Үйреншікті жүктілікті көтере алмаушылық


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Тақырыбы: “Үйреншікті жүктілікті көтере алмаушылық.”Орындаған: Абдрахманова А.413-топ,ЖМФ Тексерген:Джураева Ф.НҚарағанды-2012 Жоспары: Кіріспе Жүктілікті көтере алмаушылық Классификациясы Үйреншікті жүктілікті көтере алмаушылықтың себептері Клиникалық көрінісі,емі,болжамы Профилактикасы Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, жүктілікті көтере алмаушылық деп әйел анамнезінде қатарынан үш рет 22апта мерзіміне дейінгі өздігінен түсік тастауды айтады. Қазіргі кезде осы мәселемен айналысатын мамандар қатарынан екі рет өздігінен түсік тастаған әйелдерді жүктілікті көтере алмайтындардың қатарына жатқызып,әрі қарай оларды тексеріп себебін анықтап,келесі жүктілікке дайындау қажет екенін айтады. Жүктілікті көтере алмаушылық деп ұрық пайда болғаннан жүктіліктің 37 аптасына дейін (соңғы менструальдық циклдан 259 күнге дейін) жүктіліктің үзілуін айтамыз. Бұл уақыт аралығы бөлінеді:Ерте түсік – жүктіліктің 12 аптасына дейінКеш түсік - жүктіліктің 12-22 аптасына дейінЖүктіліктің үзілуі – жүктіліктің 22-27 аптасына дейін Мезгілінен бұрын босану - жүктіліктің 28 аптасынан бастап ДДҰ анықтамасы бойынша,үйреншікті жүктілікті көтере алмаушылық деп жүкті әйел анамнезінде қатарынан 3 рет болған жүктіліктің 22 аптасына дейін үзілуін айтамыз. Үйреншікті жүктілікті көтере алмаушылық барлық жүктіліктің 1% - 5% құрайды. Жүктілікті көтере алмаушылық қайталануының көрсеткіштері: 1 дейін кейін – 15% 2 дейін кейін – 30% 3 дейін кейін – 40 – 45% ҮЖКА негізгі себептері Ата-ананың генетикалық факторлары(5%)Хромосомалық бұзылыс Бір геннің дефектісіХ-хромосомамен байланысты бұзылысКөпфакторлы себеп Жүктіліктің бірінші триместрінде ұрықтың хромосомды ақаулары 60% жағдайда өздігінен түсік тастауға әкеледі. Эмбриональды тінде анеуплоидия анамнезінде екіден тоғызға дейін түсік тастаған әйелдерде кездеседі. Ал 16 хромосоманың трисомиясы ең кең тараған хромосомды ауру болып табылады,сирек моносомия да өздігінен түсік тастауға әкеледі.Ата-анасының хромосомды ақаулары 3-6% жағдайда жүктілікті көтере алмаушылыққа әкеледі. Анатомиялық себептер (12%) Туа пайда болған Мюллер өзегінің немесе жатырішілік перегородкасының толық жабыспауыДиэтилстилбестролдың әсеріЖатыр артериясының аномалиясыЖатыр мойнының аномалиясыЖүре пайда болғанЖатыр мойнының патологиясыСинехияларЖатыр лейомиомасыЭндометриоз, аденомиоз Анатомиялық факторМеханизмі: Ұрық дамуына жатырішілік қуыстың жетіспеушілігіЖатыр мойнының бұзылысыИнплантация процесінің бұзылысыЭндометрий қанайналысының бұзылысыЖатырдың өзіндік жиырылу активтілігінің күшеюіҚабықтануының жоғарылауының айқындылығы 1.Жатыр ішілік бөгет. Жатыр ішінде қанмен қамтамасыз етілуі нашар тіннің болуы. Әсіресе жатырдың түбінен түзіледі.Эмбрионның жатыр ішілік бөгетте имплантациялануы жүктіліктің мерзімінен бұрын үзілуіне әкеледі. 2 Бір мүйізді жатыр Мюллер өзектерінің бірінің дамуының бұзылуы.Даму барысында Мюллер өзегінің бірінің миграциясы бұзылып өзінің қалыпты орнына барып қосыла алмауынан ол жойылған,мұндай жағдайда тек бір ғана жатыр түтігі болады.Қазіргі кезде мұның эффективті емі жоқ. 3.Екі мүйізді жатыр. Мюллер өзектерінің қосылуының бұзылуынан жатырдың бір мойны,екі жатыр қуысы болады.Бұл кезде жүктілік қалыпты өтуі мүмкін,бірақ мұндай ақауы бар әйелдерде жүктілікті көтере алмаушылық жиі кездеседі.Операциялық жолмен лапоратомия жасалынады бұл кезде жүктілікті көтере алмаушылық 90-95% тен 25-30% дейін төмендейді. 4.Жатырдың қосарлануы. Мюллер өзектерінің толығымен қосылмауынан жатыр мен жатыр мойнының қосарлануы кездеседі. Жиі қынапта бөгеттердің болуы,немесе бір өзектің обструкциясы да кездесуі мүмкін. Жүре пайда болған жатырдың анатомиялық ақаулары әсірісе жүктілікті көтере алмаушылыққа себеп болатын олар жатырдың лейомиомасы,синехиялар,эндометриоз және аденомиоз.Бұл патологиялық жағдайлар қан айналымның жеткіліксіздігінен және жатырдың жиырылғыш қасиетін күшейтуін ынталандыруы плацентацияны бұзып нәтижесінде плацентаның сыдырылуын туғызып жүктіліктің өздігінен үзілуімен аяқталады.Ал аденомиоз және жатырдың миомасы жүктілік кезінде синтезделетін ақуыздарды тежейді. Жатыр миомасы– Жатыр қабырғасындағы бірыңғай салалы бұлшықеттің ісігі.Миома қатерсіз ісік,егерде ісік субмукозды болса жатыр ішіне қарай өссе имплантация үшін механикалық бөгет жасайды. Егерде миоматозды түйін жатырды толығымен алып жатса онда имплантация аймағымен оның айналасында қан айналымды бұзып жүктіліктің үзілуіне әкеледі. Ашерман синдромы – эндометрийдің зақымдалуы салдарынан жатыр қуысына дәнекер тіннің өсуі.Синихиялар әсерінен туындайды.Спайкалар фиброзды талшықты тіннен құралып арасында қан тамырлар,бұлшық ет тіні кездеседі мұндай синихияларды алып тастау өте қиын мұндай жағдайда жүктілік кезінде имплантация бұзылыстары мен жүктілікті көтере алмаушылық жиі кездеседі. Жиілігі барлық жүктіліктің - 1% құрайдыНегізгі механизмі – дәнекер тінінің метаболизмінің бұзылысы,коллагенді талшықтардың тығыздығының төмендеуі,жасушасыртылық матрикстің созылуының төмендеуі.Профилактика ретінде жүктіліктің 14-16 аптасында жатыр мойнына жіп салу. Истмико-цервикальды жетіспеушілік Истмико - цервикальды жеткіліксіздік жатыр мойнының истмикалық бөлігінің шамасыздығы.Истмико - цервикальды жеткіліксіздік кезінде жатырдың ішкі аңқасының тарылу механизмі жойылып жатыр ішінде ұрықтық жұмыртқаның ұсталу қабілеті жойылады. Ұрық жатыр ішінде ұсталынбай төмен жатыр мойынына келеді да, әрі қарай ашық ішкі аңқадан өткенде, жатырдың жиырылуы болып әйел түсік тастайды. Истмико -цервикальды жеткіліксіздік кезінде екінші триместрде немесе ерте өздігінен салыстырмалы тез ауырсынусыз түсік тастау жиі кездеседі.Осындай диагноз қойылған жоғары қауіп тобына жататын әйелдерде жатыр мойынының моноторингісі жүктіліктің 12аптасынан бастап әр екі апта сайын жүргізілуі тиіс. ИЦЖ қауіпті факторлары Анамнезінде жатыр мойнының жарақатыбосану кезіндегі зақымдалужатыр мойнының патологиясының инвазивті емдеу әдістері(конизация,жатыр мойнының ампутациясы)жүктіліктің кеш мерзімінде жасанды аборт жасатуФункционалды бұзылыс – гиперандрогения,дәнекер тінінің дисплазиясы,қан құрамында релаксиннің көп болуыЖатыр мойнына көп күш түсу-қағанақ суының көп болуы,көпұрықтық,ірі ұрық Эндокринді фактор (17%) Лютеинді фаза циклінің жетіспеушілігіАналық без поликистоз синдромы Қалқанша без ауруыҚант диабетіГиперандрогенді жағдайПролактин секрециясының бұзылысы Инфекциялық фактор (5%) БактериалдыВирустыПаразитарлыЗооноздыСаңырауқұлақты Инфекциялық - 5% БактерияListeria monocytogenesChlamydia trachomatisUreaplasma urealiticumMicoplasma hominisBacterial vaginosisВирус CMVRubellaHSVHIVПаразитToxoplasma gondiiСпирохета – trepanema pallidumСаңырауқұлақ Жүктілікті көтере алмаушылық инфекциялық факторлар әсерінен кеш түсік тастауға және ерте босануға әкеледі.Инфекция әсерінен активтелген иммунды клеткалар жоғарылап созылмалы эндометрит қалыптасып жүктіліктің ерте мерзімінде көтере алмаушылыққа әкеледі. Иммунологиялық фактор (50%) Гуморальды механизмАнтифосфолипидті антиденеАнтиспермальды антиденеАнтитрофобласттық антиденеБлокадалаушы антидене дефициті Қазіргі кезде 80% жағдайда иммунологиялық бұзылыстар салдарынан жүктілікті өздігінен үзілуі болатыны анықталды. Иммунды бұзылыстар Аллоиммунды Аутоиммунды Аутоиммунды процесс кезінде иммунды жүйенің агрессиясына ана организмнің өзінің тіндері ұшырайды яғни иммунды жауап өз антигендеріне қарсы бағытталады.Бұл жағдайда ұрық анасының тіндерінің зақымдалуы салдарынан зардап шегеді. Аллоиммунды бұзылыстар кезінде иммунды агрессия ұрыққа қарсы бағытталады өйткені ұрықтың әкесінен алынған антигендері анасының организіміне бөгде болып табылады. Аллоимунды факторларға ХГ антиденелердің түзілуін жатқызамыз. 26,7% Жүктілікті көтере алмайтын әйелдерде қан сарысуында осындай антиденелер табылған.Бұл антиденелердің әсер ету механизмі ХГ сары дененің рецепторларымен байланыстырмайды және эмбриональды трофэктодермасына зақымдаушы әсер етіп өздігінен түсік тастауға әкеледі. Антифосфолипидтті синдром – жүктілікті көтере алмаушылықпен көрінетін аутоиммунды дисфункция. Антифосфолипидтті синдром жатырлық,плаценталық қан тамырларда қан ұюдың жоғарлауымен тромбоз түзілуіне әкеліп ол өз кезегінде жүктіліктің үзілуіне әкеледі.Тромбоздардың себебі эндометридің простоциклин өндіруінің төмендеуі, простоциклин вазодилататор және антиагрегант болып табылады. Жүктілікті көтере алмаушылық диагнозы қойылған 27–42% әйелдерде АФС синдромы кездеседі,Фосфолипидттерге аутоантиденелері бар жүкті әйелдер емделмеген жағдайда,бұл 85–90% ұрықтың өліміне әкеледі. Анамнезінде венозды, артериалды тромбоздардың болуы Бір немесе одан да көп морфологиялық жағынан қалыпты ұрықтың түсініксіз өліміБір немесе одан көп преэклампсия және айқын түрдегі плацентарлық жетіспеушілік салдарынан 34апталық морфологиялық жағынан қалыпты ұрықпен ерте босану;Үш немесе одан көп 10апталық мерзімге дейін түсініксіз өздігінен түсік тастау Басқа факторлар (10%) Сыртқы орта әсеріКейбір дәрілік препараттарды қабылдауПлацента аномалиясыСоматикалық ауру Жүрек-кантамыр жүйесіБүйрекГемолитикалықЕрлер факторыДиссинхронды фертилизацияКоитусФизикалық жаттығулар Жүктілікті көтере алмаушылық диагнозы қойылған әрбір әйелді тексеру мұқият анамнез жинаудан басталады.Әсіресе анамнезінде гинекологиялық аурларының бар жоқтығына,хирургиялық операциялардың болғанын,кәсіби зиянды факторлардың,интоксикациялардың бар жоқтығын сұрастыру.Қанша жүктілік болғанын және әр жүкіліктің ағымын мұқият қарастыру.Жүктілік тарихынан: Бұрын болған жүктіліктің саны Әр жүктіліктің ағымы қалай болдыҚандай мониторинг жүргізілдіҚандай дәрілік препараттар қолданылдыЖүктілік қай мерзімде үзілген Жүктілікті сақтап қалу үшін қандай шаралар қолданылған Ол үшін қандай препараттар қолданған қандай дозадаЖүктілік кезіндегі анализдердің және жүргізілген зерттеулердің қорытындыларыӨлген ұрықтың қалдықтарының зерттеу қорытындылары Әйелдің репродуктивті жүйесін ультрадыбысты зерттеу. УДЗмен аналық бездің жағдайы анықталады,жатырдың өзгеше түрлері (даму ақауларын,ісіктер,эндометриоз, жатыр ішіндегі өзгерістер)жатырдың шырышты қабығының созылмалы қабынулық аурулары анықталады.Гистеросальпингография және гистероскопия Негізінен жатыр ішілік патологияларға, жатырдың даму ақауларына күдік туғанда жүргізіледі. Қанды зерттеу,құрамында жыныстық гормондардың және аналық жұмыртқанын қызметін реттейтін гормондарды анықтауға негізделеді., Екі рет жүргізіледі:бірінші рет менструальды-овариальды циклдің бірінші фазасының ортасында (орташа еттекірдің басталғаныннан алғашқы 7 – 8 күнінде ), екінші рет екінші фазаның ортасында (орташа еттеккір басталғанан кейін 20 – 24күні ).Аналық бездің қызметінің бұзылыстары ерте 16 аптаға дейінгі мерзімде жүктіліктің үзілуіне әкеледі.Жүктілікті көтере алмаушылық диагнозы қойылған әр бір үш әйелде гиперандрогения анықталған, ал бұл жағдай өз кезегінде истмико- цервикальды жеткіліксіздікке әкеледі.Қанда тек әйел және еркектің гормондарын ғана емес сонымен қатар қалқанша бездің гормондарын да анықтайды.       Лабораторлы диагностикасы жүкті әйелде генетикалық,анатомиялық,эндокринді,инфекциялық,иммунологиялық бұзылыстарды анықтау үшін жүргізіледі. Жүктілікті көтере алмаушылыққа күдік туған жүкті әйелде келесі тесттерді жүргізедіЕрлі зайыптыларды кариотиптеу Жатыр қуысының жағдайын бағалау гистеросальпингография, УДЗ, соногистерография және гистероскопия арқылы Етеккір циклінің лютеинді фазасын анықтау базальды температураны өлшеу, прогестерон концентрациясын анықтау, ультрадыбысты мониторинг және эндометридің биопсиясыIgG және IgM класының антикардиолипинді антиденелерін анықтауIgG және IgM класының антифосфатидилсеринді антиденелерін анықтауЭмбриотоксикалық факторларды анықтау микоплазм, уреаплазм, хламидий және бактериальды вагинозды және токсоплазмаға,қызылша вирусына, цитомегаловирусқа және герпес вирусына қарсы антиденелер титрін анықтау Тромбоциттер санын анықтау қажет Жүктілікті көтере алмаушылықты емдеу, оны тудырған себептерге байланысты жүргізіледі. Генетикалық себептерді емдеу Егер ерлі зайыптылардың біреуінде тума генетикалық аурулары болса генетикпен консультатцияда болып егер гомологиялық хромосомалардың робертсонды транслокациялары анықталса донорлық жұмыртқа клеткасымен немесе спермасымен ЭКО жасау ұсынылады өйткені робертсонды транслокациялар бар партнердің хромасомалары үнемі анеуплоидиямен гамета түзетін болады ал бұл кездегі жүктіліктің ақыр соңы түсік тастаумен аяқталады Барлық Мюллерлік аномалиялар тек оперативті жолмен емделеді, мысалы жатыр ішілік бөгеттерді жою үшін гистероскопиялық әдіс қолданылады.Етеккір циклінің лютеинді фазасын емдеу прогестерон препараттарын қолдану арқылы жүргізіледі. әсіресе дюфостон күніне 2 таблеткадан .Егер жүкті болса да дюфастонды қолдануды тоқтатпайды 8 таблекадан ,біртіндеп мөлшерін азайтады күніне 1-2 таблеткаға.Дюфостонды клостилбегитпен комбинирлеп етеккірдің 5 ,9күнінде 100 мг бір рет түнде қолдану жақсы әсер етеді. Истмико - цервикальды жеткіліксіздік кезінде ең кең тараған хирургиялық коррекция McDonald әдісі бойынша жіп салу,немесе П тәрізді Любимов бойынша жіп салу.Сонғы жылдардың зерттеуі бойынша истмико- цервикальды жеткіліксіздік кезінде жатыр мойынын тігу ерте түсік тастаудын алдын алады.ИЦЖ байланысты жүктілікті көтере алмаушылығы анықталған әйелдедерді емдеу созылмалы эндометритті емдеуден және қынаптың микрофлорасын қалпына келтіруден басталады.Қынаптық бөліндісін бактериологиялық зерттеуден кейін антибиотиктерді индивидуальды таңдау жүргізеді. Антифосфолипидтті синдромАнтифосфолипидтті синдром плацентада тромбоздар түзілуіне әкелетіндіктен емінде антикоагулянттарды қолдану гепарин 15000ЕД бірінші триместрде күніне,20000 ЕД екінші триместрде күніне аспирин 80 мг 30-60мг преднизалон Жүктілікті көтере алмаушылық қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі. Кей аурулардың емінің нәтижесін алдын ала болжау қиын екені белгілі,жүктілікті көтере алмаушылықты сондай аурулар қатарына жатқызуға болады.Сондықтан осындай диагноз қойғанда дәрігердің алдында үлкен жауапкершілік қойылады.Өйткені дұрыс диагноз қойылып оның емдік тактикасының дұрыс таңдалғаны тек келесі жүктліктің нәтижесінен көре аламыз,ал қателесудің нәтижесі өте ауыр екенін ескерген жөн.Өйткені әр бір үзілген жүктілік әйелге тек психологиялық жарақат қана емес оның репродуктивті жағдайына да кері әсерін тигізеді.Сондықтан әр бір сәтсіз жүктіліктен кейін оны тудырған себептердің де өршуі болатынын ескерген жөн.Бірақ қазіргі кезде осындай диагноз қойылған әйелдер дұрыс ем қабылдаған жағдайда болашақта ана аталуына мүмкіндігі жоғары. Қолданылған әдебиеттер: 1.« Акушерство » В.И Бодяжина К.Н Жмакин 2. « Акушерство » В.Н Соловьев3.«Медицина » - Манухин И.Б 4.« Иммунология » - Ярилин А.А. 5 Акушерия және гинекология А.Т Раисова Р .Г Нұрқасымова6 Интернет желісі

Приложенные файлы

  • ppt 11306896
    Размер файла: 2 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий