Мәнерлеп оқу байқауы


«Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан» мәнерлеп оқу сайысы. Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстауға баулу. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.
1-жүргізуші:
Тілім менің қайыршы емес қаңғыбас, Тілім тұлпар – қуған желге шалдырмас. Кенже ұлдай үлкен үйге мұрагер Жер иесі – менің тілім мәңгі жас. Әуезов, Абайды өткен дәріс тілі, Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тілі. Қанша Заң қабылдаймыз, жетер енді, Естілсін мемлекеттік әр істе үні! 2- жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі Қазақстан халықтары тілдері мерекесіне орай өткізіліп отырған «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан» атты мәнерлеп оқу байқауына қош келдіңіздер. 
1-жүргізуші:
Туған тілім қазынам,алтын кенім, Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім. Қош келдің туған өлке,бесігіңе, Қасиетті бабамның тілі менің. Дұшпандардың талайын қызыл тілмен, Қылыштай сүйектерден тілімдедің. Өтсе де талай ғасыр,қилы заман, Қасиетті тілім менің бүлінбедің, -
дей келе,  байқауымыздың ережесімен таныстырып өтейік.
2-жүргізуші: Байқау 2 турдан тұрады: 1- «Өлең –сөздің патшасы» турында оқушылар ақындардың «Ана тілі» тақырыбында жырлаған өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп жатқа оқиды. 2-тур «Ақындар мүшайрасы». Бұл турда жас ақындарымыз «Ана тілім» тақырыбына арнаған өз өлеңдерін оқиды.
1-жүргізуші: Ал енді байқауға қатысушылардың өнерін бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырап кетейік.
1.___________________________________________________________________________________2.___________________________________________________________________________________3.___________________________________________________________________________________4.___________________________________________________________________________________2-жүргізуші: Олай болса, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» турын бастайық. Ортаға қатысушы оқушыларымызды шақырамыз.
1. 5 «А»-сынып оқушысы Құттыбай Әлияны шақырамыз.
2. 5 «А»-сынып оқушысы Адирахан  Арай
3. 6 «А» сынып оқушысы Сейітжан Аружан
4. 6 «Ә»-сынып оқушысы Әлиайдар Ақмаңдайлым
5. 6 «Ә»-сынып оқушысы Дуанбек Мариям
6. 6 «Ә»-сынып оқушысы Қасенова Әсем
7. 6 «Б» сынып оқушысы Тоқсанбай Балымжан
8. 7 «А» -сынып оқушысы Мұқашев Ернұр
9. 7 «А»-сынып оқушысы Жарылқасынова Аружан
10. 7 «Ә»-сынып оқушысы Нұржанова Ақмарал
11. 7 «Ә» -сынып оқушысы Қожахметов Магамед
12. 7 «Ә» сынып оқушысы Бердуалиева Жібек
13. 8 «А»-сынып оқушысы Әуесбекова Мухаббат
14. 8 «А» - сынып оқушысы Асембекова Диана
14. 8 «Ә»-сынып оқушысы Қуандық Нұртай
15. 8 «Ә»-сынып оқушысы Төлеубаева Аяжан
16. 9 «А»-сынып оқушысы Тәттібаев Әділет
17. 9 «А» сынып оқушысы Тоған Аружан
18. 10 «А» сынып оқушысы Мақұлбек Талшын
(Оқушылар өлеңдерін мәнерлеп оқиды.) 
1-жүргізуші Осымен мәнерлеп оқу байқауымыздың 1-туры аяқталды. Әділқазылар сайысқа қатысушыларымыздың өнерін бағалағанша әнге кезек берейік.Ән: «Анамның тілі». Орындайтын: _______________________________________________
2-жүргізуші: Ал ендеше:
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу – маржан шашатын.
Көрерменді таңдантып,
Жырдан күмбез жасайтын –жас қаламгер ақындарымызға кезек берейік.
Қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші:
1) Тоқтағұлова Алуа 5 А сынып оқушысы:
Ең алғашқы өлеңін арнапты ол әкеге
9 жастан бұл Алуа қалам алып қолына.
Абай менен Ыбырай аталарын пір тұтар,
Ал көрермен қолпаштап, қолдау көрсет балаға.
2-жүргізуші:  Бақдәулет Еркеназ 5 А сынып оқушысы:
Еркеназ атты жас ақын,
Ойы мен шабыт тең келген.
Жырлары оның пәк, жарқын,
Жүректерді тербеген.
1-жүргізуші: Айтмағамбет Аяулым 6 Ә сынып оқушысы:
Салмақты қыз Аяулым, жас қаламгер,
Шабыт келсе жыр жазумен тебіренер
Әрқашан шабытын құр жібермей,
Жыр жазса, тек биіктен көрінер.
2-жүргізуші: Адирахан Ілияс 6 А сынып
Ілияс деген жас ақын
Жырлары оның пәк, жарқын
Жансүгіровтей бұл Ілияс
Шабыттанып жыр жазсын
1-жүргізуші: Ғаффар Наргиза 7 А сынып оқушысы:
Ақын болса болу керек, Наргизадай,
Ол жүреді осы жолды ардақтай,
Салмақты, ойы ашық, жырға жүйрік,
Отырайық жас ақынды қолпаштай.
2-жүргізуші: Шералы Ақерке 7 А сынып оқушысы:
Тәрбиенің қыр – сыры бойға сіңген,
Ұстаздан ұлағатты білім терген.
Сабина деген есімі бар жас ақынның,
Жырлары таза судай, тұнық, терең.
1-жүргізуші Искакова Құралай 8 А сынып оқушысы:
Болашақтың айқара ашып есігін,
Қойыпты оған Құралай деп есімін.
Жүрегінде Мұқағали рухы бар,
Мектептің жас ақыны ол бүгін.
2-жүргізуші: Файзрахман Таңшолпан 8 Ә сынып оқушысы:
Қалам алып жыр жазған,
8 жастан қолына
Таңшолпандай ақынның
Гүл бітсін әркез жолына.
1-жүргізуші Сұлтан Аяжан 8 А сынып оқушысы:
Көп ойлайтыны кім болары,
Ой үстінде жүреді,
Аяжан ақын Фаризадай
Жыр жазарын біледі.
1-жүргізуші Кенжетаева Жұлдыз 8 А сынып оқушысы:
Өлеңдерін барлық халық
Оқып жүрсе үнемі
Жұлдыз қыздың осы екен,
Барлық арман – тілегі.
2-жүргізуші Романова Айжан 8 Асынып оқушысы:
Енді ақындық өнерін,
Тамашалап көреміз
Талантты қыз Айжанның
Өнеріне сенеміз
1-жүргізуші Даулетқызы Амина 8 Ә сынып оқушысы:
Мұқағали бабасының жолын қуып,
Жүрмекші сөз шебері ақын болып,
Жас қаламгер, Аминаның тілегі тек
Ақын болса, жыр жазар, шабыт қонып.
2-жүргізуші: Қасиетті өлең – жырды ардақтап, оны өмірлік серігіне айналдырған ақындар аз емес. Сол сияқты біздің жас қаламгер ақындарымыздың ізденіс арналары жарқын, көз қарастары айқын, көркемдік келісімі нұрлы боларына сенеміз.
1-жүргізуші: Әділқазылар ақындардың өнерін бағалағанша, кезекті әсем әнге берейік.
Ән: «___________________________________________________-  »
Орындайтын: ________________________________________________________
Ән: «________________________________________   »
Орындайтын___________________________________________________
Ән: «___________________________________________________-  »
Орындайтын: ________________________________________________________
Ән: «________________________________________   »
Орындайтын___________________________________________________
2-жүргізуші: Бүгінгі «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та, бар қалан» атты мәнерлеп оқу байқауына қатысқан оқушыларымыздың өнерін бағалап, марапаттауға сөз кезегін әділқазыларға берейік. (Сөйлеу мәнерін, сөз шеберліктерін, ой ұшқырлығын салыстыра отырып бағалауға сөз кезегін әділқазылар алады.)
1-жүргізуші: Биіктерден көрініңдер ақындар,
Халқыңа тек жырмен шашу шашыңдар.
Өлең жолын тастамаңдар ешқашан
Ақындықтың асуынан асыңдар-
дей отырып бүгінгі байқауға қатысқан барлық қатысушыларымызға үлкен алғысымызды айтып, әрқашанда сәттілік тілеймін.Назар қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет, кешімізді осымен жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Приложенные файлы

  • docx 11310956
    Размер файла: 22 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий