүз жылдығымыздағы) тамаша дыбыстық қайталауларды және соған сай келушілік дегендерді не «әдеттегі» сөздер, не эпос пен драмадағы қаһармандар сөз саптаулары, не баяндаушы проза, не тіпті өлеңдік эпоста білмейді. Эпос, лирика және драманың табиғатына 1930-шы жылдары неміс психологы және лингвисі К. Бюлер жасаған сөз теориясы өз жарығын түсірді, онда ғалым сөз саптаудың (тілдік актінің) үш аспектісі бар деп тұжырымдайды. Олар өз бойына, біріншіден, сөздің тақырыбы (репрезентация) туралы хабарламаны; екіншіден, экспрессияны (сөйлеушінің эмоциялық айшығын); үшіншіден, апелляцияны (сөз саптауды өзіндік іс-әрекетке айналдыратын сөйлеушінің әлдекімге қарата сөз толғауды) сыйдырады[741]. Тілдік іс-әрекеттің осы үш аспекті өзара байланыста болып келіп, сөз саптаудың түрлінше типтерінде (оның ішінде, көркем) өздерін қилынша танытады. Лирикалық туындылардағы ұйымдастырушы бастау көз және доминант тілдік экспрессия болып табылады.
25. Абайдың махаббат лирикасы («Желсіз түнде жарық ай»). «Желсіз түнде жарық ай...» - Абайдың 1888 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 5 шумақтан тұрады. Өлең - ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Онда пәк, таза махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз түн... жан толқынысына үн қосып, сыбырласқандай қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, бұлықсыған сөзіммен астасып, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзен дыбысы, осындай сырлы, сұлу түнде, әлдеқайдан естілген сазды ән, тынымсыз тірлік алмағайып уақыт дабылындай бейсауат үрген ит пен үздік-создық айтақ астында сүйгенімен жолығуға аулаққа асыққан сұлу қыз жанды бейнедей ерекше лирикалық леппен тамаша суреттеледі. Бір ғажабы, өзгеше сезім құрсауындағы сұлу қыз жоқ, жай ғана қыз –түн жамылып, сүйгенімен кездесуге шыққан қыз туралы тек өлеңнің 3-шумағында ғана, онда да соңғы тармақтарда айтылады. Ақын оған дейін түнгі табиғаттың әсем көрінісін нәзік поэзия тілімен өрнектейді. Бірақ келесі толқын әсем, тіпті жаныңды рахатқа бөлейтін суретке мүлде басқаша кейіп береді. Үстірт қарағанда бұрылыс шұғыл сияқты. Қас қаламгердің шеберлігі де осында. Әуелі көңілдің жаңа ырғағына көшер, әрі тек қана қазақ тіршілігіне сыйысар көріністер келтіреді, ол - тау жаңғыртқан ән, үрген ит пен айтақ даусы. Бір ғажабы, ақын атап көрсетпесе де, ән - сырлы, мұңды, әуезді, иттің үрісі мен оған қосыла шыққан айтақта зіл, қатер белгісі жоқ: «Тау жаңғырып, ән қосып, Үрген ит пен айтаққа...». Бұл - өлеңнің алғашқы шумақтары арқылы көңілде берік орныққан сыршылдықтың нәтижесі. Көңіл күйі ғана алмасқан жоқ, қас зергер шығарманың заттық құрылымында да жаңа сапаға қарай ойысады: әлгінде ғана назарда жансыз табиғат тұрса, енді жанды тіршілік лүпілі естіледі. Сондықтан да келесі тармақтарда адамның - жол тосқан қарақшы, кеш қалған жолаушы емес, сүйгенімен кездеспек жас сұлудың шыға келуі табиғи қабылданбақ. «...Келмеп пе едің жол тосып, Жолығуға аулаққа?!». Қандай қыз, қандай сезімдер жетелеген жан - кімге болса да айқын. Абай кейіпкерлерінің сезім толғаныстарын айналада болып жатқан жалпы суреттер арқылы бейнелеген. Санадағы сәуле - желсіз түн, жарық ай, тасыған өзен суреттері - кері шағылысып, құпия кездесуге, бәлкім, өз өміріндегі ең алғашқы махаббат сұхбатына бет бұрған қыздың жүрек лүпілімен астас жарастық табады. Айлы түн, дірілдеген сәуле, қамсыз да бейбіт дыбыстар, оңашаға асыққан қыз - бәрі келісімді үндестікте. Сыртқы әсерді көкірек сыздатар сырға айналдырып, сезім қылын шегіне жеткере бұраған ақын өңді бірде ағытылады. Сырлы түн де жоқ, сүйген жігіт те жоқ, қыз сезімі - жаңағы табиғат көріністерінің тікелей ішкі толқынысқа ұласуы, рухы таза, жаны нәзік сұлудың жүрек лүпілі.
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны - терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
осы өлеңімен Абай өзінің ғашықтық, жастықтың керемет балғын шақтарын өлең мен ән қылып жазады.
26. Лириканың автопсихологиялығы (М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова өлеңдері мысалында). Лирика ешқашан адамдар өмірінің ішкі аясында, олардың тап солай болып танылатын психологиясында тұйықталып қалмайды. Оның үстіне автор шығармашылық процесте кейбірде өзінің ұшқыр қиялының әлеуетімен шындық өмірде мүлдем болуы мүмкін емес, психологиялық жағдаятты өмірге әкеледі. Лирикалық жақтан айшықталған күй кешу не автордың өзіне, не оған мүлдем ұқсамайтын тұлғаға қатысты болып келуі де әбден ықтимал. А.А. Феттің «Өзгенің айшықты мезетін өзімдікі деп ұғыну» дағдысы  ақындық сыйының бір қыры. Лирикада автордан мүлдем бөлек тұлғаның күй кешуі көрініс беріп, ол (автопсихологиядан өзгеше) рөлдік деп аталады. Лирикалық шығармашылықтың тіні рөлдік емес, автопсихологиялық поэзия: ақынның өзін тікелей ашық танытатын актісіндегі өлең болып табылады. Оқырмандар үшін өлеңде тікелей төбе көрсететін лирикалық хал кешудің адами шынайылығы сондай қымбат,  В.Ф. Ходасевичтің сөзімен айтқанда: «автордың тірі жаны»: «Стилдендірумен тұмшаланбаған автор тұлғасы бізге соншалықты жақын»; ақынның бағалылығы «ол болмыстың қажет етуін ескере отырып, өзі күй кешуін таныта алуынан» тұрады.
27.Тұрсын Жұртбайдың Абай ,Құнанбай эсселері
ҚҰНАНБАЙ ӨЗ ИЫҒЫМЕН КӨТЕРІП, АБАЙДЫ БИІККЕ ШЫҒАРЫП ТҰР
Тұрсын ЖҰРТБАЙ, филология ғылымдарының докторы, профессор:– Тұрсын аға, «Құнанбай» атты кітабыңызда нағыз Құнанбайды халыққа қайтарған екенсіз. Құнанбай тақырыбына қалай келдіңіз?– Менің бүкіл көркем қабылдауым, көркем ойлау жүйем осы Абай, Әуезов айналасында қалыптасты. Мен дүниеге Абайдың көзқарасы арқылы қарайтын ортада өстім. Сондықтан қолыма қалам алам-ау деген ой келген сәтте, яғни 5-сыныпта Құнанбайсыз Абайды тани алмайтынымызды түсіндім. Ол туралы оқиғаларды да көп естідім және сол Құнанбайға қатысты Әуезов көрмеген деректерге ұшырастым. Омбыдан Құнанбай туралы 2000 беттік мұрағат материалдарын кезіктірдім. Мұхтар Әуезовтің: «Менің шығармам – көркем шығарма. Көркем шығарма қоғамдық қарым-қатынастар арқылы өріледі. Менің басты кейіпкерім – Абай, барлық қатысушы, яғни 5250-ге тарта кейіпкер Абайға қызмет етуі керек. Абайдың образын сомдауым керек. Осыны оқырман түсіне бермейді. Түсінсе екен деп тілеймін» деген сөзі бар. Және «Абай» романының төрт кітабы жазылып болғаннан кейін «Біздің ата-бабамызды, ағаларымызды дұрыс суреттемеді, жағымды адамдар еді, жағымсыз етті, кейбір жағымсыз адамдарды жағымды ғып суреттеді» деп Әуезовтің үстінен үлкен дау-дамай жүрді. Ол дау-дамайдың соңы 1956 жылғы өзара бас қосудан кейін барып тынған. Көркем шығарманың өзіндік талабы болады, Әуезовтің жазғаны – көркем шындық, ал менің ұстанған жолым одан басқа. «Абай» жолындағы көркем шындық қандай? Құнанбайдың басынан кешкен өмірлік шындық қайсы?» деген сұрақтарға жауап іздеп, ажыратып, талдағым келді. Мұндағы мақсат – Әуезов шығармашылығы туралы пікір білдіру, Құнанбайдың нақты өмірі туралы айту үшін ғана емес, тарихи шындықты, өмірлік шындықты, көркем шындықты оқырманның өзі салыстыруына жол ашып, сол арқылы көркем талғамын қалыптастыру. Өйткені, біздің қазақ оқырманы көркем шығарма мен деректі шығарманың арасын ажыратқысы келмейді. Құнанбайды кітапта тарихи және әдеби тұлға деп атап талдағаным сол себептен. Әйтпесе, жазушы ретінде Құнанбайдың жеке өмірін, тарихи оқиғаларын өмірлік оқиғамен салыстыра отырып баяндау әлдеқайда жеңілге түсер еді. Құнанбайға қазақтың өте ынталы, ынтызар түрде назар аударуына үш себеп бар. Бірінші, Құнанбай Өскенбайұлы – тарихи тұлға ретінде, феодалдық қайраткер. Дін қайраткері ретінде қазақтағы ірі тұлғаның бірі. Ол өзінің өмірінде көшпелі билікті, шариғаттың фиһқын, орыс заңымен ықтастыра отырып пайдаланған. Өзі қарама-қайшылыққа толы тұлға. Жеке мінезі де қатпар-қатпар күрделі. Екінші, Құнанбайдың жеке басына қатты назар аударатыны – ұлы Абайдың әкесі болғандығынан. Абай – бүкіл көшпелілер өміріндегі ең дара тұлға. Сол дараның өміріне қатысты қалай да Құнанбайға бір бұрылмай кете алмайсың. Үшінші, исі қазақ қауымының Құнанбайға бар ықыласымен беріле ынта қоюы – Мұхтар Әуезовтің роман-эпопеясындағы Құнанбайдың көркем бейнесі. Бұл көркем шындықтың өзі әлемді аузына қаратқан кейіпкер ретінде бағаланған деңгейде сомдалған. Осы үш ынтызарлық тоғысып келгенде Құнанбайдың жеке басына деген ықылас Абайдың жеке басына аударылатын ықыласпен теңеледі. Сондықтан да Құнанбайдың өмірі, бейнесі және кейіпкерлік міндеті біздің жүрегімізге Абаймен бірге қан болып құйылған. Осы тұрғыдан алғанда Құнанбайға ықыластың зор болуы орынды. Осы үш қазақы үйреншікті көзқарас арқылы әр адам өзінің көңіліндегі Құнанбайды тарихи, көркем бейнеде фильмнен, спектакльден, суреттен көргісі келеді.Менің бала кезден арманым, ойымдағы іс – Құнанбай, Абай, Шәкәрім, Мұхтар туралы таза әдеби көркем баяндалған шығармалар жазу. Абайдың өзінен тікелей бастап кетейін деп сан ойладым. Бірақ, жеке Абайдың өмірбаяндық кітабының өзін Құнанбайсыз бастау мүмкін емес. Өйткені, Абайдың қырық жасқа дейінгі өмірі – әкесі Құнанбаймен тікелей байланысты. Тіпті, етене. 1886 жылы қарашада, менің есебім бойынша, Құнанбай өмірден озады. Оған дейін Абай өлең деген нәрсені ермек үшін ғана пайдаланған. Сол Құнанбай қайтыс бола салысымен ең бірінші жазғаны:«Жасымда ғылым бар деп ескермедім,Пайдасын көре тұра тексермедім.Түспеді ер жеткен соң уысыма,Қолымды мезгілінен кеш сермедім», – деген өкініштен тұрады. Екі айдан кейінгі өлеңінде: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек. Ақылым – ашыған у, ойым – кермек» дейді. Неліктен бұлай жазды дегенге келсек, Құнанбай әкесі өлгеннен кейін, сырласарға кісі жоқ, өзін жалғыз сезінген. Оған дейінгі Абайдың сырласы әкесі Құнанбай еді.Абайдың өміріне қатысты кесек-кесек оқиғалардың барлығын демей-ақ қояйық, денін Құнанбай жеке басынан өткерді деп жүрміз. Олай емес. Сол оқиғалардың ішіндегі басты кейіпкерлердің бірі – Абайдың өзі. «Ақылға, ашуға да жақтым шырақ» дейді ғой Абай. Мұхтар Әуезов оны көркем шындық арқылы Құнанбайға ауыстырған. Өйткені, оқиға даму керек, тартыс, көркемдік шешім болу керек. Абайды барған сайын биіктетіп көрсету керек. Құнанбай өзінің иығымен әуелі бойын көтеріп, қолын, кеудесін көтеріп Абайды биікке шығарып тұр. Әке ретінде, ұстаз ретінде Абайдың тағдырын шешіп берген Құнанбай. Бала кезінде Қаратай, Байсал, Сүйіндік, Бөжейлер келіп отырып: «Қай балаңнан үміт күтесің?» дейді. Ысқақ ажарлы, беделді, адамға үйір бала болған. «Біз не күтсек те, мына Ысқақтан күтеміз» депті. Сонда Құнанбай: «Әй, оның сырты ғой. Сендер не күтсеңдер де мына шұнақ қарадан күтіңдер» деп жауап береді. Ол Абайдың тілі енді шыққан кез екен. Абайдың тілі 4-5 жасында шыққан. Құнанбай әуелі арабша сауатын ашқызып барып, Семейдегі Абдулланың медресесіне берген. Үш айдан кейін Абдулланың медресесінен алып кетіп, Ахмет Ризаның медресесіне ауыстырған. Кейін Абайдың 40 жасқа тақағанда өзінің әкесімен пікір жарыстырған бір оқиғасы бар. Сол кездегі Құнанбайдың білімі Абайдың білімінен әлдеқайда асып тұрған. Сыртқа шығып Абай: «Әй, мына қара шал қайтеді-ей? Қиын, қиын! Менің шындығында да оқуым жетпеген екен ғой», – депті.– Абайды таңғалдырған ол қандай оқиға еді?– Абай болыс боп жүрген кезінде әкесіне ұзақ уақыт бара алмапты. Бір ағайындары Құнанбайға келіп: «Абайға айтыңызшы, біздің бір шешілмей жүрген мәселеміз бар. Мына Еңлік-Кебектің қазіргі қабірінің аяқ жағында Таймаскөл деген көл бар. Сол көлдің мәселесін шешіп берсін» деп арыз айтады. Бұл – тобықты руының ішіндегі Мамайдың өтініші. Сонда Құнанбай: «Сол Абайың үш ай болды, маған келіп сәлем беруге де жарамай жүр. Не деп айтам?» – деп жауап қайырыпты. Осы сөзді ести салысымен Абай «ренжітіп алдым ғой» деп тездетіп келіп, әкесінің қасында бір апта жатыпты. Олардың арасында әкелік-балалық тәртіптің, ибаның өте қатаң сақталғаны соншалық, Абай Құнанбай отырған үйге күнде таңертең келіп сәлем береді екен. Түс уағында кеп бірге түстенеді. Кешқұрым «Ұйқыңыз тыныш болсын» деп айтып шығады. Артық уақытын алмайды. Өзге адамдар Құнанбайдың үстіне батып кірмейді. Сол ізет көрсетіп үш мәрте келіп жүрген кезінде ақ шымылдық ішінде ақ көйлек, ақ мәсі, ақ дамбал, ақ тақия киіп малдас құрып отырады екен. Ол Құнанбайдың 84 жасқа келіп, буыны босаңсыған кез. Бір кітапты алады да, оқып отырады. Оны Абай байқайды. Таңертеңгі шайдан кейін Құнанбай тәтесі кітаптың бір бетін ашады да, оқып қойып ойланып отырады. Түсте келсе әлгі бетін бітіріп, келесі бетті оқып ойланып отырады. Бір аптада әлгі кітаптың 15-20 бетін ғана оқығанын көреді. Абайдың өзі де білімге ынтызар. Бірақ, «Әке, мына кітап не туралы?» деп тіке сұрауға батылы бармайды. Жеті күн өткеннен кейін Абай таңертең кіріп, енді қайтуға рұқсат сұрайды. Құнанбай рұқсатын береді. Сол кезде Абай: «Тәте, ырзалығыңызды алдым, аман-сау болыңыз, бір сауал қойсам бола ма?» – дейді. Әкесі: «Қоя ғой», – дейді. Абай: «Мынау алдыңыздағы кітаптан мен келгелі 10-15 бетін ғана оқыдыңыз. Кітаптың бір сөйлемін оқисыз да ойланасыз, содан кейін ар жағын оқисыз. Соншалықты қиын, күрделі, ұлы кітап па? Неге тездетіп оқымайсыз?» – дейді. Сонда Құнанбай: «Иә, бұл –бүкіл исламның мәселесін қозғайтын кітап – тариқат қой», – дейді. Сонда Абай мырс етіп күліп жіберіпті. «Пәлі, тәте, мен сізді ақиқатқа қарай аяқ басты, соның ішінде жүр екен ғой десем, сіз тариқатта жүр екенсіз ғой. Тариқат деген исламның жолы, оқудың басы емес пе?!» – деген екен. Сонда Құнанбай: «Ойбүй, Абайжан-ай, мен сені жетілді деп, толық білім алды деп жүрсем, бекер оқудан шығарып алған екенмін ғой, әлі де жете түсінбеген екенсің ғой. Шариғат, мағрифат, ақиқаттың бәрінің негізін қалайтын осы тариқат емес пе? Тариқатсыз ислам оқуы жоқ. Сен соны түсінбеген екенсің ғой, қап!» – дейді. Сол кезде Абай басын шайқап тұрып сыртқа шығады, есік алдында тұрғандарға айтыпты: «Әй, бекер сұраппын. Мына қара шал қиын екен, қиын. Мен білімге жетпеппін ғой, Тәтем қандай терең еді, әттең-ай, әттең!» – деп өкініш білдірген екен. Сонда 40 жаста, төрт қасиетті кітаптың түгелін оқып, әлемдік поэзия деңгейінде философиялық ой қозғайтын Абайдың ақылы жетпеген білімге ие Құнанбай қандай адам болады?– Құнанбайды біреулер соқыр болған десе, енді біреулер оны жоққа шығарады. Ақиқатында қалай?– Көзінің соқыр болғаны рас. Шешектен болған дейді, бетінде де содан қалған із бар. Зерттеушілер Құнанбайдың бойына мін жолатқысы келмей, «Құнанбайдың көзі соқыр болмаған» дегенді дәлелдегісі келеді. Бұл мүлдем қате түсінік. Әуезов «Жалғыз көзімен бүкіл дүниені аңдып, қас-қабағымен бағып қалт жібермей отыр» деп суреттейді. Енді бір деректе, көзіне найза тиіп соқыр болған делінеді.

28. Лирикалық «меннің» полисубъектілігін байыптаңыз.
Әдетте лирикалық туынды сана және жекелеген тұлғаның (лирикалық «меннің») сөзі арқылы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, лириканың құрамында әлі күнге дейін жете зерттелмеген лирикалық «біз» фонеменінің орны ерекше. Осы «біздің» семантикасы сан алуан және өте бай. Интимдік-жеке бастық сипаттағы (ең алдымен, махаббат лирикасы) өлеңдердің көпшілігі бірлесе өмір сүретін бірлесе өмір сүретін екеудің тұлғаларының атынан жазылған. А.А.Блоктың «Біз храмда кездестік…», «Біз ұмытылдық, жерде жалғыз қалып» О.Э.Мендельштамның «Біз ас үйде отыра тұрайықшы» өлеңдері тап осындай.
Лирикалық «мен» «мен – сен» аясынан шығып, үлкен сыйымдылыққа ие болуға бейім болып келеді. М.Ю.Лермонтовтың «Толғау» өлеңін еске алайық, онда ақын өз буыны атынан сөйлейді; не болмаса, кейінгі поэзиядағы тютчевтің «Біз жан-жағымыздан қусырған/жалындаған тұңғиқта жүземізі»; Д.С.Мережковскийдің «Түн балалары», Еуропа мен Азияның арағайыны ретіндегі Ресейдің үнін естірткен Блоктың «Скифтері». Көріп отырғанымыздай лирикалық «біз» поэзияның бөлінбес қыры болып табылады. Ол сөз зергерлері санасында өзіне қатысты, өзіне ынтықтыра тартқан маңайындағы адами болмыстың айқара ашылуымен айшықталады.
Кейбірде бір лирикалық «мен» бірнеше субъектімен біртұтастықта тұтаса танылады. Б.Л. Пастернактың атақты «Доктор Живагосының» соңғы тарауын ашатын «Гамлет» өлеңінде сөз бір мезетте шекспирлік трагедияның қаһарманы тұлғасынан; осы рөлді ойнайтын актер; 1910-1920 жылдар аралығында осы өлеңді жазған доктор Живагоның атынан; Пастернактың қаламы қалыптасқан шығармашылық ержетуі (1940 жылдардың ортасы) ұшқынан өрбиді. Бұл жерде лирикалық полисубъективтілік бой көрсетеді.
Лирикалық қаһарман мен автор (ақын) арасындағы арақатынас әдебиеттанушылар тарапынан түрлінше ұғынылады. Аристотельден бастау алатын лирикалық сөз өкілі мен автордың біртұтастығы, бөлінбестігі, теңдестігі жайындағы дәстүрлі түсінік, біздіңше,  XX ғ. бірқатар ғалымдар, оның ішінде,  М.М. Бахтин тарапынан байыпты да, өзгеше ой түюге бағдар ұстанды, олар лириканы автор мен қаһарман, «мен» және «өзге» арасындағы күрделі қарым-қатынас жүйесі деп қарастырып, сонымен бірге, ондағы әмесе ұшырасатын хорлық бастау көз турасында сөз етті. С.Н. Бройтман осы ойды одан ары өрістетті. Ол лирикалық поэзия үшін (бізге жақын дәуірлердегі) «моносубъектілік» емес,  «интерсубъектілік», яғни, өзара әрекеттесуші сананың айшықталуы тән болып келеді деп тұжырымдады.
Осы ғылыми жаңашылыдқтар, әлбетте, дәстүрлі «субъективтілік» терминмен таңбаланған дағдылы лирикалық туындыдағы автордық қатысуының ашықтығы оның ең басты қасиеті саналған ұғымды еш шайқалтпайды. «Ол (лирикалық ақын.-В.Х.) өзі ішкі әлемінен шығармашылық және мазмұндық түрткі болушылықты іздеуі мүмкін, осы жолда ол ішкі жағдаятқа, ахуалға, күй кешу мен өз жүрегі мен рухының құштарлығына тоқталатын болады. Бұл жерде адамның өзі оның субъективті ішкі өмірі көркем туындыға айналса,  эпикалық ақынға қаһарманнан мүлдем бөлек оның ерліктері мен бастан оқиғаларының мазмұны қызмет етеді» деп жазды Гегель.
Тап осы авторлық субъективтіліктің толықтай көрініс табуы лириканы оқырманның өзіндік қабылдауын анықтап, туындының эмоционалдық ахуалына белсене енуіне өз септігін тигізеді. Лирикалық шығармашылық (және де оны музыкамен, сондай-ақ, хореографиямен туысуы) біршама внушающей, туындаушы әлеуетке (суггестивтік) ие болады. Новелламен, романмен немесе драмамен таныс болғанда біз бір шама деңгейде аулақтатылған белгілі бір психологиялық арақашықтыпен суреттелуді қабылдаймыз. Авторлардың (кейде жеке бастылық) еркі бойынша біз не қабылдаймыз, не керісінше оның ой ауанын бөліспейміз, оның іс-әрекетін қолдаймыз немесе қолдамаймыз, не келекелеп, не болмаса бірге бөлісеміз. Лирикада бәрі де басқаша. Лирикалық туындыны толық қабылдау дегеніміз – бұл ақынның ой ауанына еніп, әлденені өзіндік, жеке бастық, жани сыңайда қайыра бастан кешу болып табылады. Қояланған поэтикалық поэтических формулардың көмегімен  лирикалық туындыларда автор мен оқырман арасында Л.Я. Гинзбургтің сөзімен айтқанда,  «әп сәттік және ағаттықсыз байланыс орнайды»[780]. Ақын сезімі бір мезетте біздің сезімімізге де айналады. Автор мен оның оқырманы әлдебір тұтасқан, бөлінбес «бізді» түзеді. Лириканың ерекше аяулылығы да осыдан тұрады.
29. Эссеистиканың лирикамен үндестігін және жетекші салаға айналуын баяндаңыз.
Эссе туралы айтылған ойлар мен тұжырымдар аз емес. Алайда оны әдебиет сынының жанрына жатқызуды жөн көрген Д.Ысқақұлының пікірінше: «Эссе – көркем жанр. Солай бола тұрса да оның сыншылық сипаты айқын. Эсседе ғылыми талдаулардан гөрі автордың өзіндік әсерлері, шығармашылық тәжірибелеріне негізделген ойлары басым, шағын көлемді, еркін құрылымды келіп, көркем әдеби стильде жазылады» [91, 231-б],-дейді. Ал, әдебиеттану терминологиялық сөздігінде эссеге сын жанры деп қана емес: «Эссе тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философиялық, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры...» [92, 378],- деп анықтама береді.
Байқауымызша, эссені жазушылар мен публицистер түрлі бағытта жазады. Біреулер объектінің көркем бейнесін жасау, ашу болса, енді біреулер тек ой – толғанысын жеткізе жазады. Ал тағы біреулері өз ой-толғамын жеткізе отырып, объектінің көркем бейнесін ашуды қатар жүргізеді. Демек, эссені жазу жазушының жазу стилі мен ойлау қабілетіне байланысты болады және эссеист жанрдың өзіне тән қасиеттерін жіті білуі қажет.
1993 жылғы 24 желтоқсандағы «Қазақ әдебиеті» газетінің бетінде «Шашырап түскен тіркестер» атты А.Сүлейменовтің эссесі жарық көрген. Оның өзіндік ойы мен терең толғанысы эссенің жанрлық деңгейін жоғалтпағандай. Соңғы кездері жарыққа шығып жүрген «Әдебиет айдыны» газеті де эссе жанрына көп орын беріліп жүрген басылымдардың бірі. Газеттің 2006 жылғы 23 ақпанындағы санында жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының «Менің пірім» атты эссесі басылды. Эссе жыр алыбы Жамбылға арналған. Автор өз өмірінен алған естеліктерді толғана отырып, Ж.Жабаевтың өміріне, отбасына шолу жасаған. Өзінің түсінде Ж.Жабаевтан алған батасын жақсыға жорып үлкен түйіндер жасайды: «Ғажайып ұлы адамдардың кие, пірі болады. Абылайхандікі – қызыл түлкі, Райымбек бабада – ақ түйе, Кемпірбай ақында – көкала үйрек. Ал, Жамбыл атамыздың киесі – қызыл шұбар жолбарыс».
Қазақ әдеби сынындағы эссе жанрына қалам тербеген атақты қаламгерлердің баспасөз беттеріне жазған эсселерін саралап айту оңай шаруа емес. Алайда, кейбіріне тоқталып кетуге болады. Мысалы, Ақселеу Сейдімбектің «Парасат» журналына шыққан «Ой толғағының» ауқымы кең, мәдени-тарихи өмірдің ең қызықты мәселелерін қозғай отырып, әдебиет, мәдениет, өнер туралы түрлі ойлар айтады. Б.Кенжебаев, Ғ.Мүсірепов, А.Сүлейменов, С.Әшімбаев, С.Шаймерденовтер эсселік мақалаларын жиі жарияланып тұрған. Эсседе көбінесе, автордың өзіндік ой-толғаныстары, әсерлері көрініс тауып, ғылыми талдау ысырыла береді. Қазақ басылымдары эссе жанрын оның жанрлық қасиеттерін сақтай отырып өз беттерінен түсірмей келеді. Басылымдардың тарихына көз жүгіртсек, тәуелсіздік алғанға дейін де, тәуелсіздік алғаннан кейін де эссе жанрына айрықша орын беріп келгенін байқау қиын емес.
Эссе туралы ғалым Д.Ысқақұлы: «Сонымен сын жанрларының ішіндегі эссе жанры - әдебиет жайлы не бір құнарлы ойлардың бір бұлағы, әдебиетіміз, қаламгерлеріміз хақында жүректі жарып шыққан ақжолтай пікірлерді оқырмандарға жан жылуымен, әсем әсерімен, бейнелі бояуымен сол күйінде жеткізудің бірден бір арнасы. Көркем әдебиет пен оның сынының арасында жүріп, екеуіне бірдей қызмет ететін өміршең жанр. Қазақ эссеистикасы әлі жас. Оның болашағы алда. Қазақ әдебиеті мен сынында эссенің эссеистикасы аталатын үлкен өркенді салаға айналатындығына сеніміміз мол» [91, 237-б], деген пікір айтады.
Қазақ баспасөзіндегі ерекше жанрларының бірі ретінде атап кеткен эссе жанры да өз ішіндегі портреттік-эссе деп аталатын түріне «Қазақ әдебиеті» газетінің 1991 жылғы 12 желтоқсанындағы санында «Академик Қозыбаев» атты портреттік-эссе жарық көрді. Бұл эссе М.Қозыбаевтың 60 жылдық мерейтойына арналған. Авторы - сол кездегі КСРО Журналистер одағының мүшесі Мұхтар Құл-Мұхаммед. Материал портреттік-эссе болғандықтан мұндағы ой мен мақсат бір ғана адамның өмірі мен 60 жасқа дейінгі жасаған ерліктерін көрсету екені белгілі. Жоғарыда айтылғандай, эссені жазу жазушының стилі мен ойлау қабілетіне байланысты. Эсседе автордың өзіндік көркем ойлары айқын аңғарылады. Бұл эссенің басы өзінің көркемдік тұрғыдағы мынадай сөйлеммен ашылады: «Қазақ халқының тарихына, ең қайғылы, қаралы кезең болып енген, Атыраудан Алтайға дейінгі ұлан-байтақ өлкені бұрын-соңды болмаған аштық жайлаған сол бір зұлматқа толы жылдың қарашасында Қозыбай ақсақалдың ортаншы ұлы Қабаштың шаңырағында сәби дүниеге келді». Портреттік-эссенің жазылу стилі қарапайым көрінгенмен, академиктің өмірлік портретін ашу, жетістігін жеткізуде мақала авторының бар шеберлігін салғаны көрінеді. Жалпы, осы аталған эссе көбінесе жазылу түріне қарай сын жанрларының шығармашылық портрет түріне көбірек келеді. Себебі, шығармашылық портрет, зерттеушілеріміздің пікірінше «жазушы туралы құжатты очерк» [93, 895-б] ,-деп аталған болатын. Бұл жанрдың ерекшелігі – негізгі объект тұлға және кез-келген жайды сөз еткенде автордың қатысынсыз жүзеге аспайды. Сондықтан, эссе жанры шығармашылық портретке, әдеби портретке де жанасады.
Телеэссе. Эссе французша «essai» сөзі «тәжірибе» деген мағына береді екен. Бұл философиялық, әдеби-сыни, эстетикалық публицистика авторының жеке көзқарасын еркін кейде, парадоксалды, ауызекі сөйлеуге бағытталып берілуін қамтитын жанр. Жанрдың негізін қалаушы ХҮІ ғасырда өзінің әйгілі «Тәжірибелер» атты кітабын жазған француз философы, гуманисі Мишель Монтень саналады. Орыс әдебиетінде эссеистиканың тамаша үлгілерін Ф.М.Достоевскийдің «Жазушының күнделігі» атты шығармасынан табамыз.
Ресей журналистикасында эссе жанрының пионері болып «Көрермен» («Зритель») журналы саналады. Ол ХҮШ ғасырда авторлардың басынан кешкен түрлі оқиғаларды, жеке хаттарды жариялауға кірісті. Бастапқыда эссе жанрында тақырыптық шектеулер болмаған. Эссе ауыл шаруашылығы, театр қойылымда-рының тұсаукесерлері, саясатты, мәдениет пен әдебиетті қамтыды. Алайда, біздің ғасырымыздың басында эссе жанрында тек әдебиет және өнерге қатысты тақырыптар жазыла бастады, эссе кейінен өзіндік рецензия өлеңдер немесе пьесса, вернисаж, не фильм пішініне айналды.
Теледидардың пайда болып, дамуымен эссе жаңа сипатқа ие болды. Теледидар коммуникациясының тұлғалық, лирикалық сипаты эссе жанрындағы көркем публицистикалық хабарлама дайындауға бейім. Бұл жанр құрылымы автормен, тұлғамен тікелей қарым-қатынасты талап етеді. Эссе терең тұлғаландырылған журналистика жанры.
Алайда, теледидардағы эссе жолында үлкен бір кедергі бар. Бұл жанрдағы туындылар аудиторияға, яғни көрермендерге тек авторы атақты, шеберлігімен көрермендерге танымал және олардың құрметіне бөленген жағдайда ғана қабылданады. Орыс телеэссеис-тикасының шебері И. Андроников – актер, жазушы, ғалым теледидарда бірнеше телеэссенің классикалық үлгісін жасауымен тарихта қалды. Оның «Үлкен зал жайлы естеліктер», «Невский проспект» және тағы басқа эсселері рессейлік телехабарламалардың алтын қорына енді. Бұл жерде Г.Шергованың «Дошкова жайлы аңыз бен ақиқат» және «Дәл сол Таня ма?», А.Габриловичтің «Біздің балалықтың футболы», «Біздің балалықтың циркі», «Біздің балалықтың киносы» эсселерін атап өтуге болады.
Эссе жанры авторларға үлкен тақырыптық, мағыналық, пішіндік, көркемдік, бейнелік, сонымен қатар, теледидардың табиғи талаптарына сай келетін мүмкіндіктер береді. Бүгінгі теледидар тәжірбиесі жанрдың барлығы емес эссеистиканың – өзіндік стилі, мәнері, тілдік ерекшеліктері жайлы сөз қозғауға мүмкіндік береді.
30. З.Ахметовтің, Б.Кәрібаеваның еңбектеріндегі лирика мәселелерін баяндаңыз.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың және ҚР ҰҒА Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер Зәки Ахметұлы Ахметов артына мол ғылыми мұра қалдырды. Ол қазақ әдебиеттану ғылымының әдебиеттік теория, қазақ әдебиетінің тарихы салаларында жарты ғасырдан аса еңбек етіп, ұлттық әдебиетімізді ғылыми тұрғыдан игеруге тарихи үлес қосты. Оның қаламынан шыққан іргелі еңбектер қазақ әдебиеттану ғылымының деңгейін биіктете түсті; ғалымның есімін шет елдерге де танымал етті.
З.Ахметовті ғалым ретінде танытқан – оның алғашқы кітабы «Абай мен Лермонтов». Еңбекте қазақ-орыс әдеби байланыстары Абайдың Лермонтовтан жасаған аудармалары негізінде нақтылы әңгімеленеді.Қазақтың ұлы ақыны Абай орыс ақындары ішінде неге Лермонтовтан көбірек аударды, олардың көркемдік сапасы қандай, тәржімалағанда қандай тәсілдерді қолданған деген сияқты сауалдарға нақтылы жауаптар ізделінген. Бұған дейін де Абайдың аудармалары сөз болғанда көбіне жалпылама түрде келсе, Зәкидің өзгешелігі сол – ғылыми тұрғыдан нақтылы талдайды. Абай аудармаларының түпнұсқаға, тәржіма талаптарына сай келуі көркемдік, әлеуметтік қажеттілік тұрғысынан қарастырылады. Абайдың Лермонтовқа кездейсоқ келмегеніне, қоғамда шешімін күтіп тұрған әлеуметтік мәселелерге, оған деген екі ақын көзқарастарының ұқсастығына назар аударады.
Абай тақырыбы З.Ахметовтің «Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуы мен дәстүрлері» (1978, орыс тілінде) атты еңбегінде де жалғасын тапты. Бұрын Абайдың Лермонтовтан жасаған аудармаларын зерттеген болса, енді бұл мәселе кеңінен алынып, Абай және оның ақындық дәстүрі, әдеби байланыстары ауқымында қарастырылды.
Қазақ поэзиясының ұлы классигі Абайдың поэзиясы З.Ахметовтің ғылыми шығармашылығының алтын діңгегіне айналды. Ғылыми ізденістер нәтижесінде «Абайдың ақындық әлемі» атты іргелі зерттеуі өмірге келді. «Абайдың ақындық әлемі» Зәкидің осы саладағы ұзақ жылдар бойы жүргізген зерттеулерінің жиынтығы, қорытындысы іспеттес.
Абай туралы зерттеулердің көпшілігі бұрын ақынның өмірбаяндық деректерін толықтыру, өлеңдерін махаббат, табиғат, әлеуметтік тақырыптарға жіктеп, оларда айтылған идеялар көркемдік тұрғыдан қалайша көрініс тапты деген аяда көрінсе, «Абайдың ақындық әлемінде» мәселеге тереңдей түскен.  
  Автордың анықтауынша, Абай – ұлы ақын. Ал «Ұлы ақын, әрбір сирек кездесетін өнерпаздық тұлғасы – қашан да ғажайып құбылыс ...»
Ғалым Абайдың шығармашылығын талдай отырып, тың да тиянақты пікірлер толғай білген. Мысалы, біз әдетте лириканы ақынның қоршаған ортаға деген көзқарасы деп түсінеміз. Ал Зәкеңді тыңдайық: «Лириканы түсіну – пайымдауындағы үлкен және жиі кездесетін қателік – ақын өз атынан айтқанның бәрін тек өзі туралы, өз басы жайында айтып отыр деп қарау, ол болғанды ғана емес, болатынды да, өзіне ғана емес, өзгеге де тән көңіл күйін сезіне, айта алатынын ескермеушілік. ...ақын өз жайын, өз басының мұңын, өзінің арманын, қуаныш сезімін жыр етсе де, ол қалайда халықтың тағдырын, қайғы-мұңын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын көрсетеді».
Абайдың қазақ өлеңіне ұлы жаңалықтар әкелгені айтылып жүр. З.Ахметов «Абай қазақ поэзиясының ырғақтық-интонациялық байлығын молынан пайдалана біліп, өлең өрнектерін дамытып, байытуға зор үлес қосты. Ол жаңа өлшем, ұйқас түрлерін орнықтыруда қандай асқан өнерпаздық көрсетсе, бұрыннан белгілі, көп тараған өлшем-өрнектерді керек жерінде қырнап-өңдеп, түрлендіріп қолдану жағынан да соншалық зор өнегелі іс атқарды» – деп, бағалайды.
Еңбекте Абайдың өлеңдерін талдай отырып, ақын өлеңдеріндегі буын, бунақ, тармақ, ұйқас, ырғақ, шумақ жақтарынан жаңалықтарын анықтайды. Ақын жасаған өлең өрнектерінің ішінде «Сегіз аяқ» өлеңін аса жоғары бағалайды. Абайдың қазақ өлеңіне жасаған реформасын, ақындық дәстүрін кейінгі алашшыл ақындардың жалғастырып алып кеткендігін айтады.
ХІХ ғасырда жасаған ұлы ақын – Абай поэзиясында көтерілген қазақ өмірінің өзекті мәселелері күні бүгінге дейін өзінің зәрулігін жойған жоқ, сұлу сөздерден сомдаған өлеңдері қазіргі қазақ оқырманын да тамсандырумен келеді, сондықтан да ақын мұрасы бүгінгі заманның жаңа ұрпақтары үшін де қажет екендігіне назар аударады.
З.Ахметов қазақ әдебиеттанушылары арасында әдебиеттің теоретигі ретінде танымал болды. Ал әдебиет теориясының әдебиеттану ғылымының аса қиын саласы екендігі белгілі. Жалпы қазақ әдебиетінің түрлі мәселелерін зерттеп жүрген ғалымдар – баршылық, ал оның теориялық жақтарына зер салушылар некен – саяқ. З.Ахметов – осы бір көп ізденумен бірге жан-жақты білімдарлықты та қажет ететін әдебиеттің теориясы саласында өнімді еңбек етіп, ұлттық әдебиетімізді теориялық жағынан зерделеуге септігін тигізген, теориялық жағынан да, практикалық жағынан да маңызы зор, аса құнды еңбектер жазған ұлттық әдебиеттануымыздағы бірегей ғалым.
Әр кездерде әдебиеттің кейбір қисынды мәселелеріне арналған ғылыми жинақтар шығып тұрғанымен де нақтылы бір ғылыми проблеманы теориялық тұрғыдан тереңдете зерттеген еңбектер жоқтың қасы болатын. З.Ахметовтің «Қазақ өлеңінің құрылысы» («Казахское стихосложение», А., 1964) осы саладағы, оның ішінде қазақтың дәстүрлі әдебиеті поэзияның теориялық жақтарын ұңғыл-шұңғылына дейін ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеген алғашқы ғылыми еңбек болуымен де аса құнды.
Көлемі 460 беттей ауқымды еңбек «Қазақ поэзиясының өлең құрылысы» («Строй стиха в казахской поэзии»), «Қазақ поэзиясындағы әнге арналған өлең формалары» («Песенно-стихотворные формы народной поэзии»), «Қазақ өлең құрылысын дамытудағы Абайдың ролі» («Роль Абая в развитии казахского стихосложения»), «Қазіргі өлең және өлең құрылысындағы жаңашылдық проблемалары» («Современный стих и проблемы новаторства в стихосложении») атты әрқайсысы жеке-жеке зерттеулердей қалыпқа түскен төрт тараудан тұрады. Монографияның басты мақсаты – әлемдік түркологияның, қазақ әдебиеттануының жетістіктеріне сүйене отырып, қазақ өлеңінің біртұтас теориясын жасап шығару. Автор бұл аса қиын да күрделі міндеттің үдесінен үлкен абыроймен шыға алған.
Монографияда өлең құрылысы негізінен қазақ поэзиясының мысалдарында зерттелінеді. Қазақ өлеңі даму үстіндегі дәстүр мен жаңашылдық аясында есте жоқ ескі замандардан, VІ-VІІІ ғасырлардағы Күлтегін, Білге қаған жазбаларынан бастап, зерттеу нысанына айналған. Жиренше шешеннің, Сыпыра жыраудың, Асан-қайғының, Қорқыттың, Жанақтың, Бұқар жыраудың, Махамбеттің, т.б. қазақ поэзиясындағы өзіндік өлеңдік ерекшеліктеріне тоқталады. Ақын, жырау, жыршы, өлеңші атауларын анықтап, жыр, қара өлең, қайым, толғау, терме, жоқтау, тақпақ, тойбастар, беташар, жар-жар, естірту, көңіл айту сияқты ауыз әдебиетіндегі өлең түрлерінің өзіндік ерекшеліктеріне үңіледі. Әсіресе сөз мәйегі мақал-мәтелдерге, қанатты сөздерге назар аударыңқырайды. Ғасырларға созылған халық шығармашылығының барысында барынша шарықтай дамыған қазақтың халық поэзиясы шырқау шыңға шықты. Жазба әдебиетінің дами бастауымен бірге өлең құрылысында да елеулі өзгерістер туа бастады. Бұрынғы жеті-сегіз буынды жыр мен он бір-он екі буынды қара өлең үлгісімен қатар жаңа өлшемдер көрінді. Қазақ өлеңінің дамуында түбірлі өзгерістер жасап, биік белестерге шығарған Абай болды.
З.Ахметов зерттеуінің басты ерекшелігі сол, өзінің осы еңбегінде ұлы Абайдың өлең өрнектерін алғаш рет өлең құрылысы қисыны тұрғысынан жан-жақты талдап, осы салада қазақ поэзиясына әкелген жойқын жаңалықтарын жарқырата жайып салды. Еңбекте ұлы ойлардың шебер қиылысқан өлең құрылысымен ғана айтуға болатындығын, ақынның қазақ өлеңіне реформа жасап, дәстүрлі қазақ поэзиясын жаңашылдық жаңа жолға салғанын, Абай дәстүрін кейінгі қазақ ақындары жаңашылдықпен жалғастырып әкеткенін ғылыми тұрғыда нақтылы мысалдармен талдап, түсіндіруі аса құнды.
З.Ахметовтің осы саладағы елеулі еңбектерінің бірі – «Өлең сөздің теориясы» (А., 1973). Еңбек «Тіл кестесі», «Өлең өрнегі» атты екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімді «Өлең сөздің бейнелеу құралдары», «Халық поэзиясының тілі», «Абайдың тіл ұстарту өнегесі», «Поэзия тілінің біздің дәуірімізде өркендеуі» тараулары құрайды. Автор алдымен, өмір шындығы мен поэзиядағы көркем шындықтың ара жігін ашып алады. Өнер ұлттық сыпатта болады. Поэзия да сөз өнеріне жататындықтан халықтың ғасырлар бойғы дамуы барысында қалыптасқан тұрмыстық, дүниетанымдық ерекшеліктер оған әсер етпей қоймайды. Автордың қазақ поэзиясының ұлттық сипатын орыс әдебиетінің мысалдарымен салыстыра отырып әңгімелеуі өте сәтті шыққан («мысалы, ақ көңіл, ақ жүрек дегендер орысша белая душа, белое сердце емес. Ал черные мысли қазақша қара ой емес, арам ой дегенге келеді»).
Еңбекте бейнелі сөз ретінде теңеу, эпитет, метафора, метонимия, аллегория, символ, гипербола, литота, кейіптеу сияқты ажарлау құралдарының қазақ поэзиясындағы көріністеріне талдаулар жасайды. Халық поэзиясының інжу-маржандарындағы бейнелі сөздердің классикалық үлгілеріне оқырман назарын аударады. Ақын-жыраулар ішінде әсіресе Абайдың тіл өрнегіне, сөз өнеріне қосқан жаңалықтарына поэтикалық тілді дамытудағы тарихи роліне, ақындық дәстүріне жан-жақты талдаулар жасайды.
Ғалымның соңғы еңбегі – «Поэзия шыңы – даналық» (Астана: Фолиант, 2002, 408 бет). Бұл еңбек З.Ахметовтің жарты ғасырдан астамғы ғылыми ізденістерінің қорытындысы, нүктесі іспеттес. Кітаптың тарау аттарының өзі – «Поэзиядағы сөз бейнелілігі», «Өлең құрылысы, өлшем өрнектер», «Абайдың ақындық тұлғасы» – ғалымның өмірлік зерттеулерінің басты бағыттарын да аңғартады.
Ғалымның зерттеу нысаны – бүкіл қазақ поэзиясы, оның әсемдік әлемі. Ұзақ жылдар бойғы ізденістердің сығымдалған сығындысы, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспеттес монографияда жалпы сөз өнері, оның ішінде поэзия, оның аса көрнекті өкілдері, поэтика, бейнелеу құралдары жөнінде қазақ өлеңінің материалдарына сүйене отырып айтылған құнарлы ойлар баршылық.
Жинақтай айтқанда, З.Ахметовтің «Поэзия шыңы – даналық» атты кітабы – қазақ поэзиясын тұтастай тарихи даму үстінде, дәстүрдің жаңашылдыққа ұласуы тұрғысында қарастырып, оның көркемдік ерекшеліктеріне теориялық тұрғыдан жан-жақты талдаулар жасаған, ғасырлар бойғы даму барысында шырқау шыңға шыққан қазақ өлеңінің ұлттық болмысын танытқан, жалпы сөз өнері жайлы қызғылықты байқаулар, пайымдаулар жасай алған құнды еңбек.
Бақыт Кәрібаева (2.11.1943 жылы туған, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы) – ақын, филолология ғылымының докторы (1994), профессор (1994). ҚазМУ-ды (1965, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1973) бітірген.
(1965-66) Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ынталы орта мектебінде мұғалім,
(1967–70) Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында кітапханашы, (қазіргі Қарағанды мемлекеттік университеті), аға оқытушы, доцент,
(1975) профессор қызметтерін атқарды.
Кәрібаева бірнеше ғылыми-зерттеулер мен кітаптардың («Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы», Астана, 1988; «Қара өлең мен лирика», Астана, 2001; «Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары», Астана, 2001)
Бақыт Кәрібаеваның әдеби танымын тарқата түсудің мәні зор. Оның соңғы 10-15 жыл ішінде жазған мақалалары әсіресе, методологиялық тұрғыда қазіргі қаламгерлерге тың тыныс беретіні сөзсіз. Сондықтан бұл жаңа әдебиеттану ілімі тұрғысынан қарастырсақ білім саласында оқытудың кешенді жобасын – жаңа тұрпатты оқулық үлгісін жасауды меңзейді. Өйткені ғалымның таза теория ғана емес, ғылым саласымен шұғылданған еңбектері бір төбе. Бақыт Кәрібаеваның зерттеулерін (7 монография, 300 үстіндегі ғылыми-сыни мақалаларын талдап шығуы мүмкін емес), халыққа танымал мерзімдік баспасөзге жариялаған – өз аудиториясын тапқан «жаңа мазмұн», жаңа танымды еңбектерін қарастырсақ та жаңаша білім берудің тұғырнамасы бой көрсетеді. Бұл қазақ әдебиеттануының игілігі – бүгінгі өзекжарды мәселесі екеніне көз жетеді. Алайда оның соңғы 10-12 жылда кітаптары шықпай жүр. Осыған тиісті орындардан қолдау көрсетулерін қалар едік.Жалпы, мемлекеттік бағдарламадағы модернизациялау процесін әдебиет оқулығына енгізудің бізде нақты концепциясы бар ма? Мамандарымыздың ол жайлы ой-толғамдарын мерзімді басылым немесе ағымдық ақпараттан естіп-көрдік пе? Бақыт Кәрібаева бұл мәселеге ұлттық құндылықтарымызды қазақтың жазба өнері – тілдік жетістігі негізінде қарастырып, ғылыми-классикалық үлгіні негіз етеді. Ғалым концепциясы бойынша абайтану-әуезовтану ілімдерін қазақ әдебиетіне мәйек ету арқылы ұлттық әдебиетті еуропалық үрдіспен жарасымды жарыстыруға болады екен. Бұл методологиялық мәселені де ғалым ертерек қолға алып, бүгінгі уақыт талабына сай қарастырған «Абай – біздің замандасымыз» («Орталық Қазақстан», 10.07.1985 ж.), «Абайтанудың халықтық маңызы» («Орталық Қазақстан», 28.07.1994 ж.), «Абай реализмі» («Шипагер», 16.03.1995 ж.), «Абайтанудағы ақтаңдақтар» («Жұлдыз», №10, 11 1996 ж.), «Әуезовтану ілімінің маңыздылығы» («Ана тілі», 03.12.1998 ж.), т.б. абайтанудың мәселелерін ғылыми конференцияда жасалған баяндамалары, жоғары мектеп ғылыми жинақтарына жариялаған мақалаларын тұтастырсақ қазіргі кезеңдік абайтану концепциясы бой түзейді. Ал «Әуезов – әлемдік тұлға» («Қазақ әдебиеті», 15.10.2000 ж.) аты айтып тұрғандай, Әуезов әлемдік классика контекстінде қарастырылады. Бұл – іргелі ілімді ғана емес, тұтас қазақ әдебиетін қазіргі кезеңге сай әлемдік әдебиет-мәдениетке, оның ішінде «Еуразиялық мәдениет» айналымына түсіре, тануға талпыныс жасағанының айғағы емес пе?Сол секілді, «Советтік әдебиет» кезеңіндегі ұлттық құндылықтарымызды да електен өткізіп, жаңа метод-методологияда тексеріп, бүгінгі талапқа сай зерттейді. Яғни, ақтандақтар орнын жаңа сапамен толтырып-толықтырады. Мәселен, кеңес әдебиетінің көшбасшысы саналған Сәкен Сейфуллин жаңа қырынан танылып, тасада қалған – өреміз жетпеген, замана айтқызбаған шынайы тарихи келбеті, ұрпаққа қажетті адами құндылықтары іріктеліп, тарихи-шығармашылық моделі жасалады («Сәкентанудың бүгінгі үрдісі», «Орталық Қазақстан», 28.09.2004), («Сәкен сабақтары», «Қазақ әдебиеті», 05.05.2011 ж.). Осы үлгіде қазақ совет әдебиетінің классиктері саналған Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин өмірі мен шығармашылығы туралы «Толағай тұлға («Қазақ әдебиеті», 2002 ж), «Көркемдік құдіреті» – Ғабит Мүсірепов хақында («Қазақ әдебиеті», 08.11.2002 ж.), «Алыптар тобының ақ алмасы» – Ғабиден Мұстафин хақында («Орталық Қазақстан», 04.12.2002 ж.) мақалалары жазылған. Бұл мақалалар негізінен екі классиктің талғам-танымы, тіл ерекшелігін ғылыми түсіндіреді, қауымға насихаттайды. Бұл қатардағы ғалымның еңбектері тізімін ұзарта беруге болады.«Қасым мен Мұқағали» («Қазақ әдебиеті», 04.12.1998 ж.), қазақ прозасының қаймақтары Тәкен Әлімқұлов, Сайын Мұратбеков турасындағы зерттеулері мен мақалалары да модернизациялау кезеңіне дөп келетін дүниелер. «Стиль сыры» («Жұлдыз», 1991, №5), «Лиризм мәселесі» («Орталық Қазақстан», 02.01.1991 ж.), «Эстетикалық құндылық және профессионализм мәселесі» («Орталық Қазақстан», 18.05.1991 ж.), «Көркемдік құндылық» – Тәкен Әлімқұлов шеберлігі хақында («Жұлдыз», 1992, №5), «Тәкен Әлімқұлов шеберлігі» (ХVІ ғылыми-практикалық конференция тезисі. ҚарМУ 1991 ж.) секілді мақалалардың мәні де осындай.Арыстар ақталып, әдебиет көкжиегі кеңейген тұста халқымыздың әдебиет-өнер жұлдыздарын өз кеңістігінде танып-білуге ғалым тағы да қажыр-қайратын аямай жұмсап, тер төкті. Бұқар жырау, Біржан сал, Ақан серілер, Мағжан, Қасым, Төлеген Айбергенов, Жұмекен Нәжімеденов, Мұқағали Мақатаев, Нұрлан Мәукенұлы тәрізді қазақ поэзиясының біртуарлары тілдік-стильдік-өнерлік сипатта зерттеліп, қазақ әдебиеттануын еуропалық танымға таныстыра-табыстыра білді. «Бұқар поэтикасы» («Халық конгресі», 28.12.1993), «Қара өлең және лирика» (Алтынсарин атындағы Білім академиясы: 2001 ж. 10 баспа табақ), «Бетіме түнгі судың әжімін бер» («Простор», 1992 ж. №1), «Қазақ лирикасының бастаулары» («Простор», 1993, №3), «Живой Жумекен» («Простор», 2011, №11), «Алтайдан ұшқан ақ сұңкар» (Нұрлан Мәукенұлы поэтикасы. «Жас қазақ үні», 27.12.2010 ж.), «Лирика және Төлеген Айбергенов» (Ғылыми-практикалық конференция материалдары, ҚарҰУ 1988 ж.), «Лирикалық шығарманы оқытудың методикалық нұсқауы» (Қарағанды: ҚарМУ, 1988 ж.), «Қазіргі қазақ лирикасының атасы» – Мағжан Жұмабаев хақында («Орталық Қазақстан», 27.10.1989 ж.), «Мағжан Жұмабаев – лирик» (ҚарМУ: 1992 ж. – ғылыми конференция баяндама тезисі), «Қазіргі қазақ лирикасы: жанр-стиль мәселесі» оқу құралы (Қарағанды: ҚарМУ, 8.5 баспа табақ), «Қазақ лирикасының қайнары» («Қазақ әдебиеті», 07.05.1993 ж.) мақалалары осыған дәлел.Осы еңбектерді қазіргі қазақ әдебиетінің даяр тұрған «оқулығы емес еді» деп кім айта алады?! Онымен танысқан бөгде жұрт өкілі де: «Қазақ әдебиеті сорлы әдебиет екен» дей қояр ма екен? Ал бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектептерімізден бастап арнаулы, жоғары мектеп түлектеріне дейін осы жаңа «мазмұнға» сусап отыр емес пе! Жалпы мұндай еңбекті шетқақпай етудің, елеусіз, ескерусіз қалдырудың зардабы қандай болатынын өмірдің өзі көрсетіп келеді емес пе. Аламан бәйгеге алдымен еліміздің рухы таңбаланған әдебиетті қоспайынша тәуелсіз елдің белі бекем, іргесі берік бола алмайды. Ендеше, Бақыт Кәрібаеваның «Ақыл-ойды тұмшалау – өркениет алдында ауыр күнә, тіпті қылмыс» («Ана тілі», 04.12.2008 ж.) деп уәж айтуы орынды. Бұл – қазақ әдебиетінің тағдырына қабырғасы қайысып айтқан сөзі. Оған біз «Голгофа казахского профессора» («Деловая неделя», 20.03.2009 ж.), «Интеллектуалды ұлт жайлы толғаныс» («Қазақ әдебиеті», 04.02.2011 ж.), «Бізге Гоголь заманы енді келді» («Айқын», 28.07.2011) мақалаларын оқып, көз жеткіздік.Біз оның ғылыми шығармашылығында құнын жоймаған, сандық түбінде сары майдай сақтаулы жатқан еңбектерін бүгіннің сүзгісінен өткізіп отырмыз. Оның инновациялық іргелі зерттеулерге арналған жобасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған жабық конкурста жеңіске жеткен; №730 контракт бойынша жүргізген зерттеулері – басқа әңгіме арқауы. 2009-2011 жж. арналған екі жобаны бұл жолы Білім және ғылым министрлігіне Абай атындағы ҚазҰПУ ұсынған еді. Бірі – жаңа сапалы оқулыққа, екіншісі – қазақ әдебиетінің методологиялық мәселелеріне арналған.
31. Жанр әдеби дәстүрдің белгісі екенін пайымдаңыз.
Әдеби жанрлар, «жанр» дегеніміз – бұл әдеби тектің аясында бөлініп шығатын туындылар тобы. Олардың әрқайсы белгілі бір кешенді тұрақты қасиеттерге ие болып келеді. көптеген әдеби жанрлардың бастау көзі мен тамыр тегі фольклорда жатыр. Жаңадан туындаған өздік әдеби тәжірибеде жанрлар өзіндік бастаушылар мен жалғастырушылар іс-әрекетінің жиынтығының жемісі болып табылады. Осылайша, мысалға, романтизм дәуірінде лиро-эпикалық поэма қалдыптасты. Оның қалыптасып, кең қанат жаюына Дж. Байрон, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтовтар қана емес, олардың беделді және аса ықпалды замандастары да жетекші рөл атқарды. Осы жанрды зерттеген В.М. Жирмунскийдің айтуынша, үлкен ақындардан «шығармашылықтың тынысы туындап», кейін басқалар тарапынан екінші қатардағы дүниеге ұласатын әдеби дәстүр қалыптасып: «Ұлы туындылардың индивидуалды нышан-белгілері жанрлық нышан-белгіге айналады»[787]. Жанрлар көріп отырғанымыздай индивидуалдықтан үстем түседі. Оларды мәдени-тарихи индивидуалдық деп атауға да болады.
Жанрлар (әдебиет тектеріне қарағанда) жүйелеу мен жіктеуге табандылықпен қарсылық жсап, асқан қиындықпен көндігеді. Бұның бәрі алдымен, олардың өте көптігімен байланысты: әр көркем мәдениеттің жанры төлтума болып келеді (Шығыс елдері әдебиетіндегі хокку, танка, ғазал). Оның үстіне жанрлар түрлі тарихи көлемге ие болып келеді. Біреулері сөз өнерінің бүткіл тарихы бойында тіршілк кешсе, (мысалға, Эзоптан С.В. Михалковқа дейін мәңгілкке өз өміршеңдігін танытып отырған мысал); басқалары болса, белгіл бір дәуірлерге ғана тән (мысалға, орта ғасырылық еуропа әдебиеті құрамындағы литургиялық драма тап осындай). Басқаша айтар болсақ, жанрлар не әмбебап, не тарихи локалды болып табылады.
Мәселенің шиеленісе түсуі мынадан: бір сөзбен кейбірде бір-бірнен арасыжермен көктей айырмашылықтағы жанрлық құбылыстар таңбаланады. Осылайша, ежелгі гректер древними греками элегия деп флейтаның сүйемелдеуімен орындалатын қатаң өлең өлшемімен жазылған элегиялық дистихты (сочетание гекзаметрдің пентаметрмен үйлесуін)  ұғынды. Бұл элегияға (негізін салушы  б.з.д.VII ғ. Каллин ақын) тақырып пен мотивтердің (әәскери қаһармандықты дәріптеушілік, философиялық ой-толғау, махаббат, тәлімгерліктың) өте ауқымдылығы тән болып келді. Кейінрек (римдік ақындар Катулла, Проперция, Овидия) элегия ең алдымен махаббат тақырыбына баса назар аударған  жанрға айналды. Ал, Жаңа уақытта (негізінен XVIII ғ. екінші жартысы мен XIX ғ. басында) элегиялық жанр благодаря Т. Грей мен ВА Жуковскийдің арқасында қайғы мен зар, өкініш пен меланхолия арқылы анықталатын болды. Сонымен қатар, бұл кезде түп төркіні антикаға кететін элегиялық  дәстүр де өз өмір сүруін жалғастырды. Осылайша, И.В. Гетенің  элегиялық дистихпен жазылған «Римдік элегияларында» махаббат қуанышы, тән тояты, эпикурлік көңілділік шырқалды. К.Н. Батюшков пен жас Пушкинге ықпал еткен Парнидің элегиялары тап осындай ауанда. «Элегия» сөзі көріп тұрғанымыздай бірнеше жанрылық түзілімді таңбалайды. Ертеректегі дәуірлер мен мәдентеттердің элегиясы түрлі нышан-белгілерге ие. Осыған қарап, шын мәнісінде, элегия өздігінен дәуірден үстем төлтумалық деп айту еш мүмкін емес. Жалғыз ғана түзетуші анықтама элегии «жалпылай» алғанда «лирикалық поэзияның жанры» болып табылатындығы (осындай азғана нышандық бөлінушілікпен «Шағын әдеби энциклопедияның шектеліп қалғандығы негізсіз емес»).
Тап осындай сипатқа өзге де жанрлық таңбаланушылықтар да ие (поэма, роман, сатира және т.б.). Ю.Н. Тынянов «жанрдың өзідік нышан-белгілері өсіп-өрбиді» деп әділеттілікпен тұжырымдады.  Ол, оның ішінде: «…то, что называли ою в 20-е годы XIX ғасырдың 20-шы жылдары ода деп атағалғандар, немесе, ақыр соңында, Феттің ода дегенінің нышан-белгісі Ломоносовтың уағында мүлдем өзгеше еді» деп атап көрсетті[788].
Жанрлық белгілеушілір туындының түрлі қырын таңбалайды. Осылайша, «трагедия» сөзі драмалық туындының аталған тобының белгілі бір эмоционалды-мағыналық ауанға (пафосқа) жататын дәйектейді; «хикаят» сөзі әдебиеттің эпикалық тегіне жататын «орта» көлемді (романға қарағанда кіші, новелла мен әңгімеге қарағанда ірі) мәтін туралы сөз етеді; сонет ең алдымен, қатаң нақты бір көлемдегі (14 өлең) және арнайы ырғақтық жүйеге иелік етушілігімен сипатталатын  лирикалық жанр болып табылады; «ертегі» сөзі, біріншіден, әңгімеленуші, және де екіншіден, қиялға белсенділік пен фантастиканың араласып келуін көрсетеді. Және осылайша ары қарай жалғаса береді. Б.В. Томашевский бұрынғы «көп айырмашылықты» жанрлық нышан-белгілер «қандайда бір негіздеме бойынша жанрларды логикалық жақтан жіктеуге еш мүмкіншілік бермейді» байыптылықпен аңғарды[789]. Оның үсітне авторлар кйебірде өз туындыларының жанрын осы дағдылы сөз қолданысынан сәйкеспейтін қалыпта өз еріктерімен белгілейді. Осылайша, Н.В. Гоголь «Өлі жандарды» поэма; А.Т. Твардовский «Жол бойындағы үйді» «лирикалық хроника», «Василий Теркинді» –  «жауынгер туралы кітап» деп атады.
Жанрлардың эволюциялық процесі мен жанрлық таңбаланудың «әркелкілігі» жағдайында әдебиет теорияшысының бағдар ұстануы мүлдем оңай емес. Ю.В. Стенниктің ойынша, «қашанда жанрлық типологиялық жүйені орнықтыруда субъективизм мен кездейсоқтықтың қаупі сақталып қалады»[790]. Бұндай сақтандыруға құлақ ілмесе болмайды. Бірақ та біздің жүз жылдығымыздағы әдебиеттануда  «әдеби жанр» ұғымын нақты аспектіде, тарихи-әдеби (жеке жанрлық түзілімдерді зерттеуде), сонымен қатар өздік теориялық жақтан жобалауға әлдебір талпыныстар жасады. Жанрларды жүйелеу тәжіриебесіндегі дәуірден астамдық және бүкіл әлемдік аяда әрі отандық, әрі шет елдік әдебиеттануда қолға алынды.
ЖАНРЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН «МАЗМҰНДЫҚ ФОРМА» ҰҒЫМЫ
Жанрларға олардың ұйымдастырылуына, құрылыма, әдеби туындының формасына қатысты назар аудармай қарастыру еш мүмкін емес. Осы турасында формалдық мектептің теорияшылары табандылықпен сөз етті. Осылайша, Б.В. Томашевский жанрларды бір-бірімен ілігіскен, тұрақтылыққа ие, «туындау, міндет жағдаятына және туындыны қабылдау шарттылығына, ескі туындыларға еліктеуден соның негізінде туындайтын әдеби дәстүрге» байланысты болып келетін арнайы «топтастырылған амал-тәсілдер» деп атады. Ғалым жанрдың нышан-белгілерін туындыда басымдыққа ие және оның ұйымдастырылуын айқындаушы деп сипаттады.
Формалды мектептің дәстүріне мұрагерлік ете отыра, сонымен бірге оның кейбір ережелерін қайта қарастырған ғалымдар жанрлардың мағыналық жағына жіті назар аударып, олардың «жанрлық мәнділік» және «жанрлық мазмұн» терминдерін кәдеге жаратты. Бұл жерде біріншілік тізгіні жанрлық форма туындының тақырыпнамасы және оның авторларының өміртанымдық нышан-белгісімен жіпсіз байланыста болып келеді деген М.М. Бахтиннің еншісінде: «Жанрларда <…> оның ғасырлар бойғы өмірінде танып-білу формасы жинақталып, әрі әлемінің белгілі бір жағы пайымдалады»[793]. Жанр мәнді конструкция құрайды: «Сөз зергері шындық болмысты жанрдың көзімен көруге үйренуге тиіс». Және де тағыда: «Әрбір жанр <…> дегеніміз болмыстың әрі күрделі амал-тәсілдерінің жүйесі, әрі оны түсіне игерудің жолдары»[794]. Бахтин туындының жанрлық қасиеті бөліп-жарылмайтын бірлікті құрайтынын атап көрсете отырып, сонымен бірге, жанрдың формалдық (құрылымдық) және өзіндік  мазмұндық аспектісін шектеді. Ол туындының құрылымын сипаттайтын әбден қалыптасқан антикалық жанрлық аталымдар эпопея, трагедия, идиллияларды сипаттай келе, кейінен олардың Жаңа уақытта қолданылуы «жанрлық мәнділікті таңблаушы ретінде кәдеге асырылады» атап көрсетті[795].
Бахтин еңбектеріндегі жанрлық мәнділіктің көрініс беруі тікелей сөз етілмейді, дегенмен, жалпы жиынтығында,  роман туралы (бұл жайында кейінректеу сөз болады)  оның айтқан адам игерген көркемдік принциптері, оның қоршаған ортамен байланысы жайындағы пікірлері айқын бола түседі. Осы бір XIX ғ. Гегель қарастырған жанрлардың эпопея, сатира және комедия, сондай-ақ,  романның терең аспектілері сипатамасындағы «субстанциалды» және «субъективті» (индивидуалды, бұлыңғыр) ұғымдар еліктіреді. Жанры бұл арада белгілі бір «әлемінің жалпы ахуалын» және конфликтілерін («коллизияларын») пайымдаумен байланысты болып келеді. А.Н. Веселовский осыған жуықтау қалыпта жанрларды тұлғалар мени қоғамның өзара әрекеттестік кезеңдеріне жатқызды[796].
Осы бағытта (біздің көзқарасымызша Гегельге қарағанда Веселовскийге жуықтау)- Г.Н. Поспеловтің әдеби жанрлар концепциясында 1940-шы жылдары жанрлық құбылыстарды жүйелеудің айырықша тәжірибесін қолданды. Ол жанрлық формаларды «сыртқы» («тұйықталған композиция-стилистикалық тұтастық») және «ішкі» («образдық ойлау» мен «характерлерді танымдық тәпсірлеудің» «арнайы жанрлық мазмұндық» принципімен) шектеді. Сыртқы (композиция-стилистикалық) жанрлық форманы  мазмұндық бейтараптық (оның үстіне поспеловтік жанрлар концепциясы бірнеше мәрте біржақты, әрі  уязвима деп атап көрестілді) ретінде бағалаған ғалым жанрлардың ішкі жағына көңіл аударды[797]. Ол үш дәуірден үстем жанрлық топтарды бөліп көрсетіп және сипаттап, соның негізінде оларды адам мен қоғамның, кең мәнісінде әлеуметтік ортаның  көркемдік ойы жететін қарым қатынас типінің әлеуметтік принципі бойынша шектеушіліктің негізін салды. «Егер ұлттық-тарихи жанрлық мазмұндағы туынды (эпопея, былин, одалар. — В.Х.), ұлттық қоғамның қалыптасу аспектісінде өмірді таныса, егер туынды жеке қарым-қатынастағы жекелеген характерлердің қалыптасуын романитикалықпен пайымдаса, онда туындының «этологиялық» жанрлық мазмұны ұлттық қоғамның немесе оның әлдебір бөлігі жағдайындаашылады» деп жазды Г.Н. Поспелов[798]. (Этологиялық немесе тәлімдік жанрлар дегеніміз – бұл  А.Н. Радищевтің «Петербургтан Мәскеуге саяхаты», Н.А. Некрасовтың «Русьте кім жақсы тұрадысы», ал, сондай-ақ, сатира, идиллия, утопия және антиутопиялар типіндегі туындылар). Ғалым аталған үш жарлық топтармен қатар тағы біреуін: «белгілі бір табиғат және мәдени құбылыстың шығу төркінін түсіндіретін халықтық образды-фантастикалық» сипаттағы мифологиялықты бөліп көрсетті. Осы  жанрларды тек ерте тарихи «ілкі өнерлік», «мәжусилік» қоғамға жатқызып, «жанрлардың мифологиялық тобы халықтар қоғамдық дамудың жоғарғы сатысына өткен кезде ары қарай дамымай қалған» деп ұйғарды[799].
Г.Н. Поспелов берген жанрлық топтың сипаттамасы айқын жүйелікке ие болуға лайықты. Сонымен қатар, ол толық емес. Бүнінде өнердің діни-философиялық мәселелікті талқылауға тыйым салу отандық әдебиеттанудан алынып тасталды, ғалымның бұл айтқандарына адамның тек қоғам өмірімен ғана емес, біршама мөлшерде ғарыштық бастау көзбен, әлемдік тәртіптің әмбебап заңдарымен және болмыстың жоғарғы күштеріне қатысты терең мәнділіктегі (тек қана архаика-мифологиялық емес) әдеби-көркем жанрлар тобының барлығын еш қиналмай қосуға болады.
«Мазмұндық жағы  терең «ақылмандықтағы» діни немесе моралшылдық реттілікке бейіл болуымен еректенетін» Көне және Жаңа өсиеттегі дәуірлерден бастау алатын тәмсіл тап осындай[800]. Христианан орта ғасырындағы ең жетекші жанр болып табылған әулие-әмбилер өмірнамасыда тура осындай болып келеді; онда қаһарман пірәдарлық және әулиелік идеалға бас қояды немесе сондай болуға тырысады. Сонымен қатар, орта ғасырда қалыптасқан  мистерияны, сондай-ақ,  бастау көзінде інжілдік  «Псалмдар» тұрған діни-философиялық лириканы осы қатарға жатқызуға болады. Вяч. Ивановтың  Ф.И. Тютчев, А.А. Фет, Вл. С. Соловьевтің поэзиясы туралы айтқаны: («1944 жылғы Рим күнделігі», қазан), «…олар үшеу, / Жерде жерсіздік бүр жарып / Әрі бізге жол нұсқады». Аталған жанрлар әлдебір әлеуметтанымдық құрылымға еш қабыспайды, сондықтан, (философияның термині онтология – болмыс туралы ілімді қолданып) онтологиялық ретінде анықтау орныды сияқты. Онтологиялық бастау көздер жат болып келмейтін аталған жанрлар тобындағы карнавалдық-күлкілік сипаттағы туындыларға,  оның ішінде,  маниппея қатысты болып келеді. М.М. Бахтин онда  қаһарман мен оны қоршаған реалдылық болмыстық универсалияға қатыстылықта болады деп атап көрсетті.
XX ғ. бірқатар шет елдік теорияларда жанрлардың онтологиялық аспектісі бірінші қатарға жылжытылды. Жанрлар бұл ретте ең алдымен белгілі бір ретте болмысты тұтастық сипатында суреттейді. Америка ғалымы К. Берктің сөзімен айтқанда, бұл әлемді қабылдау немесе қабылдамау жүйелері болып табылады[801]. Осы қатарға Н.Г. Фрайдың өзінің «Сын анатомиясы» (1957) кітабында мәлімдеген  белгілі  концепциясын қосуға болады. Онда жанрлық форма жыл мезгілдері туралы мифтерден және соған сай жоралғылардан туындайды деп айтылып: «Көктем арай мен дүниеге келуді кейіптеп, <..-> ояну мен қайыра тірілу туралы, жарықтың дүние есгін ашуы мен қараңғылықтың өлуі туралы мифті, сондай-ақ, дифирамбиялық және рапсодиялық поэзияның  архетиптерін өмірге әкеледі деп ары қарай ойын сабақтайды И.П. Ильин. Жаз апофеоз туралы мифті, қасиетті үйлену тойын, жұмақта болуды және комедияның, идиллияның, серілік романның архетиптерін туындата отырып, аспанды, некені, триумфты символдандырады. Күз күннің шығуы мен өлімінің  символы ретінде өмірлік әлеуеттің әлсіреуі, өліп бара жатқан құдайлар, азаппен өлтірілу, құрбандық шалу туралы мифтерді және трагедия мен элегияның архетиптерін тудырады. Қыс болса, қараңғылық пен шарасыздықты кейіптеп,  зұлым күштердің жеңісі, топан су, хаостың оралуы, қаһарман мен құдайлардың өлімі туралы  мифтерді, сондай-ақ, сатираның  архетиптерін тудырады». Әдеби жанрлардың мазмұндық (мәндік) негізі, көріп тұрғанымыздай, өзіне ХХ ғ. ғалымдардың жіті назарын аударды. Және олар түрлінше пайымдалды.
32 . М.М.Бахтиннің романдандыру тезисінің мәніМ.М.Бахтиннің жанр теориясына қосқан үлесі мол. М.М.Бахтиннің концепциясының конструктивтілігі және де қайшылығы  отандық және батыстық әдебиеттану ғылымында  үлкен қолдауға ие болды. Жанрлық типологияны қарастыратын болсақ, концепция  даралығымен ерекшеленеді.  Ғалымның теориялық ережелері кеңінен танымал. Бахтиннің романдандыру жанрлық  тұжырымдамасынан мынадай үш мәселені  атап айтуға борлады:1.    Шығарманың жанры және  ішкі диалогтылығы;2.    Шығарманың жанры мен құрылымы;3.    Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар,  олардың генезисі мен дәстүрі.Осы проблемалардың барлығы  жанр типологиясына байланысты.Шығарманың жанры және  ішкі диалогтылығы Бахтин әдебиеттен  тек қана «ұымдасқан идеологиялық  материалды» көрген жоқ «әлеуметтік қатынас» формасын да байқады. Бахтиннің пікірі бойынша: әлеуметтік  қатынас процесі  шығарма мәтінінің өзінен көрініс тапты. Шығарманы өмірге әкелген жаратушы-автор және ол дүниеге әкелген  кейіпкер, сондай-ақ оқырман («тыңдарман»)  - мұның бәрі  пішін мен стильді анықтайтын тірі күш.  Бахтин жанрды «тұтас шығармадағы, айтылмақ ойдың өң бойындағы шынайы форма» деп түсінеді. Жанрдың әр түрі  қарым-қатынас, диалог үстінде, яғни практикада көрініс тауып, жұмырланған жанр ретінде қарастырылады.  Демек,  әдеби жанрлар қарым-қатынас процесінен бастау алған.  Зерттеуші  жанрлардың екі жақты  бағытын атап өтеді. Біріншіден,  авторлар жанр таңдауда бәрінен бұрын көркем қабылдау шартын ескереді. Екіншіден,  жанр  әртүрлі оқырман қауымына арналған.  Әр әдеби жанрға дәуір мен бағыттың шегінде өзіндік оқырманы бар болуы тән.  Әр дәуір оқырманының, тыңдарманының, халық пен жұртшылықтың  көркем  туындыны ерекше түсінуі, сезінуі ерекше.  «Екінші» (әдеби) және «бірінші» (мысалы, тұрмыстық)  жанрлардың  көркем мәтінді баяндауда ұқсастықтары болғанымен күрделілік дәрежесі бойынша өзгешеленеді.  Олар («екінші») өздерінің құрылымына «бірінші» жанрларды: репликаны, диалогты, тұрмыстық әңгімелерді, хаттарды енгізеді. Жанрдың негізгі қызметтерінің бірі  жанрлық нәтиже деп атауға да болатын жазушы мен оқырман арасындағы делдалдық болып табылады.  Жанр жазушының тек қана  көркем ойлау категориясы емес;  сол немесе  өзге дәрежеде  әдебиеттің жанрлық репертуарымен  оқырмандардың  таныс болуы автор мен оқырман арасындағы тығыз байланыс фактісі.  Жанр жазушы мен оқырман арасындағы алтын көпір рөлін атқарады.  Жазушының жанрды таңдауы  оның оқырман жөніндегі көзқарасын білдіреді.  Көркем қабылдау процесі  қай арнада қабылданатындығы туралы жол салады.  Бахтин ұсынған зерттеу бағдарламалардың негізгі артықшылығы сол дәуірде басымдыққа ие болған  әдеби-сыни көзқараста емес, автор мен оқырман арасындағы байланысқа, шығарма мәтініне жете назар салуында. Шығарманың жанры мен құрылымыҒалымның  әдеби жанрға деген құызығушылығының артуын түсінуге болады.  Өйткені бұл  «көркем тәжірибені сыртқа шығарудың айқын ыормасы» ғой. Яғни, мазмұнды форманың айқын мысалы.  Бахтиннің негізгі еңбегі  жанрлардың мазмұндық ерекшелігін дәлелдеуі болды.  Ғалым жанрдың қандай да бір  поэтикалық құрылымының тұрақты элементін қарастырса да, ол өзінің мазмұндылығымен түсіндіріледі.  Бахтиннің зерттеулері  ғалымдар арасында  жанр туралыі  семиотикалық  көзқарастың қалыптасуына себепші болды.  Әдебиет бойынша семиотикалық жұмыстарда  жанрлардың семиотикасына арнай назар аударылған.  Өйткені бұл өнердің даму сатысының бастапқы кезеңіндегі  поэтика болып табылады. Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрларБахтиннің назары бәрінен бұрын  жанрлар тенденциясы мен олардың әдебиеттегі  ұзақ өміріне ауды.  Бахтиннің зерделеуі бойынша жанр құрайтын негізгі фактор болып  тарихи уақыт,  оның әлеуметтік-идеологиялық сипаты есептеледі.  Бахтиннің «күлкі тарихы» сызбасы  жанрларды тарихи-функционалды зерттеудің  классикалық мысалы қызметін атқара алады.О баста пайда болған кезінен бастап әдебиет негізгі үш бағытта-әдеби тектің үші түрі эпос, лирика, драманың шегінде дамыды.  Олай деуімізге, бұлардың әдебиетке дейінгі кезде, ауыз әдебиеті кезеңінде көнініс табуы себеп. Бұл сөз өнерінің болғандығының  айқын дәлел бола алады. Әрине, бұған драманы қосуымыз әбестік болады. Себебі, драма қоғам дамып, театр пайда болған кезде ғана қалыптасқандығы баршамызға аян.  Алайда, бұдан  көне дәуірде әдебиеттің тек екі түрі- лирика мен эпос пен драма кіріктірілген басқа тек болды деп ойлау қателік.  Тек (және тектің түрі ретінде жанр) -  шығарма құрылымындағы  жалпы, тұрақты, қайталанып отыратын сипаттама.
Г.Н.Поспеловтың жанрлық концепциясын сипаттаңыз.
Осы бағытта (біздің көзқарасымызша Гегельге қарағанда Веселовскийге жуықтау)- Г.Н. Поспеловтің әдеби жанрлар концепциясында 1940-шы жылдары жанрлық құбылыстарды жүйелеудің айырықша тәжірибесін қолданды. Ол жанрлық формаларды «сыртқы» («тұйықталған композиция-стилистикалық тұтастық») және «ішкі» («образдық ойлау» мен «характерлерді танымдық тәпсірлеудің» «арнайы жанрлық мазмұндық» принципімен) шектеді. Сыртқы (композиция-стилистикалық) жанрлық форманы  мазмұндық бейтараптық (оның үстіне поспеловтік жанрлар концепциясы бірнеше мәрте біржақты, әрі  уязвима деп атап көрестілді) ретінде бағалаған ғалым жанрлардың ішкі жағына көңіл аударды[797]. Ол үш дәуірден үстем жанрлық топтарды бөліп көрсетіп және сипаттап, соның негізінде оларды адам мен қоғамның, кең мәнісінде әлеуметтік ортаның  көркемдік ойы жететін қарым қатынас типінің әлеуметтік принципі бойынша шектеушіліктің негізін салды. «Егер ұлттық-тарихи жанрлық мазмұндағы туынды (эпопея, былин, одалар. — В.Х.), ұлттық қоғамның қалыптасу аспектісінде өмірді таныса, егер туынды жеке қарым-қатынастағы жекелеген характерлердің қалыптасуын романитикалықпен пайымдаса, онда туындының «этологиялық» жанрлық мазмұны ұлттық қоғамның немесе оның әлдебір бөлігі жағдайындаашылады» деп жазды Г.Н. Поспелов[798]. (Этологиялық немесе тәлімдік жанрлар дегеніміз – бұл  А.Н. Радищевтің «Петербургтан Мәскеуге саяхаты», Н.А. Некрасовтың «Русьте кім жақсы тұрадысы», ал, сондай-ақ, сатира, идиллия, утопия және антиутопиялар типіндегі туындылар). Ғалым аталған үш жарлық топтармен қатар тағы біреуін: «белгілі бір табиғат және мәдени құбылыстың шығу төркінін түсіндіретін халықтық образды-фантастикалық» сипаттағы мифологиялықты бөліп көрсетті. Осы  жанрларды тек ерте тарихи «ілкі өнерлік», «мәжусилік» қоғамға жатқызып, «жанрлардың мифологиялық тобы халықтар қоғамдық дамудың жоғарғы сатысына өткен кезде ары қарай дамымай қалған» деп ұйғарды[799].
Г.Н. Поспелов берген жанрлық топтың сипаттамасы айқын жүйелікке ие болуға лайықты. Сонымен қатар, ол толық емес. Бүнінде өнердің діни-философиялық мәселелікті талқылауға тыйым салу отандық әдебиеттанудан алынып тасталды, ғалымның бұл айтқандарына адамның тек қоғам өмірімен ғана емес, біршама мөлшерде ғарыштық бастау көзбен, әлемдік тәртіптің әмбебап заңдарымен және болмыстың жоғарғы күштеріне қатысты терең мәнділіктегі (тек қана архаика-мифологиялық емес) әдеби-көркем жанрлар тобының барлығын еш қиналмай қосуға болады.
«Мазмұндық жағы  терең «ақылмандықтағы» діни немесе моралшылдық реттілікке бейіл болуымен еректенетін» Көне және Жаңа өсиеттегі дәуірлерден бастау алатын тәмсіл тап осындай[800]. Христианан орта ғасырындағы ең жетекші жанр болып табылған әулие-әмбилер өмірнамасыда тура осындай болып келеді; онда қаһарман пірәдарлық және әулиелік идеалға бас қояды немесе сондай болуға тырысады. Сонымен қатар, орта ғасырда қалыптасқан  мистерияны, сондай-ақ,  бастау көзінде інжілдік  «Псалмдар» тұрған діни-философиялық лириканы осы қатарға жатқызуға болады. Вяч. Ивановтың  Ф.И. Тютчев, А.А. Фет, Вл. С. Соловьевтің поэзиясы туралы айтқаны: («1944 жылғы Рим күнделігі», қазан), «…олар үшеу, / Жерде жерсіздік бүр жарып / Әрі бізге жол нұсқады». Аталған жанрлар әлдебір әлеуметтанымдық құрылымға еш қабыспайды, сондықтан, (философияның термині онтология – болмыс туралы ілімді қолданып) онтологиялық ретінде анықтау орныды сияқты. Онтологиялық бастау көздер жат болып келмейтін аталған жанрлар тобындағы карнавалдық-күлкілік сипаттағы туындыларға,  оның ішінде,  маниппея қатысты болып келеді. М.М. Бахтин онда  қаһарман мен оны қоршаған реалдылық болмыстық универсалияға қатыстылықта болады деп атап көрсетті.
XX ғ. бірқатар шет елдік теорияларда жанрлардың онтологиялық аспектісі бірінші қатарға жылжытылды. Жанрлар бұл ретте ең алдымен белгілі бір ретте болмысты тұтастық сипатында суреттейді. Америка ғалымы К. Берктің сөзімен айтқанда, бұл әлемді қабылдау немесе қабылдамау жүйелері болып табылады[801]. Осы қатарға Н.Г. Фрайдың өзінің «Сын анатомиясы» (1957) кітабында мәлімдеген  белгілі  концепциясын қосуға болады. Онда жанрлық форма жыл мезгілдері туралы мифтерден және соған сай жоралғылардан туындайды деп айтылып: «Көктем арай мен дүниеге келуді кейіптеп, <..-> ояну мен қайыра тірілу туралы, жарықтың дүние есгін ашуы мен қараңғылықтың өлуі туралы мифті, сондай-ақ, дифирамбиялық және рапсодиялық поэзияның  архетиптерін өмірге әкеледі деп ары қарай ойын сабақтайды И.П. Ильин. Жаз апофеоз туралы мифті, қасиетті үйлену тойын, жұмақта болуды және комедияның, идиллияның, серілік романның архетиптерін туындата отырып, аспанды, некені, триумфты символдандырады. Күз күннің шығуы мен өлімінің  символы ретінде өмірлік әлеуеттің әлсіреуі, өліп бара жатқан құдайлар, азаппен өлтірілу, құрбандық шалу туралы мифтерді және трагедия мен элегияның архетиптерін тудырады. Қыс болса, қараңғылық пен шарасыздықты кейіптеп,  зұлым күштердің жеңісі, топан су, хаостың оралуы, қаһарман мен құдайлардың өлімі туралы  мифтерді, сондай-ақ, сатираның  архетиптерін тудырады». Әдеби жанрлардың мазмұндық (мәндік) негізі, көріп тұрғанымыздай, өзіне ХХ ғ. ғалымдардың жіті назарын аударды. Және олар түрлінше пайымдалды.
34. Көркем образдың типтік характерге айналу жолын пайымданыз болады қосымша)
Суреткердің өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тану, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы типтендіру болып табылады.
Демек, типтендіру-мөлшерлі «сфераға» енетін, өлшеулі «формулаға» көнетін әрекет емес, ақиқат өмірдегі тірі кісілерден әдеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың, тынымсыз харекеті. Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін оның өмірдегі жанды дерегіне қарап белгілейді. Жазушының тип жасау үстіндегі көңіл аударатыны-типтілік туралы «қисын» емес, тірі мүсін-прототип. Суреткер бір типті бірнеше прототиптен жинақтап жасайды.
Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, тек оның өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де сондықтан деп түсіну керек.
Мінез-адамның ішкі болмысы. Белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.
…Нағыз суреткердің қолынан шыққан әрбір әдеби тип әрі әбден жинақталған, сондықтан өзінен өзге ешкімге ұқсамайтын жалқы тұлға. Демек, типтің түрі мен мазмұнында «жалпы» мен «жалқының» бірлігі жатыр.
«талантты жазушының әр образы-тип» дейді Белинксий.
Көркем әдебиеттегі типтік образдарға қарап отырып белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі қоғамдық дамудың негізгі және шешуші тенденциясын байқауға болады. Мысал, қазақ қоғамының өткен ғасырдағы ұнамды қасиеттерінің бір алуанын М.Әуезов Абай тұлғасына жинақтап, тұтастыра танытқан десек, осындай С.Мұқанов Асқар образы арқылы көрсетті, Ғ.Мұстафиннің мейрамы-адамдардың елімізді индустрияландыру кезіндегі елеулі ерекшеліктерін тұтастырылған тұлға болса, Ғ.Мүсіреповтің Қайрошы-адам рухының соғыс жылдарындағы лап еткен айрықша бір көрінісі секілді.
Бұлардың әрқайсысы әр тұстың типтік тұлғасы, өзгеге ұқсамайтын тек өздеріне ғана тән өзгеше мінез-құлық, іс-әрекет, болмыс-бітім бар. Десек те осыларда рухани ұқсастық, парасат тұтастығы бар. Бұл-адамдық рух тұтастығы, қоғамдық, даму толассыздығы.
Көркем әдебиеттегі жинақтау типке әкелсе, даралау-мінезге әкеледі. Образ осылай туады. 35 М.Әуезовтың Абай жолы романындагы Кунанбай образы
Құнанбай тұлғасының жасалу шеберлігі бүкіл дүние-жүзілік әдебиет тарихында сирек ұшырасады. Әдеттегі түсінікпен атасақ, Құнанбай – жағымсыз кейіпкер. Дұрысында да солай, кері кеткен кер заманның жанкешті жақтаушысы, рулық-феодалдық жүйенің бір тінін үзгісі, бір өрімін ыдыратқысы келмейтін шынжырлы шонжар – жаңаның жауы, күні өткен, тозығы жеткен көненің жамап-жасқаушысы… Автордың айтуында да Құнанбай тұлғасы идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласына енді-енді еніп келе жатқан жаңаның жолындағы кедергіні – ескіні көрсету нәтижесінде туған. Әдетте осындай ұнамсыз типтер бізде (тек бізде ғана емес) бірыңғай қара бояумен атастырыла, ылғи жамандық жағы қазбаланып, кейде тіпті іске алғысыз дөкір, дөрекі күйде көрсетілетін. Әрине, мұндай жағдайда да автордың идеялық мақсаты болатыны даусыз. Бірақ сол идеяның көркемдік шешімі даулы, жасанды және жалаңаш. Ал, Құнанбай ондай емес. Мейлінше шыншыл суреткер бұл образды мінездеу мен мүсіндеуге, жинақтау мен даралауға өзінің бай палитрасындағы бір (қара) емес, бірнеше (ақ, көк, сары…) бояуды қоса, қатар жұмсап, түрлі-түсті табиғи кескінде, алдымен адам ретінде барлық күнгей-көлеңкесімен жан-жақты, толық, тұтас тұлғаландырған. Автор ұнамсыз кейіпкер бойындағы ұнамды қасиеттерді күзеп не тонап әкетпейді, өзіне береді, өзінде қалдырады. Құнанбай – азулы ғана емес, ақылды: шоқпар мен сойылдың ғана емес, әріден толғайтын ойдың адамы. Көзі дара болғанмен көкірегі сара – көреген: ашуы мен қайратын қатар ұстайтын, қаталдығының арғы жағында қайсарлығы жатқан қасарма, сұғын қадағанды сілейтпей тынбайтын қазымыр, қырыс кісі. Арыстанның айбаты да, жолбарыстың жүрегі де бір өзінде; жыртқыштығы да сондай; бүргені құтылмайды, құтылса мынаның тырнағы сонымен бірге кетеді. Мұнысы да қайтпас қайсарлыққа саяды. Осыған енді амалы мен айласы қосылғанда Құнанбайдың қулығы мен сұмдығына, сұңғыла зымияндығына найза бойламай шығады. Мұнысы – ақылдан туған тәсіл. Құнанбай алыс-жұлысқа, арпалысқа ғана емес, сөзге де жүйрік, шешен, тілі өткір, тиген жерін тіліп түседі. Осылардың бәрі Құнанбайдың өз ортасынан биік, оқшау тұрған жоталы тұлға екенін көрсетеді және оның осындай өзгеше бөлек бітімін өз ортасы да әбден мойындап болған. Құнанбайдың көп қырлы қасиетін досы түгіл дұшпаны да жоққа шығара алмайды. Дәлел ретінде романның 1-кітабынан Абайға Байдалы айтып берген бір қызық жәйтті мысалға келтірелік. Байдалы Абайға: «Тап соның ішінде көп қойма жатыр, не керек», – деп Қаратайды мақтай отырып былай дейді: «Әне бір күндерде Қаратай, Бөжей, Байсал бар – барлығымыз Қаумен үйінде түстеніп отыр едік. Жиын бір сөзден бір сөзге түсіп, шалқып отырып, ақыр аяғы «Жә, өзіміз көргенде мырза кім?» дегенге келді. Жұрт ойланып қалды. Байсал күншуақта жатқан тағыдай көзін бір ашып, бір жұмып, бүк түсіп сырт қарап жатқан. Жаңағы сөзге ол қатысқан жоқаласыты. «Мырза кім?» дегенге Қаратай жауап беріп, «Мырза – Құнанбай» – деді. Тағы біраздан соң ол жиын: «Шешен кім? – деді. Тағы Қаратай жауап беріп, «Шешен – Құнанбай» – деді. Екі бел асты. Аздан соң және бір оралып кеп: «Жақсы кім?» десті. Әлгі Қаратай және жауап беріп: «Жақсы – Құнанбай» – деді. Сол кезде Байсал басын жерден жұлып алып, саңқ етіп: « – Уай, Көкше, не оттап отырсың өзің?» – деп, Қаратайға қадала түсіп.- Мырза Құнанбай екен, шешен Құнанбай екен, жақсы Құнанбай екен! Ендеше не көкіп алысып жүрміз онымен? – деді. Соған Қаратай іле жауап беріп: «Әй, тәйір-ай, мен Құнанбайдың өзге жағынан мін тауып алысып жүрмін бе? Жалғыз-ақ «не қылайыны» жоқ қой, сондықтан кетіп жүрген жоқ па?» – деді.[7] Құнанбайдың кім екенін бұдан дәл Һәм әділ айту қиын. Құнанбай – тек өзі билеп отырған қазақ сахарасын ғана емес, осылардың бәрін бақылайтын, патша әкімдерін де мысын құртып, уысына алып алған жұмулы жұдырық. Мәселен, піскен бас Майырдың өзгеге илікпейтін қырсықтығы Құнанбайға келгенде бұлтыңдап кетеді. «Майыр, сенің атаңның аты Тобықты емес еді. Осы Қарқаралыға келіп бауыр тапқаннан аманбысың? Бөжейді айдату керек, қағазын дұрыста деп ем, сары аурудай создың да кеттің ғой. Соның жан күйері сен болып, бауыр тартып, бауырың езіліп жүр ме осы, немене?!» Осылайша өзі билік жүргізген атыраптағы қазақты бұқтырып, орысты ықтырып, бәрін өз алдында құрдай жорғалатқан Құнанбайдың философиясы да, дипломатиясы да бір басына жетерлік. Құнанбай осындай кесек кейіпкер, қия жартастай мықты тұлға болмаса, онымен күреске түскен Абайдың да ірілігі көрінбеген болар еді. Абай осындай алынбас қамалды алған алып боп шығуы да жазушының ұнамсыз тип жасау тәсіліндегі нұсқалы шеберліктің нәтижесі. Құнанбай жалғыз емес. Оның маңында әр рудың басы, әр ауылдың ақсақал-қарасақалдары – Бөжей, Байдалы, Сүйіндіктер бар. Өз іргесіндегі Майбасар, Ызғүтты, Тәкежан, Жиреншелер бар. Оразбай, Шұбар, Әзімбайлар бар. Дәуірлік белестен алып қарағанда осылар – бір лагердің адамдары. Абайдың қарсыластары, Абай бастаған жаңаның ата дұшпандары. Сонымен қатар осылар өзара да ыри-тыри: бақастар, бәсекелестер, бақталастар. Қарақан бастың қамына келгенде булар бірін-бірі аямайды, біріге бере талап тастап, бөліне бере түтіп жеп жүргендері… Бұл – адам адамға дос емес, қасқыр болған Құнанбай заманының заңы. Майталман суреткер Құнанбай маңындағы бар адам және әр адам арқылы солар өмір сүрген заман кескінін де зергерлікпен бейнелеп көрсеткен. Байлар мен билер тепкісіндегі қазақ қоғамының «алтыбақан алауыздығын» патша отаршыларының қалай пайдаланғанын да ұтымды аңғартады. Бірінің тізгініне бірі жармасып, бірінің шалғайынан бірі тартып, бірінің аяғынан бірі шалып орға жығып, көрге тығып жатқан Құнанбайлар, әрине, өз заманымен бірге тарих сахнасынан кетеді. Бірақ ең қауіпті жері – «құнанбайшылдық» қалып қояды. Бұдан арылу үшін адамдарды ұзақ уақыт шомылдыру, тазалау, қағып-сілку, тіпті кейбір кеселді денеден сыдырып алып тастау керек, Құнанбай тұлғасын жасау арқылы автордың оқырманға берер сабағы осындай.
Жағымсыз мінезі
1 Құнанбай - қатыгез (Қодар, Қамқа, Кәмшат өлімі)2. Құнанбай - әміршіл3. Құнанбай - өктемдік иесі.Құнанбай - әділетсіз, содыр ортаның нағыз типтік өкілі. Бүкіл Тобықты елін қартайғанша билеген, қартайған соң Меккеге барып қажы боп қайтқан, ұзақ өмірінде сан түрлі қиянат, зорлық жасаған, жауларын мұқатып, достарын бауырына тартқан. Құнанбай әдет - салт, ата жолын өзі мықтап ұстады, сол себепті игі жақсылар оның қай шешіміне де қарсы келе алмады.Құнанбай мен Қодар сынды дәрменсіз кедейлерді қорлады, сан түрлі айла, әрекет жасады. Өз ұрпағын да аямайды. Мысалы: Әмірді шеңгеліне ала буындыруы ше, осының өзі оның қандай қатал жан екендігін танытады. Құнанбай өте қатал қытымыр, озбыр адам деген ой келеді
Жағымды мінезі
1 Құнанбай - Абайдай ірі дара тұлғаның әкесі2. Құнанбай - рухани таза адам3. Құнанбай - қолы ашық, мәрт, данышпан (мешіт салғызуы, Бөжейдің асын көтеруі).Құнанбай – елдің тұтастығын, халқының қамын, келешегін ойлаған адам. Ол кісі әдет - салт, ата жолын мықтап ұстады. Әдептен озғанды қаламады. Мүмкін, Қодар мен Қамқаны жазалауы да әділеттің жолы болар. « Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген. Жаман әдет елде етек алмасын дегені болар. Құнанбай – халқының қамқор азаматы. Меккеде қонақ үй салдырды, ондағы ойы келгендер қиналмасын, жағдайы болсын деген, өз қаражатына еліне арнап мешіт салдырды. Бұл – бүкіл елге деген ықыласынан туған жағдай. Керек десе, Құнанбайдың өз тектестері, шешен кім? десе – Құнанбай, мырза кім десе – Құнанбай, жақсы кім десе – Құнанбай деп мойындаған емес пе еді. Құнанбай – рухани таза адам. Қолы ашық, данышпан. Құнанбай – қатал озбыр болса, Абайдай дана дүниеге келер ме еді? Соны ойлаңдаршы. Мен Құнанбайдың қаталдығына да, елді уысында ұстаған үстемдігіне қарсы емеспін. Олай етпесе ел бетімен кетер еді.
Демек, мінез—адамның ішкі бітімі болса, тип-сом тұлғасы.
36.Эпикалық жанрдың үш туріндегі характерлер жайын сипаттаныз
Эпикалық образ-әрі нақты, әрі затты тұлға, кәдімгі тірі кісідей сөзін құлақпен естуге, мінезін ұғуға, қимылын бақылауға болатын, бүкіл өмір жолын бар бұралаңымен байққауға, өскен ортасын барлық ойы-қырымен байыптауға болатын күрделі, кесек қаһарман.
Егер эпикалық жанрдың ең басты ерекшелігі уақиғаның қалай баяндалып, суреттелуінде.
Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр үш түрге бөлінеді: 1) ш а ғ ы н к ө л е м д і э п и к а л ы қ т ү р: 2) о р т а к ө л е м д і э п и к а л ы қ т ү р; 3) к е ң к ө л е м д і э п и- к а л ы қ т ү р. Қандай эпостық шығарма болмасын, бәрібір, осынау үш түрдің біріне жатады.
Шағын көлемді эпикалық түрге жататын әдеби туындыларда, негізінен, өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам тағдыры бір немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қа-тысатын қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттелетін болғандықтан, мүндай шығарманың көлемі де шарын, ықшам. Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан дайын қалпында көрінеді. Кейіпкер өмірінің көп бұралаңы — шығарма сыртында — баяндаудан да, суреттеудеі тыс авторлық материал — нағыз қажетті детальдар ен штрихтар ғана. Шығарманың сюжеттік арқауы ұзақжелілі, арналы даму үстінде емес, қысқа қайырылған суреттер түрінде тізбектеледі; композициясы да — жинақы, үйірімді, ширақ.
Шағын эпикалық шығармалар әдебиет тарихыньщ әр кезеңінде әр сипатта болған. Мәселен, ежелгі көне дүниедегі бұл тектес көркем туынды — м и ф, одан кейінгі әр тұстардағы үлгілері —а ң ы з,е р т е г і, м ы с а л
н о в е л л а т. б.
Миф — т а б и ғ а т қ ұ п и я л а р ы н, а д а м н е қ о ғ а м ө м і р і н і ң с а н а л у а н с ы р ы н қ и я л а ж а й ы п о қ и ғ а ғ а а й н а л д ы р а бе й не л е й т і н ф а н т а с т и к а л ы қ б а я н. Бұл байырғы халықтар-дың бәрінде бар, бірақ түпкі туған төркіні көне Греция (Троя, Фивы циклдері); кейін римляндарға ауысқан.
‘ Ежелгі Грецияда туған көп-көп шағын эпостың бір мысалы ретінде Антей туралы мифті еске түсіруімізге болады: көне дүниенің керемет қаһарманы Антейдің күллі күш-қуаты өзін дүниеге әкелген Жер-анада екен. Антейдің аяғы жер басып тұрса-ақ болғаны, оны ешбір жау ала алмайтын болған. Өйткені оның тал бойындағы барлық қасиет Жерде — өзін тапқан анада. Соны білген Геркулес Антейдің аяғы қайыптан тайып Жерден ажырауын бағып жүреді де, бір жолы қыл елі көтерілген сәтте оған енді қайтып жер бастырмай, алыпты әуеде тұншықтырып өлтіреді…
Бұл секілді мифтер көне дүние көркем әдебиетінде көп және әр алуан; бәрі бірігіп, әлемге әйгілі грек мифологиясын құрайды. Мұны әдебиет теориясында мифологиялық эпос деп атайды.
М и ф о л о г и я л ы қ э п.о с —ж а л п ы э п о с а т а у л ы н ы ң б а с ы. Бұл эпостың идеялық-тақырыптық негізі — адам баласының табиғат пен қоғам туралы ғылымтумай тұрғандағы сонау алғашқы қауымға тән идеологиялық синкретизм тұсында етек алған аңқау әрі аңғырт ұрым-нанымдары. Демек, мифологиялық эпосты адамдардың басын айналдырран бірыңғай діни сенімдер рана турызды деуге тіпті де болмайды. Сайып келгенде, шағын көлемді эпикалық түр ретің. де сипаттасақ, миф — аңыз. Кейіпкерлері — кұдайлар батырлар, әр алуан сиқырлы кереметтер. Әрқайсысы адам танқалғандай тартымды, соншалық қызық сюжет-ке құрылады. Көркемдік бояуы қанық, идеясы айқың аса әсерлі, сол себепті мифтік аңыздар — мазмұнындағы көптеген кісі нанғысыз аңғырт һәм албырт жайларға қарамастан кезінде айта қалғандай эстетикалық және тәрбиелік роль атқарған әдеби туындылар.
Миф — “адам баласының сәбилігі туралы” (Маркс) шежіре; ендеше, оның біздер үшін таным тарапындары мәні де үлкен.
Эпостың көне түрлерінің бірі — а ң ы з. Бұл да миф секілді ә с і р е қиял а р а л а с ф а н т а с т и қ ал ы қ х и к а я. Бірақ мифтен өзгешелігі — аңыздың, негізінде шындыққа жанасымды, көбіне тіпті өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады. Әр халықтың тарихын-дағы әлдебір абзал адамдар — аса көрнекті қайраткерлер хақында да талай аңыздар туған.
Қазак ауыз әдебиетінде Асан қайғы туралы аңыз бар. “Бұл — тарихта болған адам. Бірақ, тірлік еткен заманы Жәнібек ханның тұсы дегені болмаса, дәлді кім еді, қай ортадан шығып еді, қандайлық еңбек, әрекет етіп, қандай өмір кешіп еді. Ол жайының ешқайсысыная дәл дерек жоқ”*. Бір ескеретін нәрсе—Асан жайлы аңыз дар екі ұдай; бірі — халыққа жат, онда Асан Жәнібек ханның жанындағы кертартпа сәуегей халінде көріне- ді, екіншісі — халықтық аңыз, онда Асан жалпы жұрт үшін “қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын” жайлы қоныс, құтты мекен іздеп жүрген ел қамқоры кейпінде! көрінеді. Соңғысы — қызық аңыз, бізге керегі де осы аңыз. Бұл аңыз — шағын эпикалык түрдің қазақ әдебие тіндегі тәп-тәуір, нұсқалы туындысы да, Асан — кәдімгідей көркем шығарманың кейіпкері.
Шағын көлемді эпикаға тән жанрлық түрлердің бірі — е р т е г і. Бұл да миф пен аңызға ұқсас а д а м ө м і р і н д е, н е х а й у а н а т д ү н и е— с і н д е б о л у ғ а л а й ы қ әр а л у а н қ ы з ы қ, к е й д е т і п т і ғ а ж — а й ы п о қ и ғ а л а р д ы о й д а н ш ы ғ а р ы п, ө с і р е ә ң г і м е л е й –т ін к ө р к е м б а я н, ә с е р л і х и к а я.
Ертегілердін, тақырыбы ғана емес, табиғаты да әр алуан. Бізге кез келген ертегі емес, бәрінен бұрын “халық жанының айнасы” (Белинский) бола алатын, “ен, алдымен халықты мінездейтін” (Добролюбов) ертегілер ғана қымбат. Ондай ертегілер қазақ әдебиетінде сала-сала,
Қазақ ертегілерін жете зерттеп, казак, әдебиетінің тарихына ертегілер туралы арнаулы бөлім жазып енгізген ғалым-жазушы М. О. Әуезов шағын көлемді эпиканың бұл түрін үш салаға (хиял-ғажайып ертегілер, хайуанат жайындағы ертегілер, салт ертегілері) бөліп, әрқайсысына жеке-жеке мінездеме береді.
Көркемдік жағынан бағалағанда, ертегінің көлемі қысқа, сюжеті ықшам, композициясы жинақы, тілі ауы-зекі айтуға лайық.қарапайым, бірақ образды, өткір, дәл, мазмүны тартымды, идеясы бүкпесіз, ашық. Оқиғаға қатысатын адамдар да санаулы, аз, жалғыз-ақ олар әрқашан жан-жақты ашылған толық канды тұлға, кесек образ дәрежесінде көріне бермейді, мінез-құлқы көбіне бір-ақ қырынан, ең елеулі ерекшелігімен ғана көзге түседі. Іс-әрекеті де соған лайық, өлшеулі.
Ертегілер ауыз әдебиетінде ғана емес, жазба әдебиетте де мол; мысал үшін А. С. Пушкиннің өлеңді ертегілерін, М. Е. Салтыков-Щедриннің көркем қара сөзбен жазған немесе А. Н. Островскийдің драматургия тіліне көшірген ертегілерін атасақ та жетіп жатыр.
Осынау ертегілерден, оның ішінде хайуанат жайындағы ертегілерден ту-ындап шығып, шағын эпостың өзгеше бір түріне айналған нәрсе -м ы с а л (басня).
Мысал — эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатта, көбіне аң, хайуанат, кейде зат туралы жазылады да, сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік күлкіге, келекеге, мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады. Мазмұны бүкпелі болғанмен, идеясы астарсыз, ашық, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді.
Көркемдік дамудың ‘жаңа кезеңдерінде эпикалық шығармалардың да бұрынғы түрлері өзгере, жаңғыра тұра, тіпті тың түрлері туып отыратыны сөзсіз. Феодализм мен капитализм тұсындағы шағын эпоста сондай жаңа-дан туған түрдің бірі — н о в е л л а “бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген тамаша оқиға туралы шындыққа сыйымді әңгіме” (Гёте).
37. Зерттеуші М. Атымовтың композицияның үш түрі туралы принциптерін пайымдаңыз
(М. Атымовтың «Қазақ романдарының поэтикасы» еңбегінен)
Сюжет оқиғалы көркем шығармалардағы адамдардың қарым-қатына
сы, бір-бірімен байланысы, оқиғаның дамуы мен образдардың өсу тарихы. М.Горькийдің сөзімен айтқанда: «Адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр алуан әдеби мінездің өсу, жасалу тарихы». Ал композиция болса, көркем шығармадағы оқиғалардың белгілі бір жүйелікпен орналасу тәртібі. Жазушының өзінің айтпақ болған идеясын оқушыларына жеткізу үшін алған образдары мен оқиғаларының жігін білдірмей орналастыру шеберлігі. Ол үшін жазушының қолданған әр түрлі әдісі мен шығарма бөліктерінің сәйкес келу симметриясы, демек жазушының айтпақ болған идеясын берудің көркемдік құралы.
Сюжет эпикалық, драмалық және лиро-эпикалық жанрдағы оқиғалы шығармаларға шығармаларға ғана тән, ал композиция барлық жанрдағы шығармаларға тән. Лирикалық жанрдағы шығармаларда сюжет бола бермейді, онда ой ғана айтылады. Бірақ онда да идея мен композиция міндеттітүрде болады. Жеке тұрғанда новелла күйінде ұғынылатын бөліктер романның құрамына енгенде бұрынғы өз бетіндік күйінен айырылып, романның сюжеттік бөліктеріне айналады. Осындай сюжетті бөліктердің романның өз ішінде әр түрлі орналасуына қарай роман композициясы анықталады.
Сатылы композициялы романдар
Мұнда роман бірі екіншісінің заңды жалғасы есебінде келетін бірнеше эпизодтардан немесе новеллалардан тұрады. Ол эпизодтар арасы бас герой арқылы байланысаы да, бас герой бір эпизодтан екіншісіне ауысып, әр эпизод сайын жаңа жағдайда өз характерінің бұрын көрінбеген жаңа салаларын көрсетіп отырады. Қазақ әдебиетінде мұндай шығармалар қатарына С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», С. Мұқанов «Мөлдір махаббат», Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романдарын жатқызуға болады.
Жарыспалы композициялы романдар
Жарыспалы композициялы романдарда қатысушы кейіпкерлер бірнеше топқа бөлінеді. Ол топтардың әрқайсысының өзіндік тағдырларының тарихы болады. Сол топтағы тағдырлардың тарихы роман ішінде өз алдына сюжеттік желі құрайды да, екі сюжеттік желі бірінен кейін екіншісі алма-кезек баяндалып отырады. Әуелі бір топта не жүріп жатыр – соны баяндайды. Содан кейін екінші топта жүріп жатқан оқиға баяналады. Бәздәі қазақ әдебиетінде мұндай композициялы романдар қатарына С. Мұқановтыі «Ботакөзін», Ғ. Мқстафиннің «Дауылдан кейін», Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» романдарын жатқызуға болады.
Қаусырмалы композициялы романдар
Қаусырмалы композициялы романдарда новеллардың орналасуында саьылы композициялы романдардағыдай бірізділік болмайды. Эпизодтардың немесе новеллалардың барлығы бірдей тең орналастырылмайды. Оқиға кейде ілгері жылжып, кейде кейін шегініп баяндалып отырады. Осы эпизодтар ішінде бас кейіпкердің образы әр қырынан көрініп, характер ашылады. Қазақ әдебиетінде ондай романдар қатарына Т. Әлімқұловтың «Ақбоз ат», Х. Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» романдарын жатқызуға болады.
38. Жанрлық мазмұн және жанрлық форма ұғымдарын пайымдаңыз
Жанрды әдеби шығарманың құрылымы мен пішінінсіз елестетудің қиындығы. Бұл туралы формалистік мектеп теоретиктерінің пайымдауы. Б.В. Томашевский жанрларды өзіне тән тұрақтылық сипаты бар «тәсілдер топтары» деп атауы. Ғалымның жанр белгілерін оны құрушы доминант деп сипаттауы. Формалистік мектеп өкілдерінің жанрдың мағыналық жақтарына ерекше назар аудару нәтижесінде «жанрлық мән» және «жанрлық мазмұн» деген терминдермен ажыратуы. Бұл тұста алғашқы орынды (пальма первенства) М. Бахтин иеленгендігі. Жанрлық форманың әдеби шығарманың тақырыбымен автордың дүниетаным сипаттарымен тығыз байланысты екендігін айтуы: «Жанрларда, олардың ғасырлар бойындағы өмірінде дүниенінің белгілі бір құбылыстарын пайымдау және тану формалары жинақталады». Жанр мағыналы конструкция құрайтындығы: «Суреткер өмір шындығын жанр көзімен көруге тиіс». Және әрбір жанр шындықты танудың құралдары мен тәсілдерінің жүйесі екендігі (Медведов П. Н). М. Бахтиннің жанрдың құрылымдық және мазмұндық аспектілерін ажыратуы және олардың-шығарманың жанрлық ерекшеліктерінің ажырамас тұтастық құратындығы. Жанрлық мән дегеннің не екені Бахтин еңбегінде нақты айтылмауы және оның мәні оның роман туралы пайымдарынан айқындалатындығы. Ол-адам мен оны қоршаған ортаны суреттеудің принциптері екендігі. Жанрдың бұл тектес терең аспектілерін XIX ғ. Гегельдің қарастырғандығы. Гегельдің эпопеяны, сатираны және комедияны, сондай-ақ романды «субстанциальды» және «субъективті» (жеке, елес призрачное) ұғымымен түсіндіруі. Әлемнің жалпы жағдайы және конфликт ұғымдары. Жанрды жеке тұлғаның және қоғамның тарихи кезеңдермен қарым-қатынасымен сәйкестікте қарастыру А.Н. Веселовский теориясына да тән екендігі. Әдеби жанрлар концепциясын осы тұрғыдан қарастырушы Г.Н. Поспелов екендігі. 1940 жылдары Поспелов жанрлық формаларды сыртқы және ішкі деп бөлгендігі. Этологиялық (ұлттық қоғам жағдайы, мысалы Радищевтің «Петербургтен Москваға саяхат» немесе Некрасовтың «Кому на Руси жить хорошо» деген шығармалары), романдық (жеке тұлғаның қалыптасуы), мифологиялық деп бөлуі.Мифологиялық жанрларды ежелгі деп қарастыруы. Поспелов қарастыруы жүйелі екендігі және толық еместігі. Қазіргі өнерде діни-философиялық мәселені талдауға тыйым салудың жойылғандығын ескерсек, көркем-әдеби жанрларда адамның тек қоғам өмірімен ғана емес, әлемдік бастаулармен, әлем жаратылысының және бомыстың құдіретті күштерімен, дүние жаратылысының жалпы заңдылықтарымен сәйкестікте, үндестікте қарастырылатындығы. Мысалы, притча, аңыздар...(С. Қасқабасов. «Қазақ халық прозасы» еңбегі бойынша; Т. Жұртбаев «Дулыға»-тарихи әпсаналар бойынша) Құрандағы пайғамбарлар туралы аңыздардың моральдық-діни сипаттары.(Нұх туралы аңыз») Житие, мистериялар «орта ғасырдағы), діни-философиялық лирика (Яссауи хикметтері, Мағжан өлеңдеріндегі діни мотив). Тютчев, Фет өлеңдері. Бұлар-онтологиялық жанрлар (учение о бытии). Жанрлық мазмұн дегеніміз – тақырып, проблематика, пафос, суреттеу ауқымы, масштаб. Жанрлық форма – эпоста:роман, әңіме т.б., лирикада: сонет, ода т.б. Г.Н.Поспеловтың жанрлық концепциясы. Өзіндік ерекшелігі – жанр терминологиясын қолдануды ұсынуы, оның сабақтастықпен байланысы. “Жанрлық топ” – зерттеу предметі. Жанрдың ұлттық – тарихи, этологиялық және роман тобы. Г.Н. Поспелов жанрлық форма мен жанрлық мазмұнды ажыратады. Соңғысында шығарманың жанрлық мәнін, теориялық моделін, инвариантын көрсетеді.Жанрлық мазмұн әдебиет проблематикалары аспектілерінің тарихи қайталануын айқындайды.Жанрлық формалар нақты тарихи ерекшеліктерімен айқындалады: оларға әдебиет тектері мен түрлерінің типологиялық белгілері, композициялық, сюжеттік, стилистикалық белгілердің жиынтығы кіреді. Жанрлық мазмұн туыстық топтары бойынша қарастырылады, олар барлық әдеби текке тән. Мифологиялық жанрлар тобындағы шығармалар мифологиялық мазмұнға ие, олардың тарихи нақты проблематикасына фантастикалық-генетикалық аспект негіз болады.Олар: ұлттық-тарихи жанрлар, этологиялық жанрлар (қоғамның әлеуметтік-адамгершілік жағдайы) , романдық жанрлар тобы, онтологиялық жанрлар ( адам және жаратылыс бастаулары), фантастикалық жанрлар (магиялық, мифопоэтикалық негізде). Кеңес әдебиеттануында жанр теориясының дамуы. Ю.Н.Тынянов концепциясының перспективасы – жанр нормасын белгілеу. Тыняновтың формалистигі. Г.В.Плеханов көзқарастары. Классицизм трагедиясының прогресшіл мәні болуы. 20 ж. социологиялық әдебиеттану: әдеби пішіннің мазмұнға тәуелсіздігі. М.Бахтин концепциясының тұтастығы. Бахтин концепциясындағы үш негізгі мәселе. Формализмді сынауы. “Мазмұндық пішін” принципі. “Әлеуметтік баға” категориясы. Семиотикалық принцип. Роман теориясы. Роман мазмұнының стиль түзуші фактор екендігі – Бахтин еңбегінің құндылығы
39. Әңгіме жанрының ерекшеліктерін сипаттаңыз
Әңгіме, әдебиетте — оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.
Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын,кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов тағы басқа. Әңгімелері — қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай әңгімелерді халықаралық фольклортануда меморат деп атайды.
40. Ғ. Мүсіреповтің «Өмір жорығы», «Қыран жыры» әңгімелерінің жанрлық сипатын талдаңыз
“Өмір жорығы” мен “Қыран жыры” да – символдық әңгімелер. Өмір, болмыс, тағдыр жайында сыр шерткен бұл әңгімелер – автор ой-тұжырымдарының қорытынды түйіні. Әңгіме жазушының қоғамдық өмірге, табиғатқа көзқарасы тұрғысынан баяндалған. Ол адам, қоғам жайын су асты балық, көк тәңірі қырандар өмірі арқылы жеткізеді. Символмен бейнеленген философиялық бұл туындылар осы жанрды түрі жағынан да байытты.
“Өмір жорығы” әңгімесіндегі су асты балықтар арқылы адамдар өмірін көреріміз анық. Әңгіменің аты айтып тұрғандай, балықтар жорығы – өмір жорығы. Ұрпақ өсіру, ұрпақ алмасу өмірдің, табиғаттың заңы болса, осы заңдылықты балықтар тіршілігінен де байқаймыз. Мұндағы Көкқасқа, Азат-мая, Миногалар (Минго – балық аты) ата-тегі бір, бір нәсіл иелері. Бірақ, олардың істеген істері, арман-мақсаттары, ниет-пиғылдары, көздеген мұраттары әр басқа. Көкқасқа – ұрпақ қамын ойлап, оның болашағы үшін басын өлімге тіккен атабалық. Ол – халық алдында өз борышын абыроймен атқарар ел азаматтарының бейнесі. Ал, Минога – жылпос, зымиян, залым. Көлеңкемен күн көріп, “күріш арқасында күрмек боп су ішіп”, қара бастың құлқынынан басқаны ойламайтындар адамдар арасында да жетерлік. Көкқасқа мен Миного – бір-біріне қарама-қарсы (контраст) бейнелер ретінде бірін-бірі толықтырады. Қақ-соқпен ісі жоқ әділдік пен адалдықты жақтаған адал жандардың бейнесі – Азат-мая. Адамдар секілді балықтарда да күндестік бар, барға мастанумен қатар оларда да жалқау, жайбасар, еріншектер жетерлік. Өмірдің өзі күрестен тұрса, балықтар да өмір сүру үшін күресе біледі екен.
“Қыран жыры” әңгімесінде де автор адамдардың өмір тіршілігін қырандар арқылы көрсеткен. Мұндағы негізгі кейіпкер – Сарбалақ. Ал, Тасқара – “шен беріп, биік тұғырға отырғызсаң, қандай орынға болса да ұялмай-ақ отыра кететін”, тақ, мансап қуып, шен-шекпен іздеген жандардың бейнесі. Тартыс Сарбалақ пен Тасқара арасында өрбиді. Сарбалақтың аңсаған “Бостандық сағынышы, азаттық жыры, аспан жыры өн бойын өртеп бара жатқандай” деп келтірілген бостандығы кешегі Кеңес одағы тұсындағы қазақ халқының егемендікті аңсаған күйіндей елес береді. Сондай-ақ қыранның ыстық пен суыққа төзімді болуын сөз еткенде де автор Азияны тегін атамайтын сияқты. Жас ұрпақтың қамын жеген әке-шеше, ана қыранның қырық күн тапжылмай отыруы адамдар өмірінен алынғандай. Аналықтың балаларына деген аналық махаббаты, әкесінен қызғануы, балаларға әке ызғарының керектігі – бәрі де адам өмірінің бір қыры. “Қанша уақыт бөстегін былғап отыра берген мешеу едік қой. Дауыл көтеріп аспанға шығарды емес пе? Енді осылай шарықтай беретін шығармыз. Арман деген осы да, Қуаныш деген осы да!” – деген кейіпкер ойы – қазақтың кешегісі мен бүгінін көрсетер астарлы ой, сиқырлы сурет. Қорқу, үрку дегенді білмейтін қарлы боран, қара дауылда қанат қаққан балапандар кешегі неше алуан дауылды көріп өмірмен күресе білген аға буын өкілдерін көрсетсе, оларды мақтан тұтқан ата-ана, қоғам, Отан деп түюге де болады. Әңгіменің негізгі идеясы – тіршілік, өмір үшін күрес болса, ұрпақ ауысуы – өмір, табиғат заңдылығы. Ғ.Мүсірепов бұл әңгімелерінде параллелизм мен контрасты шебер пайдалана білді. Бұл – кейіпкер бейнесін сомдауда бірден-бір негізгі қызмет атқарар әдіс-тәсіл.
41.Сонет,ода жанрларына анықтама
Әдебиет теориясы әдебиет тарихында жасалғандарды жинақтауға жегіліп, сонымен бір мезгілде оларға нақты әдебиеттанушылық зерттеу жасауға түрткі болатын бағыт ұстанып, оған танымдық басымдылық бағдарын береді. Ол әдебиет тарихына қатысты көмекші пән болып табылады. Сонымен қатар әдебиет теориясы өз алдына дербес мәнге ие болып келеді. Оны толық құқылы іргелі ғылыми пәндер санатына қосуға болады. Әдебиет теориясының аясы – көркем әдебиеттің мәнісін жарыққа шығаратын біршама кең ауқымдылыққа ие болып, белгілі бір шамада адамның шынайы болмысын тұтастық ретінде өзінше түсіндіреді. Осы жағынан теориялық әдебиеттану өнер теорияларымен және тарихи үдеріспен, философияның пәндері ретінде эстетикамен, мәдениеттанумен, герменевтикамен, семиотикамен кіндіктес (әрі тұрақты байланыста) болып тұрады. Бүгін біз сіздерге әдебиеттің салалары туралы әңгімелейтін боламыз. Сонет (итал. sonetto – шағын ән) – әр шумағы тұрақты өлшемнен тұратын, 14 тармақтан құралған өлең түрі. Өлең құрылымы күрделі болып келеді, тармақтар екі рет төрт-төрттен, екі рет үштен топтасады. Яғни, 4 жолдық (катрен) 2 шумақ, 3 жолдық (терцет) 2 шумақ. Ұйқасы 4 жолдық шумақта, көбіне абаб, абба түрінде, 3 жолдық шумақта әр түрлі болып келеді. Алғашқы 4 тармақта айтылған ой одан кейінгі 4 тармақта өрістеп, кейінгі 2 қатар келетін 3 тармақтарда түйінделіп, тиянақтап бітіру тәсілі жиі кездеседі. Сонетте ұйқастар өрнегіне, үйлес сөздердің әуезді келіп, сыңғырлап айтылуына да назар аударылады. Сонеттің алғашқы нұсқалары 13 ғасырда Италияда “сицилиялық мектепте” пайда болған, біртіндеп неміс, ағылшын, испан, француз, орыс поэзиясына тараған. Данте, Ф.Петрарка (Лаура туралы 317 сонет), т.б. ақындар бұл өлең өрнегін қалыптастырып, жетілдіре түсті. 16 ғасырда сонет жанрын Испания мен Португалияда Х.Боски Альмогаверо, Л.Камоэнсу, Лопе де Вега дамытты. Францияда К.Мародан бастап, П.Ронсарға дейінгі көптеген ақындар, Англияда Г.Серри, Т.Уайет, У.Шекспир сынды қаламгерлер сонет жанрының өркендей түсуіне өз үлестерін қосты. 17 ғасырда Германияда сонет жанры кең қанат жайып, М.Опиц, П.Флеминт, Гете, т.б. қаламгерлер сонет үлгісін қолданды. Орыс әдебиетінде В.К. Традиаковский, А.П. Сумороковтар бұл салаға алғаш қалам тартты. А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов секілді ақындар да сонет жазды. Қазақ әдебиетіне сонет жанры алғаш аудармалар арқылы келді. В.Шекспир сонеттерін тәржімалауда Х.Ерғалиев айрықша шеберлік танытты. Қ.Аманжоловтың “Құрдас туралы” сонетінен бастап қазақ поэзиясында Е.Әукебаев (“Келсеңші тез, келер болсаң”, “Туған жер”), К.Салықов (“Прометейге”, “Шоқанға”, “Ақан серіге”, “Абайға”, “Ақын Сараға”, “Бауыржанға”, “Немерем Арманға”), И.Оразбаев (“Көзсіз сүю, ессіз сүю”), т.б. ақындар сонет жанрында жыр туындатты. Қазақ әдебиетіндегі сонет жанры екі мектеп дәстүрін ұстана отырып дамыды. Біріншісі – сицилия мектебі: 4 жолдан екі катрен және 4 жолды бір терцет, 3 жолды бір терцет. Бұл бағыт қазақ әдебиетінде Салықов шығармаларында көрініс тапты. Екіншісі – ағылшын мектебі, мұнда сонет құрылымы 4 жолды үш катреннен және 2 жолды терцеттен тұрады. Ерғалиев Шекспир сонеттерін ағылшын мектебінің дәстүрінде аударған. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні өз сөзімізді ең әйгілі соннеттердің авторы УильямШекспирдің шығармашылығымен аяқтағымыз келіп отыр. Сен - тәтті әуез, тәтті әуезге алайда, Тамсанасың сырлы мұңмен қалайда. Неге сонша ұнатасың, қайғыға, Қуанышпен құшақ ашу жарай ма? Жан азаптың жасырын сыры кімде екен? Уайымға ұрыныпсың бір бөтен, Байыппенен баялатқан дыбыстар, Жалғыздықты жазғыратын үн бе екен? Тыңдап көрші, шекті аспаптар түрленіп, Қоңырлатты ғажайып бір үн беріп. Шырқағандай әке-шеше, жеткіншек, Жұбын жазбай баратқандай бірге еріп. Аңғартады үн шек - пернеде өрілген, Жалқы сапар тең екенін өліммен. Ода (гр. ode - ән, жыр) - мадақтау, дәріптеу түріндегі шығарма. Аса қуанышты, тым көтеріңкі рухта жазылады. Есімі елге тараған адамдарға немесе батырларға, салтанатты окиғаларға арналып шығарылады. Ода ежелгі Грекиядан шыққан (б.з.б. 4 ғасырда). Рим ақыны Гораций (б.з.б. 1 ғасырда) Оданы музыкадан бөліп дербес әдеби жанр ретінде қалыптастырды. Ол Еуропаға орта ғасырларда тарады. Қазақ әдебиетінде 19 ғ-да Оданың өз үлгілері қалыптасты Ораз ақынның "Балқы Базарды мадақтауы", Байтоқ жыраудың Жәңгір хан сарайын сипаттаған Одасы, Махамбеттің "Исатай деген ағам бар", Орынбай Кертағыұлының "Асса- лаумағалейкум, батыр Ерден" атты өлеңін Оданың таңдаулы нүсқала- ры дей аламыз. Қазақ кеңес поэзиясында Жамбыл Жабаевтың ("Амангелді"), Т.Жароковтың ("Максим Горькийге", "Жамбылға", 1938), т.б. туындылары Ода жанрына жатады.[1 Қазақша өлең ( Әйелге ода) Қай жерде, мейлі, қай елде Әлемнің мәні – Әйелде. Шын мықты болсаң оныңды Әйелге барып дәлелде! Әйелсіз айтпан әнді мен, Әйелмен дәмді әңгімем Сүйкімді болсаң шынымен Әйелің сүйсін алдымен! Әйелге мәлім көп сырың, Сүрінсең – әйел деп сүрін Халыққа сыйлы болмайсың Әйелге болсаң жексұрын. Әйелсіз қонды бақ қашан, Әйел деп түстік отқа сан. Әлемнің тілін таппайсың Әйелдің тілін таппасаң!
42. Мифологиялық жанрлар тобындағы шығармалардың ерекшеліктері
Қазақ фольклорында миф- өзіндік орны бар ең көне жанр. Ол дүние жүзі халықтарында кездесетеін мифке типологиялық сипатымен ұқсас, сонымен бірге ерекшелігімен де ада емес.
Миф міндетті түрде себеп-салдары болады. Қандай да болмасын құбылушылықтың, яғни өзгерістің (айталық қарлығаш құйрығының өзгеруі)себебі бар. Мифтердегі құбылушылық үш түрлі себепке байланысты болып келеді. Бірі-адам өте шаршағандықтан ұйықтап кетіп, сол бойда тасқа, я болмаса аңға, құсқа айналып кетеді. Мұндай мифтер Африка мен Австралияның жергілікті тайпаларының фольклорында өте көп. Қазақ арасында да мұндай мифтерді кездестіруге болады, мысалы: «Ұйықтаған батыр»деп аталатын тасқа байланысты миф.
Екінші себеп – адамның кінәлі болуы. Мұндағы құбылушылық жаза ретінде қабылданады, мәселен «Сынтас», «Келіншек тау» мифтерінде әкесінің алдында кінәлі болғандықтан, қыздар тасқа айналып қалады. Кейінгі дәуірлерде адамның кінәлілігі күнәлік деген түсінікпен ауысады. Мысалы, суыр болып кеткен Қарынбай туралы мифте адам құдай алдында кінәлі болғандықтан, аңға айналдырып жіберілген деп баяндалады.
Үшінші себеп – зор қауіптен құтылу жолы. Адамға ғаламат қатер төнеді, содан құтылу үшін ол не тасқа, не жұлдызға, т.б нәрселерге айналып кетеді. Қазақта сондай мифтің бірі – Қазығұрт тауындағы қырық ыз деп аталатын тастарға байланысты айтылады: «Баяғыда бір байдың қызының тойы болады. Той болып жатқанда қалыңдық қырық қызымен, күйеу серіктерімен серуендеп шығады. Жаугершілік заман екен. «Жау келіп қалды!»-деген дауыс шығады. Сонда қыздар шулап: «Ие, құдай!Бізді жау әкеткенше, тас қыла көр!»-депті. Содан бәрі тасқа айналыпты». Бұл мифтегі тағы бір көңіл аударарлық нәрсе – адамның да тасқа айналуы «құдайдың ісі» болып көрінуі. Бұл, сөз жоқ кейінгі бір құдайлық ислам дінінің әсері. Ежелгі мифтерде басына төнген қатерден құтылу үшін адам өзі тасқа немесе аңға айналып кететін. Мысалы, Меланезияда тұратын тайпалардың Шолпан туралы мифінде Манди деген қыз құрбандыққа шалынатын өлімнен қашып, жұлдызға айналып кетеді.
Табиғаттың бір құбылысының пайда болуын түсіндіретін немесе жер-су, аң-құстардың шығу тегін, әйтпесе басқа бір сырын ашатын мифтерде құбылушылық өте зор рөл атқарады. Өлі мен тірі табиғатының пайда болғанын түсіндіретін мұндай мифтер этиологиялық(себептік)деп аталады және олар тек мифологиялық түсіну шеңберінде ғана сақталған. Ертегіде, я болмаса басқа көркем фольклорда ондай құбылтушылықтың себебі ешқашан түсіндірілмейді, ал этиологиялық мифте белгілі бір жануардың не себептен ондай екені, оның қалайша жануар болғаны баяндалады. Мұндай мифтерде толық құбылушылық әңгіме болып отырған аң мен адам арасындағы кейбір кездесетін ұқсастықтарға негізделеді: сыртқы түр ұқсастығы, қимылдары, жүрісі мен мінез-құлқының ұқсастығы, т.б.
Мысалы, қазақтың көртышқан жайындағы мифін алайық.
«Бір байдың екі қызы, екі ұлы болыпты; ол заманда жер бетінде басқа адамдар болмапты. Әкесі бір жаққа кеткенде үлкен қыз сіңілісіне: «Бауырларымыздан басқа еркек кіндік жоқ, солармен көңіл қосайық!»-депті. «Қой, құдай естіп қояды, күнә болады!»-деп жауап беріпті сіңілісі. «Құдайдың құлағы жоқ!»-депті үлкені. Содан соң ол үлкен бауырын өзіне шақырады, ал анау бармайды. Қыз өлтірем дейді, бірақ жігіт қорықпайды. Ашуланған қыз бауырының екі көзін ойып алып, өзін жерге көміп тастайды. Содан бері көртышқан соқыр және жердің астында тұрады. Әкесі үйге келіп, болған жайды білген соң, қызын қарғап, теріс батасын беріпті. Ол қызды мәлінге айналдырып жіберіпті. Екі аң да адамға ұқсайды. Әсіресе көртышқанның алдыңғы екі аяғы адамның қолдары сияқты».
43-44.Фантастика жанрларының ерекшелігі
Қазіргі қазақ фантастикасының дамуы
Фантастика – ең ескі жанр. Қазақ ертегілерінің ғажайып кейіпкерлері: таусоғар, желаяқ, саққұлақ, жалғыз көзді дәу, жалмауыз кемпірлер - өз заманындағы фантастикалық бейнелер. Аталмыш жанрдың түп атасы - ауыз әдебиеті. Ал біздің заманымыздың еншісі - ғылыми фантастика. Қазақ фантастикасы дегенде - жазушы-фантаст әрі ірі ғалым Ақжан Машани атамыздың «Жер астына саяхат» атты ғылыми-фантастикалық кітабы алдымен аузымызға оралады. 1957 жылы жарық көрген осы кітап қазақ ғылыми фантастикасына жол ашты деуге болады. Осыдан кейін фантастиканы «қазақ әдебиетіндегі кенже дамыған балауса жанр» деп жүргендермен амалсыз келісуге тура келеді. Орыстағыдай 20-40 жылдары бізде фантастика жанры болмағаны рас. Ғарышқа адам баласының ұшуы бұл жанрға да қанат бітіргені сөзсіз. Өткен ғасырдың 60-70 жылдары фантаст-жазушылар Шәмшідин Әбдіраман, Шоқан Әлімбаев, Талап Сұлтанбеков, Раушанбек Бектібаев, Жүніс Сахиев, Медеу Сәрсеке, Абдулхамит Марқабаев, Төлеу Шаханов, Төлеш Сүлейменовтердің осы жанрда елеулі туындылар бергенін көреміз. Фантастардың бірі ауыл болашағын, қойшы қауымның қиын-қыстау өмірін жеңілдетудің жолын іздесе, бірі адам баласының жарқын болашағын суреттеді. Бірі ғылымның сан-саласының келешегіне ой жүгіртіп, автомобильдің озық үлгісін тілге тиек етті. Ішінде Египет перғауындарының құпия істерінің мәнін ашуға арналғандары да бар. Не керек, сан алуан тақырыптарды қоздатқан фантастарымыз оқырмандардың ғылым мен техникаға қызығушылығын арттырып, құштарлығын оятқаны, танымдарын байытқаны сөзсіз. Ол кез де заулап өте шықты. Аталған кісілердің біразы көз жұмса, төрт-бесеуден аспайтын көзі тірілері фантастиканы тастап, ғылыммен шұғылданып кетті. Қарап отырсаңыз, ғылыми фантастикамен шұғылданғандардың көбісі ғылымның бір саласын нақты игерген адамдар болып шығады.
Фантастика әдебиетін жан-жақты қарастыруда теориялық тұрғыда түйіндеулер жасап, дәйектеулер білдіріп, пайымдаулар айту, негізінде, аталмыш саланы зерттеуші-ғалымдар мен әдеби сыншыларының иелігіндегі творчестволық жүктеме болса керек. Алайда, бүгіндері біздер куә болып жүрген бір құбылыс – фантастика жаратылысы турасында салихалы ой қосып, пікір білдіріп жүрген басқа кәсіп саласының өкілдерінің жиі бой көрсетуі. Солардың арасында нағыз “ет жақын” саналатыны – библиографтары. Олардың ішінде де фантастикатанушы-библиографтар. Алайда, бір өкініштісі – осынау өрісі кең, тақырыбы қызықтырарлық іспен кешегі Кеңес Одағы кезінде творчестволық-ізденіс еңбектерімен көзге түскендері санаулы-ақ. Олар – И. Ляпунова, А. Кашарин және А. Осипов.
Бұлардың ортасында тек қана библиографиямен шектеліп қалмай, жанр турасында, оның тарихы мен жаңалықтары жөнінде үзбей ой танытып, пікір білдіріп жүргені – А. Осипов. Оның “Алақандағы әлем” (Чита, 1988 ж.) және
“Фантастикатану негіздері” (М., 1989 ж.) атты кітаптары күллі әлемдік фантастика әдебиетінің поэтикасын зерттеуге едәуір септігін тигізгені сөзсіз.
Жанр бағыттарын саралап қарастыруда фантастикатанушы-библиограф А. Осиповтың бірсыпыра дәйектемелері көңіл аударып, ой тоқтатуға тұрарлық. Оның “Алақандағы әлем” монографиясын жазуға қамшы салған себеп: ҒФ-ны зерттеу үстінде оның туындыларының теориялық ерекшеліктерін айқындау, қаншама дәуірлер бойғы эволюциясын талдау үшін типологиялау қажеттілігі заңды түрде туғаны. Онымен танысуды ерте ежелден бергі тарихы бар утопиядан бастауды қол көреді. Осы заман фантастикасында келешекке барар жолдағы прогресс пен оның бекзаттық күшке сенбеушіліктен туған оның антитезасы – антиутопия қара көрсетуде. Антиутопиямен ХХ ғасырдың екінші жартысында дүниеге келген роман-сақтандыруды алжастырып алмаған жөн. Жанрдың сатиралық фантастикасының өз жолы бар. Осы заман фантастикасының нақтылы, жаратылыстану ғылымынынан әлеуметтік, моральдық-этикалық проблемаларға ойыса бастау қазірде өзінен-өзі лирикалық-психологиялық фантастиканы жүзеге шығарды. Бұл бағыт едәуір дәрежеде қиялды лирикалық мазмұнмен толықтыра түсті. Өткендегі де, бүгінгі де ҒФ-дағы жиі ұшырасатын атыс-шабыс, ұрлық-қарлық, соңғы кездері белең алып бара жатқан нашақорлық төңірегіндегі криминалдар шытырман уақиғалы фантастиканың өрісін кеңейте түсті. Осыған кіндіктес детективтік фантастиканың да қазірде бағы жанып тұр”. Шындықтан ауылы едәуір аулақ жаңа өң алған фантастикалық ертегінің де жолын кесуге болмас. Жанрдың ұтымды бір көрінісі – юморлық фантастика немесе фантастикалық юмордың да әдебиетте өз орны болуға тиіс.
Фантастикатану туралы тұңғыш мәселе көтерген “Қисынды қиял да – әдеби жанр” мақаласынан бастап, “Әңгіме фантастикалық жанр туралы”, “Болжам батыл болсын” т.с.с. бір қатар мақала жазған маркшейдер-профессор А. Машанов “әлқиссасы” қиял-ғажайып дүниелерден басталған-ды. Ал, бүгінгі таңдағы ӘФ және ҒФ жанрына, белгілі сыншы, филология ғылымының кандидаты З. Серікқалиевтің пайымдауынша, “қиялданған, армандалған, кей салада ғылыми дәлелденген болашақ өмір сарыны, ғылым мен техника дамуының бүгінгі ұлы прогресі, болашақтың айқын сипаттамасын беретін, оны мейлінше жақындататын ғажайып жаңалықтар, космос кеңістігін игеру дәуірі басталып, табиғат байлығының ғылымға айналуы – бізде ғылыми фантастика туып, қалыптауына тікелей ықпал жасайтын қолайлы жағдай екендігі айтылған” /Ақ жол. Сын кітабы: мақалалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы. –1990. – 265 б./.
Соңғы 50-60 жыл бедерінде қалыптасқан, кемелденген жанрда әлгі айтқан қос ағыс – әлеуметтік және ғылыми салалар – әрқайсысы әдебиет әлемінде өздеріне тән ерекшелік-даралықтарымен одан әрі өркендей беру құқына иелік алды дер едік.
Демек, қазақ әдебиетіндегі фантастика поэтикасын теориялық тұрғыда айқындау үшін зерттеудің жаңа әдіс-тәсілін қолданған абзал. Атап айтқанда, зерттеу нысанына фантастиканың әлеуметтілігі және фантастиканың
ғылымилығы немесе “әлеуметтік фантастика"[ӘФ] және “ғылыми фантастика”[ҒФ] салалары бойынша жіктеген жөн. Проблемаға осы жағынан келгенде, негізінде әлемдік фантастикатану ісін зерттеушілердің методологиясына, басқа да пайымдау, дәйектеу, түйіндеулеріне жүгінген тиімді деп білеміз. Ғылыми-фантастикалық әдебиет Ф.Бэконның "Жаңа Атлантида" кітабынан (1627) басталады. 17-18 ғасырда планетааралық сапар (Сирано де Бержерак, Ф.Годвин), болашақ туралы шығармалар (С.Мерсье, "2440 жылы", т.б.) жарық көрген. Фантастика саласында Жюль Верннің шығармашылығы ерекше. 19-20 ғасырларда Герберт Уэллстің "Уақыт машинасы" (1895), "Әлемдер соғысы" (1898), А.Х. Дойлдың "Жоғалған әлем" (1912), т.б. фантастикалық романдары жарияланды. Р.Брэдберидің "Марс хроникалары" жинағына енген "Фаренгейт бойынша 451" романы дараланып шықты. Поляк жазушысы Станислав Лем космоскеңістігіне жауапкершілікпен қарау жөніндегі философиялық ой-толғамдары арқылы ("Астронавтар", 1951; "Солярис", 1961; "Тұмау", 1976, т.б. романдары) әлем жұртшылығына танылды. Кеңес әдебиетінде А.К. Толстой фантастика жанрының негізін салды. Қазақ әдебиетінде фантастика халық қиялынан туған хайуанаттар жайлы, қиял-ғажайып, тұрмыс-салт ертегілерінен бастау алады. Мысалы, "Ер Төстікте", "Керқұла атты Кендебайда", "Қырық өтірікте" фантастика жанрының негізгі элементтері кездеседі. Жазба әдебиетте фантастикалық оқиғалар Абай Құнанбайұлының "Масғүт", "Ескендір" дастандарында, С.Ерубаевтың "Келешек соғыс туралы" повесінде, М.Әуезовтің "Дос - Бедел дос" және "Елу жылдан соң" пьесаларында да бар. Қазақ кеңес әдебиетінде фантастика 1950 жылдан басталады. А.Машановтың "Жер астына саяхат" повесі (1957) республикада ғылыми-фантастикалық әдебиеттің тууына ұйтқы болды. М.Сәрсекеевтің "Ғажайып сәуле" (1959), "Көрінбестің көлеңкесі" (1960), Т.Сұлтанбековтың "Көшпелі алтын" (1964), «Лұхман Хакім» (1966), Ш.Әлімбаевтың "Данышпандық альфасы" (1967). Т.Шахановтың "Көгілдір мұнаралар" (1968), Т.Сүлейменовтің "Жұлдыз адамы" (1969), "Әл-Фараби көпірі" (1968), Ә.Мархабаевтың "Ғарыштағы қымыз" (1972) повестері қазақ фантастикасына елеулі үлес қосты. Соңғы кезде жарық көрген Т.Әбдіковтің "Айтылмаған ақиқат" (1980), М.Гумеровтың "Жұмбақ- сәуле"(1981), С.Ғаббасовтың "Кәусар" (1985), Н.Кенжеғұлованың "Қиын шешім" (1985), Р.Бектібаевтың "Ионосферадағы алаң" (1988) атты жинақтарында болашақ өзгерістер туралы болжамдар бейнеленеді. Фантастикалық шығармалар кинода елеулі орын алады.
45.46) Романның бірегецй концепциясының тұтастығы және роман теориясын байыптаңыз
Әдебиеттің жетекші жанры деп танылған роман соңғы екі-үш жүз жылдықтарда әдебиеттанушылар мен сыншылардың жіті назарын аудартуда. Ол сонымен қатар қаламгерлердің ой толғамдарының өзегіне де айналуда. Сонымен бірге, бұл жанр бүгінде де жұмбақ күйінде қалуда. Романның тарихи тағдыры және оның болашағы туралы түрлі ойлар, кейде тіпті қарама-қарсы пікірлер айтылды. 1936 жылы Т. Манн: «Оның  прозалық сипаты саналылық және критицизм, сондай-ақ, оның амал-тәсілдерінің  байлығы, еркін және тез арада музыка мен білімді, миф пен ғылымды   көрсету мен зерттеуге қабілеттілігі,  оның адами кеңдігі, оның объективтілігі мен ирониялығы романды біздің заманымыздағы көркем әдебиеттің монументалды және басты түріне айналдырады» деп жазды.О.Э. Мандельштам, керісінше романның күні өтіп, өзін түгескендігі турасында (1922 жылғы «Романның ақыры»  мақаласында) сөз етті. Романның психологиялануы және  ондағы(тіпті XIX ғ. орын алған)  сыртқы-оқиғалық бастау көздің әлсіреуін ақын құлдырау мен жанр өлімі алдындағы нышан-белгі деп, санап, бүгінде  «ескі үлгідегі» деп сөкті.
Романның заманалық концепциясында өткен ғасырда істелгендер турасында айтылғандар не алай, не бұлай есепке алынып отыр Егер классицизмнің  эстетикасында («Бәрі ұсақталып көрінетін қаһарман романның ғана кәдесіне жарайды»; «Үйлеспеушілік романмен біте қайнасқан») сондықтан роман төменгі жанр деп танылса, то в эпоху романтизм дәуірінде ол «әдеттегі болмыстың» қайыра туындатушылығының туы болып көтеріліп, және де сонымен бір мезетте «әлем және өз ғасырының айнасы», «толық ержеткен рухтың» жемісі; «романтикалық кітап» ретінде ол дәстүрлі эпостан өзгешелігі автор мен қаһарманның мәжбүрлеусіз көңіл ауанын айшықтауға және юмор мен ойындық қуақылыққа орын таба алады. «Әрбір роман өз бойына жалпға ортақ рухты паналатуы керек» деп жазды  Жан-Поль. XVIII-XIX ғғ. аралығындағы ойшылдар өздерінің роман теорияларында замана жазушыларының тәжірибелерін ең алдымен И.В. Гетені Вильгельм Мейстер туралы кітаптың авторы ретінде негіздеді.
Біз келтірген Гегель, Белинский және Бахтиннің пікірлерін адам өмірін (ең алдымен, жеке бастық, индивидуалды-биографиялық) қозғалыс үстінде, қалыптасу кезінде, даму барысында, күрделі жағдаяттарда, әдетте, қаһарманның қоршаған ортасымен конфликтілік қарым-қатынаста игерген роман теориясындағы аксиома деп санған заңды. Романда әрдайым  «бетер тақырып» ретінде – көркемдік қол жеткізім ұшырасып, басымдыққа ие болып келіп,  қайғылы құлдыраулардың бастау көзін, өмірілік тығырықтар мен апаттарды құрайды. Романның қалыптасқан және қаз тұрған тұғыры турасында, басқаша айтар болсақ, қалыптасқан әлеуметтік ортаның императивтерінен, ғұрыптарынан, жоралғыларынан салыстырмалы түрде тәуелісіз, социумға «тобырлық» енгізілуден ада  адамға деген мүдделік бар жерде туындайды.
М.М. Бахтин социум мен әлемдік тәртіптен адамның шеттетілуін  романдағы қажетті басымдық деп интерпретациялады. Ғалым бұл арада тек қаһарман ғана емес, сонымен бірге автордың өзі де әлемде тамырланбаған күйінде, тұрақтылық пен бір қалыптылықтың бастау көзінен ажырап, жаттыққа ұшырап көрініс береді деп тұжырымдады. Роман, лның ойы бойынша, запечатлевает «адамның эпикалық (және трагедиялық) тұтастығының ыдрауы» айшықталып, әрі  «әлем мен адамның күлкілік тектенуі» жүзеге асырылады. «Романда жаңа, өзіндік мәселелік бар; ол үшін мәңгілік қайыра ой жүгірту – қайыра бағалау тән болып келеді» деп жазды Бахтин. Бұл жанрда реалдылық «әлемге айналып, онда әлі күнге алғашқы сөз (идеалды бастау көз) жоқ болып келіп,  ал, соңғы сөз әл әзір айтылмайды». Сонымен қатар, әрі дағдарыстық, әрі болашағы барлық ауанында роман скептиктік және релятивистік байыптаудың айшықталуы ретінде қарастырылады. Роман адам үшін «дамудың өте жоғары деңгейіндегі» жаңа да, өте күрделі тұтастықты дайындайды деп тұжырымдайды Бахтин.
Бізге таяу дәуірлердің романдары, әдетте, біршама деңгейде идиллиялық құндылықтарға (адам мен оған жуық шындық өмірдің үйлесімінің жағдаятын авансценаға шығаруға бейіл білдірмесе де) бағдар ұстанады. Кезінде Жан-Поль (әлбетте, Ж.Ж. Руссо «Юлия, немесе Жаңа Элоиза» мен  О. Голдсмиттің «Векфильдтік әулие әкей» сынды туындыларын ескере отырып) идиллия дегеніміз – бұл «романға туыстас жанр» деп атап көрсетті. М.М. Бахтиннің сөзінше, «идиллияның романның дамуында маңызы аса зор болды».
Романның агиография дәстүріне қатысы барлығы күмән тудырмайды. Әулие-әмбиелік бастау көз  Достоевскийдің шығармашылығында барынша жарқын көрініс тапқан.Лесковтық «Соборяне» тұрмыстық роман деп сипаттауға толық негіз бар. Романдар кейбірде тәлімдік сатираның нышан-белгілеріне ие болады, мысалға, О. де Бальзактың, У.М. Теккерейдің туындылары, Л.Н. Толстойдың «Өліп тірілуі» тап осындай. Как показал М.М. Бахтин атап көрсеткендей, романға (әсіресе, авантюрлық-плуттық) әуелде комедиялық-фарстық жанрларда қалыптасқан фамильярно-смеховая, карнавалдық стихия жат емес. Вяч. Ивановтың Ф.М. Достоевскийдің туындыларын «роман-трагедиялар» деп сипаттағаны ақиқаттан алшақ емес. М.А. Булгаковтың «Шебер мен Маргаритасы» дегеніміз – бұл өз ретінде роман-миф, ал,  Р. Музильдің «Ныспысыз адамы» бұл –  роман-эссе. Т. Манн баяндамасында өзінің «Жүсіп және оның ағалары»  тетралогиясын «мифологиялық роман», ал, оның бірінші бөлігін («Жақып әпсанасын») «фантастикалық эссе» деп атады. Т. Манның шығармашылығы неміс ғалымының пікірінше, мифологияның тереңіне бойлаған пайымдаушы романдық трансформацияны танытады.
47) Классицизм эстетикасындағы және романтизм дәуіріндегі романның бағалануын сипаттаңыз
Романтизм (франц. romantisme, орта ғасырлық romant – роман) – Европаның барлық елдерінде және Солтүстік Америкада дамыған идеялық-көркем бағыт. Ғылымның, әдебиет пен өнердің барлық салаларында бейнеленді.Германияда романтизм XVIII-ХІХғ.ғ. қалыптасты және ХІХғ. бірінші ширегінде жақсы дамыды. Классицизм дәстүрлері күшті болған Францияда романтизмнің қалыптасуы, әсіресе театр өнерінде ұзаққа созылды. Романтизм кең қоғамдық топтардың буржуазиялық революция нәтижелеріне қанағаттанбаудан, ұлттық езгі, саяси реакцияға қарсы шығудан шықты. Романтизм өкілдеріне XVIII ғ. ағартушыларының іліміне көңілдері толмау тән болды. Романтизм тұлғаның утилитаризмі мен біркелкілігіне шексіз еркіндікке талпынуды, жетілуге және жаңаруға құштарлықты, жеке және азаматтық тәуелсіздік пафосын қарсы қойды. Романтикалық қозғалыс өкілдері ұлттық өткен тарихқа (кейде оларды идеалды етіп көрсетті), өз халқының және басқа халықтардың фольклор дәстүріне және мәдениетіне қызығушылық тудырды, әлемнің универсиалды кейпін жасауға тырысты.Романтизмнің нағыз отаны Германия болды. Неміс романтизмі Жан Поль (1763-1825 ж.ж.), Генрих фон Клейст (1777-1811 ж.ж.) тәрізді белгілі жазушыларды тудырды. Эрнст Теодор Амадей Гофман (1776-1822 ж.ж.) романтизм шыңына шықты. Оның туындыларына драматизм мен сарказм, лирика мен гротеск тән (мысалы, «Албасты эликсирі»). Ол тұрмыстағы шындықты сыни қабылдады («Алтын құмыра» повесі, «Құйтақандай Цехес», «Бүргілер билеушісі» ертегілері). Гофман - неміс музыкалық эстетикасы мен сынының негізін қалаушылардың бірі, алғашқы романтикалық опералардың бірі «Ундинаның» авторы. Гофманның поэтикалық бейнелері Р. Шуманды («Крейслериана»), Ж. Оффенбахты («Гофман ертегілері»), П.И. Чайковскийді («Щелкунчик» балеті) шабыттандырды.ХІХ ғ. бірінші жартысында Германияның ұлы ақыны, өз шығармашылығында романтика мен иронияны үйлестірген Генрих Гейне (1797-1856 ж.ж.) өмір сүрді.Англияда Дж. Ноэль Гордон Байронның (1788-1824 ж.ж.) лирикалық романтизмінің ықпалы зор болды. Оның «Чайльд Гарольдтың қажылығы» поэмасы романтикалық бүлікші, Наполеон кезеңінен кейін көңілі қалған қаһарманды өмірге әкелді. Белсенді гуманизм мен әулиелік болжамдары Байронды сол кездегі Европаның ойшылы етті.Ағылшын романтизмінің өкілдері - Дж. Китс пен Б. Шелли. Дж. Китс (1795-1821 ж.ж.) - «Эндимион» патриархалды-утопиялық идилияның авторы, онда пуритандық екі жүзділікке қарсылық көрсетілген. «От», «Психея» одаларында ақын табиғат сұлулығы мен үйлесімін дәріптейді. Ол - «Гиперион» символико-аллегориялық поэмасының авторы.Перси Бишу Шелли (1792-1822 ж.ж.) – «Маб ханзадасы» аллегориялық поэмасының авторы, шығармада қазіргі қоғамның әдепсіздігі әшкерленеді. «Исламның көтерілісі» поэмасында Шелли жауыз патшаны зорлықпен орнынан түсіруді ақтайды. «Ченчи» трагедиясында және «Бостандық алған Прометей» лирикалық поэмасында бостандық пен зорлық-зомбылық проблемаларына философиялық түсінік береді. Бірақ осы ақындар дүниеден кетісімен ағылшын романтикалық қозғалысы сөнеді.
Әдебиеттануда: 1) көркем шығармада өмір шындығын бейнелеудің бір тәсілі, көркемдік әдіс; 2) 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында Еуропа мен Америка елдерінде пайда болған, осы әдісті қалыптастырған әдеби бағыттағы 18 ғасырдың ортасында “романтика” сөзі ағылшын поэзиясында шығармашылық пафосты таныту мақсатында қолданылды, сол кездегі эстетикалық түсінік бойынша ол поэзияның, әсемдіктің ажырамас бөлігі болуға тиісті ғажайып, құпия, жұмбақ нәрсе ретінде қабылданды. Ал 18 ғасырдың аяғында Германияда “романтикалық поэзия” жаңа әдеби бағыттың шығармашылық принциптерінің тұтастығын танытатын термин ретінде қолданылып, “Иен мектебінің” теоретиктері (ағайынды Шлегельдер,Новалис, Ваккенродер, Тик) алғаш рет романтизмнің біршама толыққанды теориясын жасады. Бұл поэзия ереже мен дәстүрді, өмір заңдылығын мүлде мойындамайтын еркін поэзия ретінде қабылданды. Романтизмге толыққанды әмбебап анықтама беру мүмкін емес, ол әр ұлт әдебиетінде әр түрлі көрініс тапқан. Романтизмде ортақ ұқсастықтармен қатар бір-біріне мүлде ұқсамайтын әр тектілік те бар. Романтизмнің даму кезеңдеріне ортақ типологиялық белгілер: қоғамға көңілі толмау; оған өзінің идеалын қарсы қою; өмірге сын көзімен қарау; рухани азғындыққа қарсылық; заман шындығынан аулақ кетуге ұмтылыс; арман, қиял; өткенді дәріптеу; азаттық, бостандық идеясы; фольклорға, тарихқа ден қою; кейіпкерлерінің “ерекше” болуы; көтеріңкі эмоционалды стиль; қайғы-мұңға, ғажайып-құпия, фантастикалық жайттарға құштарлық; лиризм; патетика; әсірелеу, т.б. Романтикалық шығармаларда бейнелеу құралдары, әсерлі суреттеулер (эпитет, теңеу, метафора, ұлғайту, шендестіру, символ) мол кездеседі. Қазақ әдебиетіндегі романтизм әлемдік әдеби құбылыстың бір бөлшегі бола тұра, өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен оқшауланады. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен көрініс тапқан романтикалық белгілер 15 — 18 ғасырлардағы жыраулық поэзияда қаhармандық-жауынгерлік, азаттық-патриоттық рухта көрініс тапты. Қазақ әдебиетінде романтизмнің тегеурінді көрінген тұсы 19 ғасырда болды, ол ұлттық сөз өнері дамуының маңызды факторы саналды. Осы кезеңде өмір сүрген Махамбет романтизмі Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліспен бірге туып, азаттық бағытында өрбісе, “Зар заман” ақындары шығармашылығында орыс отаршылдығына қарсы болған, өз дәуірінің рухани болмысына қанағаттанбаған мінезден көрінді. Абай романтизмінен өзге елдің билігі әсерінен халықтың ыдырап, ұсақтауына қынжылыс байқалды. Ал Ақылбай мен Мағауия сюжетке құрылған романтикалықпоэмаларында (“Қисса Жүсіп”, “Медғат — Қасым”) “ерекше жағдайда ерекше мінез жасау” арқылы индивидуалдық романтизмге жол салды. 19 ғасырда романтизм әдісі жазба әдебиетте толық қалыптасып, 20 ғасырдың басында кемелденді. Дәуір алмасуы кезіндегі саяси және идеологиялық дағдарыстар, ұзақ уақыт жат елдің езгісінде болған ұлт санасының қайта оянуы, ұлттың өзін-өзі тануы — романтизмді дамытушы негізгі қоғамдық факторлар болды. 20 ғасырдың басында Б.Күлеев, М.Жұмабаевпоэзияларында романтизм биік деңгейде көрінді. Мағжан романтикалық поэмалардың әлемдік деңгейдегі озық үлгілерін әкелді (“Батыр Баян”, “Қорқыт”, “Қойлыбайдың қобызы”, т.б.). Кеңес дәуіріндегі әдебиетте романтизм реализммен кіріге жаңа сипат алып, өмірдің жарқын тұстарын бейнелеуге, кейіпкердің ішкі сезім-сырларын жеткізуге қызмет етті. Сөйте тұра романтизм бүкіл адамзаттың, ғаламның, өз дәуірінің, қоғамының трагедиясы мен мұң-зарын көрсете білді, кейде тіпті оны шешуге ұмтылыс жасады. Романтизмнің әдебиетке әкелген жаңалықтарының бірі — адамды тануға деген құштарлық. Романтик қаламгерлер адамның жан дүниесіне, ішкіпсихологиясына үңіле отырып, оның рухани әлемінің құпиясын, тереңдігі мен күрделілігін, шексіздігін танытуға күш салды. Романтизмнің ұлттану мәселесіне әдеби тұрғыдан қосқан үлесі мол. Романтиктер ұлттық рух пен мәдени құндылықтарға аса қызығушылық танытты. Олар өткен тарихты бағалап қана қойған жоқ, оны өздерінің сан қырлы әлеуметтік, эстетикалық тұжырымдарына тірек етті. Романтизмнің мұндай ерекшеліктері көркем пішіннің жаңаруына: тарихи роман, психологиялық, фантастикалық повесть, әңгіме жанрларының, лиро-эпикалық поэмалардың пайда болуына, лириканың тақырыптық, идеялық ауқымының кеңеюіне зор әсерін тигізді. Романтизм әдебиетке жаңа тақырып, соны кейіпкерлер әкелді, сөз өнерін көркемдік ерекшеліктермен байытты. Қазақ әдебиетінде Ғ.Мүсірепов, І.Есенберлин, Ә.Әлімжанов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, О.Бөкеев, Қ.Аманжолов, Т.Айбергенов, О.Сүлейменов, т.б. қаламгерлер pомантизм мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланды.
Классицизм (лат. classicus – үлгілі деген сөзінен) XVIII ғ. француз мәдениетінде қалыптасты және француз абсолютизмінің идеясын бейнеледі. XVIII ғ. классицизм буржуазиялық ағартушылықпен байланысты болды және қоғамның буржуазиалық-революциялық құлшыныстарын көрсетті. Рационализм идеяларына негізделген классицизм стилі биік, ерлік және өнегелі идеалдарды бейнелеуге, айқын, үйлесімді бейнелерді жасауға тырысты. Сонымен қатар классицизмге утопизм, идеализация, дерексіздік, академизм белгілері тән болды.48) Роман түрлерінің тууын сипаттаңыз
Роман - эпостық жанрдың ең жоғарғы түрі. Белинский: «Роман - біздіңзаманның эпопеясы», - деп атаған. Роман, эпостық жанрдың басқаларыменсалыстырғанда, өмірді, оның әр алуан құбылыстарын, адамдардың араларындағықарым-қатыстарды кең қамтып, терең суреттейді. Ұлы жазушылардың бір халық неоның өмірінің бір кезеңін суреттеген романдарын алсақ, сол халықтың бүкіл өмірі айнаға түскен сәуледей, түгел көз алдыңда тұрады. Мысалы, Бальзак, Л.Толстой,Шолоховтардың романдары мен біздің М.Әуезовтің «Абай» романы бұған толық дәлел.Шын мәніндегі роман - көркем сөздің биік шыңы. Ол дәрежеге жету үшін өмірді кеңінен қамтудың үстіне романда бірнеше сюжеттік линия, екінші сөзбен айтқанда,негізгі сюжеттік линияға қосымша сюжеттер, негізгі оқиғаға қатысушылардың іс-амалы мен образдарын толықтыра түсумен бірге және қатар дами отыруы керек.Мысалы, «Абай»  романындағы негізгісюжеттік линия - Абай мен Құнанбай араларындағы тартыс - қараңғылық пен жарық,ескілік пен жаңалықтың тартысы. Бірақ ескілік, жаңалықтардың айналасында үлкені бар, кішісі бар, сандаған сюжеттік линия, адам тартыстары романның негізгі идеясына бағыныңқы өзінше өсіп, дамып жатады. Әйтсе де олардың құятын арнасы біреу-ақ - ол негізгі тартыс, оқиғаның негізгі желісі Құнанбай мен Абай араларындағы күреске, солардың образдарын толықтыруға келіп тіреледі. Құнанбай өліп, оның жолын қуушылар мен Абай жолын іске асырушылар арасында да олардыңрухтары тірі. Осы тәрізді қиыннан қиысқан оқиғалы шығармаларды ғана шын мәнінде роман, оның биік сатысы эпопея деп атайды.Әрине, шағын көлемді де роман бола береді. Бірақ оның өзінде де романғақойылған шарттар толық сақталынады. Мұның көрнекті үлгісінің бірі -С.Мұқановтың «Ботакөз» романы. Мұнда да революцияға шейінгі қазақ ауылындағы тап тартысы, оның даму жолдары т.б. жақтары толық қамтылып, романда бірнеше сюжеттік линия қатар өрбиді.Романның өзіне тән ерекшеліктерінің бірі - қатысушы адамдарының саны көп болумен қатар, олардың әр алуан қарым-қатыстарда болуы және сол қатысушылардыңөсу жолдарын, мінездерінің қалыптасуын, оның себебін мол қамтып, терең ашуда.Романдар тақырыбына, суреттейін деген өмір құбылыстарына, жазушылардың назарына не нәрсе аударуларына қарай өзара бірнеше түрлерге бөлінеді (авантюралық,психологиялық, сүйіспендік, тұрмыс-салт, әлеуметтік, мемуарлық, тарихи роман т.б.).Автор романда не нәрсеге мықтап тоқталмақшы, соған бағынышты түрде роман авантюралық роман (мысалы, Дюманың авантюралық кейбір тарихи романдары);психологиялық роман (автордың назарын аударатын нәрсе - психология мәселесі) және әлеуметтік тұрмыс жөніндегі роман (мысалы, Гончаровтың «Обломовы»,Толстойдың «Анна Каренинасы») болып бірнеше түрлерге бөлінеді.
Романның тарихы әріден келеді. Әртүрлі тамашаларға кездесушіліктіәңгімелейтін, қара сөзбен баяндалған шығармалар Грецияда туып, александрлық дәуірде (Грецияны Александр Македонский жаулап алғаннан кейін және оның империясының құлаған кезі) кең өріс алған. Александрлық дәуірдегі романдарға тән болған нәрсе - сүйіспендік және тамаша оқиғаларға кездесушілік. Бұл романдардың сюжеттері бірін-бірі сүйген, бірақ сыртқы кейбір жағдайлармен айырылысып кетіп, көп қиыншылық, қайғы-қасіреттермен барып қосылатын жұбайлар туралы боп келеді. Сюжеттері қиыннан қиысады. Бұл романдарда географиялық жағдайларды суреттеуге көп орын беріледі. Сол кездегі сауда-саттық қатыстардың кең түрде етек жаюы, географиялық тақырыпқа көп тоқтауды керек еткен.Орта ғасырда роман тағы да дәуірледі. Бұл уақыттағы романның түрлері рыцарьлық (серілік) романдар болды. Осы орта ғасырда романдар өздерінің бүгінгіроман аттарына толық ие болады. Романдар, әдет бойынша, латын тілінде жазылады.Осы кезде роман тілімен, жанды қара сөз арқылы оқиғаны баяндау түрінде жазылған шығармалар роман деп аталады. Рыцарьлық романдардың бүгінгі романдарға ұқсастығы өте аз. Олар ертегі әңгімелерге жақынырақ.
49) Х. Есенжановтың «Ақ Жайық» романындағы Хакім Жүнісов бейнесін сипаттаңыз
«Ақ Жайық» романының 1-кітабы «Төңкеріс үстінде» 1957 жылы, 2-кітабы «Шыңдалу» 1960 жылы, ал 3-кітабы «Тар кезең» 1967 жылы жазылған. 1967 жылы осы кітаптары үшін жазушы республиканың мемлекеттік сыйлығына ие болған.
Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» роман-трилогиясы кезінде оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленген қуаты мол, құнды шығарма. Роман-трилогиядағы кейіпкерлер әлемінің үлкен шоғыры өмірде болған тұлғалы жандар. Шығармада сонымен бірге күрделі де кесек дүниені суреттеуге байланысты автордың қиял әлемінен туындаған кейіпкерлер де жеткілікті. Бұл – көркем шығарма үшін, әсіресе, роман жанры өте қажет ететін ерекшеліктердің бірі десек те болады.
Роман-трилогия қоғамдық өмірде және қоғамдық санада аласапыран уақыт басталған шақты суреттеуден басталады. Елдегі өтпелі кезең, ақшаның да құны кете бастаған шақ. Жас Хакімнің алға қойған арманы мен үміті, жас қыз Мүкараманың ішкі ой-армандары саябыр таппай жатқан мезгіл. Кітапта Хакімнің бейнесі де көркем берілген. «Хакімнің толқынданған ұзын қою шашы, ер келбеті аққұба жүзі толыспаған, бірақ, тік ұзын бойы, формалы қарамауыт бешпет-шалбары, киімі де, пішіні де – бәрі тұтас келді.» Жас Мүкараманың көз алдына келген Хакімнің бейнесін жазушы осылайша суреттейді.
Орал қаласында оқып жүрген Жүніс қажының кіші баласы Хакім елге оралғанда, әкесі мен анасының күтіп алуында да халқымыздың ұлттық педагогикалық менталитеті бар. Туған жерді, өз үйін, туысқандарын сағынып келген Хакімнің жүрегі елжірегендей болады. Бірақ халқымызда «Әке балаға сыншы» дегеніндей, жас балаша еркелей қол созған Хакімнің ішкі дүниесіне түп-түгел тінте қараған әке көзқарасы оның бойын демде-ақ жиғызады. Ол баласын бауырына тартып, құшақтамайды. Салқын ғана амандасады. Бұндай қауышу – халқымыздың о бастағы әке мейірімінің сыртқа шығарылмайтын, тек қана ішкі әлемімен көрісетін сан ғасырлық дәстүрлі әдеті. Бұл – тек қазақ отбасына ғана тән қасиет. Жүніс қажы өмірден көп түйген, көпті көрген, беделді жан. Балаларына да дұрыс тәрбие берген. Олардың оқу оқып, білім алуына көп көңіл бөлген. Хакім де сондай тәрбие бесігінде тербелген. Хакімнің тек оқу оқып, оның соңында ілесіп жүре бергенін жөн көрмеген. Елге пайдасы тиуін де көздеген. Елге Хакім оқып келгенде, үлкенді-кішілі ел жақсылары бірі шын тілегін айтып, бірі жалаң мақтап, жарамсақтану түрінде сөйлегенде, Жүніс қажы пайымдылық таныта біледі. Көптің аты – көп. Олардың лебіздеріне алғыс айтады. Мақтау сөздерге ермейді. Мастанбайды. Ол былай дейді: «– Қандай адам боларын ( Хакімнің – Қ.Н.) парасаты мен бағы білер. Біз тек балалардың заманына лайық білім алуына себепкер болсақ, тиісті тәлім-тәрбие берсек дейміз. Роман-трилогияда қазақ даласындағы өмір мен тіршілік, тұрмыс жайы да айтулы қаламгердің назарынан тыс қалмаған. Хакімнің ойлағанындай қалада жастар үшін клуб болса, қырда ақсүйек ойыны, қалада Мүкарамамен кездесу үшін жасыл қиықты үйдің биік басқышына қарай көтерілсе, қырда қотан шетіне барып, ару Шолпанды күткен эпизодтар тартымды әрі үйлесімді суреттелген..» Хакім мен жесір келіншек Шолпан арасындағы жылт ете қалған ыстық сезімге шығармада нүкте қойылады. Оған дәл солай шешім шығарған –Шолпан. Хакімнің ой-қиялында әдемі де қылықты, ару да жас Шолпанмен ойнап, күлу секілді ойдың болғаны рас. Шолпанның өзі қар астынан басы қылтиып шыққан қызғалдақ болғанымен, тағдыр талайымы рақымшылық танытпай, таптап тастағанын, ол гүлді жерден Хакімнің көтеріп алмайтындығын, көтерсе де, ол баз-баяғы қызғалдақ гүл емес екендігін айтып, оның ой-қиялын кінәлағандай болады. Сабырмен, ой тоқтата айтқан Шолпанның сөзі Хакімнің ыстық арынын бірден-ақ басады. Өзінің бақытсыз хал-ахуалын бір кездері өзі куә болған бес-алты айлық бұзауды құрақ арасында белінен талап еткен азулы қасқырдың сұрапыл тірлігіндей санаған. Бірақ сол үшін Шолпан Хакімді кінәламайды. Тағдыр солай шығар дегенге саяды өз ойын.
Жымпиты билеушілерінің өкілі Маймаков пен жанындағы мықты қараның қаруын тартып алып, жаяу жіберген соң, Нұрым да, Хакім де үрейлі күйде жүреді. Орал қаласында қараптан-қарап қолға түскенін есіне алған ол, ендігіде сақтық жасау қажеттігін түсінеді. Сөйтеді де, күндіз пішеншілер арасында жүреді де, түнде ағасы екеуі далада түнегенді дұрыс санайды. Алайда, арада бір жұма өтеді. Хакімді де, Нұрымды да ешкім іздемейді. Бірақ бір күні екі әскери жігіт Хакімнің үйіне келіп, оны ұстауға келгенін білдіреді. Хакімді алып кетеді. Өзеннен қайықпен өткізбек болғанда, Шолпан ерге тән мінезімен, өткір де тапқыр сөзімен ерекшеленеді. Қайықты қалтылдатып, аудармақ болып, әлгі екі әскери жігітке қаруларын суға тастауын бұйырады.
Сонымен бірге Хакімнің өз жайын өзі білетін, тиісті нәрседен өзінше қорытынды жасай алатын қасиетін Ақметшенің ой-сыры арқылы да толықтай түсіне аламыз. Ол Хакімге өз жолың өзің таба алатын дәрежеге жеткенін ашып айтады. Оның үстіне қайратты да қарулы, ақылды да пайымды Жүністің баласы екенін ескертіп, басқадан ақыл сұрайды-ау дегеніне еш нанбайды. Өзі-ақ барша істердің мән-жайын іштей біліп, сезініп, түйсініп отыра алатынына күмәні жоқтығын аңғартады. Адам бойындағы бұндай ерекшелікті Ақметше мынадай сөздер арқылы білдіреді: «Менің бұл дүниедегі құдайға күпіршілік келтіретін бір күнәм бар, ол: адамның не ойлап тұрғанын, ішіндегісін білетіндігім. Іштегіні білу – құдайдың ғана жұмысы. Міне сол құдекеңнің үлесіне қол соғамын деп, ауыр күнәға батып жүргенім. Сондықтан ертеңді-кеш тілейтінім: я құдай, сенің білгеніңді білемін деп сыйынамын.» Бұл Ақметшенің айтқаны. Бірақ осынау сыры мол, тағылымды таным мен тұжырымды сөздің иесі – оқыған, тоқығаны бар Әлібеков Хамидолла. Десек те, Ақметше аузымен айтылған бұл гәпте адам психологиясын түріне қарап-ақ қорытынды шығара алатын адамдардың бар екендігіне оқырманның көзін жеткізе аларлық бұл да бір дәйек деп ұғынуға әбден болады. Әрі адам жаны иірімдерінің соншалықты күрделі, әртүрлі болатындығына шек жоқ екендігіне сенімімізді нығайта түседі.
Хакімнің әкесі көпті көріп, көңіліне көп нәрсе түйе алатын ірі тұлға. Өмірдің де, сан алуан адамдардың да терең сырларын білу, болжау, оларды сынай білу, өзінің алдындағысы мен соңындағы іс-әрекеттер мен тірліктерді байқап, бағамдау қасиеттерін бойына дарытқан сұңғыла адам. Түркі танырлық білімімен-ақ, дүниенің пәлсапасын жақсы-ақ білген. Осының бәрі, әрине, ақылдылық, зеректік секілді ерекше сипаттар. Нағашысы Жүсіптің өзіне жас кезінде айтқан сөзін де Ақметше былай деп еске алады: «Дүниеде өлмейтін үш нәрсе бар, ол: ұстаздық, шаруашылық, саудагерлік. Ұстаз болу үшін білім керек. Білімі көп кісі ғана басқаға сабақ бере алады, шәкірт ұстай алады. Ал шәкірті бар кісінің ісі өлмек емес. Екінші – шаруашылық. Тілін білсең, тілдей жерден жылдық қорек табасың. Ұстай білсең, бір малдың жүз малға тұратыны бар. Сондықтан шаруашылықтың тетігін тапқан адам қор болмайды. Үшінші саудагерлік. Саудагерлік жер танытады, ел танытады. Ақметше, сен осының бірін ұста. Ұста дегенім, оқы дегенім» деді. Бұндай сөздерді білетін, айта алатындар ғана өзгелерге жеткізе алады. Тағылы мол, ғибраты зор мұндай сөздерді жазушы шеберлігі арқасында көркем тарихи туындыда көптеп кездестіруге болады. Өзге жұрттар Жүсіпті тентек дескен. Өйткені, оның алғырлығы, сергектігі өзгелерге тентектік болып көрінген. Бірақ бұндай сыңар сын оның болжағыш, қайсы адамның қандай болатындығын сынағыш қасиетіне еш көлеңке түсіре алмаған. Жүсіп билік басындағыларға да сөзіне қарап емес, ісіне қарап бағалаған. Көпке жағымдылығын ескерген.
Ақметше де оңай шағылатын саудагер емес. Ол – ойға жетік, айлаға мол білікті жан. Өзінен ақыл сұраған Хакімге Ақметше әскер жұмысы амалсыз адамның күні, ал ұлық болу – өзгелерді алдай білуге шеберлену деп ұғындырады. Бәрінен де зәбір көрсету, зорлық істер игілікті іс, нағыз пайда, олай болмаса, қолыңдағы билік құсы уысыңнан шығып, ұшып кетеді деуі – өмірде әбден қайнап-піскен, жетілген жанның сөзі. Қорғасындай салмақты, байыпты да байқағыш адамның ішкі ділінің жанайқайы, айшықты көрінісі.
Күрделі жанр – роман-трилогиядағы Хакім адалдық пен әділдік үшін іс-әрекет ете алатын, оны жүзеге асыру үшін қажетті жерде қара қылды қақ жара сөзін сөйлеп, өз өмірін соған арнай білетін жанның бейнесі. Хакімнің өмірлік ұстанымын мына сөздерінен де анық аңғарамыз. «Үлкен көш өзеннен өтіп жатқанда қызығына қарап қана тұруға болмайды. Ең болмаса, малын айдасып, судан өткізесің. Жүгін түсірісесің. Қайығын жөндейсің. Біреуге болыспай, біреуді қолдамай, қарап тұруға бола ма? Әділсіздік іс істеп, біреуге біреу зәбір көрсетсе, оған қарсы тұрмау жігіттік пе!..»
Хакім мен Мүкарама арасындағы сүйіспеншілік, ұзақ уақытқа айырылысу, сағыныш секілді көңіл-күйлер трилогияда жазушы назарынан тыс қалмаған. Мүкарама, шынында да, Хакімді ұнатады. Алайда, өмірінің ертеңін ойлап, дәрігер Ехласпен Жымпитыға бірге кетеді. Бірақ Хакімді ұмыта алмайды. Оралдан үш айдан соң келген хаттарды алысымен, оның бірі Хакімдікі екенін білген соң, Мүкарама көптен күткен сағынышын баса алмай, жыларман күйді бастан кешеді. Қыз мінезінің құбылмалылығы Мүкарама бейнесі арқылы беріледі. Хакім осы хатында Мүкараманы шынайы ғашық ретінде сүйетіндігін жеткізе жазады. Хакім де бір кездегі Мүкарама секілді ерік өзінде еместігін, өз биліктері өзінде еместігін де мәлім етеді. «Қаншама еріктіміз десек те, өз билігіміз өзімізде емес қой. Біреу ескі әдет пен ғұрыптың құлдығында, біреу өмірдің шыңырау түбінде, біреу өз басын қорғай алмай, басқа жанның жетегінде жүр. Енді біреулер дегеніне жете алмай, талпынып келеді... Талай апа мен қарындас, аға мен іні елден еріксіз, тар қапаста жатыр: надандық, қараңғылық, әділсіздік, қаталдық, жоқтық, жетімдік, тағы да осы сияқты бастан асып жатқан «дық» пен «діктер» тұншықтырып бітті.» Мінеки, көркем шығармадағы кейіпкерлер тағдыры осы секілді саналуан, әртүрлі. Бірінің тағдыры екіншісіне мүлдем сай келмейді. Ұқсамайды да. Соның нәтижесінде роман-трилогияны тұтастай оқып шыққанда, адамдар өмірінің қазандай қайнаған, күрделі қым-қуат тіршілігіне толық қаныға түсесің. ХХ ғасыр басында ел өмірінде елеулі орын алған, талай-талай тағдырларды тарих толқынына салып, күрт өзгертіп жіберген кейіпкерлер әлемі өз оқырманын бейжай қалдырмайды.
Хакім мен Мүкараманың Оралда бір-бірімен сағына жүздесуі, Мүкараманың Хакімді кінәлауы, Жымпитыға келемін деп келмегенін ашық айтуы, екеуінің бір-біріне деген ыстық сезімінің солмағанын білдіреді. Жымпиты үкіметінің офицері Абылаевты қолға түсіргенде оның жансауға сұрағанын, ендігіде Жымпиты үкіметіне қызмет етпеймін деген сөзінің жалғандығына Хакімнің көзі жете түседі. Оған себеп – офицер Абылаевты Ехластың үйінде көргенін, оның Һарон сұлтанмен далаға шығып сөйлескенін Хакімге жайып салады. Мүкарама Хакіммен бірге болғанын қалап, Оралда жұмыс жасағысы келген тілегін де білдіреді. Өмір көріп, тіршілік түйткілдерін толық тани бастаған Хакім ендігіде Мүкараманың Оралда қалмауын, бұл қалада жақын күндерде дүрбелең басталатынын сездіріп, Жымпитыға қайтадан оралуын өтінеді. Мүкарама келіскендей ыңғай танытады. Роман-трилогияның екінші кітабында Хакім едәуір шыңдалған, мол тәжірибе жинаған кейіпкер бейнесінде суреттеледі.
50) Роман – синтетикалық жанр екенін байыптаңыз
Роман синтетикалыққа бейім жанр ретінде өзіне дейінгі «кәсібиленген» әрі әлдебір локалды «телімдерде» әлемге көркемдікпен қол жеткізуге әрекет еткен басқалардан өзгешеленіп тұрады. Ол (басқаларға қарағанда) әдебиетті өмірдің көп қырлылығы мен күрделілігіне, қарама-қайшылығы мен баққуаттылығына жақындастыруға қабілетті болып табылды. Романдық  әлемді игерудің еркіндігі шекара дегенді білмейді. Және де түрлі елдер мнен дәуірлердің жазушылары осы еркіндікті түрлінше өз кәдесіне жаратты.
Романның көп келбеттілігі әдебиет теорияшылары үшін аса ауыр жағдай туғызады. Тіптен кім романды жалпыға ортақ және қажетті нышан-белгілері арқылы  сипаттауға тырысар болса, онда оның алдынан бүтінді оның бөлшегімен алмастырушылық сипатындағы синекдоханың жетегінде кетушілікке ұрыну қаупі қылаң береді. Осылайша, О.Э. Мандельштам осы жанрдың табиғатын Наполеонның бас айналдырар табысына еліктеген XIX ғ. қаһармандарының «роман мансабы» бойынша саралады. Романдардағы адамның өмірден өз орнын табуына емес, олардың күрделі психологиясына және ішкі әрекетіне  баса назар аударуды ақын жанрдың құлдырауының нышан-белгісі және тіпті оның ақыр соңы деп қарастырды[825] Т. Манн өзінің роман жайындағы пікір түюлерінде өзінің көркемдік тәжірибесінде жеңіл де, мейірбан иронияға және И. В. Гете тәлімдік романдарына арқа сүйейтіндігін ауызға алады.
Романның туу тарихын топшылаудағы әр тарап пікірлерді өз алдына қойғанда , дәл осы атаудың шығу тегінің өзін әркім әр түрлі пайымдайды. Біреулер орта ғасырдағы эпикалық шығармалардың роман тілдерінде жазылуына байланыстырса, енді біреулер көлемді эпостың көне дүниедегі Рим сұлулығына ұқсатығынан пайда болған термин деседі.
Романның кең құлашты, мол тынысты синтетикалық жанр ретінде әбден кемелденген сыншыл реализмнің тұсы. Бұл ретте көркем прозадағы Гомер мен Шекспир дәрежесіне көтерілген. Толстой мен Достоевский романдарын айрықша атаған жөн. Өткен замандағы орыс романы осылар санатындағы алып суреткерлердің арқасында бір ел емес бүкіл адам баласының көркемдік даму тарихында айта қалғандай адым жасағына жұртқа мәлім. Романның осындай кемелденген кезіндегі басты тақырыптары жанрдың байырғы түрлерінен кездесетін қай-қайдағы серінің сергелдеңі, ала аяқтың амал айласы,ожырайдың оспадарлығы секілді қара дүрсін хал күйлер немесе аздаған әлеуметтік топтар арасындағы әр түрлі қырбайлықтар, жеке адамдар басында болатын кейбір көңілді түйсінулер мен кірбің күрсінулер тәрізді күйкілеу көріністер емес, адам мен қоғам өміріндегі арналы шындықтар, күрделі құбылыстар мен кесек оқиғалар шығарма мазмұнына арқау боп тартылар өзекті мәселе халық тағдыры.
 Психологиялық талдаудың синтетикалық түрі
Психологиялық романның өзге жанрлық түрлерден ерекшелігі кейіпкердің жан дүние бейнелеуінен көрінеді. Суреткер кейіпкердің жан дүние диалектикасын, белгілі бір іс-әрекетке бастар көңіл-күйінің себеп-салдарын көркемдік тұрғыда талдап жазғанда ғана шығармада психологизм өріс алады . Бұл ойымызды нақтыласақ: "...әдебиеттегі психологизм-кейіпкердің ішкі әлемнің толық суреттелуі шығармадағы эстетикалық әлемнің бөлігін құрайды".Шынында да көркем шығармада кейіпкердің әр түрлі қалыптағы қарама-қайшы дүниетанымын, көзқарастарын, іс- әрекеттерін, көңіл күйлерін тереңдей талдап, жан-жақты бейнелеу психологизмнің көркемдік табиғатын танытады.Ғылыми сында психологиялық талдаудың аналитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М.Храпченко Н.Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген. Психологизмнің бұл түрін Б. Майтанов М. Әуезов шығармашылығымен байланыстырып "тұйық психологизм" ,- деген ат береді. Бұл синтетикалық психологизмнің өзгеше бір сергек те, сыпайы түрі деуге келеді. Синтетикалық психологизм дегеніміз - қоғамдық тартыстағы кейіпкер көрсететін іс-әрекет, қақтығыстар сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі құбылулар. Психологиялық роман табиғатының өзі жеке адам тағдырын екі әлем, атап айтсақ, сұлулық пен ұсқынсыздық, саналылық пен бейсаналық, өмір мен өлім т.б. арасындағы ымыраға келмейтін күрес пен мәңгілік құндылықтар жайында ой қозғауға мәжбүр етеді. Бұл-психологиялық туындыға қойылар басты шарттардың бірі.Психологиялық шығарманың өзіне тән жанрлық ерекшеліктері нақты көркем мәтіндерді талдау барысында төмендегідей айқындалады:Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді.51. Тайыр Жомартбаевтың <<Қыз көрелік>> сатиралық романың талдаңыз
Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы – құрылымдық ерекшеліктері мен көркемдік бейнелеу құралдары, тақырыптық-идеялық мазмұны жақтарынан соны шығарма. Қысқасы дәстүрлі тақырыптан жаңа проблематика қозғаған «Қыз көрелік» романы – қазақ қыздарының бас бостандығы туралы күрделі жанрда жазылған көлемді шығармалардың бірі. Автор 20 ғасырдың басында көп қозғала бастаған тақырыптың өзіне дейін әңгіме болмаған жаңа қырынан келген. Әдетте, бұл тақырып қыздардың қалың малға, ескі әдет-ғұрыпқа қарсылығы, күресімен қабаттаса баяндалады. «Қыз көрелік» романында осы тақырып проблематикасы мүлде басқа: енді қыз таңдап жүрген мырзаларды қыздың өзі таңдауы керек. Жаңа идеяның өзі, әрине, жаңа пішінді талап етеді. Автор осы идеяны шартты реалистік мазмұнға көшіріп, көркем бейнелеуге тырысқан. «Қыз көрелік» туралы пікір айтушыларды біраз ойға қалдыратын мәселе ағартушы-демократтық идеясы айқын шығармада ертегі фабуласының пайдаланылуы. Көлемді шығармада шағын ертегіні мақсатты қолдану арқылы шығарма идеясын, авторлық ойды, көркемдікті күшейтуге қол жеткізген. Қазақ қыздарының өздеріне жар таңдауы, сүйгеніне қосылуы тарихта болмаған іс емес, алайда Т. Жомартбаев романында мүлде шартты шешімге барады. Автор баяндауында ойнақылық, юмор, ирония басым.
52." Жанр кононы" ұғымын сипаттаңыз
Әдеби жанрлар (мазмұндық, өзіндік қасиеттерден өзге) түрлі шамадағы айқындыққа ие құрылымдық, формалық сипаттарға иелік етеді. Өте ежелгі кезеңдерде (классицизмге дейінгі дәуірді қосқанда) тап жанрлардың формалық аспектілері алға шығарылып, әрі басымдыққа деп саналды. Жанр түзуші бастаулар өлең өлшемі (метрлер) және шумақтық ұйымдастыру организация (кейбірде олар «тұрақты формлар» деп аталады) болып қалыптасып, белгілі бір сөздік конструкцияға және құрылымдық принциптерге бағдар ұстайды. Әр жанрға қатаң түрде көркемдік амалдар кешені бекітіліп берілді. Бейнелеу тақырыбына, туынды құрылымна және оның сөздік тініне қатысты қатаң алдын ала жазылып қоюшылық тіпті  индивидуалды-авторлық бастамашылықты шетпақай қылып, тіпті жоқ қылды. Жанр заңдылығы әміршілдікпен  қаламгердің шығармашылық еркін өзіне бағындрады. Д.С. Лихачев «Ежелгі орыс жанрлары жаңа уақыт жанрларына қарағанда өте зор мөлшерде белгілі бір стильдік типтермен байланыстылықта Сондықтан «тұрмыстық стиль», «хронографиялық стиль», «жылнамалық стиль» сөздері бізді еш таңқалдырмайды, дегенмен, әрине, әрбір жанр шегінде индивидуалды ауытқушылықтың байқалуы да бек мүмкін».  Ғалымның айтуынша,  орта ғасырлық өнер «бейнеленушіге қатысты ұжымдық қарым-қатынасты танытуға ұмытылады. Осыдан келіп, көп жайт шығарма туындыгеріне емес,  осы туынды жататын жанрға байланысты болып келеді Әрбір жанр өзіндік сынақтан өткен дәстүрлі автор, жазушы, «орындаушы» образына ие. Дәстүрлі жанрлар алын ала қатаң қалыпта формаланып, бір-бірінен жеке-жеке өмір сүреді. Олардың арасындағы шекара айқын және нақты, әрқайсы  өзінің «плацдармында» «жұмыс істейді». Бұндай жанрлық түзілім канондық деп аталынады. Олар дәстүрлік қалыптасқан және автор үшін міндетті белгілі бір норма мен ережегі ұстануға тиіс. Жанр каноны дегеніміз – бұл «жанрлық нышан-белгілердің белгілі бір тұрақты және қатаң (курсив менікі.- В.Х.) жүйесі «. «Канон» (көне гр. kanon – ереже, алдын ала жазылып қоюшылық) сөзі көне грек мүсіншісі Поликлеттің (б.з.д.V ғ.) осы аттас трактатынан шыққан. Бұл канон әбден жетілген үлгі, толық жүзеге аса алатын әлдебір норма ретінде ұғынылды. Канондық өнер (оның ішінде – сөздік) осы терминологиялық дәстүр бойынша суреткерлердің сөзсіз жетегінде жүруге тиісті жетілген үлгілерге қол жеткізуіне мүмкіндік алушылығы болып пайымдалады. Жанрлық нормалап мен ережелер (канондар) әу баста жоралғылық ғұрыптар және халықтық мәдениет дәстүрлері негізінде бейберекет қалыптасты. «Және де дәстүрлі  фольклор мен архаикалық әдебиеттің жанрлық құрылымдары бейәдеби жағдаяттардан бөлінбестей қалыпта, әрі  жанрлық заңдылықтар жоралғылық ереже және тұрмыстық сапайыгершілікпен тікелей қосылады»
53. Жанрлық жүйе және жанр канонизациясы туралы пайымдаңыз
Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері маңызды.  Бұған байланысты ұғымдар  Г. Гегельдің «Эстетика» еңбегінде], А.Н. Веселовскидің  «Исторической поэтике» шығармасында және  басқа да ғалымдардың еңбектерінде қамтылды. Эпикалық,  драматургиялық, лирикалық және лиро-эпикалық сияқты  жанрлық топтар ерекшеленген.  Осындай топтардың әрқайсысының шегінде шығарма  әдеби тегі, өлеңдік және прозалық формасы және соңғысы,  өзінің көлемі бойынша ажыратыла алады. Көне әдебиеттің жанрлық жүйесі  күрделілігімен және  көп тармақтылығымен ерекшеленеді. Жаңа заман әдебиетімен салыстырып қарар болсақ,  тұрақтылығымен сипатталады. Кешірек,  қоғамның дамуы, өзінің жанрларымен бірге әдебиеттің де дамуы жылдамырақ бола бастады. Әдеби бағыттың туындауымен бірге жанр жүйесі  белсенді түрде теориялық мағына мен негіздеме берудің  нысанасына айналды. Осылайша, классицизм поэтикасы болып жоғарғы, ортаңғы және төменгі жанрлар ерекшеленді. Жанр жазушылар немесе ақындар міндетті түрде сақтауы керек  регламенттелген жалғыз норма сияқты ұғынылды. Бұдан әрі классицизм жанрларының  рационалистік жүйесін   сентименталистер мен романтиктер бұзды.  Олар шығармашылық бостандығын  «тәртіптерден»  жоғары бағалап, қарсы шықты. Романтизм классицизмге керағар жанрлар тудырды.  Ол адамның ішкі көңіл-күйін, сезімін тереңірек ашып алдыңғы қатарға шығарды. Классицизм  дәуірінде  орын алмаған адамның ішкі сыры, терең сезімі, жеке тұлғаның ішкі уайым-қайғысы, қуанышы, яки адами қасиеттер сентиментализм тұсында алдыңғы орынға шықты. Сентименталистер  шығармалары  классицистік мадақ жырын, батырлық поэмаларды,  трагедия, поэмаларды ысырып, ішкі сырды бейнелейтін эллегия, баллада, лиро-эпикалық романтикалық поэмаларға жол ашты.  Әр автор жанр түрлерін  әр түрлі жүйелендірді. КАНОНИЗАЦИЯ – кейбір адамдарды әулие деп санау.
54. Жанр қайшылықтар мен дәстүрлер туралы баяндаңыз
Жанр мәселесі өнертану мен әдебиеттануда өзекті болғандықтан, ерекше көңіл бөлініп, көптеген зерттеулер мен еңбектер дүниеге келді. Әлемдегі барлық халықтардың мәдениеті мен әдебиетінде де жанр мен оның түрлері мәні бар құбылыстардың қатарына жатқызылып, кең орын алады. Типологиялық тұрғыдан жанр табиғаты ұқсас, сарындас. Олар бір жерде ішкі жағдайлардың әсерінен дүниеге келсе, екінші ортада тарихи-мәдени алыс-беріс кезінде тууы да мүмкін. Бұл мәселенің бетін ашу максатында эстетикада әртүрлі мектептер, бағыттар болғанын білеміз. Мысалы, Аристотель «Поэзия өнері туралы» шығармасында драмалық жанрларға анықтама берсе, Буало «Поэтикалық өнер», Дидро «Драмалық поэзия туралы» еңбегі, Гегель «Шығармалар жинағы», Белинскийдің көптеген сыни еңбектерінде жанр мәселесі қозғалған. Буржуазиялық оқымыстылардың бір тобы жанрларға психологиялық, екінші тобы грамматикалық категориялар арқылы түсінік жасамақ болады. Ал кеңес ғылымы бұларға қарама-қарсы, объективті критерий ұсынады - жанрды қоғамдық, мәдени- әдеби жалпы дамумен сабақтас қарап, нақты әлеуметтік-тарихи, эстетикалық-көркемдік аспектіде анықтама береді. Жанр тудыратын элементтер деп сюжет түзілісі, композиция, поэтика, бір сөзбен айтқанда, шығарма идеясы мен мазмұнын ашатын көркемдік қүралдарды айтуға болады. Бұған драмалық эмоциялық әсер беретін формаларды да қосқан дұрыс: трагедия, комедия, драма. Даму үдерісінде жанрлар бір-біріне өзара ықпал етеді, бірін-бірі байытады. Кейбіреуі жаңғырып өссе, енді бірі өшеді, өледі. «Жанр әрқашан өзі, әрі өзі емес, әрқашан көне, әрі жаңа, жанр әдебиет дамуының әрбір жаңа кезеңінде, әрбір жаңа шығарма тұсында қайта туындап жасарады... Жанр бүгінгі күннің тынысымен өмір сүреді, бірақ әрқашан өз өткенін ерекше қасиет ретінле өз бойында сақтайды. Жанр - әдеби даму үдерісіндегі шығармашылық тұжырым түрінде қалады», - деп жазды М. Бахтин [1]. XX ғасырдың 60 жылдары жалындаған жас ғалым Р. Нұрғали өзінің жаңашыл ғылыми зерттеушілік бағытымен әдебиеттану ғылымына келіп қосылады. Ғалым қазақ драматургиясындағы трагедия, комедия, драма жанрларының ұлттык ерекшеліктерін, дүниежүзілік әдеби дамуға қосылатын белгілерін көп жылдар бойы аса бір ұкыптылықпен тексерді.
55.Әдеби жанрдың шындық өмірмен байланысын сипаттаңыз
 Жазушы өмір құбылыстарын өзінің дүниетанымы мен әлеуметтік көзқарасы тұрғысынан саралайды, оны өмір сүріп отырған қоғамдық орта белгілейді. Әдебиеттің таптығы әдеби шығармадағы шындықтың шынайылығына, қаламгердің шеберлігіне тікелей байланысты. Суреткердің өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тану, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы типтендіру болып табылады. Демек, типтендіру-мөлшерлі «сфераға» енетін, өлшеулі «формулаға» көнетін әрекет емес, ақиқат өмірдегі тірі кісілерден әдеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың, тынымсыз харекеті. Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін оның өмірдегі жанды дерегіне қарап белгілейді. Жазушының тип жасау үстіндегі көңіл аударатыны-типтілік туралы «қисын» емес, тірі мүсін-прототип. Суреткер бір типті бірнеше прототиптен жинақтап жасайды. Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Әрбірәдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, тек оның өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де сондықтан деп түсіну керек. Мінез-адамның ішкі болмысы. Белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.Нағыз суреткердің қолынан шыққан әрбір әдеби тип әрі әбден жинақталған, сондықтан өзінен өзге ешкімге ұқсамайтын жалқы тұлға. Демек, типтің түрі мен мазмұнында «жалпы» мен «жалқының» бірлігі жатыр «талантты жазушының әр образы-тип» дейді Белинксий.Көркем әдебиеттегі типтік образдарға қарап отырып белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі қоғамдық дамудың негізгі және шешуші тенденциясын байқауға болады. Мысал, қазақ қоғамының өткен ғасырдағы ұнамды қасиеттерінің бір алуанын М.Әуезов Абай тұлғасына жинақтап, тұтастыра танытқан десек, осындай С.Мұқанов Асқар образы арқылы көрсетті, Ғ.Мұстафиннің мейрамы-адамдардың елімізді индустрияландыру кезіндегі елеулі ерекшеліктерін тұтастырылған тұлға болса, Ғ.Мүсіреповтің Қайрошы-адам рухының соғыс жылдарындағы лап еткен айрықша бір көрінісі секілді. Бұлардың әрқайсысы әр тұстың типтік тұлғасы, өзгеге ұқсамайтын тек өздеріне ғана тән өзгеше мінез-құлық, іс-әрекет, болмыс-бітім бар. Десек те осыларда рухани ұқсастық, парасат тұтастығы бар.Бұл-адамдық рух тұтастығы, қоғамдық, даму толассыздығы. Көркем әдиеттегі жинақтау типке әкелсе, даралау-мінезге әкеледі. Образ осылай туады. Демек, мінез—адамның ішкі бітімі болса, тип-сом тұлғасы.
 56. Мемуарлық шығармалардың жанрлық табиғатын ашыңыз. Ғұмырнамалық шығармалардың бір жүйесі – мемуар. Мемуар жанрында роман, повесть жазыла береді. Ғұмырнамалық туындылардың бұл жүйесі авторға мейлінше еркіндік береді. С. Айнис, Андрей Белый, Александр Бенуа, Сәбит Мұқанов мемуарлық шығармаларын деп атауға болады. Онда қоғам өмірі басты кейіпкер өмірімен телқабыс алынып, оның қабатында көп желі жарыса қатар тартылып, егізделе суреттеліп кете барады. Кейіпкер табиғаты да эпикалық тыныспен беріліп, характері жан-жақты ашыла береді. Мемуарға енер материалдардан тек естелік қасиет қана байқалуы тиіс деп ойлау бір жақтылық болар еді. Олай болатыны – адам өмірінің ескерткішінен табылар жазбалардың көбінің мемуар – ескерткіштенуі жиі ұшырайды. Мәселен, Л.Н. Толстойдың Ясная поляналық күнделігі күн аттарымен белгіленер күнделіктен гөрі, жазушының өткенді жазып қалдыра берген жалпы әңгіме жазбалары сипаттас. Бұны Л.Н. Толстой «...Менің жазбаларым менің оңаша ауылдық өмірімде болып жатқан оқиғаларымның күнделік дәптері іспеттес», – деп атады. «Тар жол, тайғақ кешу», «Өмір мектебі», «Орындалған арман», «Көз көргенде» негізгі кейіпкерлер автордың өзі. Мемуарлық роман жазуға дайындық жұмыстарын жүргізудің жауапты бір қыры автордың өмірлік материалдар мен фактілерді шығармасына дұрыс іріктеп ала білуіне байланысты. Адамның өмір жолында көрген, білген,естіген оқиғаларының барлығы мемуар жанрына енгізуге жарайды деп түсіну жаңсақтық. Басқа адамдар үшін елеулі маңызы жоқ, тек автордың жеке өмірінде ғана орын алған тым ұсақ нәрселер мен тұрмыстық детальдарды тықпалай беру көркемдік талаптар тұрғысынан мемуарды ұщпаққа шығара қоймайды. Бұдан шығатын қорытынды – автор өзін қоршаған қоғамдық ортамен, оқырманның рухани сұранысымен санасы білуі шарт. «Елдегі ауыр ахуал, биліктің жалған идеологиясы, орыстық үстем, нәсілшіл, шовинистік пиғылдың күннен күнге өршуі Бауыржанның суреткерлік ұстанымының қалыптасуына да қатты әсер етті. Ол қайткенде де қазақ ұлтын кеңестік идеологияның құрбандығын сақтап қалуға тырысты. Сондықтан, Бауыржанның «Ұшқан ұя» шығармасындағы бүкіл ұлттық болмыс мәселесіне, ұлт тағдырына қатысты салт-дәстүрлерді суреттеуі осындай ұстанымнан туған». Бұл да мемуарлық шығарма.
«Ұлы ақын»,– деп жазғанды В.Г. Белинский, – өзінің «Мені туралы айта отырып, бүкіл адамзат туралы әңгімелейді. Өйткені оның табиғатынан адамзаттық қал-жағдайы білініп тұрады. Сондықтан да оның жабырқау тартқан көңілінен әрбір адам өз мұңын түсіне алады. Одан ақынды ғана емес, сондай-ақ адамды, адамзаттың бауырын таниды» [16, 65]. Мемуар жазушылар өз өмірі, басынан өткергені мен жан тербегені жөнінде жазғанда әр туындылар, біріншіден, ...Олар баяғыда болып келгенімен-ақ, қазіргі оқырманға пайдалы, өйткені ол халқымыздың тарихындағы қуыс қалған орындарды бітеп отырса керек. Мемуар тек өткеннің ғана көрсеткіші емес, ол сол уақыттың да ой толғанысы, келешекке де болжам – тәрбие кітабы.
Мәселен «Өмір мектебі» желісі ғұмырнамаға құрылған. Мұндағы естелік суреттеулер – ғұмырнаманы ашу ретіндегі тәсілдер. Ал, «Тар жол, тайғақ кешу» қоғам өмірінің cан түрлі тартыстарын суреттеу жағдайында басталып, ғұмырнамалық жайды ішкі мазмұнына қарай орайластырады. Кей шығармаларда ғұмырнамалық шығарма соңына дейін бұлтарыссыз, өзге тәсілсіз бір қалыппен қозғалады.
Ә. Нұршайықовтың «Мен және менің замандастарым» ғұмырнамалық романындағы шығармашылық маңызды факторлардың бірі – автордың жазушылық лабораториясының ашылуы. Ұсынылып отырған кітаптың қалай өмірге келгенін әңгімелеп берумен шектеліп қалмай, айтып келе жатқан әңгімесін шығарманың кез келген тұсынан автор өзінің жазушылық лабораториясына қарай икемдеп бұрып алуға бейім. Мұндай үрдіс екі кітаптың да өн бойынан анық бой көрсетіп, атойлап отырады. Әсіресе өзінің күнделік сипатындағы жазбаларына оралып соға береді.
«Мен және менің замандастарым» өмірбаяндық романының авторы Ә. Нұршайықов өзінің шығармашылық өмірінің жарқын жақтарынан гөрі көлеңкелі тұстарын, ағалары мен әріптестерінен көрген қорлықтары мен қиянаттарын басымырақ суреттеп кеткен. Және осы бағытта айтылатын әңгімелердің оқылуы қызық, автор тарапынан жасалатын тұжырымдар да субъективизм нышандары байқалғанымен, оқырманға ой салып, пікір түйетіндей деңгейде.
«Өмір мектебі» кітабында бас кейіпкер автордың өзі, ол сондағы оқиғаларға белсене араласып отырады, замана жайында да толғаныс, тебіреністерін ортаға салады. Бұл кітап халық өмірін, түптеп тарта, асықпай-саспай кең қамтиды да, оның салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр құбылыстарын егжей-тегжейіне дейін дәл суреттеп отырады. Біздің көз алдымызда қырық жылғы бойғы уақыттың алуан түрлі қарбалас шиеленіс, қызу және қызық оқиғалары дәл бүгінгідей барлық әр – нәрімен туындап жатады.
            Романның бірінші кітабында Сәбит Мұқанов революцияға дейінгі қазақ ауылындағы феодалдық-потриархалдық қарым-қатынастардың сонау тереңде жатқан түп-тамырларына дейін өте дәл және үлкен шыншылдықпен айқын ашық көрсетті, жан түршігерлік жоқшылық, теңсіздік, зорлық-зомбылықты, отаршылдар мен байлардың екі жақты қанауымен тепкісін нанымды суреттермен бейнелеп берді. Бірақ суреткер әлеуметтік әділетсіздіктің түп тамырын дәл басып, ашып көрсетіп қана қоймай,халықтың терең қойнауында, халықтың жомарт жанының қалтарыс құрышында жыл санап жиналып, қонысына сыймай сыртқа тепкен жаңа да жарқын күштерін көрегендікпен аңғарып, жеріне жеткізе сипаттай білді. Бұл арада көптеген оқиғаларға автордың өзі белсене араласып, көзімен көргені өмірбаяндық мемуарлық шығарманың сәтті шығуына айрықша ұтымды әсер етті. «Өмір мектебі» - аса дарынды, өзгеге ұқсамайтын өзіндік мәнері бар әңгімешіл ретінде автордың өзін-өзі дәл тапқан төл қасиет туындысы. Ол барлық оқиғаны өз атынан баяндау формасын да дұрыс таңдап алған, сондықтан да шығарма жемісі соншама нанымды, дәлелді болып өздігінен құйылып-төгіліп тұрады. Ауылдың жарлы-жақыбайларының қайнаған ортасынан шыққан, барлық ауыл кедейлерінің балалары сияқты, революцияға дейінгі жетімдік пен жоқшылықтың ауыр қасиетін басынан кешкен үлкен жазушының, қоғам қайраткерінің өмірі кітапта өз халқының бостандық пен қайта өрлеу үшін күрестегі тарихи жолымен табиғи жағынан қиюласып, астасып жатады. Сонымен қатар осы романда әсіресе, оның ұлағатты ұлы адамдармен кездесуі, өзінің  шығармашылық  өсу жолы, қоғамдық, мемлекеттік қайраткер ретінде еліміздің игілігі үшін қызмет атқаруы, қаламгер достары, қазақ халқының белгілі өнер қайраткерлері жайлы сансыз сырлар шертіледі. Солардың ішінде Қажымұқан,Балуан Шолақ, Иманжүсіп сияқты күш аталары мен өнерді өрге бастыруда елге елеулі болған Иса Байзақов, Күләш Байсейітова, Ақмолалық атақты Ғазиз ақын, Әміре Қашаубаев сияқты өр тұлғалар да баршылық. Жазушы өз шығармасында бұл адамдардың есімдерін құрметпен атай отырып, олардың  адамгершіліктері, өмірдегі өрен жүйріктігі жайлы жұртшылыққа толық мағлұматтар бере кеткен.
57. С.Сейфуллин Тар жол, тайғақ кешу шығармсының жанрлық ерекшелігін талдаңыз
Сәкен Сейфуллин «Тар жол, тайғак кешу» романымен (Қызылорда, 1927) қазақ мемуарлық әдебиетінің негізін салды. С. Сейфуллин өзінің жеке бақылау-бағамдауына және нақтылы сенімді деректерге сүйене отырып, тарихи оқиғалардың және революция мен Азамат соғысына тікелей қатысушы жүздеген адамдар тағдырының ауыртпалықты жолын суреттеген. Автордың деректер мен оқиғаларды бейнелеудегі айқын саяси ұстанымдары және қарама-қарсы лагерьлердегі адамдар әрекеттеріне баға берудегі таптық көзқарастарына қарамастан, С. Сейфуллиннің шығармасы 1916-1919 жылдардағы Қазақстан тарихы бойынша күні бүгінге дейін ең жиі пайдаланылатын деректеме болып табылады.  С.Сейфуллиннің «Тар жол,тайғақ кешу» мемуарлық романы 1922-1927 жылдарда жазылып,1936 жылы қайта өңдеуден өткен.Шығарма 1916-1919 жылдардағы тарихи оқиғаларды суреттеген.Романда осы кездегі оқиғалар тарихи дәлдікпен беріліп,көркем суретпен бейнеленеді. «Тар жол,тайғақ кешудің» жанрлық жағынан ерекшелігі де – тарихтағы өткен оқиғалардың нақты көрсетілуі әрі оның көркем шығарма түрінде жазылуында.Басты кейіпкер – Сәкеннің өзі. Роман Омбы семинариасын бітірген Сәкен Сейфуллиннің Бұғылы еліне мұғалім болуынан,Ресейде өткен сынақ жұмысына араласуынан басталып,Әулиеатаға келіп,Шуда кеңес үкіметін құру сияқты саяси оиғалармен аяқталады.Осы аралықта 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс,төңкеріс кезеңі,ақ пен қызыл соғысы,түрлі партиялардың қызметтері,кеңес үкіметінің Ақмолада орнауы,Чехтар көтерілісі,Ақмоладағы кеңес үкіметінің құлап,өкімет мүшелерінің қолға түсуі,түрмедегі көрген азаптары т.б. суреттеледі.Шығарманың басынан соңына дейінгі оқиғалар,көркемсуреттер Сәкеннің өз көзімен көрген,өз көңілімен түйген дүниелер болғандықтан да,тарихи шындық қаз қалпында баяндалады. Жазушы тек тарихи оқиғаларды баяндап қоямай,сол кездегі әлеуметтік,саяси жайттарға тоқталып,тұрмыстық,этнографиялық ерекшеліктерді де көрсетеді.қазақ аулының қалпы,әсіресе алғашқы тарауларда берілген. 1936 жылы роман екінші рет баспаға әзірленгенде, автор оны елеулі өндеуден өткізген. Осы нұсқа бірнеше рет қайта басылды. Туынды орыс тілінде аударылды. Жазушы шығармаға арнап жазған «Беташар» деген алғы сөзде «Мақсұт 1916 жылдары болған тарихи қозғалыстың, ұлы өзгерістің Қазақстандағы өзім көрген, өзім білген, оқиғаларынан баспа жүзінде әйтеуір із қалдыру болды» дейді. Шынында автор осы алға қойған жазушылық міндетін түгел орындап шыққанын көреміз. Романның «Тар жол, тайғақ кешу» деген аты автордың идеяны ашуда образдық, символдық рөл атқарса, жеке тарауларға берілген аттарда саяси, көркемдік дәлдік бар. Туындыдағы барлық негізгі сюжетті ақынның өзі бастан кешкен, не өзі көзімен көрген, не өзі естіген оқиғалар жүйесі құрайтындықтан, шығарманың автобиографиялық, тіпті мемуаралық сипаты сезіліп тұрады. Мұнын үстіне Қазақстан өміріндегі аса маңызды әлеуметтік қоғамдық істер, күрделі тартыстар, дәлірек айтқанда, 1916 жылғы ұлт азаттық қозғаласы, төңкеріс жылдарының көрінісі, нақты дерекпен, объективті тұрғыда көрсетілгендіктен де бұл туындыда саяси роман қасиеттері мол. Әр түрлі партиялар программаларын, түрлі қоғам қайраткерлерінің дүние танымын, мақсаттарын, заман шындығын дәл беру үшін жазушы тарихи деректерді, газет материалдарын өзгеріссіз қалпында, цитата түрінде алып отырады. Ондай көркемдік тәсілдер шығармаға көсемсөз, журналистика элементтерін ендірген. Осындай жайттар «Тар жол, тайғақ кешуді» тарихи мемуаралықроман деуден гөрі, деректі саяси роман қатарына қосуға көбірек негіз береді. «Мұнда талай кісілердің аттары аталды. Тарихи қозғалыстың көрген, білген оқиғаларын жазған соң, әрине, кісілердің аттары кірмеске болмайды. Мақсат біреуді көтеру, біреуді жамандау емес. Зор қозғалыстың, зор өзгерістің әр кезінде, әр түрлі пікір, әр түрлі әрекет болған. Ол — тіршіліктің, тарихтың ісі. Азын-аулақ қазақтан шыққан, ұлы өзгеріске қатысқандардың ұстазы Ресей большевик партиясы болып, революцияның жалпы жауларына қарсы шығысқанда, күрескен дұшпанының бірі «Алаш» еді. Бұл кітапта «Алаш» туралы көп әңгімелер айтылды. «Алаш» туралы әңгімелер айтылғанда әлгі айтқандай сол Алашордада болғандарды айыптамақ ниетімен айтылып отырған жоқ. Тек тарихи мағлұмат ретінде ғана баспа жүзіне шықсын деген оймен айтылды. «Алаш» деген,«Алашорда» деген болды. Оның Октябрь төңкерісіне қарсылық еткенін жұрт өзі де қазір тегіс көріп отыр. Ұлы өзгеріс, революция уақытында «Алашордада» болған адамдардың талайы адасқанын мойнына алып, Совет үкіметіне мойынсұнды. 6 Әдеби KZ Талайы большевик партиясына кіріп те отыр. «Адасқанның айыбы жоқ қайтып үйірін тапқан соң». Бұл кітапқа «Қызыл Қазақстанда» жазылған мақалаларымның «Тар жол, тайғақ кешу» деген атын қойдым. «Ұлы өзгеріс», «Ұлы өткел», «Ұлы асу» деген аттар ойыма келіп еді. Көзбен көргендерім кітапта көбірек айтылған соң, «Тар жол, тайғақ кешу» деген атты лайықтырақ таптым. Бұл атты, жалпы, суретті мағынада алдым. Газеттерден мағлұматтар көп кірді. Бірақ «Бірлік туы», «Жас азаматтар», «Үш жүз», «Тіршілік» газеттерінің керекті номерлері қолыма түспеді. Өйткені мен бұл кітаптың көп жерлері тарихи мағлұмат болуға жарар деп білдім» дейді.
58. А.Нұрмановтың Құланның ажалы романындағы Құлан бейнесі Табиғат пен адамның қарым-қатынасы бірінші кезекке шығып, ауқымды міндеттерді шешуге атсалысатыны бар да, бұл жайттың қоғам тынысын яғни адам мен қоғамның қарым-қатынасын айналып өтпейтіні мәлім. Сонымен қатар адам мен қоғам арасындағы байланысты яғни адамның қоғамдағы орнын, сол қоғамға деген көзқарасын саралаудың бірінші кезекке шығатынын А.Нұрмановтың «Құланның ажалы» романы дәлелдей алды. Алайда біз сөз етіп отырған адам мен табиғат байланысының бұл шығармаға шебер үйлескенін аңғару қиындыққа түспейді. Егер уақыт атты философиялық ұғым тұрғысынан келсек, Құлан –кешегі ақ пен қызыл шабысқан дүбірлі кезеңнің өкілі. Роман оқиғасы сол дүрбелеңнен кейінгі кезеңді қамтыған. Шығарма да ХХ ғасырдың екінші жартысында жарыққа шықты. Құлан – өмір туралы, өмірдің мәні туралы ойланып, белгілі бір тоқтамға келуге үлгермей кеткен асқақ рухтың иесі. А.Нұрманов ұстанымы кейіпкерін әлеуметтік, тарихи, саяси, рухани, философиялық сарындарды шебер үйлестіре алып, органикалық бірлікке, тығыз байланыс биігіне көтерген. Жазушының авторлық ұстанымы, идеясына қатысты мәселелерді қозғасақ, қаламгер санасы мен қаһарман санасы – эстетикалық өзара тығыз байланыста, адам өмірінің мән-маңызы, оның рухани бастаулары туралы өзіндік концепциясын ұсынған қаламгер ойы эстетикалық категория ұғымымен жымдасып, көркемдік шеберлікпен таныла алған. Бір емес, екі биліктен де сая көрмей, аласұрған бас кейіпкердің жан әлемін, ішкі дүниесін ашуда автордың жүгінетіні – табиғат. Қаламгер А.Нұрмановтың «Құланның ажалы» романындағы адам мен табиғат үндестігінің кескінделуі жоғарыда айтылған ауқымды жайттардан бастау алса, әр шығармасына жазушылық шеберлікпен қарайтын, әлем оқырманына танымал Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы да Арал экологиясын жазушылық дүниетанымымен бейнелеген. Шығарманың әлем, қазақ әдебиетіндегі соны сипаты да, поэтикалық қуаты да осы қасиеттерінде деп білеміз.
59) Қазақ әңгімелеріндегі дәстүр (Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов өнегесі) ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Әңгіме, әдебиетте — оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов тағы басқа. Әңгімелері — қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай әңгімелерді халықаралық фольклортануда меморат деп атайды. Бейімбет өмірде де, шығармаларында да лепірме қызыл сөзден тіпті аулақ болған адам. Ол туралы сөз айтқанда да көпіртіп сөйлеу келіспейтін сияқты. Әйтсе де осы жазушының туындыларын оқығанда, ол туралы ойлағанда көбіне-ақ сүйсініп қайран қаламын да тіліме асқақ теңеулер орала береді. Бейімбеттен қалған қазына — ұлан-байтақ тұтас бір өмір десек артық болар ма екен. Жазушы қалдырған дүниенің аумағы (кітабының санын ғана айтпаймын) қандай ірі суреткерге де жеңіл жүк емес. Онда қазақ өмірінің тұтас бір ең қызықты дәуірі жатыр. Ол дәуір Октябрь революциясынан бастап отызыншы жылдарды орталағанға шейінгі ел өмірі. Сол тарихи жаңару дәуіріндегі патриархалдық-рулық философиядағы қазақ шаруасының саяси, рухани өсуі, оның таптық, ұлттық психологиясындағы терең өзгерістер. Жазушы Бейімбетті — зерттеуші ғалымға теңеуге болар еді. Оның лабораториясы — бүкіл халық, зерттегені ел өмірі, адам характері, психологиясы. Майлин жасаған тамаша характерлерді санап шығудың өзі оңай емес. Оның шығармаларында сан алуан естен кетпес бейнелер жүр. Сол кезде заман туғызған біраз характерлер қазір біздің арамызда жоқ, заман өзгере келе адам да өзгереді. Сондықтан да соларды, кәдімгі арамызда жүргендей жанды қалпында сақтап қалған жазушыға көптен көп рақмет айтқың келеді. Жазушы болмаса сонау жылдардағы қазақ шындығы туғызған талай қайталанбас қызық-қызық бейнелеp біздің әдебиетімізге келмес еді.Жалбыр, Таңсық, Мұқыш, Айша, Раушан, Берен, Бәкен, көк сиырлы Дайрабай, Арыстанбайдың Мұқышы, Азамат Азаматыш... Бұл тізімді соза беруге болады. Солардың әрқайсысы типтік дәрежеге көтерілген жанды бейнелер. Бейімбет шығармаларын оқығанда бұлардың бәрін көргендей, бәрімен бірге жүргендей боламыз. Осы сияқты Бейімбет жасаған ондаған образдар болмаса қазақ әдебиетінің портреттер галереясы ойсырап тұрар еді. Бейімбеттің шыншылдығы мен көркемдігі, ұтқыр жинақылығы (лаконизм) осы заманғы ең алдыңғы қатарлы әдебиеттің дәрежесінде тұрған сан алуан әңгімелері мен повестері болмаса жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы қазақ өмірін көрсетуде біздің әдебиет дәл бүгінгідей мақтана алмас еді. Майлин өзі өмір сүрген өз заманын жазған адам. Бірақ ол сырттан барлап, суретке түсуші емес, өз дәуірінің тек жансыз айнасы ғана емес. Сол кезде әдебиетіміздің жастығынан көп жазушылар схематизм мен примитивизмге бой ұрып өмірдегі сыртқы құбылыс, өзгерістерді жазса, өзгеріс процестерін көрсетудің орнына өзгерістердің нәтижесін ғана берсе, Майлин өмір диалектикасына терең үңіле білген. Көшпелі халықтың санасы мен психологиясындағы өзгерістерді жіті көзбен, көңіл көзімен көріп, шынайы көркемдікпен аша білген. Сөйтіп шын мәнінде жаңалықтың жаршысы болған адам.Бейімбет шығармаларының тағы бір абзал қасиеті азаматтық сарынының күштілігі. Шебер суретші өмір көрсетіп қана қоймайды. Бүкіл талантымен сол өмір үшін халықтың қамы үшін алысады. Өмірдегі кедергі болған жайларды, әділетсіздікті әшкерелейді. Жазушы өз xалқы үшін, социалистік әділет үшін екі майданда күрес жүргізеді. Бірі тап жаулары — байлар, солардың құйыршықтары болса, екіншісі совет жолын бұрмалаушы жалған белсенділер, топас әкімдер, жеке басының қамы үшін елдің мақсатын сататын мансапқорлар. Бұларға келгенде жазушы ащы мысқылмен ғана шектелмей отты публицистикаға да ауысып кетеді.
60) ----------
 
 
 Бейімбет Майлин - әдебиетіміздің барлық саласында әртүрлі жанрларында бірдей қызмет еткен жазушы. Оның шығармашылығына тән халықтық, қарапайымдылық қасиет тек поэмасында ғана емес, прозалық, драмалық шығармаларында да ерекше байқалады.
      Әдебиетіміздің проза саласында, әсіресе, оның көркем әңгіме сияқты шағын жанрында Бейімбеттей көп еңбек еткен жазушы кемде- кем. Қара сөздің техникасын қазақ жазушыларының ішінде Бейімбеттей жақсы білетін кісі кемде – кем десе де болғандай. «Қазақ әңгімелерінің аса көркем үлгілері Бейімбеттің өзгеше мұрасынан танылатын» деген Мұхтар Әуезовтің пікірі жазушы шығармашылығына берілген әділ баға.
       Бейімбеттің проза саласындағы тұңғыш еңбегі – «Шұғаның белгісі» атты атақты повесі. Бұл шығарма жазушының прозадағы тырнақалды еңбегі бола тұра көтерген тақырыбы, тіл көркемдігі; оқиға тартысын өрбітудегі жазу шеберлігі жағынан қазақ әдебиеті тарихындағы кезеңді шығармалардың бірі болып есептелінеді. Повестегі басты образ – Шұға махаббат бостандығын аңсап, сүйген жігіті Әбдірахманға қосылу тілегін орындай алмай, қайғы – шермен қаза болады. Повестің негізгі тақырыбы-махаббат бостандығын аңсаған жастар жайы. Өз заманының көзі ашық оқыған жігіті Әбдірахман Есімбек деген байдың Шұға деген жас қызына ғашық болады. Қыз да Әбдірахманды ұнатады. Көбірек жүздесіп білісудің нәтижесінде бұл екі жас бір – бірін көрмесе тұра алмайтындай дәрежеге жетеді. Екеуі де махаббат құшағына бөленіп тату – тәтті өмір сүруді аңсайды. Әкесінің Әбдірахманға қарсы екенін сезген Шұға өз арманына жете алмайтынын білген соң күйіктен ауырады. Оның ауруы асқынып, өмірден үміті үзіле бастағанын сезген әке Әбдірахманды шақыртады, жалғыз қызының айтқанына көнбек те болады, бірақ Әбдірахман келгенше Шұға қайғылы халде өліп кетеді. Повестегі негізгі мәселе Шұғаның тағдырымен тығыз байланыстырылған. Шұғаның махаббаты, арман – мүддесі, қайғылы зары, трагедиялық халі түгелдей әңгіменің арқауын құрайды. Оқиға сол желі арқылы өріліп ширатылады да, сол жіптің үзілуімен бітеді. «Шұға өмір сүрген ортаны, заман жайын, дәуір кейпін де аңғартарлықтай бірнеше характерлер жасай білген. Шұға - Әбдірахмандар мен  олардың махаббатына сүйсіне қарап, қайғысына ортақтасушы. Шұға тарихын әңгімелеуші «сиректеу сақал  мұрты бар, қара бұжыр» кісі де, Есімбек байдың малайы Базарбай да ұнамдылық мінез-құлқымен өздерінің жарқын бейнесін танытса, бұларға жау болып көрінген Есімбек бай мен Қажыбай, Айнабайлар да өздерінің кертартпалық, жұғымсыз әдет-ғұрыптарымен оқушының соншалықты жеркеніш сезімін тудырады. Көлемі шағын ғана шығармада бірнеше кейіпкерлердің мінез-құлқы мен характерін драмалық, жекелік ерекшеліктерімен шынайы суреттей білу - жазушының асқан шеберлігін көрсетеді. Бірақ, реалист жазушы Бейімбет ұнамды кейіпкерлерін жылтыратып, боямалап, әсіре қызыл қуыршақ бейне етіп көрсетуден мүлде аулақ. Ол өз кейіпкерлерін адамға тән қадір-қасиет, жақсылы-жаманды мінез –құлқымен жанды бейне ретінде суреттейді. Бұған Әбдірахманның ынжықтау, басқа түгіл өз қара басын қорғап ала алмайтын осалдықтарының  өзі-ақ айғақ бола алады. Қалайда Бейімбеттің бұл шығармасы көркемдік шеберлігі жағынан құндылығын осы кезге дейін жоғалтпаған ірі туынды, көрнекті шығарма болып табылады.
       Прозадағы  алғашқы шығармаларының бірі  – «Сексен сом». Мұнда Егеубай  деген кедейдің бір күндік  өмірін суреттеу арқылы жазушы  «елім, жұртым» деп өтірік көлгірсіген  алаш өкіметінің елді тонаушылық  саясатының бет пердесін әшкерелейді.  Жалғыз аты бар Егеубайға «алашорда» ашылыпты, соның шығыны деп үй басы «сексен сом» беретін болдық» деген Тынымбайдың хабары аспаннан жай түскендей көрінеді. Бұдан бір ай бұрын да 80 сомды төлей алмағаны, үшін «мынау большевик қарсылық көрсетіп тұр» деп ұстатып жібере жаздағаны есінде. Енді,міне, «Сексен сом» үшін алаш жігіттері Егеубайдың жалғыз көк шолақ атын алып кетеді.
       Ел басына туған аштық апаты жайлы да жазушы біраз шығармаларын жазады.Солардың ішінде асқан реалистікпен суреттелгендері – «Күлпаш», «Аштық құрбаны», «Әже». Осы үш әңгімеде бұл мәселе үш қырынан көрінеді.
        «Күлпаш» әңгімесі 1922 жылы жазылған. Кедей үйінің жұпыны түр-әлпеті. Ішерге ас, киерге киім жоқ. Алты айғы қыс аштық қысып әбден жүдеген жандар. Күлпаш пен баласы Қали аштықтан ісінген, сенері - ел қыдырып қайыр тілеп кеткен Мақтым. Мақтым ертемен тұрып ел қыдырып кетсе, әйелі Күлпаш сол бірдеме әкелетіндей өзін-өзі адастырумен болады. Елден қайыр сұрап кеткен Мақтым да дорбасын мойнына арқалаған бойы күн батып кеш қарая үйіне әрең жетеді. «Қыржиып тырысқан қысқа тон қаудырлы қатқан жаман тымақ, аяғында қонышынан басылған жаман етік; мойнында дорбасы бар жағы суалып, көзі адырайып, адам бейнесі кеткен біреу есіктен кіреді. Бұл - Мақтым еді.» деп жазады жазушы. Осы өмір үшін күресуге де ешбір дәрмен қалмай, аштықтан құтылудың амалын таба алмай отырған Күлпашты туған сіңлісі Раушан келіп айландырады. Раушанның ақылы бұл түріңмен аштан өлесің. Одан да Жұмағазыға ти. «Оған тисең өзің би,өзің хан боласың, 40-50 қарасы бар. Бір ауылдың байы. Бұрынғы қатынынан бала қалған жоқ. Жасы биыл тап 40-та.» Аштықтан шаршаған Күлпаштың қайрат - жігерден, ақылдан да айрыла бастағанын сезген сіңлісі: «....Не бар тамақ соның үйінде, бұзылмаған қазы, бүрулі ет, шұжықтың саны жоқ....Әлі күнге дейін дастарханның наны үзілген емес» деп қызықтыра түседі. Тамақтарды тізіп өткенде Күлпаштың аузынан  суы ағып, есі кете жаздайды. «Қарағым-ай, өздерің білші...мен естен танған кісі ғой – дейді ақырында. Сонымен аштық әуелі Күлпаштың бойын жеңіп сай – сүйегін босатса, ойын да, ақыл – есін де, адамдық, аналық қасиетін де жеңеді. Жалғыз ұлы Қали мен сүйіп қосылған жары Мақтымды өлімге қиып, өз басының тірі қалу қамын ойлап, көрмеген, білмеген Жұмағазының үйіне соның тоқалы болуды мойындап кете барады. Жазушы Күлпаш басындағы осы бір ауыр күйзелістерді қарапайым ғана суреттермен шынайы бейнелейді. Күлпаштың жалғыз ұлын да тастап кетуге бет алғанына оқушы сенеді, енді оның кетуін, Жұмағазыға әйел болған күндерді суреттеудің қажеті де болмай қалады. Енді жазушы баласын сағынып, жолдасы Мақтымды аяп, соларды өлімге қиып кеткеніне арланған ананың аяулы келбетін суреттейді. Әңгімені тебіренбей оқу мүмкін емес, кейіпкермен бірге еріксіз күйзелесің – «Әттең кедейлік, әттең аштық, қылдың – ау!..» деп жазушымен бірге ренжисің. Қысқа ғана әңгімеде жазушы бір отбасының басына тап болған трагедиялық халді шебер көрсете білді. Реалист жаушы өмір шындығын айнытпай дәл басады.
        Аштыққа байланысты әңгіменің бірі – «Аштық құрбаны». Бұл әңгіме тақырыбы жағынан «Күлпаш» әңгімесіне сабақтас, тек көркемдік шешімі өзгешелеу. Қайрақбай кедейдің отбасы аштыққа алқынып, содан құтылудың амалын таба алмай қиналып, күйзелген күңгірт күндері сөз болады. Қайрақбайдың жер үйінің іші ит байласа тұрғысыз азынап тұр. Отқа жағар отын, ішерге ас жоқ. Қайрақбайдың әйелі Шырынкүл сөніп бара жатқан оттың шоғын шыпшамен көсеп жайнатқан болады, бірақ жанып біткен қамыстың шоғы сөніп қала береді. От сөнгенде бұлардың өмірі де сөнетіндей сезінеді. Қара судан бөлек ішетін ұрттам тамақ жоқ. Екі күннен бері дым татқан жоқ. Мұның ар жағы не болмақшы?  «Жақ сүйегі сорайып, екі көзі аларып, еңсесі түсіп Қайрақбай отыр: Екі көзі жаутаңдап, әкесінің шоқпыт күпісіне орана түсіп, сегіз – тоғыз жасар бала Таңсық жатыр. Бәрінен де қайғылы, бәрінен де жүдеу, біресе жылаған шешесіне, біресе еңсесі түскен әкесіне қарап жаутаңдап Дәмеш отыр», - деп суреттейді жазушы Қайрақбай отбасының ауыр күндердегі көрінісін. Дәмеш - он алтыға шыққан қыз. Ол қатарлы жұрттың балалары кісіге жалданып әке – шешесін асырап отыр. Неге еркек бала болып тумағанына күйінеді Дәмеш. Аштықтан шаршаған Қайрақбай отбасының жайын түсінгендей боран да үдей түседі, жел ысқырып, ұлығандай, сақылдап күлгендей, сарнап жылағандай болады. Қараңғылық түнеріп әлемді тұншықтырып бара жатқандай секілді сезінеді. Аштықтан құтылудың бірден-бір амалы - Дәмешті күйеуге беру деп біледі анасы. Әке – шешесін, бауыры Таңсықты аштық тырнағынан ажыратып қалу үшін жанын садақа қылуға Дәмеш те әзір. Алыстағы шал Тілеумағамбет тоқалдыққа сұрап отыр дегенді естігенде Дәмештің жүрегі мұздап, тұлабойы қалтырап кетеді. Апыр – ау, өлейін деп отырып қызды қайтеді екен? Өзі өлгенше қатын үстіне болса да балаларының біріне неге әпермейді екен?.. Болса да сатылатын болған соң, тым болмаса жас жігіттің душар болмауын қарашы!» деп армандайды аштықтан құтылу үшін өзін құрбандыққа әзірлеген Дәмеш. Оқиғаның одан арғы шешімі Дәмештің Рахилаға жазған хаты арқылы баяндалады. Рахилаға Дәмеш өзінің басынан кешкен жәйттерді: Тілеумағамбет шалдың үйінде күнін өткізіп жүргенде ол үйге бір «төре» қонақ болып, оған Дәмеш арызын айтып өзіне, әке – шешесіне бостандық алғанын, ақырында сол «төре» екеуі қосылып, бақытты өмірге жеткені жайлы баяндайды.
61)-------------
«Көркем прозадағы психологиялық талдау» атты диплом жұмысында әдеби кейіпкердің жан диалектикасын, ішкі рухани әлемін, құпиясы мол күрделі табиғатын зерттейтін әдебиеттану ғылымындағы психологизм поэтикасының теориялық мәселелері жан-жақты қарастырылады. Психологиялық романның өзге жанрлық түрлерден ерекшелігі кейіпкердің жан дүние бейнелеуінен көрінеді. Суреткер кейіпкердің жан дүние диалектикасын, белгілі бір іс-әрекетке бастар көңіл-күйінің себеп-салдарын көркемдік тұрғыда талдап жазғанда ғана шығармада психологизм өріс алады [1; 13б]. Бұл ойымызды нақтыласақ: "...әдебиеттегі психологизм-кейіпкердің ішкі әлемнің толық суреттелуі шығармадағы эстетикалық әлемнің бөлігін құрайды" [ 2;834б].Шынында да көркем шығармада кейіпкердің әр түрлі қалыптағы қарама-қайшы дүниетанымын, көзқарастарын, іс- әрекеттерін, көңіл күйлерін тереңдей талдап, жан-жақты бейнелеу психологизмнің көркемдік табиғатын танытады.Ғылыми сында психологиялық талдаудың аналитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М.Храпченко Н.Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген. Психологизмнің бұл түрін Б. Майтанов М. Әуезов шығармашылығымен байланыстырып "тұйық психологизм" [3;86б],- деген ат береді. Бұл синтетикалық психологизмнің өзгеше бір сергек те, сыпайы түрі деуге келеді. Синтетикалық психологизм дегеніміз - қоғамдық тартыстағы кейіпкер көрсететін іс-әрекет, қақтығыстар сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі құбылулар.Жоғарыда аталған синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу,ішкі толғаныстарды көрсету, жан диалектикасын бейнелеу-аналитикалық психологизм деп аталады. Аналитикалық тәсілдің басты көрінісі-ішкі монолог. Адамның сезім-күйін, ой-толғанысын, күйініш-сүйінішін барлық қайшылығымен асқан шеберлікпен шынайы әрі дәл де нанымды нақышпен бейнелейтін психологиялық романның ерекшелігі жанрлық талап пен автордың кәсіби шеберлігінде жатыр. Психологиялық романның көркемдік әлемін Ф.М. Достоевскийше түсінсек, бар мәселе - автордың оқырманды өз кейіпкерінің ішкі өміріне қалай ендіруінде жатыр. Кейіпкеріне сөз бере отырып, оның сана ағымын, қақтығысқа толы рухани әлемін, жан қозғалысын нәзік детальдармен бейнелей білу нағыз шеберліктің шыңы[4;88б].Психологиялық роман табиғатының өзі жеке адам тағдырын екі әлем, атап айтсақ, сұлулық пен ұсқынсыздық, саналылық пен бейсаналық, өмір мен өлім т.б. арасындағы ымыраға келмейтін күрес пен мәңгілік құндылықтар жайында ой қозғауға мәжбүр етеді. Бұл-психологиялық туындыға қойылар басты шарттардың бірі.Психологиялық шығарманың өзіне тән жанрлық ерекшеліктері нақты көркем мәтіндерді талдау барысында төмендегідей айқындалады:Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді.Екіншіден, мұнда ең бастысы-жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адам бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынадыҮшіншіден, шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады.Төртіншіден, психологиялық прозаның көркемдік әлемі өзінің жанрлық талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды [1;14б].Негізі, көркем шығармада психологиялық талдау жасалынбаса "адамның ойына өң беріліп, көңіліне күй түсірілмейді" 
62)--------------
Творчестволық эволюцияның батыл да, еркін жанры — повесть. Əдебиетші Лев Якименконың айтуына қарағанда, роман-эпопея секілді, повесть- эпопея деген жанр үлгісі болмақ. Ғалым пікірін батыл айтқанымен дəлелдеп үлгермей көз жұмды. Қазақ жазушылары повестерінің зерттелуі төл əдебиеттану ғылымымызда ескерусіз қалған жоқ. 1970-80 жылдарда қазақ əдебиетінде осы- ған дейін жетекші жанр саналып келген роман өз орнын повесть пен əңгімеге ұсынғандай болды. Себебі, XX ғасырдың соңғы ширегінде қарқындай дамыған ғылыми техникалық рево- люцияның (FTP), одан бергі ақпарат ағынының əсерінен, қысқалық пен нұсқалық сөз өнеріне де тəн бола бастады. Көркем əдебиеттің орнын ақпараттар ағынын тасқындатқан теледидар мен радио баса бастағандықтан, адамдардың, яғни оқырманның уақыты мейлінше азайып кетті. Уақыт пен мезгілдің заңды талабына сəйкес дүниежүзілік əдебиетте повесть жанры алдыңғы қатарға шығып, дəуірінің ең басты проблема- ларын қорғауға міндет алды. Жеке бастың (тұлғаның) рухани-адамгершілік əлемі, гуманис- тік, философиялык, этикалық проблемалары – міне, атан түйеге жүк боларлық осынау аса ауқымды мəселелерге жауап беру, ізденіс сапа- рына шығу – қазақ повесінің тақырыптық-идея- лық ерекшеліктерін көрсетудің басты шарты болды десек қателеспеспіз. Замана талабы қанша тосқауыл қойғанымен, қазақ қаламгерлері "өткізу үшін шындықты, өтірік қостым ішіне" (Қ.Мырзалиев) дегендей, тұспалдап талай нəрсені жеткізе білді. Ал бұл ұлтымыздың қоғамдық сана, ақыл-ойының кемелденуіне едəуір ықпал еткені даусыз. Жаңаша ойлау процестерін біраз жеделдетіп, оның қанат жайып өрістеуіне, тарихи қажет- тілікке айналуына өз повестерімен үлкен үлес қосқан Д.Исабеков те осы кезеңде шағын жанрға қарымды қалам тартты. Осы жылдар ішінде ол "Гауһар тас", "Мазасыз Күндер", "Пері мен періште", "Дермене", "Сүйекші", "Тіршілік", "Біз соғысты көрген жоқпыз" повестерін дүниеге əкелді. Əдеби дамудың жаңа кезеңінде шығармашы- лығын бастаған жазушы Д.Исабеков те қаһар- манын өзгеше орта мен жағдайдан таңдап алып, кейіпкер бейнелеудің ашылмай жатқан қалта- рыстарына көңіл бөлді. Мұны байқаса да, идео- логияға сай дəстүрлі көзқараспен сараптағандар да, тың ізденіс деп бағалағандар да бар. Ш.Елеу- кенов «Д.Исабековте жақсылық азап шегеді» [1,48] деп таныса, Р.Нұрғалиев «жаншылған тағдыр» [2,154], Б.Ыбырайымов «бейшара жан» [3,94] деп, кеңестік пайыммен сынайды. Ал С.Қирабаев, Т.Тоқбергенов т.б. зерттеушілер мұндай бағалауларды суреткердің психоло- гизмді сəтті пайдалануымен байланыстырады. Д.Исабековтің заманға терең зер салуынан туған кейіпкерлері өмірінің өзгеше өрілуінің бір се- бебі шебер психологиялық мүсіндеуінен деп пайымдайды. 60-70-жылдар жазушыларының ішінен Д.Исабеков туындыларын жан-жақты қарастырып, суреткердің шығармашылық дара- лығы мəселесін көтерген М.А.Қанафина диссер- тациялық еңбегінде жазушы шығармаларындағы керкемдік тартыстың түрлерін анықтап, заман- дастар проблемасын зерттеді, композиция құру, психологиялық талдау, тілдік құралдар қолда- нуын өзіндік стилі деп тұжырымдаса, кейінірек Д.М.Неталиева жазушының повестеріндегі ұлт- тық мінез сипаттарын талдайды. Қ.М.Хамзина қазақ повестеріндегі көркем уақыт жəне кеңістік (XX ғ. 70-80 ж.ж.) мəселесін зерделей отырып, осы категория шеңберінде өзге авторлармен бірге Д.Исабеков туындыларындағы адам кон- цепциясын, сюжеттік-композициялық құрылым ерекшеліктерін саралайды. Уақыт пен кеңістік ұғымын жазушы ізденісіндегі ұлттық болмыс ерекшелігімен байланыстырады. Дулат Исабековтің «Сүйекші» повестінде тек өз заманының ғана емес əр замандағы адам бойындағы ізгілік пен зұлымдық концепциялары сөз болады. Əлем ойшылдары Ф.Кафка мен Ж.Сартрдың жеке тұлғаның өз тағдырьна қатыс- сыздығы жəне өз өміріне параллель өмір суруі тəрізді идеялары негізінде туды деуге болатын- дай. Жапандағы жалғыздық, "құдайы жоқ мынау əлемде" (Қ.Мырзалиев) күнелту (өмір сүру емес - күнелту; не жить а существовать) тақы- рыбы əдебиетімізде бұрыннан-ақ бар. Сөзіміз- дің дəлелі ретінде М.Əуезовтің "Қорғансыздың күні" əңгімесін алуымызға болады. Сонымен қоса, Ш.Айтматовтың «Боранды бекетіндегі» əлемдік концепцияның тууына себепкер болған мəңгүрттік ұғымы заман өте келе тек формасын ғана өзгертіп отырады. Осындай мəселелердің теориялық жəне əдіс- намалық негізін Қазақстан жəне шетел ғалым- Вестник КазНУ. Серия филологическая, №2(132). 2011 285 дарының көркем əдебиеттегі кейіпкерлер мен образдар көрінісі жайлы жазылған, көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыдан талда- ған, сондай-ақ Д.Исабеков шығармашылығын зерттеген еңбектер құрайды. Атап айтқанда, В.Оскоцкий, И.С.Кон, В.Н.Гвоздей, М.Чимпой, Б.Бурсов, Ю.И.Суровцев, А.Мамедова, И.Ғабдиров, М.Дүйсенов, М.Əуезов, М.Базарбаев, Ш.Елеу- кенов, Н.Ғабдуллин, Б.Əлімжанов, С.Қирабаев, Т.Тоқбергенов, С.Асылбекулы, С.Таханов, Б.Ыбырайымов, Қ.Ергөбеков, С.Таханов, Қ.Əбдезұлы, Б.Ыбырайымов, С.Асылбекұлы, Б.Кəрібозұлы, Р.Мұқышева, Д.Неталиева, А.Таңжарықова т.б. Д.Исабеков шығармашы- лығының əр қырына қатысты сын, зерттеулерде ғана сөз болған кейіпкер, ұлттық мінез мəселесі арнайы тақырып ретінде сарапталды жəне қазіргі қазақ əдебиетіндегі мəн-мағынасы, орны анықталды. Шығармаларды талдау арқылы онда кездесетін қазіргі кезеңдегі адами құлдыраудың формалары анықталды. Бұл орайда қазақтың адамтану жəне адамды бағалау философиясы негізінде жазушы қалыптасқан социалистік реализм əдісіне өзгеше қырынан келіп, кеңестік кеңістіктегі əдебиетке қозғау салуға үлес қосқандығын айта кеткіміз келеді. Ұлттық рух, ұлттық сана турасындағы идеясын ашық немесе емеурінмен білдіре отырып, өз заманының идео- логиялық пайымын бұзуға тырысты. Тұрмыстық трагедияларды жаза отырып, кейіпкердің бел- сене күреспесе де жеңіп отыруын ұлттың жан сырынан, ділінен іздегендігі байқалды. Қазақ- тың өмір сүру философиясы арқылы ұлттық мінез сипаты сараланып, жазушы концепция- сындағы қазақ реализмі танылды.[4,23] "Сүйекші" - қаламгер шығармашылығьндағы, ол ғана емес, ұлттық əдебиеттегі өлі сөз етілме- ген тыңға түрен салған туынды болды. Сүйекші Тұңғыш кім? Ол – ішкі жан-дүниесі тоналған базардай тоз-тозы шыққан, кеудесінде жүрегі соғып тұрғанмен, жаны өлексеге айнал- ған жан. Француз ойшылы Ф.Кафка пəлсапа- сының негізі – тұлғаның өз өміріне қатыссыз- дығы (отреченность) идеясы. Орыс ойшылдары мен жазушыларында (əсіресе XIX ғ. II жарты- сында) да "прокаженный" яғни "аластатылған" ұғымы жиі кездеседі. Тұнғыш та өмірге біреудің аяулы перзенті болып іңгəлап келді. Ата-ана мейірімін түйсініп үлгермей жатып, аманатқа калдырылған бала көрінгеннің көзтүрткісіне айналды. Кез-келген адам баласының жүрегінде мейірімнің шуақты нұры құйылып сақталатын құты болады десек, осы құты Тұңғышта жойы- лып кетті. Жаны қайырым көрмеген пенде рухани тұрғыдан кедейлене келе бір кездерде "жаны тоналған рухани мешеуге" (Қ.Ергөбек) айналары сөзсіз. Осыдан келе пенденің өзі сүріп отырған өмірге деген немқұрайдылығы, қатыс- сыздығы шығады. Тоғыз жасында Аманаттың күйін кешкен Түңғыш балалықтың бал дəмінің орнына есік- тегі иттің басына тілемейтін азап күн кешеді. Зілді зар мен ащы мұң енді Аманатты Кеңке- леске айналдырады. Тəні бар, жаны тірі аруаққа айналғандарды бүгінде ғылым мен парапсихо- логия тілінде зомбилер деп атайды. Кеңкелес те сондай. Нұқып айтқан мырзаның бұйрықтарын түгел орындауға əзір, өзі үшін немесе өз жаны- ның рахаты үшін басы да ауырмайды, балтыры да сыздамайды. Кеңкелес боп жүріп ер жеткен Түңғыш үйленіп, үй болып, жеке түтін түтетуді ойланбайды тіпті. Физиологиялық табиғи дамуы тежелген мұндай сұмдық оқиғаны Ш.Айтматов- тың "Боранды бекетіндегі" əлемдік концепция- ның тууына себеп еткен мəңгүрттік оқиғасынан кездестіруімізге болады. Перзенттік сезімнен тірідей айрылу оқиғасыньң түбі жоңғарлардың жан түршігерлік жазалау əдісінде жатса, "Сүйек- шіде" мұндай жазалау жоқ. Əйтсе де, суреткер айнала ортаңның сенің тағдырыңа деген алаң- сыздығы, жеккөрініші əсерінен де мəңгүрітіктің туатынын шебер дəлелдейді. Кеңкелес бейнесіне көз сала отырып, оның бір кездерде анасы мен бауырының өліміне жаны күйіп шырылдай жылағанына тіпті де сене алмайсың. Автор қорытатын философиялық теория да сонда жатыр. Аманат - Кеңкелес - Диуана - Сүйекші. Бұл – кейіпкер есімінің, атының өзгеруі. Осыны жазушы кейіпкер характерінің өзгеруімен жымдастыра сəтті суреттейді. Кейіпкер жан- дүниесі езгерді. Соған орай аты, кəсібі жыл- қышы, диуана, сүйекші болып өзгерді. Міне, осы аралықта Тұңғыштың характер өзгерісі ашылып отырады. Характер сапасына қараңыз. Ұрылар қол-аяғын байлап, ат артына бөктеріп, жапан далаға апарып аударып тастап кеткенде ол ешқандай карсылық көрсеткен жоқ. Итке таланып, ұрыға жем болып диуанашылық етті. Өз тағдыры үшін күрескен жоқ. Көр қазып, сүйекші болды. Өз болашағын ойлау былай тұр- сын, тек тəңіріден иман тіледі. Ол болашағы үшін күрескен жоқ. Ол үшін енді күрестің мəні де жоқ еді. Өйткені онда жан алып, жан беріп күресерлік, тырмысарлық болашақ қалмаған болатын. Тұңғышты езіп, оның болашағын тонаған əлеуметтік жағдай. Əлеуметтік жағдай атын жамылған адамдар. Тұңғыш – санадан қуылып, ұмытылған жан бейнесі. Тұңғыш неге Үндемес атанады? Осы 286 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №2(132).2011 бір астарлы сұрақ Қомша баласының жан дүниесінің тереңіне бойлатады. Авторлық кон- цепцияны тану қиын. Өйткені характер өзгерісі шебер өріледі, өзгеше өрнектеледі. Дүниеге Тұңғыш есімімен келген сəби ешбір кінəсі де, күнəсі де жоқ болғанмен, өмірдің уын ішеді. Кінəлі – қоғам, күнəлі – Үкітай мен қасындағы жолдас жігіттері. Сыншы Қ.Ергөбеков айтқан «тұңғыштар тағдырының əлеуметтік шындығы» [4,218] да осыларда. Повестте қылмыс пен тəртіп, теңсіздік пен кісілік қатар қойылады. Кейіпкерлер психоло- гиясына барлау жасау арқылы автор бүгінгі өміріміздің шытырман да түйткілді түйіндерін шешеді. Дегенмен, осы мақсатта бейнелеген «бай баласының құдыққа құлап өлуі, Сүйекші шешесінің суықта қатып қалуы - жазушының осы секілді шамадан асып кеткен, дəлел- дəйексіз үрейлі, қорқынышты ситуацияларға тым əуестігін құптауға болмайды» [2,154] деген Р.Нұрғалив пікірі орынды деп ойлаймыз. Ал Б.Ыбырайымов мұндай ойға басқаша уəж айтады: «Сүйекші» повесіндегі ойлы, мұңды сарын кешегі өткен əлеуметтік теңсіздік заманына соны қырынан үңілуден туған» [3,94] Жалпы алғанда, повесть мазмұны мұны əбден дəлелдейді. Автор əлеуметтік жікке бөлінген кезеңнің əлдісі мен əлсізінің жай-жапсарын емес, түгел қазақтың зарын айтқан. «Бір адам- ның емес, бұл шығарма тұтас бір халықтың рухани сорлауының прототипі емес пе екен деп секем аласыз» [5,14]. Құл иеленушілік қоғамды бастан кешірмесе де, құлдық философиясының қазаққа қандай жапа шектіргенін мəлім еткен. Бірақ біздің айтарымыз - Тұңғыштың тірлігімен бар сананы сілкіндіремін деп оқиғаға трагизм элементтерін қоса беру артық. Жоғарыдағыдай сыншылардың дəрменсіз, бейшара кейіпкер деп тануына бұл да өз кезегінде əсер етуі мүмкін. Табанды күресті талап етпей-ақ қоялық, Тұң- ғыш ең болмаса өз тағдыры үшін неге тырбан- байды? Heгe күрес нышанын көрсетпейді?— деп те жазушымен таласуға болар еді. Бірақ, ол күдіктің баршасы сырт қарағанда ғана. Автор- лық мақсат, характер өзегімен қарағанда райдан тез кайтасың. Дегенмен шығарманың орта шеніне дейін Тұңғыш өз тағдыры үшін күрес нышанын көрсетеді. Ол ат құйрығына байлануға қарсы.— «Көке... кекетай... He істемексіз мені? Байлама- ңызшы, жалынамын, айтканыңыздың бəрін істеймін...»—деп шырылдайды Аманат бала. Қабантауға көшуге ықырар емес. «—Ағатай... енді апам қайтіп табады мені?...»— дейді ол. Əлі анаға деген перзенттік сезімі жойылмаған. Ана- сына: «—Қалмаймын, қалмаймын. Үйге алып кетші, апатай»—деп сəби көңілден өтініп жүр. Кек кернеген сəтте Үкітайға карсы шықты. «— Сойып жедім. Түгел, бəрін, бірін қалдыр- май.— Кеңкелестің түсі бұзылып оған жақындай берді. Ашудан жарылып кетердей боп тартып жібергелі қамшысын көтере берген Үкітай оның кісі жерлік мына түрінен шошып, кейін ығыса берді»,— деген сцена оның да бойында титтей де болса күрес нышанын көрсетеді. Бір ғана Тұңғыштың аз ғана ғұмырында көрген азабы мен мазағы, қан жылаған қайғысы мен уайымы, жеңілістен тұратын жалмауыз тағ- дырын осы есімдерінен-ақ аңғаруға болатындай. Нəпақасын диуаналықтан тауып, ''жаны тыныш жұмыс" деп көр қазушыға айналуын бейнелеу - повестің өмірдің қатыгез ақиқатын тап басып көрсетеді. Тұңғышқа өмірінің соңында Өмекейдін келіп, Үкітайдың сəлемін жеткізуі – Аманат баланың əкесі Қомшаның кінəсіз екендігін мойындау еді. Бір сəттік ет қызуымен айтылған өтірігінің бейбақ баланың бүкіл өмірін адам сенбестей айғыздап, өзгертіп жіберерін Өмекей қайдан біліпті? Осы бір ауыз өтірігі үшін өмір бойы өкініп өтерін білгенде бір адамның ғұмыры мүлде басқа арнада дамыр еді. Шындықтың жарыққа шығуы деген – осы. Əдеби кейіпкер – көп қырлы, күрделі құбы- лыс. Өзінің əлеумет, табиғат, басқа адамдармен қарым-қатынаста екі түрге ие: ішкі жəне сыртқы. Ол екі жолмен жүреді: интровертирлік жəне экс- травертирлік. Интроверзия аспектісінде кейіп- кер – «алдын-ала ойланатын» (К.Г. Юнгтың шешендік терминологиясын қолдансақ) Проме- тей, ал экстраверзия аспектісінде «ойланбастан орындап алып, сосын ғана ойланатын» Эпитемей. «Сүйекші» повесіндегі бұлар баламды оқыт- сам деген Қомша мен шындықты айтуға тай- салған Өмекей образдары. Десек те, Тұңғыш - даралана жасалған шынайы образ. Өз өмірін өзгерте алмады деп оған өкпе- лей алмайсың, тағдырын текпіге ұшыраткан өзгелерге кінə артуға тура келеді. Жазушының шеберлігі де сол болса керек, елде жоқ көр қазушы кəсібін меңгерген, естігенде тəнің түр- шігетін Сүйекші атауып иемденген Тұңғыштан - асылдың сынығындай, жаныңды суырып беруге дайын тұратын сенімді бейне туғызуы. Автор осынау повесі арқылы əсемдік пен сұлулыққа кұштарлык жоғалған жерде адамның адамдығы қоса құрбан болатынын шебер дəлелдейді.
63)---------
Әңгіме деген не?
Бұл сұраққа жауап беру қиын, әңгіменің сыр-сипаты біржола кесіп-пішуге көнбейді, бірыңғай анықтама шеңберіне сыймайды. Дегенмен “Әңгіме,—дейді Сомерсет Моем,— ұзын-қысқалығына қарай он минуттан бір сағатқа дейін оқып бітіруге болатын, әбден аршылып алынған бір-ақ нәрсе, бір ғана окиға немесе бірігіп кеткен бірнеше оқиғалар тізбегі туралы жазылған шағын шығарма. Әңгімені еш нәрсе қосуға да, алуға да болмайтын етіп жазу керек”. Бұл арада Моем әңгіменің жанрлық сипатын анықтай отырып, оны жазудың екі түрлі ерекшелігін, біріншіден, қысқа жазылуы керектігін, екіншіден, шебер жааылуы қажеттігін ескертеді. Бұл екеуі бір-біріне тығыз байланысты.
Сөз жоқ, әңгіме — бес жүз бет роман емес; көлемі бес-ақ бет болуы мүмкін. Сергей Антонов, мәселен, бұл жанрдың классикалық үлгісі — жеті-сегіз беттік әңғіме деп біледі. Қалай болғанда да, әйтеуір, әңгіме оқу үшін бір жеті керек емес, Моем айтқандай, бір-ақ сағат жетуі мүмкін.
Ал мұншалық қысқа мерзімде оқырманға қыруар, эстетикалық ләззәт беру тек шебер жазушының ғана қолынан келеді: бес-он бет қана кішкене шығарма көлемін-де үлкен өмірдің бір бөлегін жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман алдына қилы-қилы мінездің адамын жетелеп әкеп, жақсысына сүйсінтш, жаманынан түңілтіп отыру—. ірі шеберлік. Мұндай шеберліктің үлгісін, мәселен А. П. Чехов көрсеткені, ұлы суреткердің шебер қолынаң қандай ғажайып миниатюралар шыққаны әмбеге аян, Кез келгенін оқыңыз, қас қаққанша қандай терең сезімге салады, қалайша баурап алады сізді? Қөз алдыңызда сан түрлі типтер тұрады: Пришибеев, Беликов, Очумелов… Бұлардың дәл бір тірі кісідей жанды бейнеде жасалатыны сондай, кітаптан оқып отырғаныңызды ұмытып, кейбіреуін қолыңызбен түртіп қалғыңыз келсе, кейбіреуін дауыстап шақырып алғыңыз келеді, Бірінің қимылына сақылдап күлесіз, бірінің мінезінен түңілесіз, бірін аяйсыз, біріне сүйсіне қарайсыз. Енді біреулерінің кейбір оспадар қылығы кездейсоқ та болса өз бойыңыздан табыла қалса, сәл ұяла беріп… сабақ аласыз. Енді бір алуан ұнамды типтердің жақсы қасиеті сізге дари түседі. Бұл — әңгіменің тәрбиелік күші.
Ә ң г і м е — қ и ы н ж а н р. Алдымен, көлемі шағын. Ол — жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Содан соң, оқырманды бірден үйіріп әкету үшін, сол шағын көлемдегі өмір эпизодының өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуға тиіс. Сюжетке ене бастаған бетте-ак оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін аттаған сайын аңғартып, адам келе бастауы керек. Ол адам өзіне тән ең бір елеулі өзгешелігімен шұғыл даралана беруге тиіс. Адам тұл көрінбейді; оның өзін қоршаған айналасы айқын көзге түсуі, сол арқылы белгілі бір әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы шарт. Әлгі адам — соның өкілі, типтік тұлға болуы қажет. Осының бәрі жазушыдан өмірді терең білумен қабат, шұрайлы сөз байлығын, жіті байқағыштықты, асқан талғам-паздықты, тілдегі тамаша суреттілікті, бір сөзбен айтқанда, қалам тиген жерді өмірдің өзіне айналдырар нағыз шеберлікті, соған қоса кемел идеяра апарар терең білім мен биік мәдениетті талап етеді. Мұның бәрі — күрделі, қиын жұмыс; сондықтан болуға тиіс, қаламгер қауым әңгіме жазуды шеберлік шыңдау деп ұрады.
Рас, әңгіме — шеберлік мектебі. Ірі жазушылардың бәрі қаламын осы “мектептен” ұстартып шықты. М. Горький мен А. Серафимович,
А. Толстой мен М. Шолохов…— бәрі де романнан бұрын әңгіме жазған адамдар. Олардағы зор шеберліктің бір ұшы осында жатса керек.
Қазақ совет жазушыларының үлкен ұрпағы да (Б. Майлин, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов т. б.) алғашқы бетте әңгімемен көрінді. Осы ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарындағы қазақ прозасының дені әңгіме болатын; прозадағы ұнамды кейіпкер сол әңгімелерден басталған. Бүгінде бұл жанр біздің әдебиетімізде одан әрі дамып, өркен жайып, жан-жақты жетілу процесін бастан кешіріп отыр.
Ә ң г і м е — әдемі дүние: ж а у ы н г е р, ұ ш қ ы р, өмір құбылыстарына шұғыл үн қосқыш, оқушысын тез тапқыш, өткір икемді, сүйкімді жанр. Ұзақ поэманың қасындағы қысқа лирика секілді, көп актылы драманың қасындағы бір актылы пьеса тәрізді, әңгіме де романнан тез жазылып, шапшан, тарайды. Жақсы әңгімені сахнадан тыңдауға, егіс басында қарау-ға, станок жанында оқуға, қалтаға салып, жолға алып шығуға болады… Әдебиет сүйетін адамға әр жерде-ақ сыршыл серік, сыр мінез дос боп кетеді; оның ойын тербеп, қиялын қозғап, жанына жалын қосады. Бұл — әңгіменің эстетикалық күші.
Жоғарыда айтылғандар, әрине, әңгіменің кейбір ерекшеліктерін еске салады, бірақ бұлардың бірде-бірі оның ережесі не анықтамасы бола алмайды. Әңгіменің жанрлық табиғаты тым құбылмалы. Мысалы, жоғарыда біз әңгімедегі сюжет туралы айттық; ал, сюжетсіз әңгіме бо-лады, оны қайттік? Әңгіме көркем қара сөзбен жазылады, оны білеміз; ал егер, Джефри Чосердің “Кентербери әңгімелері” сияқты, өлеңмен жазылса ше? Әңгіме кейіп-кері — әрине, адам; ал егер ат немесе тіпті ит болса ше?..
Қысқасы, ә ң г і м е — ш а ғ ы н к ө л е м д і э п и к а л ы қ т ү р д і ң а йр ы қ ш а а с ы л ү л г і с і әңгіме, негізінен, қысқа жазылады, ал “ең парасаты проза — дәл және қысқа жазылған проза” (Пушкин) әңгіменің ең елеулі ерекшелігі — жинақылығы, ал “нағыз күшті, нағыз құдіретті проза — жинақы проза; одан басы артық, айтпауға болатын жайдың бәрі алынып тасталған да, тек айтпауға болмайтын шындық қана қалған… Жинақылық — мұқият мықтының ісі” (Паустовский).
Әңгіме жайлы әңгімелесе қалған жағдайда осы айтылғандардан әріге барып, бәріне бірдей ортак, анықтама жасамақ болу — онша өнімді әрекет емес.
64)---------------
Әдеби жанрлар  (фр. тілінде genre - түр, тек, жанр) [346 246] – ауызша және жазбаша шығармалардың  көркем даму процесінде қалыптасады. Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай  негізгі белгісі бойынша анықталады -   бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай. Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ,  тарихи, отбасылық-тұрмыстық,  детективтік, ғылыми-фантастикалық және т.б. келтіруге болады.  Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның,  повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды. Суреткердің  идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан,  бірқатар жанр түрлері туындайды.  Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода – баллада – эпиграмма – памфлет осының нәтижесі.  Сонымен қатар,   олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда  жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде.  Көркем шығарма дифференциясындағы  олардың  қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде.  Өйткені, «Жанр», «Түр», «Тек», «Әр түрлілік» терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.Қайта өрлеу дәуірі тұсындағы өнер жанрлар арасындағы  нақты демаркациялық шекара жоқ; XVII – XVIII ғасырлардағы классицизм эстетикасы жалпы иерархиялық жанрлар жүйесіндегі әр жанрдың тазалығын қамтамасыз ететін қатаң тәртіп орнатты. Сол уақытта  Францияда «жанр» ұғымы қолданысқа енді; XIX ғасырда жанрлардың өзара әрекеттестік процесі қайта оралды.  Олардың қосылып кетуі, тоғысуы,  қатаң белгіленген шекараның бұзылуы басталды.  Кейбір қазіргі заманғы теоретиктер жанр дифференциясы тіптен ескірген деп жанр мәселесін алға қоюдың қажеті жоқ деп есептейді [41,121].Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері маңызды.  Бұған байланысты ұғымдар  Г. Гегельдің «Эстетика» еңбегінде [11,67], А.Н. Веселовскидің  «Исторической поэтике» шығармасында [10,35] және  басқа да ғалымдардың еңбектерінде қамтылды. Эпикалық,  драматургиялық, лирикалық және лиро-эпикалық сияқты  жанрлық топтар ерекшеленген.  Осындай топтардың әрқайсысының шегінде шығарма  әдеби тегі, өлеңдік және прозалық формасы және соңғысы,  өзінің көлемі бойынша ажыратыла алады. Көне әдебиеттің жанрлық жүйесі  күрделілігімен және  көп тармақтылығымен ерекшеленеді. Жаңа заман әдебиетімен салыстырып қарар болсақ,  тұрақтылығымен сипатталады. Кешірек,  қоғамның дамуы, өзінің жанрларымен бірге әдебиеттің де дамуы жылдамырақ бола бастады. Әдеби бағыттың туындауымен бірге жанр жүйесі  белсенді түрде теориялық мағына мен негіздеме берудің  нысанасына айналды. Осылайша, классицизм поэтикасы болып жоғарғы, ортаңғы және төменгі жанрлар ерекшеленді. Жанр жазушылар немесе ақындар міндетті түрде сақтауы керек  регламенттелген жалғыз норма сияқты ұғынылды. Бұдан әрі классицизм жанрларының  рационалистік жүйесін   сентименталистер мен романтиктер бұзды.  Олар шығармашылық бостандығын  «тәртіптерден»  жоғары бағалап, қарсы шықты. Романтизм классицизмге керағар жанрлар тудырды.  Ол адамның ішкі көңіл-күйін, сезімін тереңірек ашып алдыңғы қатарға шығарды. Классицизм  дәуірінде  орын алмаған адамның ішкі сыры, терең сезімі, жеке тұлғаның ішкі уайым-қайғысы, қуанышы, яки адами қасиеттер сентиментализм тұсында алдыңғы орынға шықты. Сентименталистер  шығармалары  классицистік мадақ жырын, батырлық поэмаларды,  трагедия, поэмаларды ысырып, ішкі сырды бейнелейтін эллегия, баллада, лиро-эпикалық романтикалық поэмаларға жол ашты.  Әр автор жанр түрлерін  әр түрлі жүйелендірді.Әдебиеттану ғылымында біз әдетте, әр автордың қаламының ұшқырлығы, жазу шеберлігі өзінше дара, өркештеніп тұрады, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік жазу ерекшелігі болады дейміз.   Өйткені, әдебиеттану сөз өнері болғандықтан «сөз – алтын жіп, жыр – кесте» демекші, сөздің құдыреттілігімен түрліше өріледі. Алайда, көп ғасырлық даму тарихы бар  әдебиеттану ғылымы типологиялық ұқсастықтар бар. Осылайша, типологиялық ұқсастығы мен негізгі қырлары бойынша олар нақты бірнеше топтар мен тектерге бөлінеді. Бұл тектік бөлініс әдебиеттану ғылымы дүниееге келген кезден бастап туындады. Бұл көне гректер мен римдіктерге белгілі болды. Әдебиеттегі тек пен жанр түрлерінің теориясының негізін  тұңғыш рет Аристотель қалады. Аристотель өзінің «Поэтика» еңбегінде [1,55] әдебиетті «сөзбен өрілген өмір» дейді. Солай деп айта келе ұлы философ оның үш түріне тоқталады. «Оқиғаға автордың өзі қатыспай сырттай бейнелеуі»  эпикалық тәсіл деп айта келе ол бұған мысал ретінде Гомер шығармаларын келтіреді. Екінші тәсіл – бұл әдеби тәсіл. Яғни,  шығарманың негізі нысанасы -  автордың жан толғанысы, ішкі сезімі, лирикалық көңіл-күйі.  Енді ең соңғысына келер болсақ, ол – драмалық, ал тектің өзімі драма деп аталады. Драмада жазушының бейнелеген кейіпкерлері айтайын деген ойын өзінің іс қимылы, дауыс ырғағы, интонациясы арқылы сахнада береді.Неміс философы Гегель әдебиеттің тегі туралы мәселемен ден қоя айналысқан [11,37].  Бұл ретте ол өзі ғылымының негізі етіп философиялфқ ұғымдарды алады. Яғни, объект, субъект ұғымдарын пайдаланады.  Әдебиеттің  әдеби тектерінің негізін ол өзінің диалектикалық идеяларының негізінде қарастырды.  Субъект дегеніміз ақынның өзі,  эпос - баяндаушы жанр дей келе,  лириканың түрлеріне мадақ жырын, элегияны,  лирикалық жолдауды,  өлеңді,  эпиграмма мен сонетті жатқызады. Драмаға драма мен трагедияны жатқызады.Сөйтіп, бір елде ерте, бір елде кеш  тарап,  жанр атаулары қанатын кеңінен жайды, сонымен қатар осы процесс істінде  олар әртүрлі ассоциацияларға ие болып, басқа да мағыналарды жүктеді. Мысалы, Италияда «новелла» сөзі  басында әртүрлі жанрдағы прозалық шығармаларды, рыцарлық романдарды,  антикалық дәуірдің батырлық мифтерін, тарихи туындылар мен мысалдарды білдірумен қатар, тұрмыстық күлкілі әңгімелерді де  білдірді. Ал Ресейде повестерді новелла деп атады. Жазушылар өздерінің шығармаларына  қоғамның санасында қалыптасатын  жанрлық атауын белгілейді. Авторлар кейде жанама ассоциациялардың жетегінде кетіп, қателесуі де мүмкін. Әдебиеттанушыларға автор пікіріне қарсы шығу қиындық тудырады. Әртүрлі жанрдағы шығармалар кейде бір атаумен айтылса, енді бірде бір жанр әртүрлі елдерде  түрлі атауға ие. Мысалы романдардың тарихи және қазіргі заманғы немесе, екінші жағынан,  саяси және философиялық бөлінуін есепке алудың қажеті жоқ.  Көркем шығармалардағы тарих пен қазіргі заман олардың тақырыбы саласына жатады. Ал автор мен кейіпкерлердің  саяси және философиялық мүдделері оның проблематикасы саласына жатады. Шығарманың компазициялық мотивациясын оның жанрлық ерекшелігіне жатқызуға болмайды. Айталық, лирикадағы арнау жанрға жатпайды.Жанр - бұл тарихи құбылыс емес, типологиялық құбылысқа жатады. Олардың құрылысы мүлдем басқаша болғанымен, нақты жанр туындысы болады.  Роман, комедия, элегиялардың жанрлық ортақтығы неде?  Оны шығарманың өң бойынан іздеген дұрыс болар деп ойлаймыз.  Яғни, шығарма авторының өз ойын беру әдісі жанрлық тұтастықты құрайды. Жоғарыда айтқан Аристотель мен Гегель философиясы осының айқын дәлелі болып табылады.  Көп құрылымды көркем шығарманың мазмұынынан оның жанрлық аспектісі болып табылатын,  тарихи қайталанатын аспектісін, жанр және оның түрлілігінің негізі жататын  қырын табу керек.Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі туралыР.Уэллек пен О.Уорреннің  тұжырымдамаларында  жанр мәселесі анағұрлым кеңірек зерттелген. Олар: әдеби жанр – бұл фикция емес дей келе, әдеби жанрға төмендегідей анықтама береді. Олардың тұжырымдамасы бойынша: «Бір мезетте жазушының жазу мәнері арқылы анықталатын белгіленген ереже» әдеби жанр. Уоррен мен Уэллектің пікірі бойынша жанр теориясы: әдеби процесті  уақыт пен орын санатының көмегі (кезеңділігі мен тілі) арқылы емес, таза  әдеби категориялардың көмегімен  классификациялауға мүмкіндік беретін, тәртіпке келтірілген жүйе. Осындай таза әдеби категориялардың қатарына  жанр да жатады. Зерттеушілердің идеясы бойынша, жанр әдеби құрылым ретінде көркем шығармағы сыни  баға беруде де қолданылады. Уэллек пен Уорреннің ойы бойынша жанр мәңгілікке белгіленбейді. «Шығармағы жеке, сыни көзқарас жаңа тек түріне жол ашуға мүмкіндік береді.  Уэллек пен Уоррен жанр деп шартты түрде  жалпы  «ішкі» (ішкі сезім, көңіл-күй, қарым-қатынас, ойлау, өзге сөзбен айтсақ- тақырып пен аудитория) және «сыртқы» (пішіні, құрылымы)  теориялық белгісі көрінетін  әдеби шығармалар тобын атайды [36,28].Жанр формаларыЛирикалық формалардан өлеңді, өзара тақырыптық ерекшеліктері  мен көтерген мпәселелері бойынша байланысты өлең циклдерін – лирикалық поэманы байқауға болады. Сонымен қатар, көптеген ұлттың төл әдебиеттерінде  әртүрлі өлең үлгілері туындады. Айталық, өлеңдік-строфикалық формасы. Олардың кебіреулері ұлт әдебиетінің шегінен шығып, халықаралық дәрежеде мойындалды. Бұған мысалдар легін келтіруге болады:  эллегия, сонет,  ертегі, өлең, поэма, эпопея (бұған әрине мысал мен балладаны қосуға болады), повесть, әңгіме,  пьесаның түрлері және ақ өлең үлгілері осының дәлелі.  Бұл формалардың әр түрі  әр дәуірде өмір сүрген әрі әр бағыттағы  жазушылардың шығармаларында  әртүрлі жанрлық мазмұнды білдіреді.  Эпос,  лирика, драманың тектері, атаулары  әртүрлі болғанымен  бір-біріне жақын болуы мүмкін. Жауынгерлердің ұлтты азат ету мақсатындағы  төңкеріс қозғалыстарын туындатуы  түрлі жанрларда лирикалық шығармалардың кеңінен таралып, дамуына ықпал етті. Ұлтттық-тарихи лирика жетекші маңызға ие болды. Ол  басқыншы жаулап алушылардың құрсауынан босануды аңсаған халықтың, бүтін бір ұлттың  демократиялық ұмтылысын білдірді.  Билік тізгінінен босануды аңсаған  халықтың арман-мұратын көркем сөзбен өрді.  Европа лирикасының «этологиялық» тенденциясы саяси сатирада ғана көрінген жоқ.  Әлемнің көптеген елдерінде  идиллиялық немесе элегиялық сарындағы «этологиялық» мотивтер туындады.  Олар тәкаппар, рухани азғынданған,  бұзылған қоғамның жоғарғы табының өкілдеріне  табиғат аясындағы тыныш та бейқам, еркін де қарапайым өмірді қарсы қоя білді. Еуропа халықтарының лирикалық шығармаларында суреттеу, бейнелеу, табиғат лирикасы алдыңғы орынға  қойылған.  Әдетте, табиғатты суреттейтін өлеңдер идеялық-эмоциалдық байытылған, лирикалық көңіл-күйде болды.   Сонымен қатар, табиғат лирикасы  ұлттық-тарихи және «этологиялық» өзінің мазмұнының жанрлық аспектісі бойынша  романдық болуы да мүмкін. Әрине, бұнымен қоса  эпос пен драматургиядағы сияқты  лирикада  жанрлық мазмұнның әртүрлі аспектілері өзара өткелсіз шекара арқылы бөлінбеген.  Бір өлеңде олар ауыса алады.  Демек,  жанр тобына бөлу принципі  әдебиеттің барлық үш тегіне де ортақ. Яғни, әдебиеттану ғылымының тектері - эпос, лирика драма өзара жанрлық принципке бөліне алады деген сөз. Осы тұста мынадай қорытындыға келуге болады: жанр -  шығарма мазмұнының түрлі қыры болып табылады.  Жанрлар (жанр мазмұнының ерекшелігі)  - әр жеке тектің шегіндегі логикалық бөлінген түрлер емес, көркем шығарманы тек пен жанрға бөлу «бір логикалық кеңістікте» емес, әр «кеңістікте» түрліше себептерге байланысты туындайды. Мазмұнның көркем қызметі -  тотемдік, магиялық және мифологиялық болады.  Бұлар басында айтарлықтай қысқа эмоциялық  көңілді, тебіреністі сыртқа шығару құралы болды.  Ең алғашында олардың құрамы екі тармақтан да тұрған болуы мүмкін.  Кейіннен екі тармақтар ырғақты симметриямен тарихи процесс үстінде бірігіп төрт тармақты, яғни бір шумақты құраған.  Кейіннен, лирикалық хордың осы көркем нысанасының негізінде, олардың компазициялық-лирикалық принциптері пайдаланыла отырып, бір дауысты,  сольдық,  азаматтық, жеке және тұрмыстық мазмұндағы лирикалық өлеңдер дүниеге келді.  Ал, даму процесімен қандай да бір халықта  жазба өнері пайда болғаннан кейін, мұндай өлеңдер әдеби лириканың туындауының бастапқы негізі, көзі болып қалды. Ертегі -  жанр формасы өзгере алады деп біз жоғарыда айтқанымыздай, жанрдың өзгеріске түскен формасы.  Жанр формасы уақыт өте келе өзгергенімен  оның мазмұнына айтарлықтай әсер етпеді десе де болады.  Тарихи дәуірдің әр кезеңінде, халықта ауыз әдебиетінен кейін жазбаша өнер дүниеге келгеннен кейін  халық ауыз әдебиеті, яғни фольклормен бірге, кейіннен одан да артық көркем әдебиет дами түсті.  Ауыз әдебиетінің бай мұрасы өзінен кеінгі жазбаша әдебиеттің терең тамыр жаюына жол ашып берді.  Қазіргі көркем, жазба әдебиеттің төл атасы, қайнар көзіне айналды. Осындай даму процесінің үстінде  жанрлардың формасы мен атауларының өзгеруі таңқаларлық құбылыс емес, табиғи құбылыс. Осылайша, әртүрлі әдеби шығармалар (бұл жерде поэманы айтып отырмыз) жанрлық мазмұны тұрғысынан алғанда (батырлық, сатиралық, романдық)  өзіндік ерекшеліктерге ие болды.М.М.Бахтиннің жанрлық тұжырымдамасыМ.М.Бахтиннің жанр теориясына қосқан үлесі мол. М.М.Бахтиннің концепциясының конструктивтілігі және де қайшылығы  отандық және батыстық әдебиеттану ғылымында  үлкен қолдауға ие болды. Жанрлық типологияны қарастыратын болсақ, концепция  даралығымен ерекшеленеді.  Ғалымның теориялық ережелері кеңінен танымал. Бахтиннің жанрлық  тұжырымдамасынан мынадай үш мәселені  атап айтуға борлады:1.    Шығарманың жанры және  ішкі диалогтылығы;2.    Шығарманың жанры мен құрылымы;3.    Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар,  олардың генезисі мен дәстүрі.Осы проблемалардың барлығы  жанр типологиясына байланысты.Шығарманың жанры және  ішкі диалогтылығыБахтин әдебиеттен  тек қана «ұымдасқан идеологиялық  материалды» көрген жоқ «әлеуметтік қатынас» формасын да байқады. Бахтиннің пікірі бойынша: әлеуметтік  қатынас процесі  шығарма мәтінінің өзінен көрініс тапты. Шығарманы өмірге әкелген жаратушы-автор және ол дүниеге әкелген  кейіпкер, сондай-ақ оқырман («тыңдарман»)  - мұның бәрі  пішін мен стильді анықтайтын тірі күш.  Бахтин жанрды «тұтас шығармадағы, айтылмақ ойдың өң бойындағы шынайы форма» деп түсінеді. Жанрдың әр түрі  қарым-қатынас, диалог үстінде, яғни практикада көрініс тауып, жұмырланған жанр ретінде қарастырылады.  Демек,  әдеби жанрлар қарым-қатынас процесінен бастау алған.  Зерттеуші  жанрлардың екі жақты  бағытын атап өтеді. Біріншіден,  авторлар жанр таңдауда бәрінен бұрын көркем қабылдау шартын ескереді. Екіншіден,  жанр  әртүрлі оқырман қауымына арналған.  Әр әдеби жанрға дәуір мен бағыттың шегінде өзіндік оқырманы бар болуы тән.  Әр дәуір оқырманының, тыңдарманының, халық пен жұртшылықтың  көркем  туындыны ерекше түсінуі, сезінуі ерекше.  «Екінші» (әдеби) және «бірінші» (мысалы, тұрмыстық)  жанрлардың  көркем мәтінді баяндауда ұқсастықтары болғанымен күрделілік дәрежесі бойынша өзгешеленеді.  Олар («екінші») өздерінің құрылымына «бірінші» жанрларды: репликаны, диалогты, тұрмыстық әңгімелерді, хаттарды енгізеді. Жанрдың негізгі қызметтерінің бірі  жанрлық нәтиже деп атауға да болатын жазушы мен оқырман арасындағы делдалдық болып табылады.  Жанр жазушының тек қана  көркем ойлау категориясы емес;  сол немесе  өзге дәрежеде  әдебиеттің жанрлық репертуарымен  оқырмандардың  таныс болуы автор мен оқырман арасындағы тығыз байланыс фактісі.  Жанр жазушы мен оқырман арасындағы алтын көпір рөлін атқарады.  Жазушының жанрды таңдауы  оның оқырман жөніндегі көзқарасын білдіреді.  Көркем қабылдау процесі  қай арнада қабылданатындығы туралы жол салады.  Бахтин ұсынған зерттеу бағдарламалардың негізгі артықшылығы сол дәуірде басымдыққа ие болған  әдеби-сыни көзқараста емес, автор мен оқырман арасындағы байланысқа, шығарма мәтініне жете назар салуында. Шығарманың жанры мен құрылымыҒалымның  әдеби жанрға деген құызығушылығының артуын түсінуге болады.  Өйткені бұл  «көркем тәжірибені сыртқа шығарудың айқын ыормасы» ғой. Яғни, мазмұнды форманың айқын мысалы.  Бахтиннің негізгі еңбегі  жанрлардың мазмұндық ерекшелігін дәлелдеуі болды.  Ғалым жанрдың қандай да бір  поэтикалық құрылымының тұрақты элементін қарастырса да, ол өзінің мазмұндылығымен түсіндіріледі.  Бахтиннің зерттеулері  ғалымдар арасында  жанр туралыі  семиотикалық  көзқарастың қалыптасуына себепші болды.  Әдебиет бойынша семиотикалық жұмыстарда  жанрлардың семиотикасына арнай назар аударылған.  Өйткені бұл өнердің даму сатысының бастапқы кезеңіндегі  поэтика болып табылады. Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрларБахтиннің назары бәрінен бұрын  жанрлар тенденциясы мен олардың әдебиеттегі  ұзақ өміріне ауды.  Бахтиннің зерделеуі бойынша жанр құрайтын негізгі фактор болып  тарихи уақыт,  оның әлеуметтік-идеологиялық сипаты есептеледі.  Бахтиннің «күлкі тарихы» сызбасы  жанрларды тарихи-функционалды зерттеудің  классикалық мысалы қызметін атқара алады.О баста пайда болған кезінен бастап әдебиет негізгі үш бағытта-әдеби тектің үші түрі эпос, лирика, драманың шегінде дамыды.  Олай деуімізге, бұлардың әдебиетке дейінгі кезде, ауыз әдебиеті кезеңінде көнініс табуы себеп. Бұл сөз өнерінің болғандығының  айқын дәлел бола алады. Әрине, бұған драманы қосуымыз әбестік болады. Себебі, драма қоғам дамып, театр пайда болған кезде ғана қалыптасқандығы баршамызға аян.  Алайда, бұдан  көне дәуірде әдебиеттің тек екі түрі- лирика мен эпос пен драма кіріктірілген басқа тек болды деп ойлау қателік.  Тек (және тектің түрі ретінде жанр) -  шығарма құрылымындағы  жалпы, тұрақты, қайталанып отыратын сипаттама.М.С.Каганның жанрлық классификациясыМ.С. Каганның теориясы  төрт тарапты жанрлық классификацияның  жобасы ретінде белгілі.  Жанрлар «тақырыптық», «танымдық»  тұрғыдан, «аксиологиялық», (трагедия-комедия), сондай-ақ  үлгілі моделдер құруы бойынша (очерк, мысал) дифференцияланады. Осып принциптердің әрқайсысының өзіне тән құрылымы бар. Каганның сызбасын әдебиетте пайдалану  көп дау туғызады. Жетекші мазмұны проблемалық дәрежеде болғандықтан,  тақырыптық немесе сюжеттік-тақырыптық шектеу (прозада махабаттық-психологиялық, әлеуметтік-талдау, тұрмыстық, рыцарлық,  әскери, детективті жанрлар бөлінген) шартты түрде. Шығарма мәтінінің баяндау арқылы берілуі эпикалылығының,  мәтіннің медиативтілігі – оның лирикалылығының,  туындының диалог арқылы берілуі – драмалық тегінің кепілі. Негізінен алғанда Каган  терминологиялық нақтылыққа қатты жүгінген.  Екінші жағынан алар болсақ, зерттеуші шартты терминдерді де пайдаланған. Оларды атап айтар болсақ: ұлттық-тарихи, этологиялық,  жанрлардың романтикалық тобы. Ғалым ұлттық-тарихи (батырлық)  және романдық жанрдың арасындағы мазмұндық айырмашылықты атап көрсетеді. Каганның түсінігі бойынша ұлттық – тарихи, этологиялық және романдық жанрлар – көркем әдебиеттің даму формасы.  Каган жанрдың төртінші тобы бар деген тың  түсінік айтып, оған  әдебиеттің ең көне жанры мифті жатқызады. Ғалым жанр формас деген түсініктің дәстүрлі түрде біздің санамызда жанр ретінде қалыптасқандығын айтады.  Біз ертегі жанры, әңгімен жанры, роман, повесть жанры деп айтамыз,  бұл біздің санамызда әбден сақталып әдебиетішлер мен сыншылардың терминолгиясында  бекіді. Бірақ та жанр мәселесін дұрыс шешу үшін бұл көзқарастардан айну қажет дейді. Ол жанр нақты тарихи емес, типологиялық құбылыс деп таниды. Каган өзінің зерттеу нысанасын нақты көрсететін «жанрлар тобы» деген терминге көп тоқталғаны түсінікті жайт.  Ғалымды бәрінен бұрын жанрлар тобын ортақтастыратын қырлары қызықтырады. Айталық, этологиялық жанр ретінде сатираның, идилияның, утопияның ұқсастығы.  Каганның зерттеулері  әдебиеттану классификациясын  жанрлық типология ретінде қарастыру тәжірибесімен құнды.  Бұл ретте, бір шығармада бірнеше жанрлық тенденцияның тоғысқандығы айтылады.  Бұл топтар әдебиеттің тарихи даму кезеңінің әр сатысында әртүрлі қатынасқа түсіп отырады. Каганның ғылыми зерделеулері бойынша  әдебиеттегі тек пен түрді, жанрды тек қана шартты түрде бөлуге болады.
65)М.Әуезовтің «Еңлік Кебек» трагедиясының жанрлық сипатын байыптаңыз.Халық қиялы оқшау жәйттерді, ерекше істерді уақыт өткен соң басқа бір қырынан көріп, жанаша тірілтіп, жаңғыртып ұмытпай жадында сақтайды, есіне тұтады.Солай кете береді ұрпақтан ұрпаққа. Жиырма жасар Мұхтар Әуезовтің қиялын қозғап, қолына қалам алдырған Еңлік пен Кебек жайлы халық аңызы болатын.Әуезовтің тырнақалды пьесасының образдар жүйесін,драматургиялық, жанрлық табиғатын сөз қылу аз.Аса күрделі шығармашылық тұлғаның эволюциясын, оның эстетикалық философиялық сатыдағы өсу жолын көрсету қажет.Бір жағы тұрпайы социолизмнің қала берді кеңестік саясаттың әдебиет шығармаларын обьективті бағалауға жасаған зияны, екінші жағы жеке адамға табыну кезіндегі субьективті себепкер Әуезов шығармашылығының алғашқы дәуірін нақты дәл топшылауға мүмкіндік бермеді.Жас жазушының кемшілік қайшылықтарының диалектикалық себептері ашылмады.Кейбір пікірлер көркем өнердің күрделілігін ұғынбай, құр дақпырттан шығып жатты, ол шынайы эстетикаға жат өткінші құбылыс болатын.
Мұхтар Әуезов неге «Еңлік Кебекті» жазды? Көркем шығарма аяғы аспаннан салбырап түсе қалмайды, бұл-эстетиканың белгілі шындығы. Талант тәжірибе, біліммен, қоса ең басты, ең негізгі, ең шешуші фактор-жазушының дүниетанымын, санасын қалыптастыратын өскен орта, әлеуметтік қоршау. Өнер мен өмір арасындағы байланыстың бір қырын осы заңдылық айқын көрсете алады.
«Еңлік - Кебек» трагедиясы автордың «өткен өмірді аңсауынан» туған жоқ. Қаршадайынан құлағына сіңген, өзі жаттаған тамаша аңыз драмалық шығармаға жақсы материал болды. Жас Мұхтардың ең жақсы білетіні өзі өскен орта, төңкеріс алдындағы қазақ аулының жай-күйі, тұрмысы, тарихы, адамдар психологиясы болса, оның сол туралы толғанбай тұруы мүмкін емес еді.
Спектакльді қоюшылардың бірінің жазғанына қарағанда екі киіз үй қатарласып тігілген. Қазіргі ұғыммен айтқанда бірі – сахна, екіншісі – зал есепті болған. «Еңлік Кебектің» 1917 жылы, мамыр айында қан жайлауда қойылған тұңғыш қойылымына жиылған көрермен саны жүзден асыпты. Бір қызық деталь – ойынға елу тиыннан билет сатылып, барлығы 54 сом 50тиын жиылыпты. Бұл ақша Құлжадағы ашаршылыққы ұшыраған қазақтардың пайдаасына жөнелтіледі.
Абыз болып Зікәйіл, Кебек болып Аққенже, Еңлік болып Ахмет, Еңліктің шешесі Қалампыр болып Жағыфар, Жапал болып Жебірейіл, Кеңгірбай болып Ысмайылхан, Көбей болып Құтайба, Еңліктің әкесі Ақан болып Бастами деген жігіттер ойнайды. Спектакльді қоюшы режиссер де, ойнаушылардың ұмытқанын есіне салып жіберетін суфлер де – Мұхтар Әуезовтің өзі.
Әуезовтің творчествосында да, қазақ әдебиеті тариханда да айрықша орын алған «Еңлік - Кебек» пьесасының тақырыбы, образдары, идеясы аса қызықты мәселе. Тұңғыш вариант туралы сөйлегенде жүгінеріміз – 1922 жылы Орынборда басылған кітап, автордың өз қолжазбасы сақталмаған, жоғалып кеткен.
Мұхтар «Еңлік - Кебегінің» сюжеті негізінен халық аңызының бұрынғы әңгіме, поэма түрінде келген нұсқаларының іргесінен тарайды. Екі ел арасында нақты болған оқиғаның драма материалы екенін ұғыну – жас қаламгердің жазушылық көрегендігін аңғарады. Бұл ретте Әуезов шекспирді еске түсіреді. Жас Әуезов халықтық аңыздың бұрынғы пайымдауларына жаңа, мол өзгерістер енгізіп, шын мағынасындағы сахналық шығарма тудыра алғанын көреміз.
Ұлттық топырақта драматургиялық дәстүрдің жоқтығына қарамай, басқа елдер әдебиетінен үйрене отырып, Әуезов жанр шарттарына толық жауап бере алатын трагедия жасады. Сюжеттік желінің тартылуы, композиция құрудағы шеберлік қаламгердің драма заңдылықтарын жақсы білгендігін көрсетеді.
Филология ғылымдарының докторы Темірғали Нұртазин былай деп жазды: «Түгелдей алғанда жазушы (М.Әуезов-Р.Н.) жиырмасыншы жылдарда өмірдің елеулі мәселелерін көтерді, ескілігі әлі пәлендей ыдырай қоймаған ауыл тіршілігінде сорақылықтар мол екенін ашты, негізінде жаңашыры қанаушы үстемдер емес, қорғансыздар, еңбеккер Жаксылықтар ар намысын қорғаған Бақтығұлдар болды» («Жазушы және өмір» А.,1960, 185-б).
«Алғашқы шығармаларында-ақ Мұхтар өзінің аса талантты, білімді, мәдениетті, болашағы үлкен жазушы екенін байқатты»,- деп көрсетті профессор Бейсенбай Кенжебаев (Жиырмасыншы жылдардағы қазақ совет әдебиеті)
«М.Әуезовтің творчествосының алғашқы кезеңі жазушының әр түрлі көңіл-күйде бола тұра, негізінен халық өмірінің шындығын жырлағанын байқатады. Соның өзінде оның суреткрлік таланты реализмге опасыздық жасаған жоқ», - деді филология ғылымдарының докторы Серік Қирабаев (Сәкен сейфуллин, А., 112-б.).
Сөйтіп, әуел баста халықтық аңыз негізінде туған Мұхтар Әуезовтің «Еңлік - Кебек » трагедиясы талант құдіретімен әлденеше рет редакцияланып, жаңғыртылып, байытылу арқасында образдары кесек-кесек, конфликтісі шыңыраудай терең, тілі ғажап шұрайлы классикалық пьесаға айналды.
66)Повесть және роман жанрларының айырмашылықтарын ажыратыңыз.
Повесть — эпикалық проза жанрының бір түрі. Повесть туралы түсінік әдебиет тарихында жиі өзгеріп, оны романның құрамдас бөлігі ретінде тану біраз уақыт орын алды.
Еуропа әдебиетте Повестьті новелла деп те атай береді. В.Г. Белинский Повестьті “романның шашыраңқы бөліктері” немесе “романның бір тарауы” деп атаса, бір кездерде оған романмен байланыстыра түсінік беру дағдыға айналды. Кейін жанр ретінде толық қалыптаса қоймаса да, очерк сипатындағы әңгімелер негізінде (19 ғасырда) “әдет-ғұрыптың жеңіл очеркін қамтитын”, “адам мен қоғамды әжуа-сықақ ететін пішін” деген тұжырым белең алды
Қазір проза жанрының жан-жақты дамыған тұсында Повесть туралы біршама тұрақталған ұғым қалыптасты. Повесть әңгіме мен романның аралығындағы прозалық жанрға жатады. Көлемі мен мазмұны тұрғысынан осылай бағаланғанымен, кейде көлемі романнан ауқымды Повестьтер дa кездеседі. Мысалы, көп романдардан көлемді “Клим Сам¬гиннің өмірін” А.М. Горький Повесть деп атаған. Повестьтің көлемі емес, көтерген жүгі мен арқау еткен мәселесінің aуқымы шағын келіп, романнан кіші жанр екендігін, ал эпизодтары мен өмір иірімдеріне бойлай енуі тарапынан әңгімеден күрделірек жанр екенін дәлелдейді. Оқиғаны жан-жақты суреттеу, философия түйін жасау, қат-қабат тартыстар сияқты романда кездесетін кең тынысты тәсілдер Повестьте бола бермейді. Повестьке оқиға тізбегін баяндау, хроник. әңгімелеу тәсілі тән. Ахмет Байтұрсынұлы эпикалық текті әуезе деп алып, оның түрлерін ұлы әңгіме (роман), ұзақ әңгіме (повесть), ұсақ әңгіме деп береді. Повесть туралы “ұлы әңгімеден өресі қысқа, өрісі тарлау түрі ұзақ әңгіме деп аталады” дейді. Байтұрсынов. Повесть туралы түсінік әдебиет тарихында жиі өзгеріп, оны романның құрамдас бөлігі ретінде тану біраз уақыт орын алды. Қазір проза жанрының жан-жақты дамыған тұсында повесть туралы біршама тұрақталған ұғым қалыптасты. Повесть әңгіме мен романның аралығындағы прозалық жанрға жатады. Оқиғаны жан-жақты суреттеу, философия түйін жасау, қат-қабат тартыстар сияқты романда кездесетін кең тынысты тәсілдер повестьте бола бермейді. Повестьке оқиға тізбегін баяндау, хроник, әңгімелеу тәсілі тән. Ұлттық сөз өнері зергерлеріміздің бірі, қай шығармасы болсын оқырманды бейжай қалдырмайтын қарымды қаламгер Оралхан Бөкейдің соңғы туындысы – «Атау кере» повесі атының өзі бірден елең еткізеді. Өйткені «атау кере» сөзі ел ішінде адамдардың күнделікті қарым-қатынасында қолданыла бермейтін, сирек жағдайда, шанда бір ашынған ахуалда, болмаса шарасыздықтан айтылатын салмақты, зілді, ауыр ұғым. Шығармашылығында жеңіл мазмұн кездеспейтін Оралханның дәл осы күрделі тақырыпқа барып, әрі оны өзінің дәстүрлі шеберлігіне тән деңгейде ширатып, ширықтыра отырып жазғаны заңдылықтай қабылданады. Романның басты үш кейіпкері Таған, Ерік, Айна - замандастар. Ерік пен Айна ерлі-зайыпты. Алайда, олардың үшеуі – шығармадағы үш негізгі арнаны құрайды, үшеуі - үш әлем, үш категория. Бұлардың барлығын тылсым тағдыр, айналып келгенде біраз уақыт бір шаңырақта өмір сүруге жолықтырған еді. Осылайша, жеңіліс пен жеңіс, түңілу мен үміт, қиянат пен қайырым, аярлық пен адамдық, марғаулық пен махаббат арасындағы тартысты күрес, өткен тарих пен бүгінгі нақтылықтың ажырамас аясындағы ұлт тағдыры мен келешегі таразыға тартылған романның кесек-кесек идеяларының түйіні кульминациялық сәтіне жетіп, ширақ та шымыр тарқатылады. Шеберлік құдыреті дегеніміздің құпиясы да осы болса керек!
Роман (11 — 12 ғасырларда роман тілдерінде жазылған әр түрлі шығармалар) — күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады. Романда лирика мен драма жанрларының сипаттары да кірігіп отырады, әңгіме мен повеске қарағанда онда түрлі оқиғалар жүйесі, сюжеттік желі, қаһармандар қатары кеңірек қамтылады. Роман адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамды, салт пен сананы бейнелейді. Романның жекелеген нұсқалары ерте дәуірден белгілі. Дегенмен оның жаңалық сипаттары бертінде қалыптасты, 16 — 18 ғасырларда батыста ақсүйек серілердің бастан кешкендерін суреттейтін романдар дамыды. Бұған испан жазушысы Сервантестің “Дон Кихот”, француз жазушысы Лесаждың “Ақсақ шайтан” романдары мысал бола алады. 19 ғасырдан бастап роман жанры биік деңгейде дами түсті. Романның ерекше үлгілерін Францияда Г.Флобер, А.Стендаль, О.Бальзак, Ж.Занд (Ж.Санд), Англияда В.Скотт, Ч.Диккенс, Ресейде А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, И.С. Тургенев, Л.Н. Толстой, Ф.М. Достоевский, И.А. Гончаров, АҚШ-та М.Твен, Дж.Лондон, Германияда Т.Манн, Г.Манн, т.б. жасады. Орыс жазушылары Толстой мен Достаевский адам психологиясын, “мінез диалектикасын” ашудың тамаша үлгісін көрсетті. Кеңес заманында М.Горкий, А.Толстой, М.Шолохов, А.Фадеев секілді суреткерлер тудырған романдар әдебиеттің дамуына үлкен ықпал жасады. Қазақ әдебиеттанушысы А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқышында” (1926, 2003) романды ұлы әңгіме деп атап, оған “тұрмыс сарынын түптеп, терең қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп көрсететін шығармаларды” жатқызады. Ол “Ұлы әңгіме өңшең үлкен уақиғалардан болмай, ұсақ істерден де өнеге көрсетуге тырысады, оны жазушы көркем сөздің әуезе, толғау, айтыс — барша түрін де жұмсайды. Ұлы әңгіме жазуға үлкен шеберлік керек” деп атап көрсетеді. Қазақ әдебиетінде М.Дулатовтың “Бақытсыз Жамал”, Т.Жомартбаевтың “Қыз көрелік”, С.Көбеевтің “Қалың мал”, С.Торайғыровтың “Қамар сұлу” шығармаларынан бастау алған бұл жанр жан-жақты дамыды. Қазақ романын көркейтуде М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Х.Есенжанов, Ә.Нұрпейісов, І.Есенберлин, Т.Ахтанов, М.Мағауин, т.б. жазушылардың еңбектерін атап айтуға болады. Қазіргі қазақ әдебиетінде романның психологиялық, тарихи, биографиялық, публицистикалық, т.б. түрлері қалыптасқан. Роман-эпопеялар жанр дамуының кең мүмкіндіктерін танытты. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясы әлемдік даңққа ие болды, ол қазақ әдебиетінің биік идеялық-көркемдік жетістігі саналады.
Роман – үлкен көлемді эпикалық түрдің үлгісі. Оны жазу үшін де әуелі талант пен еңбек, сонан кейін жағдай керек. Жағдайдың жайын анықтайтын көрсеткіштердің қатарында уақыттың орны ерекше. Тақырыптың тууы, шығармашылық ой өзегінің жетілуі, шығармаға арқау болатын шындық құбылыстар тобының анықталуы туралы айтпағанда, жазушының ой бағында барынша пісіп-жетілді деген романды ақ қағаз бетіне түсірудің өзі «ұзақ уақытты» алатыны рас. Оның үстіне, бұл қол еңбегі емес, ой еңбегі, шығармашылық еңбек. Ал енді жазушының осынша күш-қайрат жұмсап, алтын уақытын бөліп жазған «еңбегі еленіп жатыр ма?» дегенге келгенде, ойланып қалатынымыз рас. Егер де романда көрініс тапқан өмір шындығы іргелі, маңызды болса, жазушы шеберлігінде мін болмаса, оны оқыған жұрттың көңілі тербеліп, жүрегі тебіреніп, тазарып, арылып жатса, онда жазушы еңбегінің еленуі деген осы емес пе.
Роман көлемінің қысқаруы алқын-жұл­қын заманға бейімделуінен деп ойлаймын. Бұл әңгіменің екі ұшы бар. Бейімделу – табиғи эволюциялық қажеттілік болуы мүмкін. Бірақ мен жазушы ретінде бейімделу дегенді суқаным сүймейді. Кез келген құбылыстың өзіндік себеп-салдары, моральдік мотивациясы бар. Әр жазушы ішінде толғатып жүрген шығарманың көлемін біледі. Прокруст төсегі деген ұғым бар. Грекияда пайда болған философиялық аңыз ғой. Әлгі төсекке адамды жатқызып, басы шықса басын, аяғы шықса аяғын кесіп тастайды екен. Әңгүдік патшаның шығарған талабы. Романдарды қыртып, «прокруст төсегіне» жатқызып қинаудың қажеті жоқ. Жүз, елу, жиырма бетке сыймайтын романды кесіп, күзеп, жүнін жұлған тауықтай қылудың қажеті жоқ. Марсель Прусттың бір шығармасы новелладан басталып, соңында ол он үш томдық роман-эпопея жазып шығады.
67)Ғ.Мүсіреповтің ана тақырыбындағы әңгімелерін талдаңыз.
Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. Гуманист жазушы М. Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғ. Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ананың анасы», «Ашынған ана>>, «Ананың арашасы (1934), «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944) атты әңгімелерін жазды.
«Ананың анасы» (1934) атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады.
«Ашынған ана» (1934) әңгімесі 1916 жылғы ұлт-азаттық; қозғалысына арналған. Жалғыз баласының жасын асырып жазып, майданға қара жұмысқа жібермек болған болыс пен оның қолшоқпары Қарасақалға Қапияның пышақ салып, түрмеге түсуі, онда 17 ай отырып, ақыры оны большевиктердің түрмеден босатуы баяндалады. Жазушының суреттеуінше, қиыншылық пен зорлық-зомбылықты көп көріп, азап шеккен: «… Өмір өзін сондай сіліккен. Қазір бұл сондай орасан күшті. Енді өмірді өзі сілкуге жарап қалған қайратты ана…»
Ал Ғ. Мүсіреповтің «Ананың арашасы» (1934) атты әңгімесінде Антоновтың ақ бандыларының қазақ ауылына ат ойнатып, жазықсыз жандарды атып-асуы, Нағиманы «большевик балаңды тауып бер» деп соққыға жығуы, ананың жан азабына шыдап бағып, ақтар армиясының солдаттарының шымбайына батар сөз айтып, солдаттарды өз командиріне қарсы қоюы, ақыры олардың Антоновты өлтіріп, Қызыл Армияға қосылуымен аяқталады.
Ақтар армиясының бандыларының жауыздығын жазушы былайша суреттейді: «… Ана арқасында қайыс қамшы жыландай жүйткіп жүр… Арашаға жарай алмаған ауыл ұятына тұншыққандай тым-тырыс… Тек отыз өрім қамшы ғана әйел арқасында жыландай ысылдайды. Анада үн жоқ. Асыл жігер мен өктем куш теке- тіресіп кездесе қалып, біріне-бірі тізе бүгер емес. Қара көк жапырақты ақ көйлек қызыл қанға айналып, арқа жағы тілім- тілім болып кетті. Қанға боялған қамшы ана денесінің ашынған жерлерін иіскеп табатындай жанға батар жеріне дәл-дәл тиеді. Қамшы сарт етіп қалғанда, ана көзінен от ұшқыны да жалт ете қалады. Сіресіп қалғандай табан аудармай, кек кернеген ана да тұр, мың сұрауына бір жауап ала алмай ызаға булығып Антонов та тұр. Ана тістері тіл қақпасын тас бекітіп тастапты… Бұдан әрі өжет ана Антоновтың адамгершіліктен жұрдай жауыздығын бетіне басып, өршелене түседі.
Жазушы қара күштің ана жүрегін мойыта алмағанын суреттеу арқылы «Ана алдында өлім де мойын ұсынады. Өлімді өмір жеңеді» дегенді бейнелеп беріп отыр.
Ғ. Мүсірепов Ұлы Отан соғысы жылдарында да ана тақырыбына қайта оралып, екі әңгіме жазды. Оның бірі —«Ер ана» (1942). Онда жау уақытша басып алған селода ауру немересімен қалған Наталья ананың партизандар көмген минаны жарып, неміс офицерлері орналасқан мектеп үйін өртеп, ормандағы партизандарға қосылуы суреттеледі. Ал «Ақлима» (1944) әңгімесінде жалғыз ұлы соғыста ерлікпен өлген ананың майданнан мүгедек болып оралған Сапар деген жігітті асырап алып күтуі, оны өз баласы Қасымнан кем көрмеуі баяндалады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациямен Украина, Ресей жерлерінен келген орыс, неміс, шешен, ингуш, татар балаларын қазақтардың асырап алуы көп болған. Ал қол-аяғы бірдей шөрке боп қалған жауынгер жігітті туған анасындай болып күту гуманистік ұлы жүректің ғана қолынан келетін қасиетті іс-әрекет еді. Жазушы осы арқылы ана жүрегінің кеңдігін, махаббатының молдығын асқан суреткерлікпен бейнелейді.
Жазушының «Ана» тақырыбындағы шығармаларының жиынтығы ретінде 1974 жылы «Ұлпан» романы дүниеге келді. «Ұлпан» — бүкіл аналардың жиынтық бейнесі тәріздес кесек полотно.
«Ұлпан» — тарихи ел шежіресінін мазмұнында құрылған роман. Романда қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болады. Романдағы бас кейіпкер Есеней — қалың Керей-Уақтың билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы биі, атақты байы. Ол ПІыңғыспен партиялық сайлауда таласса, тең түсетін өткір сөзді, алып денелі, қара нар іспеттес қайраткер. Жасында жауынгер, найзагер батыр да болған. Кенесарының қалың қолымен кескілескен ұрыста ерлік көрсеткен, екі жүз сарбазын тұтқындап стапқа өткізген, кейін жараланыш, орыс-казактары дәрігерлерінің көмегімен ажалдан аман қалған. Ол қалың жылқысын өзінің жауынгер досы, бүгінде аяқ қолы топ болып қалған Артықбай батырдың жайылымына байқамай қаптата жайып келе жатқанда оның алдынан ерекше киінген кесек тұлғалы, батырдың қызы Ұлпан қарсы шығып, Есенейді еселі сөзбен жеңіп, айып төлетеді. Ол бұдан он үш жыл бұрынғы әкесі Артықбай батырдың үйінде Есеней намаз оқып отырғанда еркелеп мойнына асылыш, «Мен түйеге мініп кеттім! Әке, сен үйде қалдың!» деп маза бермейтін қара қыз. Бүгінде аңшы, құсбегі, жылқышы болып ат құлағында ойнап өскен батыр қыз.
Екі баласы бір күнде шешектен өлген, бүгінде елуден асып, ел ағасы болған еңсегей бойлы Есеней бір балаға зар болып жүріп, өзінен қырық жас кіші қара торы өткір қыз Ұлпанға ғашық болады. Есенейдің уыздай Ұлпанды қолға түсіруіне екінші себеп — айттырған күйеуі Түлен саудагердің таз баласы Мырзаштан құтыла алмай отырған кезіне тап болады. Мыңғырған малы бар, бір уез елді ашса — алақанында, жұмса — жұдырығында ұстап отырған Есеней Ұлпанды айттырып қойған жерінен арашалап алып, айғыр үйір жылқы беріп, Ұлпанды екінші әйелдікке алады. Бес болыс Керей — Уақтың Есенейіне Ұлпан қалың малын өзі айтып, «Есеней, екеуміздің арамызда ең кемі қырық жылдық айырма бар. Осыны ойландың ба?»- дейді. Ердің құны, нардың бұлы болса да мал-жанды аямауға бел байлаған Есеней: «Қырық жыл болса қайтейін? Қырыққа келгенде біздің елдің Есенейі сен боласың. Оған дейін сен менің Есенейім бола тұр… Мен саған сұлу деп, жас деп қызықтым ба, болмаса Есенейдің орнына Есеней болатын адам деп қызықтым ба? Оны өзім де біле бермеймін. Әйтеуір осы түннен бастап, менің Есенейім сенсің», — деп кесіп жауап береді. «Есеней қатал еді, озбыр еді. Енді оның жан жүрегін жібіткен Ұлпан болды»,—деп суреттейді жазушы. Айналасы он-он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады. Бүкіл Торғай уезіне Есенейдің аты Ұлпанның атымен қатар жайылады. Ұлпан өлгеніне жетпіс бес жыл болған нағашы атасы Сырым батырға әнші, күйші, домбырашы, палуан, атбегі адамдарын ертіп, Сыр бойына айғыр үйір жылқы айдап барып аза тұтып, асын бергізеді.
Осы астан кейін жиырма бес жыл өткенде (1906 ж. шамасында), Орынбор — Ташкент темір жолы салынған кезде, «Ұлпан ас берген көл» жағасынан өткен темір жол стансасының атын «Ұлпан» атайды (Шалқардан кейінгі станса).
Ұлпанның шалы Есеней тоғыз жыл топ болып жатып қайтыс болады. Одан қалған жалғыз қызы Біжікенді Ұлпан Торсан деген пысық жігітке үйлендіріп, қолына күшік күйеу етіп енгізіп алады. Ол Есенейден қалған мал-мүлікті пайдаланып, ағайын-туғандарымен араздасып, Ұлпанды «отырса — опақ, тұрса — сопақ» етеді. Қорлыққа шыдай алмаған ер мінезді Ұлпан: «Маған көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін»,—деп қарғап, бір түнде у ішіп өледі. Ел анасы болған Ұлпанның қарғысына ұшыраған Торсанның үлкен ұлы Шоқан болыс әкесінің зұлымдығына шыдай алмай өзіне-өзі пышақ салып өледі. 1920 жылы кеңес үкіметі кезінде Торсан өліп, балалары қаңғып кете барады да, Торсанның шаңырағы шайқалып ортасына түседі.
Бір уез елді билеп билік айтушы, дүйім елдің үлкен-кішісіне басшы, ақылгөй болу—Ұлпан сияқты дана әйелдерге ғана тән қасиет. Ондай қайраткер аналар тарихта болған. Мәселен, Төле бидің келіні Данагүлді, Шыңғыстың анасы Айғанымды бүкіл қазақ елі пір тұтқан. Осындай ерлікпен, ақылды-даналықпен, билікпен, әділдікпен атын шығарған Ұлпан қазақ әйелдерінің жиынтық образы деуге болады. Жазушы жасаған Ұлпан — аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері.
Ғ.Мүсіреповтің Ана тақырыбынан кейінгі патриоттық тақырыптағы төл туындысы — «Қазақ солдаты» хикаятын (1945 ж., кейін «Қазақ солдаты» романы) жазды.
68)Повесть жанрының табиғатын байымдаңыз.
Повесть — эпикалық проза жанрының бір түрі. Повесть туралы түсінік әдебиет тарихында жиі өзгеріп, оны романның құрамдас бөлігі ретінде тану біраз уақыт орын алды.
Еуропа әдебиетте Повестьті новелла деп те атай береді. В.Г. Белинский Повестьті “романның шашыраңқы бөліктері” немесе “романның бір тарауы” деп атаса, бір кездерде оған романмен байланыстыра түсінік беру дағдыға айналды. Кейін жанр ретінде толық қалыптаса қоймаса да, очерк сипатындағы әңгімелер негізінде (19 ғасырда) “әдет-ғұрыптың жеңіл очеркін қамтитын”, “адам мен қоғамды әжуа-сықақ ететін пішін” деген тұжырым белең алды
Қазір проза жанрының жан-жақты дамыған тұсында Повесть туралы біршама тұрақталған ұғым қалыптасты. Повесть әңгіме мен романның аралығындағы прозалық жанрға жатады. Көлемі мен мазмұны тұрғысынан осылай бағаланғанымен, кейде көлемі романнан ауқымды Повестьтер дa кездеседі. Мысалы, көп романдардан көлемді “Клим Сам¬гиннің өмірін” А.М. Горький Повесть деп атаған. Повестьтің көлемі емес, көтерген жүгі мен арқау еткен мәселесінің aуқымы шағын келіп, романнан кіші жанр екендігін, ал эпизодтары мен өмір иірімдеріне бойлай енуі тарапынан әңгімеден күрделірек жанр екенін дәлелдейді. Оқиғаны жан-жақты суреттеу, философия түйін жасау, қат-қабат тартыстар сияқты романда кездесетін кең тынысты тәсілдер Повестьте бола бермейді. Повестьке оқиға тізбегін баяндау, хроник. әңгімелеу тәсілі тән. Ахмет Байтұрсынұлы эпикалық текті әуезе деп алып, оның түрлерін ұлы әңгіме (роман), ұзақ әңгіме (повесть), ұсақ әңгіме деп береді. Повесть туралы “ұлы әңгімеден өресі қысқа, өрісі тарлау түрі ұзақ әңгіме деп аталады” дейді. Байтұрсынов. Повесть туралы түсінік әдебиет тарихында жиі өзгеріп, оны романның құрамдас бөлігі ретінде тану біраз уақыт орын алды. Қазір проза жанрының жан-жақты дамыған тұсында повесть туралы біршама тұрақталған ұғым қалыптасты. Повесть әңгіме мен романның аралығындағы прозалық жанрға жатады. Оқиғаны жан-жақты суреттеу, философия түйін жасау, қат-қабат тартыстар сияқты романда
Повесть жанрының тарихын сипаттаңыз.
Повесть — эпикалық проза жанрының бір түрі. Повесть туралы түсінік әдебиет тарихында жиі өзгеріп, оны романның құрамдас бөлігі ретінде тану біраз уақыт орын алды.
Еуропа әдебиетте Повестьті новелла деп те атай береді. В.Г. Белинский Повестьті “романның шашыраңқы бөліктері” немесе “романның бір тарауы” деп атаса, бір кездерде оған романмен байланыстыра түсінік беру дағдыға айналды. Кейін жанр ретінде толық қалыптаса қоймаса да, очерк сипатындағы әңгімелер негізінде (19 ғасырда) “әдет-ғұрыптың жеңіл очеркін қамтитын”, “адам мен қоғамды әжуа-сықақ ететін пішін” деген тұжырым белең алды. Қазір проза жанрының жан-жақты дамыған тұсында Повесть туралы біршама тұрақталған ұғым қалыптасты. Повесть әңгіме мен романның аралығындағыпрозалық жанрға жатады. Көлемі мен мазмұны тұрғысынан осылай бағаланғанымен, кейде көлемі романнан ауқымды Повестьтер дa кездеседі. Мысалы, көп романдардан көлемді “Клим Сам¬гиннің өмірін” А.М. Горький Повесть деп атаған. Повестьтің көлемі емес, көтерген жүгі мен арқау еткен мәселесінің aуқымы шағын келіп, романнан кіші жанр екендігін, ал эпизодтары мен өмір иірімдеріне бойлай енуі тарапынан әңгімеден күрделірек жанр екенін дәлелдейді. Оқиғаны жан-жақты суреттеу, философия түйін жасау, қат-қабат тартыстар сияқты романда кездесетін кең тынысты тәсілдер Повестьте бола бермейді. Повестьке оқиға тізбегін баяндау, хроник. әңгімелеу тәсілі тән. Ахмет Байтұрсынұлы эпикалық текті әуезе деп алып, оның түрлерін ұлы әңгіме(роман), ұзақ әңгіме (повесть), ұсақ әңгіме деп береді. Повесть туралы “ұлы әңгімеден өресі қысқа, өрісі тарлау түрі ұзақ әңгіме деп аталады” дейді. Байтұрсынов осы негізде М.Дулатовтың “Бақытсыз Жамалын” романға емес, ұзақ әңгімеге, сондай-ақ М.Әуезовтің “Оқыған азамат” әңгімесін Повесть үлгісіне жақын келеді деп қорытады. Ж.Аймауытовтың “Күнекейдің жазығы”, Әуезовтің “Қараш-қараш оқиғасы”, “Қилы заман”, Ғ.Мүсіреповтің “Кездеспей кеткен бір бейне”, “Ұлпан”, Ш.Айтматовтың “Жәмилә”, “Құс жолы”, т.б. Повестьтері үздік көркем туындылар.
«Шұғаның белгісі» повесінің жанрлық ерекшелігі.
«Шұғаның белгісіндегі» сюжеттік даму (ситуация) тек адамдар тағдырына негізделген. Әрбір тарауда ситуация, қат-қабат конфликт арқылы өсіп-өніп жатқан әр алуан тип пен характер, олардың өзара қарым-қатынастары аса шыншыл, дәлелді, сондықтан да нанымды суреттейтіні сондай – жан жүрегін толқымай оқу мүмкін емес. Повестегі бас кейіпкер – Шұғаның бейнесі әр түрлі іс-әрекеттің даму барысында айқындалады. Кейіпкер арқылы тағдырына ата-анасын да емес, бауырларын да емес, өзін қоршаған әлеуметті де емес, тек қана ата салтын кінәлап, шарасыздыққа, өлімге барып тірелген қыз тағдырының өкініші, арманы көрсетіледі. Суреткер қайғылы Шұғаға бейтарап қарамайды, оған аяушылық сезім білдіреді. Қиянат көрген, өмірден түңілген қаһарманына жаны ашиды. Ал басқа кейіпкерлерге пайда болған тұсында мінездеме беріп кетеді (Әбдірахман, Зайкүл, Айнабай). Автор Шұға бейнесін ең алғаш рет оны өз заманының қыздарымен салыстыру арқылы мінездегені көрінеді. «Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін... Бұл күнде ондай қыз қайда. Ажары тәуірлеу біреу болса, соны көтере алмайды ма, білмейсің, ешкіге құсап шошаңдап жүргені. Заман бұзылған ғой...ия... Осы күнгілердің бір тапқаны, қызды оқыту керек дейді. Сол Шұғалар хатты зорға танушы еді. Сонда да осы күнгінің оқыған он қызына бергісіз еді. Айнала айтқанда, құдай сана берсін десейші...»
Жазушы Шұғаның ажарлығымен қоса мінезінің салмақты, ұстамды, ақылды екенін көрсетеді. Өз заманының қыздарымен салыстыру арқылы Шұғаны биікке көтереді. Әрине, бұл көпке күйе жағу емес. Ал «Сол Шұғалар хатты зорға танушы еді. Сонда да осы күнгінің оқыған он қызына бергісіз еді» деу арқылы Шұғаның зеректігінен, білімпаздығынан хабар бергісі келіп тұрғандай. Сонымен қатар Шұғаның бозбалалар хатына жауап қайырмауы, Әбдірахманмен алғаш рет алтыбақанда кездесіп, шешіле сөйлеспей жеңіл сөйлесуі оның мінезінің салмақтылығын тағы бір дәлелдеп өткендей. Шұғаның Әбдірахманға жазған хатында «Құрметлу мырза Әбдірахманға сәлем соңында айтарымыз: хатыңызды алдық, қазір пәлендей жауап бере алмаймыз, айыпқа бұйырмаңыз» дегенінен, оның сыпайылығын көреміз. Махаббат – адамның жан тазалығын, сабырлылығын, төзімділігін, ақылдылығын, шыдамдылығын көрсететін сезім десек, сол махаббат Шұғаны өз жетегіне ерткендей. Осылай махаббаттың ең биік сатысының бірі ғашықтық, одан кейін жақсы көру, ұнату сатыларынан өтіп, құмарту сезіміне жеткен секілді. Сезім әсерінен және де ата-баба салтын кінәлаған өкінішпен Әбдірахманнан айрылған Шұғаның ауыруы оның пәктігін, адалдығын көрсетеді. Повесте Шұғаның ғашығы Әбдірахман Есембектің жайлауға көшіп келген тұсында пайда болады. Автор Әбдірахманның өмірі мен қызметі жайлы өмірбаяндық экскурс жасап, мінездеудің өмірбаяндық элементтері арқылы кейіпкер мінезінің қалай қалыптасқанынан қысқа да жинақы хабар береді. Осы бір таныстырудан Әбдірахманның бойында қайсарлық, білімге құштарлық, адалдық қасиеттерінің барлығын байқауға болады. Оның тілмаш, песір болмауы параға, беделге сатылмағандығын көрсетеді. Ал Әбдірахманның бай киізін сатқанда, оған жағымпазданбай тілін алатын адамдарға «Әзір асығып екі бағасына алғанша, астықтарыңды жиып алған соң шалқайып отырып, жарты бағасына аласыңдар» деуінен елдің пайда қылуы, Әбдірахманның ел қамын ойлайтын көпшіл екендігінен хабар бергендей. Повестегі бәле іздеуші бәлеқор – Айнабай бейнесі. Айнабайдың екіжүзділігі, мақтанқұмарлығы мына тұста анық көрінеді: «Ағайын арасында аз үйлі керей болғанымен Айнабай деген бірді-бірге соғып, екі елдің арасына от салып тұтандырып жүретін бір қызыл көзді бәле. Ел ішінде Айнабайдың істемеген бұзықтығы жоқ. Анау-мынау адамдар өзінен сескенетін де еді...»
Ендігі бір тоқтала кететін кейіпкер Шұғаның ең кіші жеңгесі – Зәйкүл. Зәйкүл де өзінің ата-анасы атастырып қосқан жарын сүймейді. Бірақ айтқан сөзінен табылып, көңіліндегі мүддесін орнына келтіретін жарынан кете алмайды. Ал оның күйеуінің момындығын пайдаланып оңды-солды жүруі мінезінің жеңілдігінің дәлелі. .Майлиннің өз кейіпкерлерінің бойындағы табиғи өзіндік психологиялық қасиеттерін, мәселен, Шұғаның адалдығы мен пәктігін, Әбдірахманның қарапайымдылығы мен төзімділігін, Айнабайдың екіжүздігі мен бәлеқорлығын т.б даралап, шеберлікпен көрсете біледі. Әрине, шындап келгенде Шұғаның басына түскен тауқымет төркіні әлеуметтік жағдайда жатыр. Өйткені, өз қыздарын атастырғанына беретін қазақ салтының жойылмауы, қазақ қыздарының өз құқығын қорғай алатын дәрежеге жете алмауы дәлел бола алады. Б.Майлин «Шұғаның белгісі» повесін жазуда қаһармандар мінезін сомдау үшін мінездеу тәсілдерін еркін меңгергені байқалады. Повестегі тағдыры сан алуан кейіпкерлер қазақ әдебиетін жаңа образдармен толықтырды. Оның кейіпкерлері әлеуметтік ортаның үстемдігі мен табиғи жаратылысының құдіретті ортасына бағынатын шыншыл бейнелер болды. Повестің фабуласы дәстүрлі: Кедейден шыққан Әбдірахман деген мұғалім жігіт Есімбек деген байдың Шұға атты сұлу қызына ғашық болады. Жігітті қыз да сүйеді. Бұл, әрине, байларға ұнамайды. Олар жала жауып, Әбдірахманды айдатып жібереді. Бұған күйзелген Шұға айрықпас дертке ұшырайды. Қызының халіне қиналған Есімбек болысқа айтып, Әбдірахманды амалсыз босатады. Әбдірахман алып-ұшып, сүйікті Шұғасын көруге асығып келсе, қайран ару жарық дүниемен біржола қош айтысқан екен; оның өзіне жазып қалдырған хатын оқып, көз жасы көл болады… Мұның бәрі бүгінгі көзге белгілі оқиғадай, жаттанды тақырыптай болып көрінгенімен, көркем прозасы әлі қалыптасып үлгірмеген заманда, тіпті алғашқылардың бірі болып, жаңа, еуропалық үлгідегі проза жанрымен салған жерден мұндай көлемді көркем дүние жазу – тек Б.Майлин секілді хас таланттың ғана қолынан келетін шаруа еді.
Абай өлеңдеріндегі уақыт пен кеңістік ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Уақыт пен кеңістік ұғымының ауқымы шексіз. Екеуі − Сиам егізіндей ажырымайтын субстанциялар. Оларды қайсыбір сәттерде ғана шартты түрде арнайы қарастыруға болады. Алайда тамырлас арналар алшақтап кете алмайды. Көркем әдебиет – уақыт пен кеңістіктің шағын моделі. Оны дүниеге әкелу үшін де мекеншақ (хронотоп) өлшемі керек, оның мазмұндық құрылымы да әр алуан мекеншақ қатынастарына негізделмек. Шығарманы қабылдау кезеңдері де мекеншақ ерекше-ліктерімен сабақтас. Тегі, уақыт және ке-ңістіктің перцептуалдық бейнесін әдебиет мекеншақ тағандарына табан тіреп тұрып сомдайды. Абай философиясының ең басты бағаналы терегі – Уақыт (әрине, кеңістік ұғымы өзінен-өзі сана астарында тұрмақ). Әдепкіде ақын мұндай объективті табиғи құбылысқа мән бермесе де керек. Уақыт – ананың құрсағында жүріп, уақыттың түйткіл мәселелерін шешемін деп ойлау – өзіңді айнасыз көрудің мүмкін еместігіндей қиын нәрсе. Әйтсе де, Абай өмір сүру уақыттың сыңарына айналу екенін біледі. Оның туындылары – ой-сана мекеншағының мәтін арқылы тұрақтылық табуға ұмтылысы. Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінде ақын алғаш рет уақытты жанама кейіпкер етіп алады. Мұнда тарихи, әлеуметтік, даралық уақыт өкініш сезіміне байланысты психологиялық уақыттың түрлі атрибуттары боп көрінеді, кеңістік детальдарын түзеді. Қазақ елінің тұрмыс жағдайы мен әлемдік өркениет арасындағы қайшылық лирикалық кейіпкер дүнетанымындағы қозғалыс заматымен ішкі драматизм тудырады. Ментальдық ілгерілеудің жекелік қасиеті мен ұлттық тұйық-тыққа тән жалпылық нышан тағы да қарама-қарсылық күйден айнымауы рефлексологиялық мезет кернеуін арттырады. Ақын үшін алдыңғы буынның олқылығын толтыруға тиіс ұрпақ болашағы да қауіпсіз емес. Ол кертартпа орта мен ізгілікті мұрат арасындағы кереғарлықты сезініп, қам жейді. Лирикалық қаһарман негізгі тұтқа идеясын меже қылып ұсынғанмен, өзінің жекелік қасиеттері, қоғамдық орта мінезімен келіспеушілік тәрізді сарындарға көшуімен тақырып әртараптылығы жағынан бұл жолы да, басқа туындыларында да толғау жанрына хас ерекшелікті аңғартады. Бұл тәсіл баяндау уақытының еркіндігін оятады. Абай дидактика-лық үлгідегі жыраулар поэзиясының мекеншақ жағынан тым тәуелсіз болмысын бойына сіңіре отырып, әлеуметтік және психологиялық мекеншақ аясында бұрынғы дәріптеу мен таңыр-қау әсеріне қатысты қабылдау аясымен тұтастық шегін бұзады да, осы төңіректегі драматизм, лиризм элементтерін ұштай түсу арқылы эмоционалдық полифония қалыптастыру нәтижесінде жаңа поэзия, модернистік дүниесезіну дәстүрін дүниеге әкеледі. Оны реалистік поэзия деу аз. Өйткені реализмнен жыраулық, ақын, сал, сері поэзиясы да құралақан еместін. Сыншылдық пафос тарихи-әлеуметтік себептерден гөрі жеке адамның өзіне байланысты әшкерелеу интенциясына құрылуымен де өзгеше. Аса биік ерлік, даналық сапалар емес, азаматтық құқық жағынан таршылық жағдайдағы мүлде басқа рухани құндылықтар эмблематикасын алға тартады. Ұлттық идея ежелгідей майдан даласындағы батырлық пен ел билеушілерін мадақтаудан ірге айырып, жатаған қалыптағы, бірақ орыс мәдениеті түрінде көрініс берген жаһандану үрдісін мақұлдау арқылы мазмұндық аясына жаңалық енгізеді. Абай тарихи-әлеуметтік мекеншақты психология-лық мекеншақпен тығыз араластыру нәтижесінде соны сипаттағы ілгерішіл ұлттық мұрат субстратын назарға ұсынады. Қоғамдық уақыт мәселелерін өзіне қатысты бағамдап отырған ақын негізгі оқу, ғылым тақырыбын қоя тұрып, жеке қасиеттері мен қоршаған орта арасындағы толық келісім жоқтығына орай жан назасына көшеді: Өзім де басқа шауып, төске өрледім, Қазақта қара сөзге дес бермедім. Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ, Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім [1, 22 б.]. Дара басының қасиетін ұлықтау жырау, жыршы, айтыс ақындарында кездесетін. Бірақ ондай қабілет, мінез ерекшеліктері ешқандай дау-дамайсыз, диалогтық қатынасқа түспей баяндалатын. Ал Абай толғаныстары міндетті түрде екінші бір қарама-қарсы ұйғарымдар симулякрын көзге елестетіп, сол тұрғыдағы ой-пікір әсерімен қатты есептесуге құрылады. Ой-толғамдар логикасы әріден тамыр-ласқанмен, баяндау уақыты мөлшерінде терең қабысып та жатпайды. Олар – жүйелі нұсқа-дағы монолог емес, сана ағымы түріндегі тебіреністер. Сана ағымы модернистік әде-биетке тән құбылыс. Баяндау уақыты әр алуан байлам, пайым мекеншағына тосқауыл қойып, кідіріс тапқыза алмайды. Осындай эволюциялық қадам айшықтарын түсінген М.О.Әуезов: «Азамат ақынның зор идеясын бастаған өлең сол «Жасымда ғылым бар деп» болса, енді осыған жалғас 1886 жылы туған толып жатқан тың өлеңді көреміз. Тегінде 1886, 1889, 1896 жылдар Абайдың ақындық, ойшылдық еңбектерінің ең жемісі мол, өнімді жылдары болады. 1886 жылы Абай он сегіз өлең жазған» [2, 110 б.], – дейді. Ғұлама ғалым Абай «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңдерін жазғанда қырық бір жаста ғана екенін ескертеді. Алғашқы аталған шығармада уақыт кескіні философиялық бейнеге айналатын тұстар көп. Ақын бірден-ақ психологиялық жағдаяттардың әлеуметтік мекеншақ аясындағы себептерін ашып көрсете бастайды: Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек. Ашуың ашыған у, ойың кермек. Мұңдасарға кісі жоқ, сөзді ұғарлық, Кім көңілді көтеріп, болады ермек [1, 23 б.]. Метафоралық ойлау жүйесіне құрылған, ассонанс, аллитерациялық өлшемдер сөздердің вокалдық қуатын арттыратын, риторикалық сұрау арқылы шешендік сөйлеу үрдісін стилистикалық-эмфатикалық амал ретінде пайда-ланатын өлеңде тағы да лирикалық тұлғаға қа-тысты шартты түрдегі пікір қайшылығы төбе көрсетеді. Ол «Жасымда ғылым бар деп ескер-медімде» білім тапшылығының қорлығына назаланса, ендігі жерде өзінің үлкен ой-шылдығын жоққа шығармайды. Білім мен ақыл барлық уақытта бірдей егіз емес сияқты. Ал Абай ыңғайында алсақ, ұлы шайырды дүние жүзі тарихы мен әдебиет, дінінен мағлұматы олқы деу қиын. Автор әдепкіде жорта кішірейіп сөйлейді немесе өзінде бардан да ірі қайнарға ұмтылады, әйтпесе жалпы қазақ қауымына ортақ сауатсыздық зардабына налиды. Жеке тұлға мен қоғамдық орта арасындағы зияткерлік, рухани теңдестіктің адалығы тарихи мекеншақ пен даралық мекеншақ арасындағы қиғаштық межелерін тым алшақтатып жібереді. Абайдың тағы бір жаңалығы – өз уақытынан асып, болашақ уақытпен сырласуын поэтикалық стиль доминантасына айналдырғанын тайға таңба басқандай анық білдіруі. Ол эмоционалды әсірелеу тәсілін де ой жігерін жану үшін қолданады. Бір адам хакім сөзін елемейтін болса, бұл өлең тыңдалмас та, бүгінге жетпес те еді. Ұлы ақынның соншалық асқақ, тәкаппар сөз орамдарындағы біраз жұртты сынай тұрып, менсінбеушілік әуенін қарапайым халық кешіріммен қарау орнына, табынып қарсы алады. Демек, Абай сөзінің магиясы күшті. Ол негізінен ақын жанының нәзіктігі, басқа субъектілердің өмірлік уайым, қасіретіне ортақтастық көңілін бүкпелемей, ащы да болса, шынайы жариялай білуінде. Адалдық пен талант, сезімталдық, мейірімділік Абай поэзиясын омыртқасына отырғызып жүзетін алып кит тәрізді. Бұл жерде сан мен сапа ұғымының арасындағы тартыс орын алған. Ақын екі көрсеткіштен де тоят таппаған. Ол осы мезеттегі, бәлкім, бұрынғы әрі дағдылы мекеншақ аясындағы ахуалды келер шақ түріндегі сөйлем түзілімдері бойынша баяндау арқылы стилистикалық политопизм бедерін елестетеді. Сар далада «Ақылдың азабын» кешетін ақынның үміт, сенім туралы түсінігі де бұлыңғыр. Модернистік әдебиет-тегідей айналасынан түңілу, жақсыдан күдер үзу мотиві үзеңгі теуіп шыға келетіндей. Абай бүкіл философиясының алтын қазығы іспетті аса терең ойдың тұңғиығын екінші шумақта-ақ жайып салады: Жас қартаймақ,жоқ – тумақ, туған – өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек. Басқан із, көрген қызық артта қалмақ, Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек  [1, 23-б.]. Келер шақ етістік үлгісіне ұйқас толым-дылығымен экспрессивті екпін дарытатын үзіндідегі алғашқы жолда уақыт тізбектері логикалық ыңғайда ауысып келгенімен, адам өміріне байланысты мезгіл ырғағы сағат тілін алға жылжытып отырған. Абай күллі саналы жанды таң қалдыратын биологиялық өріс айналымының пайда болу, даму, шегіне жету, яғни көзден кету түрінде өзгеше кейіпте қайта оралу фактісін Құран Кәрім қағидаларымен бірлікте жырға қосады. Алла тағала мәлім еткен құпия ақиқатты Абай өз жүрегінің көрігінен өткізіп барып, баршаға  аян етеді. Әрине, өлең құдіреті рухани-танымдық құндылығы шексіз мифопоэтикалық шындық-ты өмір салтына лайық жоралғы, ғұрып машығына қосу талабымен көгеріп, көркейе түскен. Тұрақтылықтың да, қозғалыстың да кепілі Абай үшін – Құдай. Уақыт пен кеңістіктің бастауын Жаратушыдан іздейді. Өйткені ғалам сырын басқаша ұғындыру мүмкін емес. Дүниені танып, білудің шекарасынан асуды жөн санамайтын ақынның идеалистік көзқарасы Ислам ілімін терең меңгеру нәти-жесін аңғартпақ. Алашқа іші жау боп, сырты күлмек, Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек. Бір-екі жолы болған кісі көрсе, Құдай сүйіп жаратқан осы демек [1, 24-б.] «Көп пен дүрмекке» сүйенетін надан адам-ға тиесілі мінез-құлық типологиясы психоло-гиялық нанымдылықпен қамтылады. «Іші», «сырты» – мекендік ұғымдар. Жеке тұлғаның жан дүниесі мен бет-пішін қимылдарының арасындағы кереғар сурет белгілі бір социум-ның алдамшы, жалған дүниетанымын әйгілей-ді. Бұлар – өзіне-өзі сенімсіз пенделер. Неғұрлым күші, байлығы, айласы мол пасықтарды ұнатқаннан емес, қорыққаннан сыйлайды. Сонысымен қауіпті. Олардың туған-туысына байланысты идеологемада ұзақ мерзімдегі опасыз көңіл мен шектеулі заматтағы шамалы өкініш ақиқат қақпасының алдында қақтығысқа түседі. Ел бұзылса, табады шайтан өрнек, Періште төменшіктеп, қайғы жемек. Өзімнің иттігімнен болды демей, Жеңді ғой деп шайтанға болар көмек. [1, 24-б.] . Абай реалды-тұрмыстық уақыт пен діни-мистикалық мекеншақтың қабаттасып келу сәтін де сахара тұрғынының өмір жайлы түсінігіне сай бейнелейді. Мұндағы оппозиция: періште мен шайтан. Бұл эмблематикалар қоғам ішіндегі іріткі мен бірліктің трансценденттік себебін қарастырумен сабақтас. Жер бетіндегі қара ниеттілер діни-мифологиялық уақыт пен кеңістік шындығының өзін көзі байлаулы алдамшы мекеншақ үшін бағдаршам қылуға тырысады. Оған төрелік айтатын – ақынның даралық мекеншағындағы мейлінше әділ, шыншыл, турашыл мұрат пен парасат үстемдігі. Абайдың өмір туралы толғамдарының бәрі дерлік алдағы іс-әрекет нобайын болжау түрінде құрылуға бейім: Өлсем, орным – қара жер сыз болмай ма, Өткір тіл  бір ұялшақ қыз болмай ма. Махаббат, ғадауатпен майдандасқан, Қайран менің жүрегім мұз болмай ма! [1, 226-б.] Сұрай арнау формасын таңдаған әйгілі жырдың затты-бейнелілік сипаты зор. Әсіресе айқындау мен алмастырудың көркемдік-эстетикалық палитрасы бай. Барлық сұрауға жауап дайын. Әйтсе де осы тәсілдің ойындық табиғаты шығармадағы қайғылы атмосфераны өткір динамизммен суреттеуге қосар үлесі мол. Мекендік өлшемдер өзгеріссіз қатқан қалып ретінде жанды әлемнің айқын антиподы боп, «қ», «а», «ж» дыбыстарының басқа тіркестерде жаңа семантикалық бітіммен қайталанып отыруы ой, екпін ырғағын ширықтырып жібереді. Суықтық, үнсіздік, қараңғылық референттері уақыт пен кеңістіктің адам санасы арқылы қабылданатын екі полюсі арасындағы ымырасыз суреттер қоюлығымен психологизм мазмұнын аша түседі. Қорқыныш, үрей, шарасыздық, тәуекел эмоциясы тіршіліктің шідерсіздігі жайлы модернистік эстетикаға тән жатсыну философиясымен тамырластық табады. Экзистенциалдық сарын «аяғын шалыс басқан» «асау жүрек» концептінің предикативтік сипаттары негізінде қоғамдық ортаға лайық сұрықсыздық пен парықсыздықтың астарлы суретін имплицитті түрде елестету негізінде нанымдылыққа иеленеді. «Махаббат», «ғазауат» – жүрек кеңістігіндегі ұғымдар. Сонда жүрек сан алуан, тіпті мүлде керағар сезім, қайшылықтардың мекені. Ал қайшылықтардың таласы – өмір денотаты. Өмір шектеулі. Уақыт шексіз. Адам өлімімен бірге уақыттың бір бөлшегі ғана құрдымға кетеді. Демек, оны ұстап тұрғандай материалды сауыт – жүрек те мәңгілік мекеншақ аясында физиологиялық мәнін жояды. «Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім» дегенде Абай рухани мекеншақ пен тартысқа толы тіршілікті астарлы мағынада қамтитын табиғи ландшафт көріністерінің жан драмасын ашуға қатысты эмоционалдық аурасын бейнелейді. Аллитерациялық құбылыстардың да қызметі мол. «Жүректің» «түбі» перпендикулярлық орналасым түзуін елестететін бейнелі тіркес. Ол семантикалық мәннің уақыт пен кеңістік жағынан неғұрлым сандық сипаты көп қырларын сапалық өлшемге айналдыру үшін жұмсайтын зияткерлік, психологиялық қажырын бедерлейді. Біз Абайдың тікелей өмір, өлім, табиғат, тән, рухқа байланысты атақты шығармаларына кейінірек арнайы тоқталуға тиіспіз. Ал мына туындының мәтінін толық келтірейік: Жапырағы қуарған ескі үмітпен, Қиял қып, өмір сүріп, бос жүріппін. Жыбыр қағып, көңілді тыншытпайды Қашанғы өтіп кеткен бұлдыр көп күн. Ол дәурен өмір емес, бір көрген түс, Ойға тойма, қызықты қиялдан күс. Қарашы, өз бойыңда түгел ме екен Ыстық жүрек, өң-шырай, қуат пен күш? Төңкеріліп құбылған жұрт – бір сағым, Шынға шыдап, қоса алмас ынтымағын. Көптің аузын күзетсең, күн көрмейсің, Өзіңді өзің күзет, кел, шырағым! [1, 242-б.] Абай бұған дейін алдағы көріксіз жағдаятты оймен болжап бейнелеуге тырысып көрсе, енді өткен шақтың көмескі кескінін тағы да жады кеңістігінде жан бітіріп көруге ынта қояды. Бүгінгі уақыт ертеректегі бірталай жылдың кадрларын жинақтап, сомдап, екшелген өмір суреттерін ғана бері сүйреп әкеледі. «Қиялға» байланысты контексте уақыт тым ілгерілеп кетіп, кейін шегінгенін аңғару қиын емес. Бірақ ол уақыт әлеуметтік-рухани шындықтың жеке тұлға үшін өкінішті әсерін жеткізе алуымен бағалы. Себебі уақыттың тізбегінде кездейсоқ түйіндер жоқ. Бәрі де тірі нүктелер. Адам үшін оның басталуы мен аяқталуы белгісіз. Алайда өмір жолының әр кезеңі көңіл мекеншағындағы қоғамдық ұстаным, мұраттар безбеніне тартылғанда, сан түрлі көзқарас, толғаныс сипатына бағдар береді. Ақын жанын жабықтыратын – асыл армандардың орындалмауы. Жеке адам мен ортаның ортақ ымыраға келе алмауы терең драматизмге азық тауып береді. «Төңкеріліп құбылған жұрт – бір сағым» әлеуметтік мекеншақ пен табиғи мекеншақтың сырт ұқсастығын нәзік пайымдаудан туған шебер метафора. Ұлттық мінез-машықтың керітартпа, жерқорақ, тұйықтық әлпеттері аса жоғары ар-ождан өлшемдеріне жауап бере алмайды. «Шынға шыдап, қоса алмас ынтымағын» дейтіндей қауымның өзара сүйіспеншілікті қадірлей білмеуі ұлттық мәртебе беріктігіне сенімсіздіктен шығатын ахуал. Ұлттық намыс Абай идеялары арқылы күн көріп жатыр. Кеңістік суретіндегі бұлдырлық уақыт аясындағы мінез-құлық өзгерістерінің жылдамдығын ұнамсыз ықыласпен нариза күйде суреттеуге әдемі фон болған. Сағымға жақындау да, оны қолмен ұстау да мүмкін емес. Ол – бар да жоқ материя. Абай өзін ортадан биік санап, адасса, мұңаймас еді. Әйтсе де, «ақылдың азабы» тәңірлік өркениет ұстанымдарын орнықтыруға жан салады. Бұл ретте ол тағы да жалғыздық кешеді. С.Къеркегор айтатын этикалық, эстетикалық, діни экзистенция сатыларына көтеріле алмаған социум ұлы шайыр жырларының трагедиялық мотивіне желі тартады. Абай шығармалары тарихи-әлеуметтік тұрғыда кемшін соғатын қазақ қоғамы кеңістігіндегі түрлі нанымсыз уәждерге қарсы әлемдік уақыт асқақ мұраттарының үстемдік жүргізе алатынын өнер құдіреті арқылы дәлелдеп берді. Уақыт пен кеңістік түрлерінің адам жан дүниесімен тығыз тамырластығын көрсетті. Тән мен рухтың мекеншақ аясындағы күресінде екінші субстанцияның жеңісін мойындады әрі осы ақиқатты көңіліне медет тұтты. Өйткені тірі жан иесі уақыт пен кеңістіктен тыс еш нәрсе бола алмайтынын ақын бар болмысымен түсінді. Сондықтан Абай поэзиясындағы ең басты қаһарман Уақыт екені баршаға белгілі саналса керек.
Баллада жанрының табиғатын сипаттаңыз.
Әдебиеттегі баллада 12 — 13 ғасырлардағы трубадурлар мен труверлердің дәстүрлі халық өлеңдері мен әндеріне негізделген шығармалардан бастау алады. Ал, 13 — 15 ғасырларда Францияда полифониялық рефренді әндер (Гильом де Машо), Англияда эпикалық тынысты, лирикалық нәзік үнді халықтық балладалар (Робин Гуд туралы) бұл жанрдың қалыптасуына негіз болды. “Робин Гуд және монах”, “Робин Гудтің Вилли мен Статлиді азат етуі”, т.б. балладалар осыны айғақтайды. Балладаның классикалық үлгісі Францияда қалыптасты. 28 жолдан тұратын француз классикалық Балладасы үш сегіз жолдық, бір төрт жолдық шумақтардан тұрады және сюжеті жеңіл не сюжетсіз лирикалық сазды өлең түрінде келеді. Франция балладаның ірі өкілдері: Э. Дешан, К. Маро, Ф. Вийон, П. Ронсар, К. Орманский, Х. Пизанский және т.б. Италия әдебиетіндегі баллада француз балладасынан құрылымы жағынан еркіндеу, стилі жағынан да өзгешерек болады, италиялық балладаның классикалық үлгілері Данте мен Петрарке шығармаларында көрініс тапты. Кейіннен, ағылшын және шотланд әдебиетінде баллада қарқынды дамыды. Және ол сюжетті лиро-эпикалық поэма түрінде жазылды. Англия балладасының ірі өкілдері: Р. Бернс, С. Коллидрж, У. Блейк, Р. Киплинг, Р. Соути, Р. Стивенсон. Германияда баллада алғашында хор әні түрінде қалыптасып, кейіннен антикалық миф пен аңыздарға негізделген лирикалық-эпикалық сюжетті өлең сипатындағы түрлері қалыптасты. Германияда балладаның өкілдері — И. Гете, Ф. Шиллер, Г. Гейне, Л. Уланд, А. Брентано және т.б. 18 — 19 ғасырларда орыс поэзиясында романтизм мен сентиментализм ағымдары айқын көріне бастаған кезеңде балладаның қалыптасуына В. Жуковский, А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Козлов, А.К. Толстой, В. Брюсов, т.б. ақындар ерекше ықпал етті. Қазақ әдебиетіне баллада жанрын Ерубаев әкелсе, оның дамып, қалыптасуына Қ. Жармағамбетов ерекше үлес қосты. С. Ерубаевтың “Ақын жыры”, “Үш шахтер туралы баллада”, “Меруерт алқа”, т.б. балладалары болса, Жармағамбетовтың балладалары “Адам туралы аңыз” (1951), “Мұғалима туралы баллада” (1957), “Балладалар” (1962), т.б. жинақ болып жарық көрді. Сондай-ақ, қазақ ақындары Ә.Сәрсенбаев, Ж. Нәжімеденов, М. Мақатаев, Қ. Мырзалиев, К. Мырзабеков, М. Шахановтың балладалары қазақ әдебиетінде оның жанр ретінде қалыптасып, орныға бастағанын көрсетеді. Музыкадағы баллада жанры 18 ғасырда Германияда пайда болды. Оның гүлденуі австр.-неміс музыкасындағы романтизм ағымымен үндес келді (Шуберттің “Орман патшасы”, К. Лев, Р. Шуман, Х.Фольф, т.б.). Неміс мәдениеті ықпалымен баллада жанры Ресейге тарады (А.Н. Верстовский, А.Е. Варламова, М.И. Глинка, П.И. Чайковский, т.б.). Музыкадағы баллада қазірде кең тараған жанр ретінде танылады. Верстовскийдің “Қара шәлісі”, Глинканың “Түнгі байқауы”, А.Г. Рубенштейннің “Балладасы”, Бородиннің “Теңізі”, Мусогорскийдің “Ұмытылғаны”, т.б. осыны айғақтайды. Музыкада Ф.Шопен фортепьянолық балладалар жанрын дүниеге әкелді, бұл жанр кейіннен Э. Григ, А.К. Лядов, т.б. шығармаларында жалғасын тапты. Романтикалық баллада (ария) опералық шығармада да кездеседі (Чайковскийдің “Қарғаның мәткесі”, т.б.). Қазақ музыкасында да баллада жанры туып, өріс ала бастады. Ж.Жабаевтың өлеңіне арнап М.Төлебаев “Туған елім”, Е. Брусиловский мен Қ.Қожамияров фортепьяно үшін, Ғ.Жұбанова баритон дауыс пен симфония үшін балладалар, Қ.Мусин “Сәкен Сейфуллин туралы поэма-баллада” жазды. Қазақ әдебиетіне баллада жанрын С.Ерубаев ("Үш шахтер туралы баллада", "Меруерт алқа", т.б.) окелсе, Қ.Жармағамбетов оны дамытып қалыптастырды ("Бидай туралы баллада", "Мұғалима", "Күзетші", "Кекті бала", т.б.). Жармағамбетовтың балладалары "Адам туралы аңыз" (1951), "Мұғалима туралы баллада" (1957), "Балладалар" (1962), т.б. жинақ болып жарық көрді. Сондай-ақ, қазақ ақындары Ә.Тәжібаевтың, Ә.Сәрсенбаевтың, Ж.Нәжімеденовтің, М.Мақатаевтың, Қадыр Мырза Әлінің, М.Шахановтың жекелеген шығармалары баллада үлгісінде жазылған.
73) Ғ.Мұстафиннің Дауылдан кейін романының жанрлық сипатын анықтаңыз
Ғабиден Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романының сюжеттік құрылымын берерде Аман арқылы сол кездегі елдің жағдайын көрсетеді. Осыдан шығарманың өн бойында Аманның тіршілігі әңгіме болады. «Атылған оқ» бөлімінде Аманның елге жаны ашығыш екенін байқаймыз. Оған «Аманның қабағы салыңқы, ауыр отыр. Столында түтеленген қағаздар көп. Бәрі ауылдан түскен арыздар. Арыз сайын кемі бір қиянат, ұрлық не зорлық бар. Біреуді біреу, көзі тайса, ұрлап, әлі жетсе, зорлап жатқан тәрзді. Аман оқиды да күрсінеді. Биыл күрсінуден көз ашқан жоқ...Жасы жиырма мен отыздың арасында болса да, отыз бен қырықтың арасындағы жігітке ұқсайды». Оның ақылының толысып келе жатқанын әр оқиғаның барысында автор беріп отырады. «Аман ойланып қалды. Қазақта ер құнынан, жесір дауы, жер дауынан үлкен ештеме жоқ. Бұл үшеуі екі адамның ғана емес, екі рулы елдің дауы. Малқар сияқты нәннің қолындағы келінін айрыпы алу, Малқармен қоса, бүкіл сол рудың намысын қоздырады. Одан қорқып совет заңынан теңді, әділет жолынан шығуға Аман қорланады. Елге келіп, мемлекет ісіне тастай береді қазекең. Кеспесе, шешілмейтін ескі түйін. Аман беріп кетпе жігіт емес, жас та болса, қарияша толғанды біраз».Сонымен қатар, оның аңғақұмар қасиеті бар. «Қыс күндері бұнда аңшылар келе алмайды, кереғар. Жылқы қостап шыққан кезде жылқышылар ғана там-тұмдап аңшылық етеді. Аңқұмар Аман: «Қысты күні жылқышылардың қосында жатып, тым құраса, бірере жұма аң аулап қайтар ма еді!...» деп келеді...» Бұл үзінді айтқан ойымызға дәлел болып отыр.Әрі ол өз ортасының білімді адамы. «... «Народный университет на дому» журналдардағы лекцияларды тапжылмай, күн ұзын оқығанда тоймайды, талмайды. Кешке оқуға шам жоқ... Мысалды осы ортаның өзінен алып, өзі шешіп бергенде, жолдастары ұстазындай тыңдап, ұйып қалады...» Міне айғағы.Намысшыл. «Бұл – Аман.  Тұтқында отыр. Қолында - «Народный университет на домудың» бір номері. Қоғамтану лекциясын оқып отыр. Бұрын астық сарайы болған осы кішкентай тұтқын үйге енгізіп жібергенде, ол бір шыңырауға түсіп кеткендей сезінді. Кең даладан келіп, қапас қамауға бірінші рет тұтқиылдан түскен жастың көңілі торға түскен бүркіттей аласұрып, көпке дейін ақыл-ойға ырық бермеді. Тұла бойын намыс кернеп, қызарып, булығып, «жазығым не?» - деген бір сұраққа жауап таба алмай сенделумен болды».«Ұят-ары жоғары жігіт қазір қызарумен қоймай, танауының үсті де тершіді». Бұл автордың Аманның ар-ұятының көркемдігін жеткізіп тұр.«Аман былтыр келгенде, бәрінің басын қосып, былай деген: «... Жатақ болып алдыңдар. Енді үй-қораларынңды түзеп, поселке тәртібіне көше беру креек. Мойынсеріктің пайдалы екенін көрдіңдер. Енді серіктіктің бұдан да пайдалы түріне көшу керек... орталық қор жасаңда. Жұмыс көлігін, өндіріс құралдарын ортаға салыңдар. Сонда еңбек өнімі де, дәулеттерің де арта түседі... Қазына жәрдемі алдымен сендерге беріледі...» Бұл үзіндіден Аманның ұйымдастырғыш қабілетін, сондай-ақ, оның халықты өзіне қарата алатын жан екенін байқаймзы. Тағы да, үзіндіні оқысақ, назар аударатын бір тұсы бар: оның алға ұмтылғысы келетіні, дамып-өркендеу оның тілегі.Міне, осындай Аманның тағы да қыр-сыры көп. Бұл – Ғабиденнің авторлық тұлғасының жемісі. Бір ғана Аманның тағдыры арқылы бүкіл өңірдің хал-ахуалын, ішіндегі талай оқиғаларды бір-бірімен ұштастыра беру де автордың шеберлігі. Аманның көркемдік бейнесін, болмысын осы роман арқылы танысып, білдік.
74. Жанр эволюциясы. Жанрлар – ауызша және жазбаша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасады. Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай. Әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктері мен сипаты әрі бәріне ортақ белгілері бар. Публицистикада бүкіл қоғам мүшелерінің назарын аударатын оқиғалар, мысалдар, типтік фактілерді талдау, сипаттау әдісімен түсіндіріледі. Сондықтан ірі оқиғалар мен құбылыстар публицистің тудырған бейнесі арқылы айқындала түседі. Ал бейне арқылы оқырманға оқиға жайлы толықтай мәлімет алуға мүмкіндік береді. Бұл көркем-публицистикалық жанрларға тән сипат. Әсіресе, очерк пен фельетонда әдеби көркемдеуіш тәсілдер молынан қолданылады. Оқиғаны әсерлі етіп, әдемі сөздермен өрнектейді. Репортаж – көркем публицистикалық жанр, фактіге құрылған, оқиғаны шындықпен суреттеген, белгілі бір обьектіге құрылған жанр. Репортаж эмоциямен жазылады да, оқиғаны әсерлі етіп, әдемі сөздермен өрнектейді. Репортаждың тілдік құрылымы түсінікті, бейнелі болғаны дұрыс. Баяндау әдісі тікелей әңгімеге тарту, мәнерлі шегініс, кейіпкердің мінез құлқын сомдау, сол оқиға орынының ауасымен тыныстату, тарихи шегініс жасау сияқты әдіс тсілдер қолдану арқылы, негізінен III жақта баяндалады. Онда автордың «мені» айрықша білінуі шарт. Очерк – көркем публицистикалық жанр. Ол өмір шежіресі. Заман ағымына ілесіп, өмір тынысымен бірге соғатын, өмірде болып жатқан сан қилы оқиғалармен, жаңалықтармен ізін суытпай жедел таныстыратын, бізбен бірге өнегелі еңбек етіп жатқан замандастарымыздың шынайы бейнесін жасайтын жанр. Очерктің бірнеше түрлері бар: очер-пейзаж, очерк-фотография, психологиялық очерк, сатиралық очерк, тұрмыс очеркі, мемуарлық зерттеу-этнографиялық очерк т.б. Ал Қожекеевтің пікрінше, очерк беске бөлінеді: жол сапар, портреттік, оқиғалы, публицистикалық, проблемалық. Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән. Эссенің түрлері:Салыстырмалы эссе,пайымдық эссе, көркем-әдеби эссе. Публицистика жанрыныңда пайда болу, қалыптасу, даму тарихы бар. Осы ұзақ жолда жанрлардың сипаты, өз ерекшеліктері пайда болып отырған. Дамудың осы барысында «жанрлар туады, өседі, өзгереді, жолығады, жаңадан пайда болады». Баспасөз арқашанда идеялық-саяси күрестің алаңы екені мәлім.Жанрлардың мазмұны мен формасы да осы идеялық-саяси күрестерге байланысты өзгеріп, дамып отырған. Осы дамудың барысында, журналистиканың шағын жанры заметка, одан кейін барып публицистиканың талдамалы жанрларының бірі –корреспонденция пайда болғаны белгілі. Бірақ қандай жанрлардың да даму тарихын, қалыптасуын алып қарағанда да оларды пайдаланудың өзі баспасөз органының идеялық саяси позициясына байланысты. Мұның бәрін де өмір тәжірибесі анықтап отырады.
75. Жанрлық топтар. Жанр туралы түсінік жазба әдебиеттің қалыптасуы, дамуы барысында анықталады. Әдебиет - өнердің үлкен бір саласы болса, яғни, өнердің үлкен бір тармағы деп қарастыруға болады. Қазақ әдебиеті - қазақ өнері мен өмірінің айнасы, шежіресі іспетті. Осы өнер мен өмірдің кескінді сұлбасы қазақ әдебиетінде ежелден көрініс тауып келеді. Десе де, жанрға бөліп, жік-жігімен қарастыру әңгімеміздің басында айтып кеткендей жазба әдебиетпен тікелей байланысты. Қазақтың жазба әдебиеті негізінен ХIX ғасырдың екінші жартысынан бастау алатынын тіл білімі ғалымдары жан-жақты дәлелдеп берді . Демек біздің әдебиетімізде жанр, тек пен түрге ажыратып қарастыру да осы кезеңнен бастау алады. Әдебиетті жасайтын ақын, жазушы, драматург, сатирик, публицист, сыншы және т.б атқаратын қызметіне орай әдеби жанр жасайды. Жанр дегеніміздің өзі ішінен тек пен түрге ажыратылады. Яғни түр жиналып тек жасайды, тек бірігіп жанр қалыптастырады. Әдебиеттегі белгілі бір заман ағымына, сол замандағы адамдар психологиясына қарай әдебиеттанушы ғалымдар тарапынан жанр деп баға беріледі. Бірақ, бұл шартты құбылыс. Дегенмен бұл құбылыс орын алмай жанр қалыптаспайды, әдебиет те алға қадам баспайды. Жанр дегеніміз әдебиеттің өсіп-өркендеуіне, қарыштап дамуына қызмет етеді. Әдебиеттің үш үлкен тегі: поэзия, проза және драма. Осы үш ұғым қай кезеңде де көрініс береді.
Эпос — әдебиеттің негізгі үш тегінің бірі, әдебиеттің баяндау жанрларының басын құрайды. Эпостық шығармада оқиға өз бетінше автордың еркінен тыс жүріп жатқандай әсер береді. Мұнда оқиғаны суреттеу тәсілінің бір ерекшелігі — сюжет желісінің тежелетіндігі.
Үш текті әдебиет жанрларының бірі — лирика, адамның көңіл-күйін шертеді. Бұл жанрда “ақын адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі”. Адамның сырттан алған әсері көңіл көрігінде балқып, нәзік сәулелі сезімге айналады. Жалт өткен сезім жарқ етіп ақын жүрегін дөп сөзбен жарып шықса, міне, бұл — лирика. Лирика — алдымен сезімнің гүлі, гүлдің хош иісі, көз жауын алған көркі.
Әдебиеттің үшінші тегі — драма. Мұнда оқиға көз алдында өтіп жатады. Кейіпкерлер бастарынан шиыршық атқан шым-шытырық оқиға кешеді. Бәрі әрекет үстінде. Жәй әрекет емес, тайталасқан күрес, айтыс-тартыс, қырқыс. Айлаға қарсы айла, әрекетке қарсы әрекет. Оны істейтін кейіпкерлердің характері. Бәрі соған байланысты: жақсылық та, жамандық та. Характер, мінезділік — адамның өзегі, алтын арқауы.
Әдебиет тектері мен түрлерінің жіктелуінде белгілі шарттылық бар. Эпос, лирика, драма іштей бір-бірімен байланысты. Бір әдебиет көзінен тарайтын бұлақтар. Үш тектің үшеуі де қазақ көркем сөзінің фольклор, дара ақындар әдебиеті, жазба әдебиеті тармақтарының бәрінде бір сапада ойға азық, жанға сусын бола білді. Үшеуі де даму барысында біріне бірі әсер етіп, бірін бірі демеп, ашып, толықтырып отырады. Әрине сол кезеңнің шығармашылық тұлғаларына байланысты бір жанрдың қарқынды дамып, енді бірінің кенже қалуы ықтимал. Бірақ қашанда халық тұрмысының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап отыратыны сөзсіз. Қорытындылай келе, жанрды тудыратын көркем шығарма. Көркем шығарма өз заманының бейнесін суреттеп, тұрмысты ақиқатпен бергенде ғана жанрдың дамуына өзіндік үлес қоса алады. Сыншылар, әдебиетшілер арасында кең талқыға түсіп, әдебиетте өзіндік орын алуы үшін шындыққа құрылуы маңызды. Міне, сонда ғана әдебиет алға қадам басып, үлкен өмір арнасына ұласады.
76. М. Әуезов "Қасеннің құбылыстары" повесі. Мұхтар Әуезов өзінің «Қасеннің құбылыстары» дейтін әңгімесінде – Уақыт пен Адам, уақыт болғанда замана ағысы және оның тегеурінінен ыға түссе де, бұрынғы думанды дәуренін қимай, заман ағымына жандәрмен қарсыласқан адамның халін шебер суреттейді. Заман жөнінде, аумалы-төкпелі уақыт жөнінде ірі байламдар жасайды. Әңгіменің өн бойында – басты кейіпкер Қасеннің зәре-құтын қалдырмай шошытып, көкірегінің түбінде тұнған ұры сезім, ұрымтал ойларын көпшілікке жария етіп қоятындай үнемі түксиіп, мізбақпай, сазарып, алыстан төніп тұратын тау – үлкен Алматы биігі – сол Қасеннің іштей қабылдамаса да, сырттай қолпаштайтын заманы, Уақыты.– «Ойпыр-ай, не деген, не деген биік. Көріп пе ем осыны бұрын, көрмеп пе ем? Не қылған қап-қара? Неліктен жап-жалаңаш... Бұ қай тау, жаным-ау...Тау зорайып, пішіні суып аспандап барады. Аяғының астына қарай алар емес...» Қасеннің алғашқы түсінде – құзына құлдыратып, ажал құшағына сіңіре жаздаған тау онымен әңгіменің соңына дейін тайталасады... «Үлкен Алматы биігі онан сайын алыстап, суый түсті. Тіпті ол емес-ау... Үлкен, берік, алып бойымен бұны басатындай боп, төне түскен сияқты...». Мұхаң өзі психологиялық очерк деп аталған осы әңгімесінде таудың суретін әлгіндегідей қоюлатып, суық түске бояй түседі де, іле-шала сол суреттің тікелей мәнін береді. Онысы – социалистік құрылыс, тебіндей бастаған жаңа заман. Қасеннің ішкі әлемі мен заманның сыйыспас ішкі егесте. Қасен өзін ешқашан социализмнің – жаңа қоғамның құрылысшысы қатарына қосып көрген емес. Ол қайта шамасы келсе бұрынғы дәуренге, бұрынғы өмірге салғысы-ақ келіп тұрады. Бүгінгі мынау халіне... «ә, тілесін-тілемісін, танысын-танымасын... жеңіп, бөксеріп алып бара жатқан» бүгінгі заман ағысына іштей нағлет айтса да, сырты жылтырап, – алыстан ішкі сырларына қанық болғандықтан бұған түксиіп, ызғар танытып тұрған Үлкен Алматы биігіне іші қан жылап тұрса да, білдірмей күлімсірегендей болады. Қайтсін, қолдан келер дәрмен жоқ... Қасеннің жаңа үкіметті қабылдамауының бір себебі бар болып шықты. Оған іштей қарсылығының көзі ашылды. Уақыт тынысы, замана шындығы сөйтіп, бұрынғы дәуреншіл, сауықшыл, құлқыншыл Қасенді шетқақпай қылып, жақындатпай, жылымай, оң қабақ көрсетпей өңменінен итеріп тұр. Мұхаң заман, уақыт символы етіп тауды, тау болғанда, тау шоғырының ішіндегі ең биік – қол жеткізбес айбынды Үлкен Алматы биігін алып, шеберліктің үлгісін танытады. Өйткені, заман ағысына ілеспек түгілі, оны ынты-шынтысымен, жан-тәнімен қабылдамайтын Қасенді уақыт талабы қай жерде болмасын, кеңседе ме, далада ма, үйде ме, түзде де табандатып, тықсырып алқымынан алып, мазасын қашырады. Олай болмауы мүмкін де емес. Автор біресе бүгінгісін суреттеп, біресе өткен дәуренін екшелеп, түрлі уақыт ендіктерін қабыстырып, шатыстырып, шиеленістіріп, Қасеннің ішкі жанының терең қатпарларынан сумаң ойларын, ұры тілектерін шым-шымдап шығара береді, шығара береді. Сөйтіп, оның әр басқан қадамын ғана емес, көкейін тескен сырларын да түгел әшкерелеп, көріп тұрған биік таудың – заманның алдында әшкерелей түседі. Оның екіжүзділігі ішкі ойын жасырып, сырттай жылтыраудан ғана емес, биіктен төнген Уақыт алдында көлгірсіп, жампаң қаққандығынан да көрінеді. Қасеннің іші түтін, сырты бүтін. Сондықтан Мұхаң оны ішкі суық ой, сумаң пиғылы арқылы ғана емес, сыртқы әлемге, айналаға, өз ойына қарама-қарсы өң беріп, тері жамылып, басқаша көрінуге тырысқан сұрқиялығын бейнелеп те әшкерелейді. Әңгіменің аяқталысы Мұхаңның суреткерлік шеберлігіне ден қойғызғандай. Ұрлығының үстінен ұсталған Қасеннің көңіл-күйі – заманның тынысынан әлдеқашан оқшау қалған, «артық» адамның түрі. Мұхтар Әуезов осылайша тіршіліктегі қарапайым көріністерді, адам және заман ағысын, заман болғанда, күн сайын өрлеп, қуат алып, дүркірей еңсерген жаңа заманды бір-біріне қарама-қарсы қойып, айқастырып, салғыластырып, Уақыт жөнінде, алмағайып заман жөнінде байламдар жасайды. Уақытты, заман келбетін сол қалпында бере салмай, көркем образ арқылы айшықтай түседі. Жалпы, Мұхаңның алғашқы әңгімелеріндегі образдар жүйесі, кеңістік пен кейіпкер, жалған мен Адам, Уақыт пен адам жанының сан қилы қақтығыстарының көркем бейнеленуі, әр алуан шығармашылық әдістер – оның биік көркемдік талғамынан, терең эстетикалық мәдениетінен сыр шертеді.
77. Ә. Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романындағы баяндау.
«Аңыздың ақыры» – аңыздың ізімен жазылып, ондағы оқиғаны философиялық-психологиялық астармен өрбіткен жазушы Әбіш Кекілбаевтың кесек туындысы. Бұл роман алғаш рет «Махаббат мұнарасы» деген атпен жарияланған. Роман төрт бөлімнен тұрады. Шығарманың кейіпкерлері бар болғаны үшеу. Әмірші, Кіші ханым және шебер. Ұлы ханым, күтуші кемпір, бас шебер, Ахмет саудагерлер осы негізгі басты үш бейнені ашу үшін алынған. Бөлім аттары «Қызыл алма», «Мұнара», «Махаббат», «Аңыздың ақыры». Бұл роман Орта Азияға әмірін жүргізген әйгілі Ақсақ Темір өмірінің бір кезеңіне арналған. Яғни, жарты әлемді аузына қаратқан қаһарлы патшаның шын мәнісінде қарапайым пенделер тәрізді шешімі қиын сұрақтарға бас қатырып, мұңға бататындығын, бәйібше мен тоқал арасындағы күндестік пен әмір ұрпағының тақ құмарлығы және ыстық махаббатқа турасында. Кітапты оқу барысында Орта ғасырдағы Азия жеріне саяхат жасап қайтқандай әсер аласыз. Патша сарайындағы қорқыныш пен үрей, үнсіз қабылданған дәстүрлер. Жердегі жұмақ бейнесінде салынған, сұлулығына көз тоймайтын Самарқанд шаһары мен Әмір сарайы. Бірақ, қаншама байлық пен атағы, айналасын қоршаған хор қыздарындай сұлу күңдері бола тұра, сарайда жай тауып жата алмай үнемі жорықта жүретін, өзге қалалардың сұлулығы өз астанасынан асып кетпесін деп жаулап алған қалаларын жермен жексен етіп жүретін, көркіне жан тамсанған сарай соққан шеберлерді өзге жерде сарай салмасын деп көзін ойып алатын қатігез әмір бейнесі. Сарайдан шыққан әңгімені жерге түсірмей қағып алып, қураған шөпке тиген шырпыдай гу ете қалатын өсек. Жасы жетіп әмірге әйел ретінде емес тек балаларының анасы есебінде ғана сыйлы болып қалған Ұлы ханым бейнесі. Шұбар төс, шынжыр балақ хан тұқымынан туған бәйіпше, өзін-өзгелерден жоғара қоя отырып, байлық пен атақ жинаудан өзгені білмейді. Тіпті қызымен құрдас кіші ханымды күндеп, көзін жоймаққа бекініп, күндестік отын қозыдырады. Әмірдің арқа сүйеп, сөзін тыңдайтын палшы, пірлерінің аузын ала жүріп, тақ мирасқоры етіп өзінің баласын тағайындатады. Ал әмірдің жастық шағын бірге өткерген, қиын кезеңдерде жанынан табылып, өмірден ерте озып кеткен алғашқы әйелінен туған тұңғыш ұлын дұшпен елге басшы етіп жіберткізеді.
Романның негізгі желісі, әмір соғыста жүрген кезде елде қалған жас тоқалының жарына деген сағыныштан және бәйіпшеге деген өшпендігінен әмірге арнап мұнара тұрғызуы және сол мұнараның кесірінен туындағын күдік пен күмән төңірегінде өрбиді. Мұнара тұрғызушы он қолынан өнері тамған Жаппар деген жас шебер жігіт, аспандағы айға қол созып, құдай ұрғанда әмір әйеліне ғашық болып қалады. Сол сезімнің жетегінде жүріп, қараған жанның көзі тамсанатын ерекше зәулім ғимарат соғады. Бірақ, мұнара аяқталуға жақынаған кезде жұмысын тоқтатып, үлкен тәуекелге бел буып, сұлу ханыммен бір түн өткізбекке аңсары ауған екен. Ақ адал некені бұлай харамдауға жол бере алмаған ханым әуелде әдепсіз құлдың басын алмаққа бекінеді, бірақ, біткелі тұрған мұнара жұмысын тоқтатып, шеберді жазалау нәтижесінде ел арасында туындап кететін түрлі өсек-аяңнан қорқып шеберді жазаға тарта алмаған кіші ханым екі оттың ортасында қалып қояды. Дегенмен, бұл мәселеде шебердің көңілін тапқан бірақ ақ некені бұзбаған амал тауып шығады.
Бұл мәселенің соңы күдік пен күмаға ұласып кете барған. Әлемде талай сарайды еркін қиратып жүрген әмір өз астанасында тұрған мұнараға қол көтере алмай, аман сақтап та тұра алмай дал болады. Қаһарынан жан ошыған болса да халқ аузына қақпақ болып, өсек-аяң атаулыны қалай тоқтату мәнісін іздейді.
78 Баллада үлгілеріне мылас келтіріңіз
Баллада (билеймін, би әні) — өнер жанры;
әдебиетте: поэзияның шағын сюжетті лирикалық жанры;
музыкада: аталған шағын лирикалық өлеңге негізделіп жазылған би әні. Баллада жанр ретінде орта ғасырда Батыс Еуропа өнерінде қалыптасты.
Алғашында, роман шоғырына жататын тілде сөйлейтін халықтардың би әнін, кейінірек Батыс Еуропа халықтарының сюжетті әндерін баллада деп атаған. Әдебиеттегі баллада 12 — 13 ғасырлардағы трубадурлар мен труверлердің дәстүрлі халық өлеңдері мен әндеріне негізделген шығармалардан бастау алады. Германияда баллада алғашында хор әні түрінде қалыптасып, кейіннен антикалық миф пен аңыздарға негізделген лирикалық-эпикалық сюжетті өлең сипатындағы түрлері қалыптасты.
Қазақ әдебиетіне баллада жанрын Ерубаев әкелсе, оның дамып, қалыптасуына Қ. Жармағамбетов ерекше үлес қосты. С. Ерубаевтың “Ақын жыры”, “Үш шахтер туралы баллада”, “Меруерт алқа”, т.б. балладалары болса, Жармағамбетовтың балладалары “Адам туралы аңыз” (1951), “Мұғалима туралы баллада” (1957), “Балладалар” (1962), т.б. жинақ болып жарық көрді. Сондай-ақ, қазақ ақындары Ә.Сәрсенбаев, Ж. Нәжімеденов, М. Мақатаев, Қ. Мырзалиев, К. Мырзабеков, М. Шахановтың балладалары қазақ әдебиетінде оның жанр ретінде қалыптасып, орныға бастағанын көрсетеді. Осы ара бір балладаға тоқтала кетсек Саттар Ерубаевтың аз ғана болса да саз жырларын естеліктерді оқып отырып Меруерт атты қызға ғашық болғанын білеміз. Бұл қызбен жан досы Зейін Шашкинмен оның жұбайы Жәмилә таныстырған. Меруерт қыз өзге адамға тұрмысқа шығып кетсе де, оған деген сезімі суымайды, «Меруерт алқа» балладасында қазақ қызының сұлулығын, пәктігін, барлық әдемі теңеулермен жырлаған.
Аспандағы күміс айдай, жас ақынның жары бар,
Аспандағы күміс айдай, құралайдай жаны бар,
Құралайды күміс айды, тура қарап көріп өт.
Көздері бар күлімдеген, күлкісі бар меруерт.
Қас қарайып күн де батад, сәулелері таралып,
Қыз да шығад құралайша жібек шашын таранып – дейді қаламгер. Меңдеген аурудан құтылу мүмкіндігі болмай, күш-қуаты көктемгі қардай еріп, азайып құрып бара жатқан шақта Меруертті жиі еске алуы Ерубаевтың жүрегінің құпия соққан дүрсілін сездіргендей әсер етеді
79 З. Шашкиннің «Тоқаш Бокин» романының композициялық құрылымын талдаңыз
«Тоқаш Бокин» романы. Бұл романдағы Айгүл тағдыры – аумалы-төкпелі кезеңдегі ел тағдыры. Сүйгенінен тірідей айырылып, тағдыр тәлкегіне ұшыраған әйелдің аянышты халін жазушы сол кездегі барлық әйелдердің басынан өтіп жатқан тағдырмен ұштастырады. Айгүл таптық теңсіздіктің кесапат азабын ауыл-аймағымен арқалай, қырғын, жойқынға душар болып, туған жерден үдере көшіп Қытайға өтіп, онда да жанға сая, елге пана таппай сергелдеңге түскен. Патша, бай-манаптардың қуғын-сүргіні салдарынан балғын махаббатын да базарлай алмай жортуылмен күн кешкен. Көзі жасты, көкірегі шерлі, махаббаты мен бақыты жолында, күрескер қазақ қыздарының қарапайым өкілдерінің бірі. Романның сюжет арқауын қоюлату, сондай-ақ қалың оқушыға тартымдылық қуатын арттыру үшін автор махаббат линясын әлеуметтік, таптық тартыстар арнасымен шебер астастыра өреді. Бұл ретте Бикен образы оқшау көзге түседі. Бикен - өмір қысымы, тұрмыс таршылығы дейтінді көрмей-білмей, бұла өскен бай қызы. Бар жүріс-тұрысынан, киім киісінен молшылықтың, еркеліктің исі аңқиды. Ойнақы, әсем қылықты, кербез де өткір қыз. «Киіміне сымбаты мен көркі де сай, қаладағы әйгілі сұлулардың бірі. Өнерден де құр алақан емес. Пианиномен құйқылжыта күй шерткенде, қолы-қолына жұқпайды. Күміс көмей әнші десең де сияды. «Шіркін, Бикен менің құсым болар ма еді» деп аузынан суы құрып армандаушылар да, оның жүрегін аулап, махаббатын білдіруші бақталастар да аз емес. Ал, Бикен көңілі тек Тоқашта» [3,48]. Бикен сұлуға әйелі жуырда қайтыс болған туған жездесі Ыбырайым Жайнақовтың, оқыған чиновник Ғабдолла Какенов пен көршісі, белгілі бай саудагер татар жігіті Бурнашевтің Бикен төңірегінде көбелек болып өліп-өшіп жүргені де, үлкен жездесі Зәкірдің сілекейі шұбырып тамсана қытықтай ойнауы да нанымды, әсерлі. Бикен қылығы, әрекеті романның алғашқы беттерінен бастап-ақ көрініс береді де, шығарманың ұзына бойында көңілге қонымды арнамен өрбиді. Оның түрмеде жатқан Тоқашқа сәлем-сауқат әкеліп тұрғанына да, Тоқаш анасы Ақбалтырды ертіп оған баласымен жолығуға прокурордан рұқсат алып бергеніне де, Тоқаш абақтыдан босанған кезде дастарханын жайып, үйінде қонақ етуіне де, романның ақырғы беттерінде Тоқаш өлімін аза тұтып, күңірене күйзеліп, айықпас ауыр дертке шалдыққанына да қалтықсыз сенесіз. Бикен тұлғасы романның жылылығын молайтып қана қоймай, сонымен бірге тартыс желісін ширата түсіп, оқиғаларды бір-бірімен тұтастыра, шиеленістіре өрбітуге мүмкіндік берген. Бикен бірыңғай жалаң махаббаттың ғана құлы емес. Ол - өр мінезді өткір жан, ұнататыны сол өрлік, өткірлік. Оған керегі – байлық, даңқ, мәртебе-лауазым емес, жүрегінің оты бар жайсаң мінезді азамат. Тоқашты ол сол қасиеттері үшін сүйеді, оның жолында, ақ махаббаты жолында неден де болса тайынбауға бар. Бірақ Бикен күнәдан пәк, мінсіз жан емес. Айла-амалы да, керек болса, өз мақсаты, махаббаты жолында сайқал сұрқиялылығы да бар күрделі тұлға. Бикенді соншалық қаражүзді қастандық әрекетке араластырмай-ақ, нанымды, сүйкімді образ етіп шығаруға әбден болатын еді. Романда Айгүл образы Бикенге қарағанда жан-жақты ашылмаған. Шығарма басталғанда-ақ Айгүлмен таныс болатын оқырман автордан көп нәрсені күтетін тәрізді. Қиын өмірді тартқызып, ешқандай күрессіз, тек Тоқаштың сүйгені болып өмірден өте салады. Мүмін Айгүлдің бақытты өмір сүрудегі мақсаты орындалмаған соң да, оқиғаны шұбата беруді қажетсінбеген болуы мүмкін. Романдағы Глафира жаңаша тәрбие алған, Жетісуды тітіренткен атаман Малышевтің қызы. Верный гимназиясында өзімен бірге оқыған көңілдес досы Сақа арқылы ол заманның озық ойлы адамдарымен байланыс жасайды. Өмірге, әке қылығына, айналаға сергек көзбен қарай бастаған зерделі қыз. Әкенің өркеуде, озбыр, дөрекі мінездері, әсіресе, басқа ұлттың өкілдерін кемсіту, қорлау әрекеттері ұнамайды оған. Сақа сынды ұлты бөлек азаматты өзіне тең санап жар етуі – дәстүрді бұзған жаңалық еді. Глафира образы, Глафира мен Сақа достығы, махаббаты арқылы жазушы қазақ пен орыс халықтарының алдыңғы қатарлы ұлдары мен қыздарының ертеден қалыптаса бастаған, күрестерде шыңдалған достығын бейнелейді. Қорыта келгенде, жазушы қазақ әйелінің биік парасатты, мәдениетті, ақылды жан болғанын 171 № 3 (76) 2010 қалайды. Ұстамды да өжет, адал да берік, сезімтал да сергек мінез қазақ қыздарының бойына дарыса, жеңілтектік, көрсеқызарлық, қызғаншақтық, долылық сияқты мінез тұрпайылылығынан аулақ болса екен дегісі келеді
80 Жанр және сюжет ерекшеліктерін сипаттаңыз
Жанрды әдеби шығарманың құрылымы мен пішінінсіз елестетудің қиындығы. Бұл туралы формалистік мектеп теоретиктерінің пайымдауы. Б.В. Томашевский жанрларды өзіне тән тұрақтылық сипаты бар «тәсілдер топтары» деп атауы. Ғалымның жанр белгілерін оны құрушы доминант деп сипаттауы. Формалистік мектеп өкілдерінің жанрдың мағыналық жақтарына ерекше назар аудару нәтижесінде «жанрлық мән» және «жанрлық мазмұн» деген терминдермен ажыратуы. Бұл тұста алғашқы орынды (пальма первенства) М. Бахтин иеленгендігі. Жанрлық форманың әдеби шығарманың тақырыбымен автордың дүниетаным сипаттарымен тығыз байланысты екендігін айтуы: «Жанрларда, олардың ғасырлар бойындағы өмірінде дүниенінің белгілі бір құбылыстарын пайымдау және тану формалары жинақталады». Жанр мағыналы конструкция құрайтындығы: «Суреткер өмір шындығын жанр көзімен көруге тиіс». Және әрбір жанр шындықты танудың құралдары мен тәсілдерінің жүйесі екендігі (Медведов П. Н). М. Бахтиннің жанрдың құрылымдық және мазмұндық аспектілерін ажыратуы және олардың-шығарманың жанрлық ерекшеліктерінің ажырамас тұтастық құратындығы. Жанрлық мән дегеннің не екені Бахтин еңбегінде нақты айтылмауы және оның мәні оның роман туралы пайымдарынан айқындалатындығы. Ол-адам мен оны қоршаған ортаны суреттеудің принциптері екендігі. Жанрдың бұл тектес терең аспектілерін XIX ғ. Гегельдің қарастырғандығы. Гегельдің эпопеяны, сатираны және комедияны, сондай-ақ романды «субстанциальды» және «субъективті» (жеке, елес призрачное) ұғымымен түсіндіруі. Әлемнің жалпы жағдайы және конфликт ұғымдары. Жанрды жеке тұлғаның және қоғамның тарихи кезеңдермен қарым-қатынасымен сәйкестікте қарастыру А.Н. Веселовский теориясына да тән екендігі. Әдеби жанрлар концепциясын осы тұрғыдан қарастырушы Г.Н. Поспелов екендігі. 1940 жылдары Поспелов жанрлық формаларды сыртқы және ішкі деп бөлгендігі. Этологиялық (ұлттық қоғам жағдайы, мысалы Радищевтің «Петербургтен Москваға саяхат» немесе Некрасовтың «Кому на Руси жить хорошо» деген шығармалары), романдық (жеке тұлғаның қалыптасуы), мифологиялық деп бөлуі.Мифологиялық жанрларды ежелгі деп қарастыруы. Поспелов қарастыруы жүйелі екендігі және толық еместігі. Қазіргі өнерде діни-философиялық мәселені талдауға тыйым салудың жойылғандығын ескерсек, көркем-әдеби жанрларда адамның тек қоғам өмірімен ғана емес, әлемдік бастаулармен, әлем жаратылысының және бомыстың құдіретті күштерімен, дүние жаратылысының жалпы заңдылықтарымен сәйкестікте, үндестікте қарастырылатындығы. Мысалы, притча, аңыздар...(С. Қасқабасов. «Қазақ халық прозасы» еңбегі бойынша; Т. Жұртбаев «Дулыға»-тарихи әпсаналар бойынша) Құрандағы пайғамбарлар туралы аңыздардың моральдық-діни сипаттары.(Нұх туралы аңыз») Житие, мистериялар «орта ғасырдағы), діни-философиялық лирика (Яссауи хикметтері, Мағжан өлеңдеріндегі діни мотив). Тютчев, Фет өлеңдері. Бұлар-онтологиялық жанрлар (учение о бытии). Жанрлық мазмұн дегеніміз – тақырып, проблематика, пафос, суреттеу ауқымы, масштаб. Жанрлық форма – эпоста:роман, әңіме т.б., лирикада: сонет, ода т.б. Г.Н.Поспеловтың жанрлық концепциясы. Өзіндік ерекшелігі – жанр терминологиясын қолдануды ұсынуы, оның сабақтастықпен байланысы. “Жанрлық топ” – зерттеу предметі. Жанрдың ұлттық – тарихи, этологиялық және роман тобы. Г.Н. Поспелов жанрлық форма мен жанрлық мазмұнды ажыратады. Соңғысында шығарманың жанрлық мәнін, теориялық моделін, инвариантын көрсетеді.Жанрлық мазмұн әдебиет проблематикалары аспектілерінің тарихи қайталануын айқындайды.Жанрлық формалар нақты тарихи ерекшеліктерімен айқындалады: оларға әдебиет тектері мен түрлерінің типологиялық белгілері, композициялық, сюжеттік, стилистикалық белгілердің жиынтығы кіреді. Жанрлық мазмұн туыстық топтары бойынша қарастырылады, олар барлық әдеби текке тән. Мифологиялық жанрлар тобындағы шығармалар мифологиялық мазмұнға ие, олардың тарихи нақты проблематикасына фантастикалық-генетикалық аспект негіз болады.Олар: ұлттық-тарихи жанрлар, этологиялық жанрлар (қоғамның әлеуметтік-адамгершілік жағдайы) , романдық жанрлар тобы, онтологиялық жанрлар ( адам және жаратылыс бастаулары), фантастикалық жанрлар (магиялық, мифопоэтикалық негізде).
Сюжетті шығармадағы оқиға желісін, адамдардың арақатынасын, образдар жүйесін қалыптастыруда сірескен қағида жоқ. Әр суреткер өз шығарманың сюжетін өз қалауынша құрады. Демек; сюжеттің композициялық бітімі әр шығармада әр түрлі болуы мүмкін. Қалай болғанда да кез келген шығармада сюжеттің табиғи басталу (экспозициясы), байланысы (заявка), дамуы (ситуация), шарықтауы (кульминация), шешімі (развязка) болады.
Сюжеттің басталуы (латынша-дәйектеме) оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпас бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі-ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тәікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге меңзеу, дерек, дәйек түрінде ғана қалды.
Сюжеттік байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Демек, байланыс экспозициясындай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады. Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әркетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістіре байланысты. Шебер суреткердің қолынан шыққан ширыққан, шиыршық атқан серіппелі шиеленістер шарықтау шегіне жетеді.
Шарықтау шегі (латншы-шың)-сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар арасындағы қимыл-әркеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері, шығармалардағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Шығарма сюжетін күллі кезең-кезеңімен тұтастырып, белгілі біл бүтіндікке, үндестікке әкеліп тұрған композицияның ең жауапты тұсы осы. Сайып келгенде, сюжеттік шарықтау-шығармада суреттелген барлық шындық құбылыстар мен өзекті оқиғалардың шоғырлану шоқтығы.
Шешім-суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі»,адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты көріністердің соңғы сахнасы.
Шығарма сюжетінің шешімі-оның идеялық-көркемдік шешімі. Шығармада қақтығыстар неғұрлым күшті болған сайын, сюжеттік шешім де соғұрлым мықты болады.
Сонымен, сюжеттік дамудың жоғарыда айтылған кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе-шығарманың композициясы.
81 жанр және композиция ерекшеліктерін пайымдаңыз
Жанрды әдеби шығарманың құрылымы мен пішінінсіз елестетудің қиындығы. Бұл туралы формалистік мектеп теоретиктерінің пайымдауы. Б.В. Томашевский жанрларды өзіне тән тұрақтылық сипаты бар «тәсілдер топтары» деп атауы. Ғалымның жанр белгілерін оны құрушы доминант деп сипаттауы. Формалистік мектеп өкілдерінің жанрдың мағыналық жақтарына ерекше назар аудару нәтижесінде «жанрлық мән» және «жанрлық мазмұн» деген терминдермен ажыратуы. Бұл тұста алғашқы орынды (пальма первенства) М. Бахтин иеленгендігі. Жанрлық форманың әдеби шығарманың тақырыбымен автордың дүниетаным сипаттарымен тығыз байланысты екендігін айтуы: «Жанрларда, олардың ғасырлар бойындағы өмірінде дүниенінің белгілі бір құбылыстарын пайымдау және тану формалары жинақталады». Жанр мағыналы конструкция құрайтындығы: «Суреткер өмір шындығын жанр көзімен көруге тиіс». Және әрбір жанр шындықты танудың құралдары мен тәсілдерінің жүйесі екендігі (Медведов П. Н). М. Бахтиннің жанрдың құрылымдық және мазмұндық аспектілерін ажыратуы және олардың-шығарманың жанрлық ерекшеліктерінің ажырамас тұтастық құратындығы. Жанрлық мән дегеннің не екені Бахтин еңбегінде нақты айтылмауы және оның мәні оның роман туралы пайымдарынан айқындалатындығы. Ол-адам мен оны қоршаған ортаны суреттеудің принциптері екендігі. Жанрдың бұл тектес терең аспектілерін XIX ғ. Гегельдің қарастырғандығы. Гегельдің эпопеяны, сатираны және комедияны, сондай-ақ романды «субстанциальды» және «субъективті» (жеке, елес призрачное) ұғымымен түсіндіруі. Әлемнің жалпы жағдайы және конфликт ұғымдары. Жанрды жеке тұлғаның және қоғамның тарихи кезеңдермен қарым-қатынасымен сәйкестікте қарастыру А.Н. Веселовский теориясына да тән екендігі. Әдеби жанрлар концепциясын осы тұрғыдан қарастырушы Г.Н. Поспелов екендігі. 1940 жылдары Поспелов жанрлық формаларды сыртқы және ішкі деп бөлгендігі. Этологиялық (ұлттық қоғам жағдайы, мысалы Радищевтің «Петербургтен Москваға саяхат» немесе Некрасовтың «Кому на Руси жить хорошо» деген шығармалары), романдық (жеке тұлғаның қалыптасуы), мифологиялық деп бөлуі.Мифологиялық жанрларды ежелгі деп қарастыруы. Поспелов қарастыруы жүйелі екендігі және толық еместігі. Қазіргі өнерде діни-философиялық мәселені талдауға тыйым салудың жойылғандығын ескерсек, көркем-әдеби жанрларда адамның тек қоғам өмірімен ғана емес, әлемдік бастаулармен, әлем жаратылысының және бомыстың құдіретті күштерімен, дүние жаратылысының жалпы заңдылықтарымен сәйкестікте, үндестікте қарастырылатындығы. Мысалы, притча, аңыздар...(С. Қасқабасов. «Қазақ халық прозасы» еңбегі бойынша; Т. Жұртбаев «Дулыға»-тарихи әпсаналар бойынша) Құрандағы пайғамбарлар туралы аңыздардың моральдық-діни сипаттары.(Нұх туралы аңыз») Житие, мистериялар «орта ғасырдағы), діни-философиялық лирика (Яссауи хикметтері, Мағжан өлеңдеріндегі діни мотив). Тютчев, Фет өлеңдері. Бұлар-онтологиялық жанрлар (учение о бытии). Жанрлық мазмұн дегеніміз – тақырып, проблематика, пафос, суреттеу ауқымы, масштаб. Жанрлық форма – эпоста:роман, әңіме т.б., лирикада: сонет, ода т.б. Г.Н.Поспеловтың жанрлық концепциясы. Өзіндік ерекшелігі – жанр терминологиясын қолдануды ұсынуы, оның сабақтастықпен байланысы. “Жанрлық топ” – зерттеу предметі. Жанрдың ұлттық – тарихи, этологиялық және роман тобы. Г.Н. Поспелов жанрлық форма мен жанрлық мазмұнды ажыратады. Соңғысында шығарманың жанрлық мәнін, теориялық моделін, инвариантын көрсетеді.Жанрлық мазмұн әдебиет проблематикалары аспектілерінің тарихи қайталануын айқындайды.Жанрлық формалар нақты тарихи ерекшеліктерімен айқындалады: оларға әдебиет тектері мен түрлерінің типологиялық белгілері, композициялық, сюжеттік, стилистикалық белгілердің жиынтығы кіреді. Жанрлық мазмұн туыстық топтары бойынша қарастырылады, олар барлық әдеби текке тән. Мифологиялық жанрлар тобындағы шығармалар мифологиялық мазмұнға ие, олардың тарихи нақты проблематикасына фантастикалық-генетикалық аспект негіз болады.Олар: ұлттық-тарихи жанрлар, этологиялық жанрлар (қоғамның әлеуметтік-адамгершілік жағдайы) , романдық жанрлар тобы, онтологиялық жанрлар ( адам және жаратылыс бастаулары), фантастикалық жанрлар (магиялық, мифопоэтикалық негізде).
Композиция (латынша сomposito-құрастыру, қиыстыру)-көркем шығарманың құрылысы.
Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы. Сюжет-сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет.
Сюжет композицияның осындай өзара бола тұра олардың бір-бірінен өзгешелігі де болады.
Екіншіден, композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды, сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға салады.
Композиция-әдеби шығарманың құрылыс, оның үлкен-кішілі бқлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық-бірлігі. Шығарманың құрылысы шымыр болуы, бас-аяғы жеке тараулары жнақы келуі жекелеген бөлімбөлшектердің орынды жалғасуына байланысты.
Әдеби шығарманың композицялық құрылысының ұтымдылығы сөз болатын мәселелерді, суреттелетін жағдайларды, кейіпкерлердің іс-әрекетін талғап таңдай білу, оларды екшеп, сұрыптап алу, қисынын тауып қиюластыра білу шеберлігіне байланысты болады және бұл-жазушының қандай шиеленіскен жағдай болса да түйінін тауып, ақ пен қараны ажыратып, не нәрсенің мәніді, маңызды екенін түсінетін көрегендігіне байланысты болады.
Композицияның көркемдік қуатылығы--әдеби шығармада не айтылғандығы қандай маңызды болса, нені қай (кезде) айту, әртүрлі жағдай, уақиғаның, іс-әрекеттің қайсысын кейінірек баяндау-бұлардың да мәні үлкен. Айталық, басты кейіпкер шығарманың өн бойында үлкен жігерлілік, алғырлық танытып келіп, ал енді ең соңында өмірден торығып, түңілгендей болса, бұдан туатын әсер бір түрлі де, егер осындай торығу, өзін әлісз сезіну шығарманың орта тұсында болып, кейіпкер қайта сергіп, серпіліп, өзінің ширақ, күрескер қалпына келген болса, шығарманың соңында ол осындай күйде болса, мұның оқырманға әсері мүлде басқаша болатыны түсінікті.
Әдеби шығармадағы жеке бөлім, тараулар оқиғалардың астас, жалғастығы, кейіпкердің ортақтығы арқылы бірігіп, тұтасып жатады. Композициялық тәсілдер алуан түрлі. Солардың іінде екі нәрсені салыстыра суреттеу немесе қарама-қарсы қойып суреттеу жиі кездеседі. Бұларға қоса, шығарманың композициялық құрылысын белгілеуде елеулі орын алатын ерекшеліктер: уақиға автордың, автордан басқа бандаушының атынан айтылуы немесе кейбір тұстарда болған жағдайлар шығармадағы кейіпкерлердің көзімен көрген қалпында алынып, соның ұғым-түсінігі арқылы берілуі.
82 Жанр және кейіпкер мәселесін баяндаңыз
Жанрды әдеби шығарманың құрылымы мен пішінінсіз елестетудің қиындығы. Бұл туралы формалистік мектеп теоретиктерінің пайымдауы. Б.В. Томашевский жанрларды өзіне тән тұрақтылық сипаты бар «тәсілдер топтары» деп атауы. Ғалымның жанр белгілерін оны құрушы доминант деп сипаттауы. Формалистік мектеп өкілдерінің жанрдың мағыналық жақтарына ерекше назар аудару нәтижесінде «жанрлық мән» және «жанрлық мазмұн» деген терминдермен ажыратуы. Бұл тұста алғашқы орынды (пальма первенства) М. Бахтин иеленгендігі. Жанрлық форманың әдеби шығарманың тақырыбымен автордың дүниетаным сипаттарымен тығыз байланысты екендігін айтуы: «Жанрларда, олардың ғасырлар бойындағы өмірінде дүниенінің белгілі бір құбылыстарын пайымдау және тану формалары жинақталады». Жанр мағыналы конструкция құрайтындығы: «Суреткер өмір шындығын жанр көзімен көруге тиіс». Және әрбір жанр шындықты танудың құралдары мен тәсілдерінің жүйесі екендігі (Медведов П. Н). М. Бахтиннің жанрдың құрылымдық және мазмұндық аспектілерін ажыратуы және олардың-шығарманың жанрлық ерекшеліктерінің ажырамас тұтастық құратындығы. Жанрлық мән дегеннің не екені Бахтин еңбегінде нақты айтылмауы және оның мәні оның роман туралы пайымдарынан айқындалатындығы. Ол-адам мен оны қоршаған ортаны суреттеудің принциптері екендігі. Жанрдың бұл тектес терең аспектілерін XIX ғ. Гегельдің қарастырғандығы. Гегельдің эпопеяны, сатираны және комедияны, сондай-ақ романды «субстанциальды» және «субъективті» (жеке, елес призрачное) ұғымымен түсіндіруі. Әлемнің жалпы жағдайы және конфликт ұғымдары. Жанрды жеке тұлғаның және қоғамның тарихи кезеңдермен қарым-қатынасымен сәйкестікте қарастыру А.Н. Веселовский теориясына да тән екендігі. Әдеби жанрлар концепциясын осы тұрғыдан қарастырушы Г.Н. Поспелов екендігі. 1940 жылдары Поспелов жанрлық формаларды сыртқы және ішкі деп бөлгендігі. Этологиялық (ұлттық қоғам жағдайы, мысалы Радищевтің «Петербургтен Москваға саяхат» немесе Некрасовтың «Кому на Руси жить хорошо» деген шығармалары), романдық (жеке тұлғаның қалыптасуы), мифологиялық деп бөлуі.Мифологиялық жанрларды ежелгі деп қарастыруы. Поспелов қарастыруы жүйелі екендігі және толық еместігі. Қазіргі өнерде діни-философиялық мәселені талдауға тыйым салудың жойылғандығын ескерсек, көркем-әдеби жанрларда адамның тек қоғам өмірімен ғана емес, әлемдік бастаулармен, әлем жаратылысының және бомыстың құдіретті күштерімен, дүние жаратылысының жалпы заңдылықтарымен сәйкестікте, үндестікте қарастырылатындығы. Мысалы, притча, аңыздар...(С. Қасқабасов. «Қазақ халық прозасы» еңбегі бойынша; Т. Жұртбаев «Дулыға»-тарихи әпсаналар бойынша) Құрандағы пайғамбарлар туралы аңыздардың моральдық-діни сипаттары.(Нұх туралы аңыз») Житие, мистериялар «орта ғасырдағы), діни-философиялық лирика (Яссауи хикметтері, Мағжан өлеңдеріндегі діни мотив). Тютчев, Фет өлеңдері. Бұлар-онтологиялық жанрлар (учение о бытии). Жанрлық мазмұн дегеніміз – тақырып, проблематика, пафос, суреттеу ауқымы, масштаб. Жанрлық форма – эпоста:роман, әңіме т.б., лирикада: сонет, ода т.б. Г.Н.Поспеловтың жанрлық концепциясы. Өзіндік ерекшелігі – жанр терминологиясын қолдануды ұсынуы, оның сабақтастықпен байланысы. “Жанрлық топ” – зерттеу предметі. Жанрдың ұлттық – тарихи, этологиялық және роман тобы. Г.Н. Поспелов жанрлық форма мен жанрлық мазмұнды ажыратады. Соңғысында шығарманың жанрлық мәнін, теориялық моделін, инвариантын көрсетеді.Жанрлық мазмұн әдебиет проблематикалары аспектілерінің тарихи қайталануын айқындайды.Жанрлық формалар нақты тарихи ерекшеліктерімен айқындалады: оларға әдебиет тектері мен түрлерінің типологиялық белгілері, композициялық, сюжеттік, стилистикалық белгілердің жиынтығы кіреді. Жанрлық мазмұн туыстық топтары бойынша қарастырылады, олар барлық әдеби текке тән. Мифологиялық жанрлар тобындағы шығармалар мифологиялық мазмұнға ие, олардың тарихи нақты проблематикасына фантастикалық-генетикалық аспект негіз болады.Олар: ұлттық-тарихи жанрлар, этологиялық жанрлар (қоғамның әлеуметтік-адамгершілік жағдайы) , романдық жанрлар тобы, онтологиялық жанрлар ( адам және жаратылыс бастаулары), фантастикалық жанрлар (магиялық, мифопоэтикалық негізде). Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ. Әдебиетте адамның көркем бейнесін жасағанда, жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттарымен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді де анық байқалатындай етіп суреттейді. Көркем бейненің типтік өзгешелігі қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралық, жекелік сипат-белгілері адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылық қалпында көріп-білу үшін сондайлық қажет. Көркем бейнеге тән типтік және даралық сипат-ерекшеліктер – тұтас ұғым. Кейіпкердің іс-әрекетіндегі, мінезіндегі көптеген жекелік сипат-белгілер өзінің даралық, нақтылық қалпын сақтай отырып, типтік мағынаға да ие бола алады. Кейіпкердің типтік бейнесін суреттеу үшін қоғамдық өмірді жан-жақты, терең зерттеп, білу шарт. Өйткені, көркем бейненің типтік қасиет-сипаты неғұрлым жоғары болған сайын, оның танымдық күші де соғұрлым арта түседі. Кейіпкердің драмалық шығармада атқаратын міндеті басымырақ. Мұнда оқиға бастан-аяқ қатысушы персонаждардың айтқан сөздері (реплика) арқылы өрбиді. Әр кейіпкердің көркем бейнесі оның өз сөзі арқылы ашылады. Көркем шығармада жан-жақты толық суреттелетін, негізгі тұлға басты кейіпкер болады. Мыс., “Абай жолы” эпопеясындағы Абай бейнесі. Сонымен қатар, бір шығармадағы басты кейіпкер бірнеше болуы мүмкін. Мыс., М.Әуезовтің “Айман – Шолпан” пьесасында бірнеше кейіпкер бар, онда жеке біреуді басты кейіпкердеп көрсету мүмкін емес. Кейіпкердің тұлғасын, мінезін, іс-әрекетін суреттеу өзгешелігі әдебиетте, көркемөнерде қолданылатын әдіске сәйкес болады. Айталық, романтизм әдісі қолданылған шығармадағы кейіпкерлерді суреттеу тәсілі реалистік әдебиеттегі кейіпкерді бейнелеу тәсілінен бөлек. Реализм әдісі әдебиет пен көркемөнер шығармасында кейіпкерлердің тұлғасын, мінез-әрекетін мейлінше шынайы суреттеуге мүмкіндік береді. Адам мінезін, тұлға бейнесін өзгерісті даму үстінде алып, өмірлік күрес-тартыспен ұштастырып көрсету – реалистік әдістің ең ұтымды жағы.

83. Сонет үлгілеріне мысал келтіріңдер.
Поэзиялық шығарманың уақытпен тыныстап, көркемдік-эстетикалық деңгейінің биік болуы, яғни қиыннан қиыстыра алар шеберліктен туып, рухани қажеттілікті өтеуі - оны шынайы өнер туындысы ретінде айғақтайтын негізгі өлшемдік белгілер болмақ. Поэзияның дамуы түр, жанр байлығымен де өлшенеді. Осы орайда қазіргі қазақ назымына (поэзиясына) кейіннен қосылса да, ұлттық ою-өрнегімен бедерленіп үлгерген өлең түрлерінің бірі - сонет десек, ақиқаттан алыс кетпеспіз. Демек, мұның өзі төл өлеңіміздің үздіксіз даму, өсу үстінде екенінің айғағы. Өйткені сонет - жалпы өлең өнеріндегі ерекше көркем құбылыс қатарына жататын сұлу поэзия түрлерінің бірі. Сондықтан да ол шын мәніндегі талант құдіретін керек етеді.
Әр халықтың ұлттық табиғи бітім-болмысынан, қабылдау қабілеті мен ойлау стилі, ой кешу үрдісінен туындайтын тәндік ерекшеліктері олардың поэзиясындағы поэтикалық түрлерден де анық байқауға болады. Осы тұрғыда салыстыра кетсек, мәселен орта ғасырлардың ортасы (Х-ХV ғғ.) мен соңғы кезеңінде (ХVІ-ХVІІ ғғ.) қазақ топырағында жыраулар тудырған пәлсапалық ойға жүгінген «толғау» жанры өз дамуының айрықша сапалы шарықтау шегіне жеткені аян, ал сол кезеңдердегі еуропалық батыста «сонет» те сондай биік дәрежеде дамыған.
Жалпы оқырман көпшілікке түсінікті болуы үшін сонет тарихына шағын шолу жасап, азды-көпті мағлұматтар беріп өткенді ләзім көремін. Сонеттің туып, қалыптасу, даму төркініне зер салсаңыз, бұл жанрдың ХІІІ ғасырда Сицилия аралында дүниеге келгенін анықтау онша қиынға түспейді. Ол аз уақыт ішінде Италия, Франция, Германия (Алмания) елдеріне тарап, қанатын кеңінен жайып гүлденген тұсы А.Данте, Ф.Петрарка ғұмыр кешкен уақыттарға дәлме-дәл келеді. Со кездерде У.Шекспир, П.Ронсар сынды поэзия саңлақтары сонеттің небір озық үлгілерін жасаған. Сонет ХІХ ғасырда Ресейде қайта жанданып, сыртқы пішінге аса ден қойған символистердің сүйікті өлең түріне айналады. А.С. Пушкин, Антон Дельвиг, Денис Давыдов қаламынан туған сонеттер орыс поэзиясының інжу-маржандары қатарынан саналады.
«Сонет» итальян тілінде «үндесу, үйлесу» деген ұғымды білдіреді. Оның ішінара «классикалық сонет», «еркін сонет», «сонет шоғы» немесе «гүлтәжі» (венок сонетов) деп аталатын түрлері бар. Еркін сонеттен классикалық сонеттің айырмашылығы қалыптасқан канондық дәстүрді берік сақтауынан байқалады. Ол он төрт жолдан тұрады. Гүлтәжі (сонет шоғы) бөлек-бөлек он бес сонетті қамтиды. Ондағы әр сонеттің соңғы жолы келесісінің бастауы болып, ал «магистрал» деп аталатын он бесінші шумақ (тұтас өлең) он төрт шумақтың алғашқы жолдарынан құралады.
Он төрт жолдан тұратын дәреже-деңгейі жоғары бұл өлең түріне екінің бірі бара алмауы себебі - қалыптасқан дәстүрлі форма пішінін берік сақтай отырып, өлеңнің ішкі мазмұнының идеялық-көркемдік жағын да үйлесіммен тең ұстау керекті, шектеулі үдеден шығу қиындығында жатса керек.
Сонет - қазақ поэзиясынан да қағажу көрмей, биік төрінен еркін орын алуда. Оған қазақ ақындары Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, Х.Ергалиев, Е.Әукебаев, К.Салықов, Иранғайып өлеңдерін мысалға алсақ та жеткілікті.
Десек те, әділін айту керек, төл өлең өлкемізде  сонетке алғаш қалам тартып, соны түрен салған тарлан талант Қасым Аманжолов екенін мойындаған абзал. Бұл жерде Қасымдай кемел ақынды өлеңнің сыртқы қалыбын бір сәт назарынан шығармаған құдіретті Абайдың шәкірті дерсің. Сонау отызыншы жылдарда-ақ жазылған өлеңін «Сонет» деп айдар тағып атауы бекерден-бекер емес. Бұл сонет қазақ поэзиясына «мен жаңалық әкеледім!» деп сүйінші сұрай кірген керметтей ақынның дарын қуатын көрсетеді:
Түн ортасы ауғанда көше жым-жырт,
Жұпар жаңбыр себелеп ойнайды бұлт.
Таң асырған тұлпардай тұр тыпыршып,
Қақпа алдында қалшиып жалғыз жігіт.
Жүрек лүп-лүп соғады, ұйқы сергек,
Көкірегін кей кезде ыза кернеп.
„Әлде басқа жігітпен кетті ме екен?
Неге алдады япырау түнде кел деп".
Ақынның халық өлеңінің элементтері, образды жүйесі бар („таң асырған тұлпардай") жылы әзілге құрылған бұл сонеті ғаламат дарынын бір ойнатқандағы туған дүниесі.
Ақынның ақындық болмысын танытатын көп қырлылық, ең әуелі оның поэтикалық арсеналының байлығын білдірсе, оған үлкен ізденістің, шығармашылық өсудің, таным өрісінің кеңеюінің нәтижесінже ғана жетуге болады. Ғажабы сол, Қасым Аманжоловтың дарын қуатымен ерекшелігі мол, еуропалықтарға тән өлең түрі поэтикалық қалыбы бөлек қазақтың қолтума қара өлеңіне оп-оңай айналып, келісті үйлесімін табады. Тар аяда ақын айтам деген ойын емін-еркін жеткізеді. Бұл - сөз шеберінің ақындық диапозоны мейлінше кең болғанының дәлелі. Қасым Аманжоловтың жүз жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында оның поэтикалық қуаты туралы бір ауыз сөз болса да айтқым келді.
84. Ш.Мұртазаевтың «Қызыл жебе», «Жұлдыз көпір» романдарындағы баяндау үлгілеріне мысал келтіріңіз.
Шерхан Мұртазаның шығармашылық шеберлігі шыңдалып, үлкен суреткерлікке көтерілгенін танытатын айтулы еңбегі бес кітаптан тұратын «Қызыл Жебе» роман-эпопеясы.
Бұл өзі туған әдебиетіміздегі көп томдық романдар дәстүрін сәтті жалғастырған және осы бағытта өзіндік бетбұрыс жасаған шығарма болды.
Көп томды романдар әдебиетімізде көбіне тарихи тақырыптарға жазылғаны белгілі. Соның ішінде тарихи-революциялық тақырып дегенге келсек, көркемдік сапасы әр түрлі деңгейде саусақпен санарлықтай ғана шығармалар бар. Міне, осы шығармалар қатарына, жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдарының соңын ала «Қызыл Жебе» роман-эпопеясының бірінші кітабы келіп қосылды.
Араға жылдар салып келесі кітаптары жарық көрді. «Тамұқ» аталған соңғы кітабы 1994 жылы оқырмандар қолына тиді.
Ұлы Қазан төңкерісінің халқымыз тарихында алатын орны ерекше. Өйткені бұл кезеңдер – қазақ халқының тағдырында өмірі болып көрмеген аласапыран оқиғалар мен қым-қуыт қысталаң жағдайларды туғызды. Міне, осы кезең шындығы, бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда әлі толық зерттеліп, қыр-сыры түгел ашылып болды дей алмаймыз.
«Қызыл Жебе» роман-эпопеясы осы қилы заман тудырған, сол аласапыранда халқым деп қабырғасы қайысқан Тұрар Рысқұловтай біртуар азаматтың, ұлт тарихындағы ұлы тұлғаның өмір жолын негізге ала отырып, халық басынан кешкен қилы оқиғаларды бар шындығымен көрсетуге ұмтылады.
Бұл шығарма ұзақ жылғы шығармашылық толғаныстан, ұдайы ізденіс, зерттеуден туған табанды еңбектің жемісі. «Мен сізге дәл қазір алпыстан жаңа асқан жасымның жартысын арнадым. Отыз жыл бойы сізбенен қол ұстасып бірге жүріп, бірге тұрдым» дейді автор «Тамұқ» романының соңында кейіпкері Т.Рысқұловпен қоштасып.
Осындай көп жылғы тынымсыз ізденістің, парасатты тебіреністің нәтижесінде бітімі күрделі, оқиғасы бай, сан-алуан образ-характерлерге толы, әсіресе Тұрар Рысқұловтың жарқын бейнесін толыққанды сомдаған, көркемдік салмағы жоғары, композициялық құрылысы шымыр эпопея дүниеге келіп отыр.
«Қызыл Жебе» роман-эпопеясының бірінші кітабы Тұрардың балалық шағын, әкесі Рысқұл Жылқайдаровтың драматизмге, трагизмге толы күрделі өмірін, қым-қиғаш қиын тағдырын арқау еткен. Автор мұнда ең алдымен, қазақ топырағында туған жалынды күрескер, Алаш жұртының ұлы перзенті Тұрардың көркем бейнесін жасауды мұрат тұтқаны белгілі. Сондықтан да болашақ қайраткерді жас шағынан бастап көрсетуге ұмтылады. Осылайша, Ұлы Қазан революциясы алдындағы Жетісу өңіріндегі ел тұрмысын, тап тартысын жан-жақты, кең қамтып суреттейтін «Қызыл Жебе» роман-эпопеясы – Тұрар Тысқұловтың өмір жолын жан-жақты көрсетуді ниет еткен бірден-бір көркем туындының алғашқы кітабы дейміз.
Рысқұл образы – роман табыстарының бірі. Бұл образ арқылы жазушы көркемдік шындық – тек фактілерді тізбектей беру, алуан түрлі деректер мен документтердің дәлдігіне ғана еліктеу емес екендігін, қайта, еркін қиялдау, ой қорыту, оқиғаларға өз тұжырымы болуы керектігін тағы бір айқындай түскен.
Романның негізгі қаһарманы – Рысқұл болғанмен, оған ілесетін, онымен жалғасатын тұлға – оның баласы жас өспірім Тұрар Рысқұлов. Осы бір қайтпас қайсар, алған бетінен таймайтын, алғыр баланың тағдыры кімді болса да толғандырады. Автор оның жас шағынан бастап, өскен ортасын, өмірден көрген-түйгенін байсалды суреттейді. Жастайынан көрген қиыншылық, жеген таяқ, аянышты тіршілік пенде атаулының пешенесіне жазыла бермейтін қатал тағдырды танытады. Тұрар қаршадайынан әкесі Рысқұлды пайғамбардай сыйлаған. Ол әкесінің турашылдығын, күштіден күбіжіктемейтін, мықтыдан ықпайтын тәкаппарлығын, жарлымын деп жасымайтын жігерін көріп өсті. Тұрар үшін Рысқұл ер біткеннің ішіндегі одағай оқ жетпесі.
Оқырман алғашқы кітаптан-ақ болашақ революционердің характері қандай ортада, қалай қалыптасқандығы туралы жанымен ұғып, көңілімен танитын мол мағлұматтар алады.
Романға арқау болған күрделі кезеңнің мән-жайын, әр түрлі топтардың ара-жігін, тап қайшылығы мен таптық шайқастың әлеуметтік сыр-сипатын бірді-екілі адамның қимыл-әрекеті арқылы түбегейлі бейнелеу мүмкін емес. Бұдан күрделі дәуірді бейнелейтін шығармаларда образдар міндетті түрде қаптап жүруі керек деген ұғым тумасқа керек. Мәселе халық рухын, дәуір тынысын көрсететін образ-характерлердің, ситуациялардың реалистік тұрғыда бейнеленуінде.
Шынайы суреткерлік көркем шығармадағы әрбір образдың, тіпті, әрбір детальдың да типтік сипатта болуынан көрінсе керек. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Рысқұл мен Тұрарды былай қойғанда, айлалы болыс Саймасай, азулы бай Тұқымбай, боржық старшын Таубай, ақылгөй де аңғал Ахат, Рысқұлдың әйелі Ізбайшалармен қатар, саяси тұтқын Бронников, ғалым Дмитриев, мәртебелі ұлық Фон Таубе, түрме бастығы Приходько мырза, жарлы Қара Иван сияқтылардың да бір-біріне ұқсамайтын типтік бейнелері жасалған.
Образ мәселесін сөз еткенде, Рысқұлдың жұбайы Ізбайша бейнесін аттап өте алмаймыз. Жазушы бұл кейіпкерін сомдауға көп әрекеттенбесе де, Рысқұл сияқты ерге лайық адал жардың есте қаларлық характерін дәл суреттейді. Әсіресе, Ізбайшаның Бектен болыстар іздеп келіп, Сібірге айдалатын Рысқұл тілегін жеткізгендегі сөзі кімнің болса да ет-жүрегін елжіретеді. Бірақ патша әкімдері Ізбайшаның сауатсыздығын пайдаланып, күйеуімен бірге баруға келіспейтіні жөнінде өтірік қолхат жаздырады. Сонымен, декабрист-революционерлердің соңынан өз еркімен Сібірге барған әйелдері сияқты үлкен ерлікті Ізбайша рухани жағынан ғана көрсете алады. Бұл образдың жаңалық сипаты осында жатыр.
Ендігі бір айта кететін нәрсе – романда халықтар достығы үлгісінің біршама көрініс беретіндігі еді. Қыр соңына қуғын түсіп, ағайын-дос таппай, барар дер, басар тауы болмай, жалқұйрықсыз жалғыз қалғанда, Рысқұл Софийская станциясындағы тамыры Қара Иванға келсе, түрмеге түсіп қиналғанда, көмек сұрап Петербордағы Метрейге хат жазады.
Ал, түрмеге екінші рет түскенде, түрме әкімшілігі Рысқұлды Бронниковпен бір камераға қамап, діні басқа орыс пен қазақты ырылдастырып қоймақшы еді, қайта, бұлар бірі нағашы, бірі жиендей бауырласып кетті. Өйткені олар өздерінің тағдыр-талайы, үміт-сенімдері бір екендіктерін түсіністі.
Айдауыл таяғынан да Тұрарды осы Бронников қорғап қалады. Қазақ пен орыстың шынайы, қалтықсыз адал достығының мұндай белгілері романда мейлінше табиғи суреттеліп, типтік дәрежеге көтерілген.
«Қызыл Жебеде» Ш.Мұртаза шеберлік биігіне көтерілген. Романның көркемдігі, сөз қолданысы, тілі жағынан ерекше тартымдылық аңғарылады. Автор сөзді құр ұғым күйінде қолданбай, суретке айналдырады. Тіпті, кейде болмашы нәрсенің өзінде мән жатады. Сондай-ақ, автор бұл шығармасында портрет жасаудағы шеберлігін көрсетті. Оның мүсіндеген портреті үнемі қимыл-әрекет үстінде, қуаныш-қапйғыда, тебіреніс, толғаныста ашылады.
Сонымен, қазақ халқының Ұлы Қазан ревоюциясы қарсаңындағы өмір тіршілігін суреткерліпен көрсетуге арналған «Қызыл Жебе» романы кең тынысты үлкен шығарманың сәтті бастағанын байқатса керек.
Бірінші кітапта басталған тіршілік-әрекеттер романның екінші кітабында одан әрі дамып, характелер, әрекет-қимылдардың кейбірі, тіпті жаңа бағыт, өріс алып, тың кейіпкерлер бой көрсетіп, олардың қатысуымен соны конфликтілер ширыға түседі. Оқиға да енді Шығыс-Талғар болысынан Әулиеата уезіне Мерке жеріне ойысады. Өйткені әкесі айдалып кеткен соң, Тұрар да осындағы жамағайыны Қырғызбайдың қолына келген.
Бұл кітапта да автор өмірлік нақты деректерге, тарихи фактілерге мұқияттылықпен, жауаптылықпен қараған, болған оқиғалар мен ситуациялардың ауқымынан алыстап кетпеуге тырысқан.
Кезінде ұлы сыншы Белинский тарихи жанрда жазатын суреткерден тарихи фактілерді тізбектей бермей, олардың ішкі мәнін ашуды, тарихи адамдардың өмірімен, тағдырымен мол таныстыруды, дәуірдің рухын сездіртуді талап еткен еді.
Ш.Мұртаза да романында сол кезеңнің барлық үлкенді-кішілі оқиғаларын қуалай бермей, әрі дәуір шындығын танытатын, әрі кейіпкерінің өсуін, қалыптасуын көрсететін жағдайларды ғана іріктеп ала білген. Жазушы кейіпкерлер басынан кешірген іс-әрекеттерді ғана баяндап қоймайды, сонымен бірге, олардың туып-өскен ортасының да көріністерін беріп отырады. Революция алдындағы қазақ ауылы өмірінің қат-қабат сырлары, шытырман шындығы бар.
Екінші кітапта біраз ақыл-есі толысып, есейген бала Тұрар көрінеді. Бірінші кітапта әр тұстан бой көрсеткен Тұрар, енді негізгі де орталық кейіпкерге айналған. Оның бойындағы бізге бірінші кітаптан таныс жақсы қасиеттер нышаны мұнда тереңірек, молырақ ашыла түскен.
Тұрар – мұнда айдалып кеткен әкесі Рысқұл рухының жалғасы, Рысқұл «бармаған өрісті болжайтын, ол шешпеген жұмбақты шешетін болашағы» ретінде көрінеді.
Сөйтіп, екінші кітап Тұрардың Мерке жеріндегі Қырғызбай үйінде, соның бұзауын бағып жүрген кезін суреттеуден басталады.
Тұрарды мұнда аяқ-қолы бос, еркіндікте жүр дегені болмаса , бұл да бір қашқын есепті. Адам өз колеңкесінен өзі қорыққан қатігез заман. Темір сылдыр етсе, тап бір кісен сылдырлағандай көрінеді Тұрарға. Тәуірірек киінген адам кездессе, – Саймасайдың жақындары сияқтанып елестейді. Пагон таққан, қылыш асынған ұшыраса, Приходько мырзаның жұмсаған жендеті екен деп қалады. Оның үстіне Қырғызбайдың бәйбішесі Салиха да, бұл оқыс қатты дыбыс шығарса да, «сорлы-ау, біреу-міреу естіп қояды, жап аузыңды»,-деп қақпайлап жүргені.
Осылай қатал тағдыр қаршадай баланы қыспағынан босатпауға тырысып-ақ бақты. Кішкентайынан әке сырын зердесіне тоқып өскен бала соңғы кезде үлкен адамдай тым ойлы қалыпта. «Жасы оннан жаңа асса да, жанарына қарап, жасамыс кісі деп ойлағандайсыз. Көз қарасында балаға тән алыпқашпа, алақұйын мінез атымен жоқ... Жалғандағы жалғыз жанашыры – туған әкесінен тірідей айырылу азабы Тұрар баланы тым ерте есейтіп жібергенге ұқсайды»,-дейді автор бұл тұста.
Тұрар Қырғызбаев болып тізімге ілінгенде, туған әкесіне опасыздық жасағандай, бір беймаза сезім жауқазын жүрегін жаралап, шөңгедей қадалған. Бұдан артық, өз әкесінің атын атай алмағаннан артық қорлық болмас.
Бірақ Тұрарды әуелі жасынан тағдыры қалыптастырған қайсарлығы, екінші, әрқашан бойына күш-қуат дарытып, жігер беретін әке рухы алға сүйреп алып шықты.
Кітапта Тұрардың азаматтық қалыптасу жолын көрсететін шыншыл суреттер көп-ақ. Айталық, Меркедегі мектепті бітірерде батылдықпен Рысқұлов деп куәлікке өз фамилиясын жазуы, пристав Сокольский Ақкөз батырға дүре соқтырған кезде, оған қалың топтың ішінен жалғыз өзі ғана араша түсуі, Ақкөз жасағының алдында, Мерке базарында сөйлеген сөздері, Уақытша үкіметті құлату жолындағы, сондай-ақ ашаршылық кезіндегі халыққа қамқорлық іс-әрекеттерінің бәрі де Тұрардың ірі де сом тұлғасын мүсіндейтін жағдайлар.
Тұрар Рысқұловтың оқып, саналы азамат, белсенді күрескер дәрежесіне дейін көтерілгенін көркемдікпен баяндайтын Ш.Мұртазаның «Қызыл Жебе» дилогиясы, жалпы алғанда, әдебиетіміздегі тарихи революциялық тақырыптағы сәтті туынды болып табылады.
Ал, Тұрар Рысқұловтың Совет өкіметінің қалыптасуы жолындағы атқарған сан алуан күрделі іс-әрекеттерін, ірі қоғам қайраткері ретінде мемелекеттік маңызды мәселелерді жүзеге асыратынын суреттеп, көрсету роман-эпопеяның келесі кітаптарының еншісінде.
«Жұлдыз көпір» - «Қызыл Жебе» роман-эпопеясының үшінші кітабы. Бұл шығармаға жазушы «Азаптардан – жұлдызға жол» деген латын сөзін эпиграф етіп алыпты. Үңіле қарасаңыз осының өзіне талай нәрсе сыйып кеткен. Талай нәрсені қамтыған деуге болады. Шындығында, «Жұлдыз көпірдің» бас кейіпкері Тұрар Тысқұлов бұған дейін қаншама азапқа толы жолдардан өтті.
Бұған дейін Тұрар Рысқұловтың революциялық бейнесі әдебиетте көрінген емес. Оның үстіне еліміз тарихындағы осы Түркістан үкіметі тұсындағы кезең шындықтары да әдебиетімізде жазыла да, айтыла да қоймаған. Осы тұрғыдан келгенде, автордың өте ыждаһатты ізденісін, білімі мен парасат-пайымын, тақырыпқа деген жауапкершілігін, кезең құбылыстарын барынша шынайы суреттеуге деген шеберлігін, қабілет-қарымын танытқанын көреміз.
Романда Рысқұловтың азаматтық, қайраткерлік бет-бейнесін таныта түсетін, жан-жақты ашып, толықтыратын оқиғалар табиғи өрбіп отырады. Сол оқиғалардың ішінен жазушы кейіпкер характерін дәл танытатын, айқын ашатын тартысты тұстарын талғаммен үйлестіре біледі. Әсіресе, Түркістан республикасының тағдырына, болашағына байланысты ойлары мен сол жолдағы ірі істерге ұмтылысы, азаматтық тұлғасының беріктігі оның кесек тұлғасын, табандылығын танытады. Осында йтұстарда қаламгер шабыты да шамырқанып батылдана түседі. Тұрар әрекеттерін бар шындығымен, бар қайшылығымен барынша табиғи көрсетуге күш салады.
85. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы мәтін астары және тұйық психологизм ерекшеліктеріне мысал келтіріңіз.
«Абай жолы» романындағы әлқиссалық (скозовить) стилема ретінде айдаудан оралған Базаралының Дәркембай мен Абылғазыға айтатын әңгімесіне тоқталу дұрыс. Мұнда дәстүрлі мінездеменің орнына кейіпкерлерді баяндау барысына орай динамикалық тұрғыда сипаттау бар. Базаралы сөзінің тақырыбы – каторгада тапқан досы «Керала» атты орыс мұжығы:« – Ішкі Россия жерінде, орыста да, сан Құнанбай, Тәкежандар иттен де көп, бықып жатады екен ғой… Байға берген қыздың еншісін құданда, тамыр-жекжаттың қалауына, атадан баланы айырып, анадан қызды айырып, кәдімгі тай-құнандай жетектетіп жібереді екен. Осыларды айтқан Керала «өз байым Педоттан, өз көргенім» деп, тағы бір сорақыны айтты. Көрші баймен тазы жарыстырып, Педот күндес болады. Сол орайда біреудің жүйрік итін аламын деп саудаласқан екен. Ал Кераланың он тоғызда жасы бар, бүлдіршіндей қарындасы болады. Жаңағы тазы ит иесінің сол қызға көзі түсіп тұрғанда, Педот баспа-бас айырбасқа салады…» (1. 5, 94).Бұл – ұзаққа созылған диалог ішіндегі ең көлемді репликадан аттамалай келтіріліп отырған үзінді. Репликада әлқисса сарынындағы тұтас бір шығарманың сюжеті көрініс берген. Бірақ ол ауызекі әңгіме сипатынан ауытқымаған. Базаралы актор ролінде әңгімеші қызметін атқарса, Керала осы әңгіменің ар жағындағы әңгімешіні елестетеді. Автор бейнесі осы екі баяндаушы тұлғалардың дүниесезінуін, эмоциясын, мінез-пайымын көзге көрінбес ендіктерден таныту өрісінде жамылғы киіп алғандай. Ол осы кейіпкерлерінің тілдік стихиясын еркіндікке жеткізеді. Керала лебізінен байқалатын басқа персонаждардың сөз бен іс-әрекеттері, құлық, пиғылдары роман мәтініндегі таңбалық қабаттардың қалыңдығына куәлік етеді. Базаралының орыс есімдерін қазақыландырып айтуынан ұлттық психология ерекшеліктері байқалады. Өз халқының дағды, машығына, оның біршама дұрыстығына сенімі күшті. Бөтен елдегі помещиктердің мінез-қылығынан өз жұртындағы тұрмыстық, әлеуметтік қалыппен ұқсастық табады.Керала әрекетінің барлығына дала тұрғындарын ұждандық өлшем, лексикасымен («Керала сонда намысқа шыдамай, еркектік бір іс істепті») бағалайды. Екі байдың қарындасы Аксиньяны қорлағанына ашынған Керала олардан өш алып қана қоймай, өзге де кеудесіне нан піскен алпауыттардың сазайын тарттырады. А. Пушкин мен Шәкәрім Құдайбердіұлының «Дубровскийіне» аллюзия болатын эпизодтар негізінен өткен шақ, ара-тұра ауыспалы осы шақ түрінде баяндалады. Базаралы Кераланың төл сөзін де стилистикалық өрнек үшін қолданады.Кералаға хас ерлік істің мотиві еркіндік архетипімен тікелей тамырлас. Бостандық оның қарындасына да, өзіне де керек. Өзінің бақыты үшін бас тігуге баратын жанкештілік Прометейлік архетиппен жең ұшынан жалғасады. Прометей өзі ғана азаттық іздемейді, өзге адам баласын қасіреттен құтқаруды ойлауымен мейірімділік, күрескерлік мотивтерін аса құнды нәтижемен байытады.Бұл оқиғаны кеңестік дәуірде таптық күрес сырын ашатын таза идеологиялық жапсырмаға балады. Ондай зерделеу мүмкіндіктеріне де жол қалдырылған. Қиялдан қосылған эпизод болса да, шынайы детальдар мен жинақтаушылық мәні бар өмірлік тәжірибе, интуиция алғырлығын дәлелдейді. Расында да, осы хикая мазмұны Базаралы бастаған кекті жігіттерді Тәкежан жылқыларын шауып алу сияқты батыл қадамға бастайды. Бала Абайға өнер іспетті көрініс беретін барымтаның әділеттілік ұстанымы биігінен ұнамды қырлары осындайда жатса керек. Алайда әділеттің тәуелсіздік атты асауды құрықтап алуы – сирек құбылыстардың бірі. Автор мәселенің шартты мезеттік ірі сипаттарын ғана азаттық рухын дәріптеу ыңғайында суреттеген. Семиотикалық үш таған бойынша объект – Тәкежан жылқыларының шеберлікпен ұрлануы болса, таңба – зұлымдыққа қайтарылған жауап, шектеулі тұрғыдағы жаза, ал Ч. Пирс айтатын, У. Эко пысықтайтын ақтық интерпретанттың шеті аңғарылмайды. Өйткені мұндай істі пайымдаушылар уақыт пен кеңістік өзгешеліктеріне сай әр алуан болып келуі заңды. Біз шағын эпизодтың көркемдік-эстетикалық аяда нанымды полифонизм мен драматизмге құрылғанын атап өтуді парыз санаймыз.Эпопеядағы түрлі субъектілерге тән сөз мағынасы мен мәнері қамтылатын мәтін телімдері мол. Абай оқыған баласы Әбішпен әлгінде Базаралы Дәркембай, Абылғазы талқылап, қызынатын жайлардың Ресей империясындағы саяси, әлеуметтік, психологиялық астарларын қамтитын талай сұхбаттар жүргізеді. Мәселенің мемлекеттік, адамзаттық деңгейдегі алғышарт, себеп-салдарларына үңілу орын алады. Мұнда да шығарма денесіне тән диалогтық конструкциямен жаспарлас туындайтын авторлық нарратив пішіндік құбылыстарға көшеді. Мәселен, ұрыларға байланысты Абай билігінен соң ақын Әбіштен философ Ломброзоның осы орайдағы пікірін сұрайды. Сондағы Петербургтен келген болашақ офицер Әбіштің жауабы: «Ол: Қылмысты адам, туысынан сол жаманшылыққа бейім боп туады», дейді екен. Дүние жүзіндегі бар елдің бұзақы, қаныпезерлерінің бас бітімінде, дене жаралысында, сол бұзықтығы айқын көрініп тұрады-мыс. Қысқасы, ол адамдар туғанда жауыз, бұзық болатын болашағы бірге туады-мыс. Тәрбиесі, өскен ортасы, бастан кешірген ауыр-жеңіл тіршілік жағдайлары есеп емес… Сөйтіп, бұзық боп тумақ та, бұзық боп өмір кешпек. Айнымай, өзгермей жауыз боп кете бермек, дейді (1. 5, 186)». Бұл – реминисценцияның мысалы. Өйткені әңгіме арқауы – Ломброзо толғамы. Өзге текстің қазіргі текске сіңісу фактісі. Ол Әбіштің де, Абай және басқалардың да пікірі емес. Әбіш – оны тыңдаушылар ұғымына лайықтап жеткізуші. Орыс тілінің стилистикалық оралымдары кездеседі. Пайымдау түріне жататын ой үлгісі қос үнді сөз емес, алмастырылған төл сөз (М. Бахтин термині) өнегесіне жақын. Бастапқыда түпнұсқаға сілтеме жасалғанымен, кейіннен Ломброзо сөздері өзге айтушының сүзгісінен өтсе де, негізгі қалып-бірлігін сақтайды. Әрине, түпнұсқа толық та емес, көп жерде қысқартылған. Түйінді тұжырымдар іріктелген. Қайсыбір сөйлемде бұл Әбіштің өз үніне ұқсайтындай («– есеп емес»). Алайда ол Ломброзоға имитация. Кейіпкер өзге субъектінің толғамдарын өзі шығарғандай, бірақ авторын нұсқағандай ыңғаймен баяндайды. Шындап келгенде, Әбдірахманның осы ойларға қосылуы екіталай. Ол әкесін сынамақ. Ойындық элемент – пассаждағы эстетикалық әлемі. Постмодернистер аңыз қылатын пастиш (пародиялық мысқыл), маска (перде) реңктері де шаң берген. Оған Әбіштің диалог-сұхбат соңындағы Ломброзоны соққыға алған қазақ ақыны Абай Құнанбайұлы мен даланың ұрысы Мыңжасар туралы юморға толы репликасы куәгер. Сөз нобайы орыс ақсүйек, зиялылары арасындағы сөйлеу нақыш, оралымдарының стилизациясы екенін аңғартады. Демек, ситуация мәніне жасанды түрде өзгеріс еніп отыр. Яғни Әбіш тарапынан самоирония (ішәжуа) сұлбасы да өрнек тоқиды. Әйтсе де, «Абай жолы» постмодернистік роман емес, классикалық дәстүрдегі реалистік туынды. Әрине, неғұрлым модернистік эпистемаға бейім жазу мәнері шығарманың айрықша көркемдік поэтикасын айғақтамақ. Сонымен қатар, біз белгілі бір тәсіл-амалдардың әр замандағы шартты түрде жіктелген көркемдік бағыт, ағымдар мәнерін елестетпек мәтіндерде ұшыраса беретінін еске саламыз. Мәселе – солардың комбинаторикасы мен басым стилемалық позицияларында.Абай Ломброзо тұжырымдарын терістейді. Ол, ақынның қара сөздерінен мәлім болғандықтан, нарратив шынайылығын арттырады. Дәлелі – қылмысқа итеретін себепте, жоқшылықта. Ұлы ақынның демократиялық өрістегі пайымдаулары логика бедерімен дәйектеледі. Ауызекі сөзден ғылыми, не әдеби талас үрдісіне жақын. Тәуелсіздік идеясы қоғамдық салт-сананың біржақты өркөкіректікке құрылуына наразылықтан, гуманистік аңсар мен осы ұғымды жалпы адамдық деңгейдегі жаһандық проблемаға ұластырудан көрінеді. Жағдайдың интерпретациялық еркіндігі мол. Ломброзоны қостайтындар табылуы мүмкін. Антропология ғылымының жетістіктерін жерге тастауға назаланатындар бар. Автор өз дәуіріндегі адресанттар ауанына қарай ойысатын ірі шындықтардың бірін ұстанады. Авторлық мәтін ішіндегі диалог, диалог ішіндегі диалог, диалог ішіндегі авторлық рай (интенция), реминисценциялық бастау интертекст ауқымындағы диалогизм рухын парадигматикалық желіге апарып байлайды.«Абай жолындағы» реминисценциялардың бір парасы ақынның өз шығармашылығына қатысты. Ал Абай поэзиясынан А. Пушкин мотивінің терең орын алғаны түсінікті. Әр түрлі тартысты оқиғалар тұсында ұлы орыс қаламгерінің атақты туындыларындағы тақырыптық, концептуалдық сарындар сол сәттегі ахуалдармен үндестікке ұмтылып, бас қаһарман санасындағы күрделі эмоционалды-интеллектуалдық үдерістердің ортақ бағыт алуына негіз салады. Мәселен, Нұрғаным – Базаралы арасындағы атышулы қарым-қатынас жайлы Оспанның дүлейлік пен ыза, намысқа толы әрекеті және ол туралы Абайға жариялаған шындығынан кейінгі ақын толғаныстары ауыл-аймақ көлемі емес, жаһандық мәдени үрдістерді шолу арқылы жұбаныш табатындай. «… Базаралы! Қазақта жалғыз қимас, бел арыстай көрген, бұл өңірдегі ең қымбат жан еді. Ол да бір сәт танымастай жат» (1. 4, 138) деген авторлық баяндаудағы сезім ақиқаты реалистік нақышпен ойылған. Ортақ төл сөз өрнегімен берілген үзілімде (пассаж) Абай интонациясы мен лексикасында кездесетіндей орамдар күмән мен наза, адал көңілдің ақталмауына реніш коннотацияларын бедерлейді.Соңғы уақытта ел арасындағы тұрғындар Базаралының әйелі – Өдек екені, оның ері айдауда жүргенінде Тәкежаннан бала сүюі туралы бір мәліметтің шетін шығарды. Осы қауесет рас болса, Базаралының Құнанбай әулетіне өшпенділігінің сыры ашыла түспек. Жылқы ұрлау, Нұрғаныммен жақындық істерінің арғы тамырлары сонда жатуы да ғажап емес. М. Әуезов социалистік қоғам жағдайында өмір сүргендіктен, мәселенің неғұрлым саяси астарына молырақ үңілуді дұрыс санайды. Типтендіру құбылысы біраз деректерді көзден таса қыла тұрады. Әрине, Базаралының атқа қонуына әлеуметтік себептер жеткілікті суреттелгені шәк тудырмайды.Автор осы жайлардан кейін «жылмаң жиренмен» зырғытып келе жатқан кейіпкерінің сана астарындағы желілес көріністерге де тоқталады. Бұған дейінгі Бөжей, Балағаз, Оралбай, Керімбала тақырыптарындағы омырау үстемдік ақын үшін Троекуров, Дубровский, Маша есімдерімен байланысты эпизодтарды есіне түсіреді. Өзге мекеншақтағы көркем шығарма сюжеті мен идеясы басқа романдағы тәуелсіздік мотивін саралауға лайықты психологиялық ассоциация қызметін мойнына алады. Оспан әулет абыройын күш-қыжал, ерегіспен қайтаруды ниет қылса, Абай интеллекті әділет растығын кең ауқымды өмірлік аспектілерде қарастырады. М. Әуезов модернист Дж. Джойс сияқты ырықсыз мезеттерді тарыдай шашыратып көрсетуге бармайды. Ол бейсаналық нәзік үдерістердің қалыпқа келіп, логикалық ұйғарымға айналған сәттерін белгісіз түйсік сапырылыстарының қазіргі мұрагері – қос үнді сөзбен бейнелейді. Әсірелеп айтқанда, қос үнді немесе ортақ төл сөз сана тасқынымен салыстырғанда динозавр мен шегірткенің ұқсастығын елестетеді. Әйтсе де «шегіртке» нарративтің мейлінше ақылды ғана емес, терең сезімтал жаратылысын Л. Толстой, А. Чехов, Ф. Достоевский, Г. Мопассан, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов сияқты классикалық әдебиеттің асқар алыптары ғажап дәлелдегені анық.Абай өзінің жан дүниесіндегі жекелік намыс, қарсылығын ұлттық әрі жалпыадамдық құндылықтар тұрғысынан су сеуіп, басады. Базаралы каторгадағы дос-ұстазы Кераланың үлгісін асыра дамытады. А. Пушкиннен көшкен реминисценция ақын басындағы психологиялық, дүниетанымдық өзгеріске интуитивті дәйектеме болады.М. Әуезов Абайдың шығармашылық лабораториясын ашу мақсатымен қайсыбір туындылардың өмірге келу кезеңдерін суреттейді. Оның Құнанбайды Меккеге аттандыратын жолда алғаш рет ақындық дертімен табысқаны қасындағы апасы Мәкіштің көзімен топшыланады. Ал екінші кітаптың «Биікте» тарауының соңы «Евгений Онегин» поэмасының қазақ даласындағы әсер серпінін, Абай аудармасының құдіретті күшін танытатын реминисценциялық эпизодтарға толы. Сезім-толқыныс рухының асқақтап кетуіне Абай шығарған «Татьянаның әні» екпін қосады.Абай үйіндегі сауық кешінде Мағаш, Мұқа, Мұхаметжан, Әйгерім, Кәкітай, Ербол бас қосқан. Автор Кәкітайды Ысқақтың баласы деп тұңғыш рет кеңінен таныстырады. Реминисценция рәсіміне сай фактілердің бірі – Абайдың Пушкиннен жасаған тәржімалары туралы Михайлов пікірін келтіруі. Демек, шығарма ішінде шығарма талқыланады. Михайлов Абай аудармасындағы еркіндікті дәл байқағаны Абай көңілі арқылы отырғандарды таң қалдыратынын аңдату бар. М.Әуезовтің ғалым ретінде айтатын ойлары көркем мәтін ауқымында неғұрлым шынайылықпен көрініс табады. Ол сөз ішіндегі сөз түрінде бедерленеді.Осы тұс композициялық тұрғыда ән айтуды қойып кеткен Әйгерімге қолқа салу әрекетіне орай шығармашылық құбылыс маңызын арттырады. Әйгерімнің еріне әдеттегіден де ерекше көрінуі баса суреттелген. Абай оның өң-жүзіндегі сәл өзгеріс нышандарына дейін сүйсіне бағалаумен болады. Татьяна сазының қалтқы, қайырымдары, биік, төмен қалықтаған заматтары түгел қамтылады. «Ән емес, бұл сәтте ол арманын, назды мұңын шертеді. Татьяна назы емес, өз жүрегінің қайнай шыққан ыстық жалын шынын айтады. Жан иманын, жас мінажатын, құпия дұғасындай етіп, жалғыз қадірлесіне арнайды. Абайға айтады…» (1. 4, 426). Бұдан кейін Абай – Пушкин жырынан үзінді алынады. Ол сипаттағы өлең мәтіні таза авторлық нарративтен соң қайталай екі мәрте беріледі. Тұтас күйінде емес, үзік-үзік етіп беріледі. Ал Абай шығармасының өзі – «Евгений Онегин» романының ең мәнді эпизодтарын тақырып ететін поэтикалық толғамдар. Ақын қадамында да интерпретациялық сәттер дәурендегені айқын. «Абай жолында» текст ішіндегі текстің эмоционалдық және энергетикалық (қимыл-сын түрінде елес беретін таңба) ықпалы пайымдалады.Әдеттегі мәтінді қабылдау үрдісіне тән белгілер сынын жоғалтпаған. Әркім өз жанына ұқсастық іздейді. Өзін өзгенің орнына апарып, соның әлемін өзіне қондырып, байқау арқылы нақты бір референттің (нысан) жалпылық маңызы (значение) айқындалады. Пушкин – Абай – Әуезов және кейіпкерлер сүзгісінен өтетін мәтін интертекст деңгейіне көтеріледі. Татьяна қолданатын «дұға» концептін автор Әйгерім сезімін шекіп бейнелеу үшін айналымға енгізеді, алғашқы мәтінге сілтеме жасайды. «Жалғыз қадірлесі» мен өлеңдегі «… Өзгеге ешбір дүниеден / Еркімен тимес бұл жүрек» синтагмасы семиотикадағы кореференциялық құбылысты танытады. Бір нәрсе әр басқа өрнекпен жеткізіледі.Шығарма көркемдігі – Пушкинді, Абайды, қалың қауымды қызықтырған мағынаның қазақ ортасынан үндестік табу мезеттері когнитивті эмпатия үрдісінде нанымды суреттелуінде. Ақыры Әйгерім көз жасына ерік береді (энергетикалық интерпретант көрсеткіші). Ол – ой жүзінде өзін Татьяна, Абайды Онегин кейпінде елестетудің жемісі. Тура сондай оқиға болмағанымен, жан-жарынан алыстап кету симптомын топшылау немесе роман-поэма кейіпкерінің қасіретін терең түсініп, оған деген жанашырлық көңілін жасыра алмау ән-өлеңге қатысты психологиялық семиозистің әр тараптылығын, ұлттық құндылықтардың жалпыадамдық игіліктермен сабақтастығын байқатады. Ч. Пирс пен У. Эко ақтық интерпретант (әдетте, энергетикалық) әдет, дағды ыңғайын қабылдайтынын ескерткен (2. 326-327). Осы орайда Әйгерім реакциясы әдет-машықты білдіреді. У. Эко логикалық интерпретанттың ақтық сипат алуына күмәнданады. Осы эмоционалдық оқиғалардың астарында еркіндік архетипі өмір сүретінін бекерге шығару қате. Бұл тұста ол ғашықтық мотивімен көмкерілген.Романда Көкбай ақынның қасындағы Әбіш, Мағаш, Дәрмендерге әлқиссалық стильде баяндайтын Абылай хан туралы халық аңызын да, реминисценциялық мысалға жатқызамыз. Аңыз тақырыбы – қазақ-қалмақ соғысы, Қабанбай батырдың айрықша ерлігі, Дарабоз атануы, Абылай беделі мен ақылы. Көкбай соны өзгелердің айту мәнерін елестетіп, өткен шақ түріне басымдық бере тұрып, болған істің қасында тұрғандай етіп әңгімелейді. «Сонда Абылайға ерген көп батырдың ішінен үздік шыққан Қаракерей Қабанбай болған еді» (1. 5, 213). М. Әуезов дәуірінде Абылай хан есімін атаудың өзі – батырлық. «Абай жолында» ол тәуелсіздік идеясын тұспалдап аңғартатын эпизодтарда кездесіп отырады. Дәрмен Көкбайдың мақтау лебіздерін тойтара берсе де, Көкбайға автор: «Қой, шырағым, бүйтіп асқақтама! Абылай – қазақтың ұлы ханы, оған тіл тигізгенді көтере алмаймын» (1. 5, 214) деген тұжырымды айтқызып тынады. Одан соңғы репликалар цензурадан жалтару тәсілін көрсетеді. Екі жақты, қарама-қайшы пікірлерді ұсыну нәтижесінде жазушы баяндау бейтараптығын сақтауға ұмтылады. Реминисценция қазіргідей егемендікке қол жеткізбеген замандағы қазақ қауымына тарихи-танымдық мағлұмат беру міндетін орындайды.
Абылай хан, Қаракерей Қабанбай хақындағы әңгіме «Қоңыр әулие» үңгірінен алыс емес жерлердегі молаларда жатқан марқұмдарға құран оқыған соң айтылады. Зираттарда әр рудың таңбасы бар. Көкбай бүтін қазаққа ортақ белгінің жоқтығы жөнінде реніш білдіреді. Осы тұста қалмақтарды осы тәрізді үңгірден шығармай, ашықтырып барып қыратын Дарабоздың ерлігі туралы сөз бастау алады. Психологиялық іліктестік заңдылығы өз міндетін ұмытпаған. Кейіпкерлердің қиял әлемінде ұлт бірлігі, қазақтың ел мен жерін қорғаған айбатты, дербес күндерін аңсау заматтары тебіндегені анық. Орыс армиясында қызмет ететін Әбіштің бодандық пен азаматтық жайлы ойланбауы мүмкін емес. М. Әуезов замана қысымынан туған тұйық психологизм аумағынан шығып кетуді жөн деп білмейді. Әйтсе де шындық құнарлы символикалық бедермен, астарлы, мейлінше жабық пішінде тұспалданады.Абылай ханның ұлт өміріндегі мән-маңызы төңірегінде Көкбайға қайырма дәлел келтіруші Дәрмен ғана ғой. Ол – қиялдан қосылған бейне. Ал білімді, зиялы Әбіш пен Мағаш неге Дәрменді қоштамайтыны белгісіз. Яғни авторлық аңсар бір назарға бұқпаланғанмен, ұзақ көңіл қойған жағдайда басқаша мағынаға кілт беру мүмкіндігін жоймаған. Уақыт атты төбелкөзбен арбасқан жазушының авторлық стратегиясы мейлінше жасырын интенцияларды болашақ мекеншақ үлесіне асықпай апару ниетімен кіндіктес. «Әлеуметтік тапсырыс» үстемдігіне тәуелді өзге эпизодтарда да биографиялық автор немесе қаламгер сол дәуірдің эпистемасынан аулақ шыға алмай қалады. Тактикалық тұрғыдағы аз құрбандық мол эстетикалық қазынаны қырағылық кеденінен өткізуге жол ашады.Прозалық мәтінде ортақ төл сөз көтеретін жүк ауыр екені мәлім. Ол – кейіпкер психологиясын жеке меншіктеген күйде емес, өзгенің ішкі дүниесіне куәгер, сезім-толқынысына еншілес ендікте отырып, сыр толғаудағы баға жетпес астыртын көркемдік айла. «Абай жолында» бұл тәсіл баяндау полифониясын дамытуға зор есе әпереді.«Мәнікенің соңғы кезде үнемі шарпысқаны Абай… Кейде атын атасын, кейде жаңағыдай атамай сөз жолдасын, дау айтсын, кекетіп, жауықсын, – бәрінде ұстасқаны бір Абай болып алды. Бұрын Қаражан Абайды жақтырмағанда, «Тәкежанға оң қарамайды» деп кінә қылушы еді. Мына, Мәніке, Абайды ұнатпағанда, тұп-тура қара жүзді қызғанышпен ұнатпайды. Абай неге жақсы? Мұның күйеуінен неге артық? Неге бар ел соны «білгіш», «данышпан» ғып алды? Мәніке Абайға еңалдымен осыны кешпейді» (1. 5, 325-326).Әдебиеттану мен философияда Абай, Құнанбай образдарын өздеріне теңдес ірі тұлғалармен қарама-қарсылық үстінде таныту әдісі кең жайылған. Ал роман-эпопеядағы М.Әуезов шеберлігі мен психологтық өнеріне қайтарусыз айғақ болатын дәлелдердің бірі – елеусіз көрінетін эпизодтық персонаждар төңірегінде мәні мол әлеуметтік, дүниетанымдық, рефлексологиялық детальдар қуатын өткірлеу (остранение. – В. Шкловский термині) тәсілімен бейнелеу. Мәніке бір-екі тұста ғана сахнаға шығады. Бірінде – асқан тәкаппар, кірпияздығы, кесірлігі үшін Оспан қайнысынан ащы мысқыл еститін. Ендігі жерде ол Оспан қазасының жылдығы өткен соң, оның жесір қалған әйелдерін әмеңгерлік рәсіміне салып, бөлісу үрдісіне бел шешіп кіріседі. Абайдан басқа туыстары (аға, жеңге, Әзімбай) бір пікірде. Үлкен үйге тән еншісі бар Еркежанды Тәкежанға қосу туралы ой Мәнікеге Абайды үлестен айыру тәрізді көрінбек.Үзіндіде автор-нарратор баяндау тізгінін кейіпкерге қасақана ұстататындай. Әйтпесе, Мәніке байламдарының күнәһар қыртыстары ашылмайды. Жалаң болжам – мәтін көркемдігіне нұқсан. Пассаждан автор интенциясы да аңғарылады. Бірақ ол Абайды жақтап, Мәнікені айыптайтын назарды қолтығына алғандықтан, көп дауысты кейіп қабылдайды. Бұның сыртында Мәнікенің тура қасында тұрғандай, оны естіп ап, іштей келіспейтін немесе Абайға араздығы яки реніші т.б. себептерімен белгілі бір дәрежеде сөз серіктесіне ұйыса да, толық қолдай алмайтын жан бар. Осы телімнің айналасына, жағдай контексіне қарағанда, бұл – Абаймен ақындық, кісілік салыстырғысы кеп жүретін, қызғаныш кінәраты басым ағайын Шұбар болуға лайықты. Абай мүддесін есепке алатын Ербол мен Шұбар да мәміле жұмысына тартылғаны аян.Жоғарыдағы астарлы, жабық репликаларға көрік қосатын – Мәніке интонациясы ғана емес, кейінгі, алдыңғы синтагмалар орауында оның ашық сөздерінің кездесуі. Өзге халық аузындағы бағалаушы пікірлердің, басқаша қолданыста аталса да, түпкі мәнінен айрылмайтын сипаты ортақ төл сөз құрылымын күрделендіреді әрі эстетикалық орайда сәулеттендіреді (жауапсыз сұраулар, тырнақшалар). Бастапқы сөйлемдер және соңғы сөйлем тазалай авторға тиесілі. Бұл жолдардың стилистикасы да алыс дәуірдегі сөз мүсіндерін елестетеді. Қазіргі мекеншақ мінберінен тіл қату жазушы үшін жасандылыққа апарып соғар еді. Автор көнекөз куәгерлер естелігіндегі мазмұнды қалқан қылып ұстайды. Өйткені Ысқақ сияқты тарихи адамның әйелі жайында қателікке ұрынбау жақсы. Жалпы осы эпизодта ішкі қызғанышын жасыра алмаған жанның ері үшін мүдделестігі, өзгені де өзі сияқты көріп, сыр айтуы, перделену (маска) құбылысын байқамай, от басуы немесе қордаланған запыранын ақтара салудан, этномәдени дәстүрден қаймықпайтын долылығы; Мәнікені дос кейіппен тыңдап, ерсілігін жұртқа жаятын, күлкі қылатын мистер Х-тің екіжүзділігі мен шартты түрде адалын айтумен ақталуы іспетті трагикомикалық, театрландырылған көрініс өмірдің шағын моделін айшықтағанына мән береміз. Бұл сөздердің мәтіндегі адресаты – Абай, мәтін сыртындағы адресаты – оқырман. Автор уақыт пен кеңістік аясын ілгері-кейін шегере отырып, өз байламында бас қаһарманының қалыптасқан әсерін қамтымауы мүмкін емес. Ол позицияның әлеуеттілік танытуы алыс-жақын адресаттардың көпшілік бөлігімен көзқарас жағынан оңтайлас келуінен.Оспан өліміне қатысты алғанда, жоғарыдағы жесірлерді үлестіру төңірегінде өрістеген қам-қарекеттің мениппеялық (қайғылы күлкі. – М.Бахтин термині) сипаты айқын. Қарама-қарсы сезімдік ауралар жарысқа түседі. Абай бауырының қазасын аза тұтады, келінінің ауыр үкіміне қиналмауы мүмкін емес. Дәл осындай шынайы көрініске М. Әуезов бекер бармаған. Оны тасада қалдыруға болар еді. Бірақ ұлы ақын тағдырының күрделі, қайшылықты мезеттерін ауқымды, реалистік (романтикалық немесе модернистік емес) арнада суреттеу үшін Мәніке синдромының мәні зор. Абай қаймана қазақ қана емес, өз әулеті, етжақындарынан көрген соққыдан қажиды.Еркіндік архетипі Мәніке жағдайында әлеуметтік уақыт пен кеңістік рухын шамалай алмаумен кіндіктес. Ол еркіндікті шектеулі жылдар мен күндер мөлшерінде топшылайды. Осылайша тарихи-философиялық, адамшылық тұрғыда қателесетіндер жеткілікті. Ол өзгелердің дара мекеншағына үстемдік құруға тырысады. Прометейлік архетиптің кереғар түрі романда қалыптасқан жағдай ауқымында толық жеңіске иек артуы теріс нәтиже беретіні өзге фабулалық желілермен дәйектеледі. Бүгінгі тұрғыдан Мәніке тарих сабағын қайта және басқаша жүргізгісі келетін сауатсыз мұғалімдей салмақсыздық күйіне ұшырайды.Бұл интертекстік үлгіге жататын, қос үнді сөзге негізделген пассажға көбірек тоқталуымыз – біріншіден, «Абай жолындағы» елеусіз дейтіндей сөз ойымдарының жоқтығын қаперге салу және Абай тәрізді заманынан иығы асқан ірі тұлғалар айналасындағы жағдайлардың тағы бір тосын жақтарын ашуға ұмтылу. Біз көңіл аудара бермейтін қайшылық себептерінің бірі – қызғаныш архетипі. Абайға қатысты ол Оразбай, Әзімбай, Қаражан, Мәніке, Шұбар бейнелері төңірегінде әр алуан деңгей, пішінде көркемдік өрнек түзеді. Оразбай қысастығында басқа әлеуметтік, психологиялық алғышарттар басым. Романдағы Мәнікенің өзі емес, оның айналасындағы ұқсас бітімдегі қораш жанды пенделердің жинақталған ой-түсінігі маңызды. Абай келіні – ақынды ілгері-кейінді, мәтін ішіндегі немесе мәтіннен тыс уақыт пен кеңістік те әрдайым тоқтатып жауап алатын тоғышарлық ұғымның таңбалық, яғни типтік (бұл терминнің мәні ескірмеген) белгісі.«Абай жолының» мәтін кестелерінде алмастырылған төл сөздерге («замещенная, прямая речь». – М. Бахтин термині) өте ұқсас ортақ төл сөз өрнектері бар. «Келген жұмысын қысқа айтты. Бірақ орнықты, байыпты қып жеткізді.… Осы жиынға сәлем айтқан Зередей аналары екен. Сол кісідей үлкендер жіберіпті. Бөжекеңнің асына ағайын боп ат салыспақ. Бұрынғы шақта қапы қалса, енді олай емес, қалыспаймыз деген адал ниетпен келіпті» (1. 3, 279). Аралық баяндау құрылымы аңғарылады. Байдалыға сәлем жеткізетін Абай лебізі лаконизм мақсатында екшеліп берілген. Байдалының ел анасына құрметіне туыстық рәсімге орай этномәдени деталь айқындалады. Құнанбайға наразы адам төңірегінде бұл штрихтің объективтілік, ішкі екідайлық аңсарын бірдей білдіру тұрғысынан шынайылығы құнды. Алғашқы сөйлемде Байдалының субъектілік сферасы анық. Екінші және соңғы сөйлемде Абай интонациясы үстем. Аралықта өзге тілектес қауымның бір ізге түскен лебізі шаң береді. Көпүнділік автор стратегиясына ойындық элемент қосады. Ұзақ әрекеттер тынысы көркемдік мекеншақ орайында сығымдалып жеткізіледі. Эпизод бірнеше дауыс және субъектіге хас көңіл-хош райларын жылдамдық ырғағымен қамтиды. Ал авторды қызықтыратын (адресатты да) қырбай кісінің естияр, алғыр баласына байланысты қас-қабағы мен көңіл толқыны. Жазушы ретінде М. Әуезов жас қаһарманының ұнамды имиджін қалыптастыруды көздеген. Дискурсте кейіпкерлердің ой дүниесі ғана емес, сөйлеу үрдісіне еліктеуі, стилизация клеткалары түйін жарады. Еліктейтін – Абай ғана емес, Байдалы да. Байдалы Абай сөзіне ғана емес, өзге репликаларға да елітеді. Полилогтық бітім Байдалы қабылдауы аясында көп тармақты бір сағаға айналады.Қалаға пана іздеп қашқан Мәкен – Дәрменді қорғап Маковецкийдің атына өтініш-хат жазатын Әбдірахман сөздері романда ықшамдалып, басты-басты тұстары екшеліп баяндалады. Мысалы: «Екінші, бұл істер сахраның өзінде патшалық-әкімшілік орындары көрмеген, білмеген жерде болып жүріп жатса, бір сәрі. Қала әкімшілігі, уезд әкімшілігі және тіпті облыс әкімі, әскери губернатор отырған Семей қаласында бар әкімшілік орындарының көбіне мәлім болып, көз алдында қанды оқиғаға айналды.Осындай істі қолға алмай, көрмеген кісі болып, сахраға қайтарып жіберу үлкен қателік болар еді. Патшалық үкіметінің Семей облысындағы әкімшілік, сот орындарының дәрежесін, намыс престижін сахрадағы қазақ халқының көзіне аса төмен түсірмекші» (1. 6. 132). Автор Әбіш қаламынан шыққан шағым, дәлел мазмұнын алмастырылған төл сөз түрінде бедерлейді. Орыс тілінің стилистикасы («көзінде», «намыс престижі») ресми қатынас қағазындағы өрнек, қалыпты аңғартады. Ресей шенеуніктерінің абырой-беделін ойлауды ескерту арқылы қырдағы дау-дамайдың әділ шешімін табуға ұмтылыс бар.Нарратор – өтініштегі синтаксис, интонация нақыштарын кейіпкердің рай, қалауын жоғалтпайтын сөз реңктерін («бір сәрі»; «аса төмен түсірмекші») жеткізеді. Ә. Өскенбаев, оның сыртындағы арыз айтушылар және автор-баяндаушы, осы сәттегі адресат – әкімшілік, сот қызметкерлерінің көру нүктелері түгел қосылған эмоционалдық кернеу жазудағы пішін шынайылығы нәтижесінде мәтін өрісін байытады. Автор айтатын Әбіш сөзі немесе Әбіш мақамындағы автор сөзі күрделі этнопсихологиялық қайшылықтар сырын аша түсуге, шығармадағы көркемдік тартыс рухын сезінуге оңтайлы жағдай тудырады. Эпопеялық баяндау тынысында постмодернистер ең басты тәсілдердің бірі есептейтін ойындық, перде тұту іспетті машық сюжеттік-композициялық тәсіл болып та табылады.М. Әуезовтің сан алуан шетін астарлы жан мен мінез күйлерін тікелей дәстүрлі арнада бейнелейтін сәттері көп. Абай әкесіне қарсылас адамдардың бірі – Байдалының наразылық әңгімесін тыңдап отырған шақтағы ахуал төмендегідей: «Үй іші жым-жырт. От әлі маздап жанып жатыр. Үлкен қазанның астын қызыл жалын дамыл алмай жалап тұр. Әуелде толтыра құйылған іркіт қазір бірер қайнап қалған екен. Кемерінен орта түсіп, шымыр-шымыр қайнайды. Жаңағы Байдалының ашулы сөздерінің тұсында Абай көзі қазан бетіне түсіп еді. Қоюланып бара жатқан ыстық құрттың ортасы кей кезде көпіршік атып сақылдап қайнайды. Сол көрініс тап Байдалы ашуындай. Қайнауы жеткен ашу қызуы жеткен құрттай. Бір жер емес, қазан беті әр тұстан бұрқ-бұрқ етеді. Ол-дағы осы елдегі әр жерден шаң беріп жатқан Құлыншақ, Сүйіндік, Бөжейлердің ашулары сияқты» (1. 3, 177).Романдағы тартыстың байланысы басталатын тұста қаламгер сахра шонжарларын жасөспірім Абайдың көзімен барлап, сол көзқарас күшімен едәуір психологиялық жай-күйлерді өткірлеп көрсететіні мәлім. Байдалы – сондағы ерекше тұлғалардың бірі, Жігітек сөзін сөйлейтін көсемдердің санатында. Бөжей, Түсіптерді әдет рәсіміне сай алға салса да, асыра тіл қататын өршілдігі айқын. «Қырандай қарап отырған – дәл төрдегі Байсалдай» (1. 3, 25) болмағанмен, бір басына жетіп-артылатын батылдығы бар. Сәлемші міндетін атқарып жүрген аға сұлтанның баласы дәл осындай өр мінезді алыстан танитын автор оның ұзақ отыруға бейімделмеген сыңайын тұрмыстық, іс-әрекеттік детальдар нәтижесінде пластикалық шеберлікпен өрнектейді.Ендігі тұста жайлау, қоныс жағынан шамалы қысымға алынғанына шамырқанатын Байдалының ішін кернеген қыжал айналадағы зат, тағам, от сияқты тіршілік денотаттарына қатысты терең метафоралық салыстырулар аясында өрбиді. Атап нұсқалмаса да, яки жақтырмағандық, яки табиғи тартынушылықтың белгісі рәуіштес сараңдық туралы күмәнді, бейсаналық мотив емен-жарқын халден жырақтау дискурс болмысына қоңыр-қошқыл қияпат үстейді. Жазушы – нарратор рефлексологиялық аффекті мен кәдімгі кулинариялық үдеріс бәденіндегі ұқсастықты интуиция құдіреті нәтижесінде дәл айшықтаған. Осы құбылыстың өсу, шарықтау, жайыла бүлкілдеу мезеттері де нанымды қамтылған. Жазушы назарының ауқымдылығы мен өткірлігі психологиялық детальдың пластикалық ажарын аша түседі. Көріністен тыс мекеншақта юморлық нышан белең алады. Ол – бір сәттік және ғұмырлық мекеншақ арасындағы қарама-қайшылықтың жемісі.Байдалы Абай бітімінен өзгешелік таныған соң, жайдары, әйтсе де сынық райлы әңгімеге көшеді. Тез көңілденеді. Жас мәмілегер бұны ұстамдылыққа қабылдағанымен, автор, имплицитті адресат (немесе наррататор) назары осының сыртында Құнанбайды жұртшылықтың мінездеуіне байланысты әңгімеге орай өкпешілдік, кінәрат іздеу, қарсыласын сөгуге уәжі жетіспей, туыстық жөнімен наз айту, үстемдікке шарасыздық әрі қаймығу, әрі сақтану тәрізді түрлі эмотивті қабаттар сілемін аңғарар еді. Автор-нарратор мен кейіпкердің көру нүктелері толық қабыспауы көп нәрсені қазбалап отырмайтын М. Әуезовке хас тұйық психологизм сымбатын мүсіндейді.
86. С. Мұқановтың «Ботагөз» романындағы мезгілдік пейзаж ерекшеліктерін сипаттаңыз.
“Ботакөз” романы сахара өңіріндегі алапат саяси қозғалыс қарсаңындағы халық өмірін өрнектеумен басталып, жалпы республика көлемінде Кеңестер билігінің орнығу мерзімін баяндаумен аяқталады. Романовтар әулетінің үш жүз жылдық династиясын тойлау алдындағы 1912-1913 жылдар “Тұңғиықта” атты бөлімнің сюжеттік арқауын тартады. Шығармадағы кеңістік аумағы оқиға барысының Итбай ауылы, Бурабай қаласы, Омбы, Петербург төңірегінде, одан кейін алтын өндіретін жердегі поселок, Ержан, Байтөбет ауылдары, Қызылжар, Минск, Н. Қалаларының, Меңіреу атты ну орманның қосылуы нәтижесінде мол мекендік өлшемде өтуі мезгіл рухын эпикалық тыныс, психологиялық нанымдылықпен сомдауға жол ашқан. Романдағы көркемдік уақыт Асқар, Ботакөз, Амантай, Кузнецов, Бүркітбай, Итбай, Кулаков, Мадияр сынды діңгек кейіпкерлердің характер қырларын, дүниетанымдық ізденістерін әрекеттік аяда мейлінше сенімді ашып көрсетуге жағдай тудырады. Заман әсері адамдардың мінез-құлық, ынта-аңсарын толық билеп, қоғамның әлеуметтік, моральдық-этикалық келбетін кескіндейді. Негізгі фабуладан тыс элементтердің бірі – авторлық шегіністе Итбай болыстың мираскерлік тарихын: бабаларының патша айналасы, губернатормен жақын таныстығы, артық сый, пара арқылы біршама еркіндікке жету фактілерін келтіру үстем топ өкілінің мінездік этимологиясын дайындауға мүмкіндік жасаған. Кейбір уездік әкімдерден қорықпайтын, көршілес казак байлары арасында достары көп, ел билеушілеріне айбарлы Итбайдың уыздай және Ботакөзді екі әйелі үстіне алу ниеті сол уақыттағы қазақ тұрмысы, дәстүрі тұрғысынан, атқамінерлердің түсінігі бойынша ерсі қылық емес. “Ботакөз” – С.Мұқанов қана емес, ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің зор табысына кепіл. Шығармадағы символикалық мағынасы бар үш бөлім (“Тұңғиықта”, “Таң атарда”, “Күн күлімдегенде”) табиғи хронологияны сақтай отырып, даладағы зор өзгеріске дайындық пен әлеуметтік катаклизмнің ішкі себептерін көркем образдарға тән нанымды жағдайлар арқылы бейнелейді. Бүкіл әлемді толқытқан ғасыр оқиғасы сар селеу басқан қазақ жеріне де күтпеген жойқын жаңалықтар алып келеді. Оны әркім әр түрлі қарсы алады. Қуанғандар да, кейігендер де, қасірет кешіп, дағдарғандар да бар. Қыр халқы үшін, әрине, революция стихиялық құбылыс болатын. Романда замана айдынынан бір-ақ шыққан жандардың дауылмен бірге қозғалған жанкешті әрекеттері характер, дүниетаным табиғатын аша түсетін айшықты нәрімен бедер табады. Оған жазушының ойлау қуаты мен асау қиялы да, кестелі тілі де еркін жетеді. Біз қазақ қызы Ботакөздің от басындағы күйкі тіршілік құрсауында қалып қоймай, замана қыспағымен ашық күреске шығуы, жеке тағдырындағы қиын түйіндердің күрмеуін өзі шешіп, әлеуметтік өмірдегі биік белестерге көтерілуін рухани ерлік, ұлттық ділімізде бар табиғи қасиеттердің өзгеше жаңғыруы деп санаймыз. Көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары туындыдағы сюжеттік тартыс жүйелері көп салалы. Өзіне тән стильдік өрнекке әрқашан адал жазушы оқиға, әрекет ырғағын селкеу шығармай, тұтас арнамен дамытып отырған. Итбай болыс пен мұғалім Асқар Досанов, ұлтазаттық көтерілісінің батыр көсеміне айналатын Амантай, урядник Кошкин, тілмаш Горбунов, социал-демократ Мадияр, алашорда басшысы Базархан Меделханов, қара шаруалар Балтабек, Кенжетай, Бүркітбай, революционерлер Кузнецов, Булатов, монархияшыл Алексей Кулаков сияқты әр түрлі мүдде, ынта, құштар көңіл мен саяси мақсаттар үшін сайысқа түсетін дара болмысы анық тұлғалар шығарманың образдар әлеміндегі сұлулық, романтика, натуралистік тілек көріністері іспетті сезімдер палитрасын терең қамтып, дәуірдің неғұрлым шынайы, толымды кескінін мүсіндейді. Роман қаһармандары уақытпен бірге өзгеру үстінде көрінеді. Пейзаж суреттері, психологиялық параллелизм, диалогтар нанымдылығы, метафоралық сөз өрнектері Сәбит Мұқанов талантының өрлеу барысындағы кесек сипатын танытады. Тегінде фольклор жанрларын классификациялау едәуір жүзеге асқанмен, әр қайсысы бір-бір мұхит сияқты роман әлемін алақанға жайғандай өлшеп-пішіп шығу – шарттылығы мол, адастырар жері жеткілікті міндет. Біз “Ботакөзді” әлеуметтік роман деп, онда көтерілетін басты оқиғалар мазмұны мен жазушы дүниетанымының негізгі айшығын ескеріп сөйлейміз. Әйтпесе бұл туындыда қазір қолданып жүрген терминологияның жанрға қатысты бірталай бөлігіне жауап беретін қасиеттер баршылық. Айналып келгенде барлық көркем дүниеден әлеуметтік сыр түйірін табуға болады. Тіпті саясат, орта, адамдарға көңіл аудармай, ой, сезім, түйсіктер әлемін қуалайтын шығармаларда да осы мақсаттың өзінен қоғамдық психологияға тән ұғым қыртыстарын көру қиын емес. Ал “Жұмбақ жалау” өмірге келген тұста Еуразия кеңістігі бойынша тарихи-әлеуметтік уақыт факторын айналып өту мүмкіндігі жоқ еді. Демек, біз “Ботакөзді” әлеуметтік роман дегенде, ондағы суреттеу нысаны, заманның түрлі адамдарға тән көзқарастар бағдарына шаққандағы объективті кейіп-кескіні, автор аңсары, кейіпкерлер болмысы мен тағдыры, сан алуан оқиға, құбылыстардың сыртқы және ішкі себептермен астарластығы, нақты мезгілдің абсолютті уақытқа, нақты мекендік межелердің ғарыштық өлшемге қарым-қатынасы іспетті мәселелерді ойға аламыз. Бұл тұрғыда алдымен назар аударатын нәрсе – “Ботакөзде” 1917 жылғы Қазан төңкерісі негізгі идеялық концепт құрайтын орталық құбылыс екендігі. Оқиға 1912 жылдан басталады да, эпилог кеңестік дәуір орнаған кезеңнің елесін символикалық түрде қамти суреттейді. Романда контрастылық ойлау жүйесі басым. Оқырман кез келген жаңа дерек, әрекет, сөз, қиял, шешім астарынан бұдан бұрынғы заман сұлбасын сезіп, іштей екі мезгіл, бөлек сипатты мінез, жағдай өзгешеліктерін салыстырумен болады. Мәтінді қабылдаудағы іліктестік (ассоциация) заңдылықтары аяққа шырмалып отырады. Өткен мен қазіргі сәттің, белгісіз, бірақ топшыланатын болашақтың көзге көрінбес байланыстары, біршама қарама-қайшылықтары шығармадағы драматизм құрылымын айқындайды. Ол, сөз жоқ, туындының оқуға тартымдылығын арттырады. Мұндай объективті сипат романдағы негізгі қаһармандардың бәрінің басынан байқалады. Әсіресе, Итбай, Амантай, Ботакөз, Темірбек, Кулаков бейнелері арқылы құбылыстың образдық моделі түзілген. Кузнецов революция үшін өмірін арнаса, Алексей Кулаков монархия жолында жан бермек. Екеуі ашық жүздеспейді. Бірақ көркем туындыдағы кереғар дүниетанымдық күрес басқа тұлғалардың арман-тілегі, әр алуан тағдырлары, ашық сөз эфирі, іс-қимыл нобайлары арқылы тұжырымдамалық шешіміне жетеді. Мадияр, Сарыбас, Меделханов кейпіндегі алашордалық идея шығарманың мазмұн аясын өсіреді. Ушаков, Кошкин, Горбунов,

харизматикалық әсері зор патша ағзам – екінші бір саяси-әлеуметтік жүйенің, яғни Ресей самодержавиесінің байырғы тұрақтылығына кепілдік берушілер. Лиза, Бүркітбай – мейлінше либералдық сипаттағы кейіпкерлер. Амантай адам мінез-құлқына саяси орта әсерін дәлелдейтін, амалсыздықтан, жалтақса да жаңа жағдайға ішкі түйсікпен ұмтылатын, алайда үлкен харакеттік, “биоэнергетикалық” мүмкіндігі мол жан. Асқар – о бастан ауытқымас сана жемісі, догма. Ботакөз – ұлттық намыс пен жалпыәлемдік зорлықтың тайталасында дүниеге келген соны шешім, революцияның жалынан ұстаған қазақ қызы. Әдеттегі қалыпқа сыймайтын ұғым болғандықтан, кентавр сияқты таңырқатар эмоциясы мол, сонымен де – жаңашыл бейне немесе нақты хронотоп, яғни мекеншақ аясындағы диалектикалық кернеу. Диалектикалық парадигма Итбай, Итбайдың әкесі – Байсақал мен Бүркітбай болмысына қатысты да аңғарылады. Өткені сол заманда төсек жаңғырту арманы барша қазақ байларына хас мінез болатын. Итбай соншалық кәрі емес және соншалық зұлымдыққа да бармайды. Өзі керемет ырымшыл. Ондай адам обал-сауапқа қарай алады. Оның үстіне қорқақ әрі аңғал. Ботакөз батылдығына тұсау болмайтын – осы жағдайлар. Ал Итбайдың әкесі Байсақал – баласы мен мұғалім, оқыған жігіт Асқар Досанов арасында татулық орнауын тілеумен болатын жуас қария. Үстем таптың жуандығынан гөрі көңіліндегі тілек, сөзге ілесу басым. Бүркітбай кедей болса да, әншейіндегі, ел арасындағы қызықдуманның ойсыз перісі. Оған ақ та, қызыл да бәрібір. Бұл да тарихи шындық болатын. Дегенмен, қантөгістер жүзеге асады. Дүние қопарылып түседі. Адамдар жауығады, атысады, бірін-бірі аямайды. Төңкерістер заңдылығы сол. Бұл шартты ақиқат шығармада шынайы көрініс табады. Оның символдық нышаны – Темірбек өлімі, бауыры үшін Ботакөздің ескі әлемге өшпендігілі артуы. Қоғамдық ахуалдар стихиясы жеке тұлғалардың жан түкпіріндегі терең рухани, дәйекті мәнмағыналармен тамырласып жатыр. Қазіргі заман “Ботакөз” романын да қайталай оқып, жаңаша пайымдауға бастайды. Осы тұрғыдан алғанда Петербургтегі алаш көсемі Базархан Меделхановтың насыбай атқандағы сөзді бұрмалап сөйлегені, өз түсінігін алға ашық жайғаны болмаса, ересен жаманаты суреттелмеген. Соған қарап Асқарды теріс бағалау қажет емес. Ол да – тарихи қажеттілік тудырған бейне. Өткені теңдік, бауырластық, адамгершілік ұрандары, ізгілікті жан иелерінің шынайы мүддесіне қайшы соқпайтын қазіргі демократиялық идеялардың көрінісі сол дәуірде аса зор саяси қақтығыстар түрінде өмір сүрді. Уақыт толғағы Ақпан, Қазақ төңкерістерін дүниеге әкелді. Жер беті шыр айналып қоя берді. Біздің ұлттық ой-санамыз пролетарлық интернационализмнің қалың орманына сіңісіп кетуге мәжбүр күй кешті. Күрес аренасындағы жеңімпаз күштер қатарына Ботакөз, Асқар, Амантайлардың қосылуызаңдылық. Тарихты кері шегере алмайсыз. Күйінсеңіз де, қуансаңыз да, мейлі. Бәрібір сіз өз қандастарыңызды жабайы санаған Алексей Кулаковты қуаттай алмайсыз. Өйткені ол монархияны, орыс империясының шексіз үстемдігін көксейді. Ал Кузнецов, Булатов, Смирновтар, Досановтар заманының келешегі белгісіз. Алдымен олардың өзі мерт кетуі мүмкін. Жазушы кейінгі сұрапылдарға бармайды. Романдағы уақыт та, суреткер уақыты да алға жүгіруге мүдделі болмаған. Сәбит Мұқанов шығармасындағы әлеуметтік сарындардың авторлық тұғырнамасы осы ыңғайда еді. Замана өзгеруде. Керуен көшуде. Бірақ қазіргі күні қинала, ойлана бағамдайтын ауыр кезең туралы жазылған “Ботакөз” романы ескірген жоқ. Ғажап емес пе? Біздіңше бұл құбылыстың сыры: біріншіден, қаламгердің өзі суреттеген уақыт мазмұнын жанының нұрымен адал пайымдауында, саяси дақпырт пен ойнақылыққа бой алдырмауында; екіншіден, жазушының тартыс таңдау, оқиға құру, сөз жүйесін игеру саласындағы табиғи талантында; сезім шырғалаңдарының жадағай схема емес, шынайы ұлттық дүниетаным биігінен, қазақ қауымына тән ұғым-түсінік, ой ырғағымен, зергердің қолындай шеберлікпен бейнелеуінде. Ал ұлттық менталитет тез өзгере қоятын оңғақ әшекей емес. Яғни, бұл суреткер Сәбит Мұқанов қаламының күшімен өмірдің айдынында ақжал толқындар салып жүзіп берген белгілі “Ботакөз” әлі де сол “Ботакөз” деген сөз.
87. Психологиялық роман табиғатын сипаттаңыз.
Психологиялық роман табиғатының өзі жеке адам тағдырын екі әлем, атап айтсақ, сұлулық пен ұсқынсыздық, саналылық пен бейсаналық, өмір мен өлім т.б. арасындағы ымыраға келмейтін күрес пен мәңгілік құндылықтар жайында ой қозғауға мәжбүр етеді. Бұл-психологиялық туындыға қойылар басты шарттардың бірі.Психологиялық шығарманың өзіне тән жанрлық ерекшеліктері нақты көркем мәтіндерді талдау барысында төмендегідей айқындалады:Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді.Екіншіден, мұнда ең бастысы-жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адам бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынадыҮшіншіден, шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады.Төртіншіден, психологиялық прозаның көркемдік әлемі өзінің жанрлық талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды Негізі, көркем шығармада психологиялық талдау жасалынбаса "адамның ойына өң беріліп, көңіліне күй түсірілмейді"   Психологиялық талдаудың негізгі міндеті- кейіпкер жаны қоғаммен, адаммен, табиғатпен қарым-қатынаста қандай эмоционалды-психологиялық өзгеріске ұшырайды, қандай қалыпқа енеді, соны жіті бақылау. Көркемдік-шынайылық болса, оны ұғындыратын, әрі ұғынатын адамдар жалпы үрдістерден өзге жеке сезімдік әуендерді таңдауға бейім. Сол себепті көркем шығармадағы өмір шындығының ең жоғары деңгейі психология заңдылықтарымен сабақтас.«Психологиялық роман-адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге айырықша мән берген» [12;280б],-деп баға береді А. Ысмақова.
. Ғылыми сында психологиялық талдаудың анапитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М.Храпченко Н.Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген. Психологизмнің бұл түрін Б.Майтанов М.Әуезов шығармашылығымен байланыстырып "түйық психологизм" [3;86б] деген ат береді. Бул синтетикалық психологизмнің бір сергек те, сыпайы түрі деуге келеді.Ж.Дәдебаев М.Әуезов шығармашылығына қатысты психологиялық талдаудың эпикалық және лирикалық тәсілі болатынын айтқан [9; 159б]. Қалай десе де екі ғалымның еңбегінде психологиялық талдаудың аты өзгергенмен негіздері бірдей шығып отырады. Бұған дәлел-М.Әуезов шығармашылығына қатысты талдаулары. Бірінші, Ж.Дәдебаев эпикалық тәсілмен психологиялық талдауды мынадай мысалдармен дәлелдеп көрсетеді: "Қунанбайдың қыбыр қақпай бір нүктеге қадалып сөйлеген сөзі, жалпы бет-бедері ешбір қимыл-қозғалыссыз беріледі. Ал, Абаймен алғаш кездескен сәттегі Тоғжан күйі, оның бет пішіні, бірнеше рет қызыл бояумен албырап толқып көрінеді. Жазушы Тоғжанның әшекей сырғасына дейін толқытып баяу дірілмен сілкіндіре суреттейді. Осылайша іс-әрекеттерді, олардың көріну процестерін суреттеген"[9;159б]. Психологизмнің синтетикалық түріне Б.Майтанов жоғарыда аталған психологиялық процестерді көрсетеді. Сонымен қатар , "Оянған өлкедегі" Ғ. Мүсірепов стилінде синтетикалық психологизмге жатқызады. Мұнда өзімізге мәлім сюжет қоюлығы, қоғамдық-саяси тартыстар шымырлығы, суреттеу құрылымындағы динамизм басым [3;137б]. Осыдан келіп, синтетикалық психологизм дегеніміз - қоғамдық тартыстағы кейіпкер көрсететін іс-әрекет, қақтығыстар, сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі қүбылулар екендігін қорытуға болады.Синтетикалық тәсіл қазақ әдебиетінде ертеден қалыптасқан. Бүгінгі таңдағы синтетикалық тәсіл жазушы идеясының жүзеге асуына қызмет етіп, жазушылық мақсат-мүддеге бағындырылады. Бұған дәлел портретті, қимыл-әрекетті алсақ, екеуі де ауыз әдебиетіндегі батырлар жырынан бастап, бүкіл әдебиеттегі кейіпкер түр-түлға, ой-санасын, мінез-қүлқын танытуға қызмет етіп келеді. Пейзаж да, деталь, штрих та (бүлар аналитикалық тәсілге де тән) ертеден қалыптасқан дәстүр.Жоғарыда аталған синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу, ішкі толғаныстарды көрсету, жан диалектикасын бейнелеу-аналитикалық психологизм деп аталады. Аналитикалық психологизм-негізінен психологиялық роман жанрының тууына, шығармаға психологиялық талдау жасауға негіз болған бірден бір тәсіл. Аналитикалық тәсіл Қ.Әбдікованың көрсетуінше "Ақбілек" романының негізгі желісін қүраған, оның басты көрінісі- ішкі монолог. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілектің айналысында соның ойында өтеді. Психологиялық талдаудың аналитикалық түрі арқылы кейіпкер өзін-өзі таниды. Ішкі жан дүниесінің дірілі, сезім қақтығыстары арқылы танылады[7;73б].Г.Пірәлиева: "эмоционалдық қозғалыс ой қозғалысына дем беріп отырады" [13.71б],- деп, ішкі әлемді әшкерелеудің (бейнелеудің) бірден-бір әдісі осы психологиялық тұрғыдан өзін-өзі талдау (өзін-өзі жегідей жеу) екенін айтады. Бүған "Ақбілектегі " Мүқаш бейнесін жатқызуға болады, аналитикалық түрғыда Ақбілектің де, Мүқаштың да жан дүниелерінің сұлбасы жасалған. Ж. Аймауытов аналитикалық психологизмге синтетикалық тәсілді де үстемелеп отырған. Бұл туралыҚ.Әбдікова өз еңбегінде атап көрсетіп: "Аналитикалық тәсіл мен синтездік тәсілдердің ғажап қосындысын жасаған" [7;45б], - дейді.Таза аналитикалық тәсілмен жазылған шығармалар баршылық, олардың көркемдік бояуы кемімей, композициялық құрылымына шек келмей жазылған. Мұндай шығармаларды "сана ағымына" құрылған шығармалар деп атап көрсетіп жүрміз. Әдебиетімізде мұндай туындыларға Ә.Кекілбаевтың, 0. Бөкейдің шығармалары жататынын А.Ысмақова,Г.Пірәлиева атап көрсетті. Аталған жазушылар      туындыларындағы    психологизм мәселелерінің актуальды мәні жоғарыда аталған жайттармен желілес.
88. Батыс әдебиеттануындағы жанр мәселесіӘдеби жанрлар  (фр. тілінде genre - түр, тек, жанр) [346 246] – ауызша және жазбаша шығармалардың  көркем даму процесінде қалыптасады. Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай  негізгі белгісі бойынша анықталады -   бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай. Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ,  тарихи, отбасылық-тұрмыстық,  детективтік, ғылыми-фантастикалық және т.б. келтіруге болады.  Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның,  повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды. Суреткердің  идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан,  бірқатар жанр түрлері туындайды.  Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода – баллада – эпиграмма – памфлет осының нәтижесі.  Сонымен қатар,   олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда  жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде.  Көркем шығарма дифференциясындағы  олардың  қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде.  Өйткені, «Жанр», «Түр», «Тек», «Әр түрлілік» терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.Қайта өрлеу дәуірі тұсындағы өнер жанрлар арасындағы  нақты демаркациялық шекара жоқ; XVII – XVIII ғасырлардағы классицизм эстетикасы жалпы иерархиялық жанрлар жүйесіндегі әр жанрдың тазалығын қамтамасыз ететін қатаң тәртіп орнатты. Сол уақытта  Францияда «жанр» ұғымы қолданысқа енді; XIX ғасырда жанрлардың өзара әрекеттестік процесі қайта оралды.  Олардың қосылып кетуі, тоғысуы,  қатаң белгіленген шекараның бұзылуы басталды.  Кейбір қазіргі заманғы теоретиктер жанр дифференциясы тіптен ескірген деп жанр мәселесін алға қоюдың қажеті жоқ деп есептейді [41,121].Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері маңызды.  Бұған байланысты ұғымдар  Г. Гегельдің «Эстетика» еңбегінде [11,67], А.Н. Веселовскидің  «Исторической поэтике» шығармасында [10,35] және  басқа да ғалымдардың еңбектерінде қамтылды. Эпикалық,  драматургиялық, лирикалық және лиро-эпикалық сияқты  жанрлық топтар ерекшеленген.  Осындай топтардың әрқайсысының шегінде шығарма  әдеби тегі, өлеңдік және прозалық формасы және соңғысы,  өзінің көлемі бойынша ажыратыла алады. Көне әдебиеттің жанрлық жүйесі  күрделілігімен және  көп тармақтылығымен ерекшеленеді. Жаңа заман әдебиетімен салыстырып қарар болсақ,  тұрақтылығымен сипатталады. Кешірек,  қоғамның дамуы, өзінің жанрларымен бірге әдебиеттің де дамуы жылдамырақ бола бастады. Әдеби бағыттың туындауымен бірге жанр жүйесі  белсенді түрде теориялық мағына мен негіздеме берудің  нысанасына айналды. Осылайша, классицизм поэтикасы болып жоғарғы, ортаңғы және төменгі жанрлар ерекшеленді. Жанр жазушылар немесе ақындар міндетті түрде сақтауы керек  регламенттелген жалғыз норма сияқты ұғынылды. Бұдан әрі классицизм жанрларының  рационалистік жүйесін   сентименталистер мен романтиктер бұзды.  Олар шығармашылық бостандығын  «тәртіптерден»  жоғары бағалап, қарсы шықты. Романтизм классицизмге керағар жанрлар тудырды.  Ол адамның ішкі көңіл-күйін, сезімін тереңірек ашып алдыңғы қатарға шығарды. Классицизм  дәуірінде  орын алмаған адамның ішкі сыры, терең сезімі, жеке тұлғаның ішкі уайым-қайғысы, қуанышы, яки адами қасиеттер сентиментализм тұсында алдыңғы орынға шықты. Сентименталистер  шығармалары  классицистік мадақ жырын, батырлық поэмаларды,  трагедия, поэмаларды ысырып, ішкі сырды бейнелейтін эллегия, баллада, лиро-эпикалық романтикалық поэмаларға жол ашты.  Әр автор жанр түрлерін  әр түрлі жүйелендірді.Әдебиеттану ғылымында біз әдетте, әр автордың қаламының ұшқырлығы, жазу шеберлігі өзінше дара, өркештеніп тұрады, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік жазу ерекшелігі болады дейміз.   Өйткені, әдебиеттану сөз өнері болғандықтан «сөз – алтын жіп, жыр – кесте» демекші, сөздің құдыреттілігімен түрліше өріледі. Алайда, көп ғасырлық даму тарихы бар  әдебиеттану ғылымы типологиялық ұқсастықтар бар. Осылайша, типологиялық ұқсастығы мен негізгі қырлары бойынша олар нақты бірнеше топтар мен тектерге бөлінеді. Бұл тектік бөлініс әдебиеттану ғылымы дүниееге келген кезден бастап туындады. Бұл көне гректер мен римдіктерге белгілі болды. Әдебиеттегі тек пен жанр түрлерінің теориясының негізін  тұңғыш рет Аристотель қалады. Аристотель өзінің «Поэтика» еңбегінде [1,55] әдебиетті «сөзбен өрілген өмір» дейді. Солай деп айта келе ұлы философ оның үш түріне тоқталады. «Оқиғаға автордың өзі қатыспай сырттай бейнелеуі»  эпикалық тәсіл деп айта келе ол бұған мысал ретінде Гомер шығармаларын келтіреді. Екінші тәсіл – бұл әдеби тәсіл. Яғни,  шығарманың негізі нысанасы -  автордың жан толғанысы, ішкі сезімі, лирикалық көңіл-күйі.  Енді ең соңғысына келер болсақ, ол – драмалық, ал тектің өзімі драма деп аталады. Драмада жазушының бейнелеген кейіпкерлері айтайын деген ойын өзінің іс қимылы, дауыс ырғағы, интонациясы арқылы сахнада береді.Неміс философы Гегель әдебиеттің тегі туралы мәселемен ден қоя айналысқан [11,37].  Бұл ретте ол өзі ғылымының негізі етіп философиялфқ ұғымдарды алады. Яғни, объект, субъект ұғымдарын пайдаланады.  Әдебиеттің  әдеби тектерінің негізін ол өзінің диалектикалық идеяларының негізінде қарастырды.  Субъект дегеніміз ақынның өзі,  эпос - баяндаушы жанр дей келе,  лириканың түрлеріне мадақ жырын, элегияны,  лирикалық жолдауды,  өлеңді,  эпиграмма мен сонетті жатқызады. Драмаға драма мен трагедияны жатқызады.Сөйтіп, бір елде ерте, бір елде кеш  тарап,  жанр атаулары қанатын кеңінен жайды, сонымен қатар осы процесс істінде  олар әртүрлі ассоциацияларға ие болып, басқа да мағыналарды жүктеді. Мысалы, Италияда «новелла» сөзі  басында әртүрлі жанрдағы прозалық шығармаларды, рыцарлық романдарды,  антикалық дәуірдің батырлық мифтерін, тарихи туындылар мен мысалдарды білдірумен қатар, тұрмыстық күлкілі әңгімелерді де  білдірді. Ал Ресейде повестерді новелла деп атады. Жазушылар өздерінің шығармаларына  қоғамның санасында қалыптасатын  жанрлық атауын белгілейді. Авторлар кейде жанама ассоциациялардың жетегінде кетіп, қателесуі де мүмкін. Әдебиеттанушыларға автор пікіріне қарсы шығу қиындық тудырады. Әртүрлі жанрдағы шығармалар кейде бір атаумен айтылса, енді бірде бір жанр әртүрлі елдерде  түрлі атауға ие. Мысалы романдардың тарихи және қазіргі заманғы немесе, екінші жағынан,  саяси және философиялық бөлінуін есепке алудың қажеті жоқ.  Көркем шығармалардағы тарих пен қазіргі заман олардың тақырыбы саласына жатады. Ал автор мен кейіпкерлердің  саяси және философиялық мүдделері оның проблематикасы саласына жатады. Шығарманың компазициялық мотивациясын оның жанрлық ерекшелігіне жатқызуға болмайды. Айталық, лирикадағы арнау жанрға жатпайды.Жанр - бұл тарихи құбылыс емес, типологиялық құбылысқа жатады. Олардың құрылысы мүлдем басқаша болғанымен, нақты жанр туындысы болады.  Роман, комедия, элегиялардың жанрлық ортақтығы неде?  Оны шығарманың өң бойынан іздеген дұрыс болар деп ойлаймыз.  Яғни, шығарма авторының өз ойын беру әдісі жанрлық тұтастықты құрайды. Жоғарыда айтқан Аристотель мен Гегель философиясы осының айқын дәлелі болып табылады.  Көп құрылымды көркем шығарманың мазмұынынан оның жанрлық аспектісі болып табылатын,  тарихи қайталанатын аспектісін, жанр және оның түрлілігінің негізі жататын  қырын табу керек.Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі туралыР.Уэллек пен О.Уорреннің  тұжырымдамаларында  жанр мәселесі анағұрлым кеңірек зерттелген. Олар: әдеби жанр – бұл фикция емес дей келе, әдеби жанрға төмендегідей анықтама береді. Олардың тұжырымдамасы бойынша: «Бір мезетте жазушының жазу мәнері арқылы анықталатын белгіленген ереже» әдеби жанр. Уоррен мен Уэллектің пікірі бойынша жанр теориясы: әдеби процесті  уақыт пен орын санатының көмегі (кезеңділігі мен тілі) арқылы емес, таза  әдеби категориялардың көмегімен  классификациялауға мүмкіндік беретін, тәртіпке келтірілген жүйе. Осындай таза әдеби категориялардың қатарына  жанр да жатады. Зерттеушілердің идеясы бойынша, жанр әдеби құрылым ретінде көркем шығармағы сыни  баға беруде де қолданылады. Уэллек пен Уорреннің ойы бойынша жанр мәңгілікке белгіленбейді. «Шығармағы жеке, сыни көзқарас жаңа тек түріне жол ашуға мүмкіндік береді.  Уэллек пен Уоррен жанр деп шартты түрде  жалпы  «ішкі» (ішкі сезім, көңіл-күй, қарым-қатынас, ойлау, өзге сөзбен айтсақ- тақырып пен аудитория) және «сыртқы» (пішіні, құрылымы)  теориялық белгісі көрінетін  әдеби шығармалар тобын атайды [36,28].Жанр формаларыЛирикалық формалардан өлеңді, өзара тақырыптық ерекшеліктері  мен көтерген мпәселелері бойынша байланысты өлең циклдерін – лирикалық поэманы байқауға болады. Сонымен қатар, көптеген ұлттың төл әдебиеттерінде  әртүрлі өлең үлгілері туындады. Айталық, өлеңдік-строфикалық формасы. Олардың кебіреулері ұлт әдебиетінің шегінен шығып, халықаралық дәрежеде мойындалды. Бұған мысалдар легін келтіруге болады:  эллегия, сонет,  ертегі, өлең, поэма, эпопея (бұған әрине мысал мен балладаны қосуға болады), повесть, әңгіме,  пьесаның түрлері және ақ өлең үлгілері осының дәлелі.  Бұл формалардың әр түрі  әр дәуірде өмір сүрген әрі әр бағыттағы  жазушылардың шығармаларында  әртүрлі жанрлық мазмұнды білдіреді.  Эпос,  лирика, драманың тектері, атаулары  әртүрлі болғанымен  бір-біріне жақын болуы мүмкін. Жауынгерлердің ұлтты азат ету мақсатындағы  төңкеріс қозғалыстарын туындатуы  түрлі жанрларда лирикалық шығармалардың кеңінен таралып, дамуына ықпал етті. Ұлтттық-тарихи лирика жетекші маңызға ие болды. Ол  басқыншы жаулап алушылардың құрсауынан босануды аңсаған халықтың, бүтін бір ұлттың  демократиялық ұмтылысын білдірді.  Билік тізгінінен босануды аңсаған  халықтың арман-мұратын көркем сөзбен өрді.  Европа лирикасының «этологиялық» тенденциясы саяси сатирада ғана көрінген жоқ.  Әлемнің көптеген елдерінде  идиллиялық немесе элегиялық сарындағы «этологиялық» мотивтер туындады.  Олар тәкаппар, рухани азғынданған,  бұзылған қоғамның жоғарғы табының өкілдеріне  табиғат аясындағы тыныш та бейқам, еркін де қарапайым өмірді қарсы қоя білді. Еуропа халықтарының лирикалық шығармаларында суреттеу, бейнелеу, табиғат лирикасы алдыңғы орынға  қойылған.  Әдетте, табиғатты суреттейтін өлеңдер идеялық-эмоциалдық байытылған, лирикалық көңіл-күйде болды.   Сонымен қатар, табиғат лирикасы  ұлттық-тарихи және «этологиялық» өзінің мазмұнының жанрлық аспектісі бойынша  романдық болуы да мүмкін. Әрине, бұнымен қоса  эпос пен драматургиядағы сияқты  лирикада  жанрлық мазмұнның әртүрлі аспектілері өзара өткелсіз шекара арқылы бөлінбеген.  Бір өлеңде олар ауыса алады.  Демек,  жанр тобына бөлу принципі  әдебиеттің барлық үш тегіне де ортақ. Яғни, әдебиеттану ғылымының тектері - эпос, лирика драма өзара жанрлық принципке бөліне алады деген сөз. Осы тұста мынадай қорытындыға келуге болады: жанр -  шығарма мазмұнының түрлі қыры болып табылады.  Жанрлар (жанр мазмұнының ерекшелігі)  - әр жеке тектің шегіндегі логикалық бөлінген түрлер емес, көркем шығарманы тек пен жанрға бөлу «бір логикалық кеңістікте» емес, әр «кеңістікте» түрліше себептерге байланысты туындайды. Мазмұнның көркем қызметі -  тотемдік, магиялық және мифологиялық болады.  Бұлар басында айтарлықтай қысқа эмоциялық  көңілді, тебіреністі сыртқа шығару құралы болды.  Ең алғашында олардың құрамы екі тармақтан да тұрған болуы мүмкін.  Кейіннен екі тармақтар ырғақты симметриямен тарихи процесс үстінде бірігіп төрт тармақты, яғни бір шумақты құраған.  Кейіннен, лирикалық хордың осы көркем нысанасының негізінде, олардың компазициялық-лирикалық принциптері пайдаланыла отырып, бір дауысты,  сольдық,  азаматтық, жеке және тұрмыстық мазмұндағы лирикалық өлеңдер дүниеге келді.  Ал, даму процесімен қандай да бір халықта  жазба өнері пайда болғаннан кейін, мұндай өлеңдер әдеби лириканың туындауының бастапқы негізі, көзі болып қалды. Ертегі -  жанр формасы өзгере алады деп біз жоғарыда айтқанымыздай, жанрдың өзгеріске түскен формасы.  Жанр формасы уақыт өте келе өзгергенімен  оның мазмұнына айтарлықтай әсер етпеді десе де болады.  Тарихи дәуірдің әр кезеңінде, халықта ауыз әдебиетінен кейін жазбаша өнер дүниеге келгеннен кейін  халық ауыз әдебиеті, яғни фольклормен бірге, кейіннен одан да артық көркем әдебиет дами түсті.  Ауыз әдебиетінің бай мұрасы өзінен кеінгі жазбаша әдебиеттің терең тамыр жаюына жол ашып берді.  Қазіргі көркем, жазба әдебиеттің төл атасы, қайнар көзіне айналды. Осындай даму процесінің үстінде  жанрлардың формасы мен атауларының өзгеруі таңқаларлық құбылыс емес, табиғи құбылыс. Осылайша, әртүрлі әдеби шығармалар (бұл жерде поэманы айтып отырмыз) жанрлық мазмұны тұрғысынан алғанда (батырлық, сатиралық, романдық)  өзіндік ерекшеліктерге ие болды.
89. Жанр және оқырман туралы пайымдаңыз
Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері маңызды. Бұған байланысты ұғымдар Г. Гегельдің «Эстетика» еңбегінде [11,67], А.Н. Веселовскидің «Исторической поэтике» шығармасында [10,35] және басқа да ғалымдардың еңбектерінде қамтылды. Эпикалық, драматургиялық, лирикалық және лиро-эпикалық сияқты жанрлық топтар ерекшеленген. Осындай топтардың әрқайсысының шегінде шығарма әдеби тегі, өлеңдік және прозалық формасы және соңғысы, өзінің көлемі бойынша ажыратыла алады. Көне әдебиеттің жанрлық жүйесі күрделілігімен және көп тармақтылығымен ерекшеленеді. Жаңа заман әдебиетімен салыстырып қарар болсақ, тұрақтылығымен сипатталады. Кешірек, қоғамның дамуы, өзінің жанрларымен бірге әдебиеттің де дамуы жылдамырақ бола бастады. Әдеби бағыттың туындауымен бірге жанр жүйесі белсенді түрде теориялық мағына мен негіздеме берудің нысанасына айналды. Осылайша, классицизм поэтикасы болып жоғарғы, ортаңғы және төменгі жанрлар ерекшеленді. Жанр жазушылар немесе ақындар міндетті түрде сақтауы керек регламенттелген жалғыз норма сияқты ұғынылды. Бұдан әрі классицизм жанрларының рационалистік жүйесін сентименталистер мен романтиктер бұзды. Олар шығармашылық бостандығын «тәртіптерден» жоғары бағалап, қарсы шықты. Романтизм классицизмге керағар жанрлар тудырды. Ол адамның ішкі көңіл-күйін, сезімін тереңірек ашып алдыңғы қатарға шығарды. Классицизм дәуірінде орын алмаған адамның ішкі сыры, терең сезімі, жеке тұлғаның ішкі уайым-қайғысы, қуанышы, яки адами қасиеттер сентиментализм тұсында алдыңғы орынға шықты. Сентименталистер шығармалары классицистік мадақ жырын, батырлық поэмаларды, трагедия, поэмаларды ысырып, ішкі сырды бейнелейтін эллегия, баллада, лиро-эпикалық романтикалық поэмаларға жол ашты. Әр автор жанр түрлерін әр түрлі жүйелендірді.Әдебиеттану ғылымында біз әдетте, әр автордың қаламының ұшқырлығы, жазу шеберлігі өзінше дара, өркештеніп тұрады, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік жазу ерекшелігі болады дейміз. Өйткені, әдебиеттану сөз өнері болғандықтан «сөз – алтын жіп, жыр – кесте» демекші, сөздің құдыреттілігімен түрліше өріледі. Алайда, көп ғасырлық даму тарихы бар әдебиеттану ғылымы типологиялық ұқсастықтар бар. Осылайша, типологиялық ұқсастығы мен негізгі қырлары бойынша олар нақты бірнеше топтар мен тектерге бөлінеді. Бұл тектік бөлініс әдебиеттану ғылымы дүниееге келген кезден бастап туындады. Бұл көне гректер мен римдіктерге белгілі болды. Әдебиеттегі тек пен жанр түрлерінің теориясының негізін тұңғыш рет Аристотель қалады. Аристотель өзінің «Поэтика» еңбегінде [1,55] әдебиетті «сөзбен өрілген өмір» дейді. Солай деп айта келе ұлы философ оның үш түріне тоқталады. «Оқиғаға автордың өзі қатыспай сырттай бейнелеуі» эпикалық тәсіл деп айта келе ол бұған мысал ретінде Гомер шығармаларын келтіреді. Екінші тәсіл – бұл әдеби тәсіл. Яғни, шығарманың негізі нысанасы - автордың жан толғанысы, ішкі сезімі, лирикалық көңіл-күйі. Енді ең соңғысына келер болсақ, ол – драмалық, ал тектің өзімі драма деп аталады. Драмада жазушының бейнелеген кейіпкерлері айтайын деген ойын өзінің іс қимылы, дауыс ырғағы, интонациясы арқылы сахнада береді.Неміс философы Гегель әдебиеттің тегі туралы мәселемен ден қоя айналысқан [11,37]. Бұл ретте ол өзі ғылымының негізі етіп философиялфқ ұғымдарды алады. Яғни, объект, субъект ұғымдарын пайдаланады. Әдебиеттің әдеби тектерінің негізін ол өзінің диалектикалық идеяларының негізінде қарастырды. Субъект дегеніміз ақынның өзі, эпос - баяндаушы жанр дей келе, лириканың түрлеріне мадақ жырын, элегияны, лирикалық жолдауды, өлеңді, эпиграмма мен сонетті жатқызады. Драмаға драма мен трагедияны жатқызады.Сөйтіп, бір елде ерте, бір елде кеш тарап, жанр атаулары қанатын кеңінен жайды, сонымен қатар осы процесс істінде олар әртүрлі ассоциацияларға ие болып, басқа да мағыналарды жүктеді. Мысалы, Италияда «новелла» сөзі басында әртүрлі жанрдағы прозалық шығармаларды, рыцарлық романдарды, антикалық дәуірдің батырлық мифтерін, тарихи туындылар мен мысалдарды білдірумен қатар, тұрмыстық күлкілі әңгімелерді де білдірді. Ал Ресейде повестерді новелла деп атады. Жазушылар өздерінің шығармаларына қоғамның санасында қалыптасатын жанрлық атауын белгілейді. Авторлар кейде жанама ассоциациялардың жетегінде кетіп, қателесуі де мүмкін. Әдебиеттанушыларға автор пікіріне қарсы шығу қиындық тудырады.Әртүрлі жанрдағы шығармалар кейде бір атаумен айтылса, енді бірде бір жанр әртүрлі елдерде түрлі атауға ие. Мысалы романдардың тарихи және қазіргі заманғы немесе, екінші жағынан, саяси және философиялық бөлінуін есепке алудың қажеті жоқ. Көркем шығармалардағы тарих пен қазіргі заман олардың тақырыбы саласына жатады. Ал автор мен кейіпкерлердің саяси және философиялық мүдделері оның проблематикасы саласына жатады. Шығарманың компазициялық мотивациясын оның жанрлық ерекшелігіне жатқызуға болмайды. Айталық, лирикадағы арнау жанрға жатпайды.Жанр - бұл тарихи құбылыс емес, типологиялық құбылысқа жатады. Олардың құрылысы мүлдем басқаша болғанымен, нақты жанр туындысы болады. Роман, комедия, элегиялардың жанрлық ортақтығы неде? Оны шығарманың өң бойынан іздеген дұрыс болар деп ойлаймыз. Яғни, шығарма авторының өз ойын беру әдісі жанрлық тұтастықты құрайды. Жоғарыда айтқан Аристотель мен Гегель философиясы осының айқын дәлелі болып табылады. Көп құрылымды көркем шығарманың мазмұынынан оның жанрлық аспектісі болып табылатын, тарихи қайталанатын аспектісін, жанр және оның түрлілігінің негізі жататын қырын табу керек.
90. Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Т.Әбдіков, Д.Амантай, Р.Муканова шығармаларындағы постмодернизм сипаттарын айқындаңыз
Постмодернизм (ағылш. postmodernism) — әуелде сәулет өнері саласында қолданылған атау болып, хатжүзіндік тіке мағынасы — "модерннен кейінгі", яғни "осы заманнан кейінгі", "соңғы", "жаңа заман" дегенді білдіреді. Бұл сөздің қазақшабаламасы тұрақтанбаған, кейбіреулер оны "соңғы осы заманшылдық" деп те атап жүр.
Сәулетте бұл ағым модернизмнен де көркем дегенді білдіреді. Ол көптүрлі өзге ағымдардың ерекшелігін өз бойына сіңірген, бір бойына барлық ерекшелікті қамтыған бес аспап ағым есептеледі. Кейіннен бұл ағым модернизімге қарсылық ретінде сурет,музыка, философия салаларында да қолданыла бастады және әсіресе философияда ықпалды "Постмодернизм" ағымы қалыптасты.
Постмодернизм түптеп келгенде модернизмге қарсылықтан туындаған. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыс Еуропалық ұлы қиялдың быт-шыт болуы себепті өз бойында тұрақтылық, заңдылық, ереже атаулыдан арылған жаңа ағымның пайда болуына түрткі болды.

Приложенные файлы

  • docx 14823782
    Размер файла: 404 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий