Өзіндік білім көтеру жоспары Office Word


АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
«ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
105981523495
Өзіндік білім көтеру жоспары
2016-2021 жылдар аралығы
Абиева Ботакоз Нуртаевна
.
Астана-2016
Энергетика және байланыс колледжінің өндірістік оқыту шебері
Абиева Ботакоз Нуртаевнаның 2016- 2021жылдарына арналған
Өз білімін жетілдіру жоспары
Мұғалім үздіксіз ізденіп, жетіліп отырғанда
ғана  мұғалім, ізденуі тоқтаған сәтте оның
мұғалімдігі де жойылады.
                                          К.Ушинский
Білімі: Жоғары- С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университеті 2012-2016ж, күндізгі бөлім
Мамандығы: 5В01200- «Кәсіптік оқыту»- бакалавр

Өз білімін жетілдіру тақырыбы: «Өндірістік оқыту барысында модульдік оқыту технологиясын пайдалану»
Бұл тақырыппен жұмыс 2016-2017 оқу жылында басталды.
Өз білімін жетілдіру тақырыбы бойынша жұмыс 2021 жылы аяқталады.
Зерттеу жұмысның мақсаты:
         Әр студенттің өзінің білімі мен тәрбиелік деңгейін анықтап, оны әрі
        қарай шыңдап, бүгінгі заман талабына сай етіп, жаңа жолға бағыттау.
Зерттеу жұмысның басты міндеттері:
Педагогикалық озат тәжірибені зерттеп,жинақтау;
Өзіндік іс-тәжірибе мен арнайы сынақ жұмыстарын жүргізу;
Педагогика ғылымы жетістіктерін жүйелі оқып-үйрену;
Кәсіби шеберлігін, пәндік біліктілігін жетілдіру;
Өзіндік танымдық-шығармашылық қабілеттерін арттыру;
Жалпы ой-өрісін кеңейту, жалпы білімін көтеру.
Зерттеу жұмысның базасы: «Байланыс кәбілін монтаждаушысы» тобында қолданылып келеді.
Мұғалімнің өз білімін көтеру жоспары:
Пәндік –теориялық білім: 
1. Оқытатын  пәннің теориялық  негіздерін  білу
2. Оқытатын пән ғылыми әдістерін білу
3. Ғылым дамуының тарихи мен қазіргі жетістіктерін білу
Технологиялық білім : 
1. Ғылымның дамуы мен қазіргі жетістіктерін білу
Оқыту құралдарын қолдану
Педагогикалық технологияның ғылыми негіздерін білуПедагогикалық  технологиялардың әдіс –тәсілдерін  білу, игеруПед технологияларды қолдану
Әдістемелік білім:    
1. Оқушылардың  психологиялық  ерекшеліктерін білу
2. Оқу – тәрбиенің психологиялық  заңдылыңын білу
3. Педагогиканың теориялық негіздерін білу
4. Пән бойынша білім беру мазмұнын білу
5. Пәнді оқыту әдіс-тәсілдерін білу
Әдіснамалық білім:
1. Ашықтық пен тапқырлық
Әлеуметтік тәжрибе мен мәдениетті игеру
Философиялық және әдіснамалық білімдерді игеру
Құбылыстарды өзіндік талдай білу дағдыларын игеру
Модульдік оқыту технологиясы Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптастасуда. Бұл сының процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Каменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект –субъектілері педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде , өзін өзі өзектілендірудге, өзін танығуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық – бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін , білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы, дамуын қойып отыр.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
«Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу –тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің , мазмұнынң, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері ,мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»
Модуль дегеніміз –қандайда бір жүйенің,ұйымның нықталатын, біршама дербес бөлігі.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады: кіріспеден , сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.
Кіріспе бөлімінде тәрбиеші балалармен оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы модулінің барлық уақытында есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде ), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен –қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру   әр балаға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, тілін дамытады. Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш негізгі кезеңне тұрады:
кіріспе –қызықтырушылық
опериационалдық-танымдық
 рефлексиялық-бағалау
Өз білімін жетілдірудің мазмұны
р/с          Негізгі   тарауБағыттары Мерзімі     
1 Саяси  сауаттылықты  көтеру а/ Білім туралы заң Жыл бойыә/ Тіл туралы заң б/ білім саласындағы реформаларды талдаув/ 12 жылдық білім беру г/ Қазақстан Республикасы президентінің жолдауые/ Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңы
2 Ақпараттық сауаттылықты көтеру Ақпараттық – коммуникативтік технологияны меңгеруҮнемі
3 Пәндік теориалық білімін жетілдіруБіліктілігін жетілдіру курстарына қатысу
Пәндік сайыстарға қатысу
Пәндік әдістемелік журналдарға жазылуЖыл бойы4 Педагогикалық – психологиялық  білімді жетілдіруОқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне  сай  тапсырмалар  даярлау, беру
Жыл бойы5 Жаңа технологияны оқып үйрену Модультік оқыту
Педагогика қағидалары мен оқыту әдістерін игеруЖыл бойы 
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. М.М.Жанпейісова, Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. –Алматы, 2002.
2. Жанпеисова М.М., Технология молдульного обучения. –Актобе, 2000.
3. Әдіскер –методист журналы №2, 2006 жыл.
4. Білімдегі жаңалықтар №4, 2006 жыл.
5. А.Қайырбекова, Б.Бағысбаева, Әдістемелік құрал.- Алматы, 2012.
6.Бұзаубақова К. Ж «Жаңа педагогикалық технологиялар» Тараз 2003ж
7. Қазақстан Республикасның «Білім Туралы Заңы» 2007ж 27маусым

Приложенные файлы

  • docx 11306008
    Размер файла: 525 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий