Өкпе ісінуі негізгі түрлері.


Өкпе үяшықтарының желдетілуі немесе вентиляциясыньщ бүзылыстары.
Олар гипервентиляция, гиповентиляция түрлерінде корінеді.
Окпенің гипервентиляциясы - деп сыртқы дем алатын ауа мен өкпе үяшықтарындағы ауа алмасуының кобеюін айтады. Бүл кезде тыныстық ауаның минәттік келемі ІТМК) мен өкпенің тіршіліктік сыйымдьшығы (ОТС) кебейеді. Ол физшлогияльгқ және .ііатдощялық (дерттік) болып ажыратылады. Физиологиялық гипервентиляция кезінде ол оттегіге деген организмнің кетеріңкі мүқтаждығын аластауға бағытталады жөне оттегінің жеткіліксіздігін жоюмен бірге тоқталады.
485
Дерттік (патологиялық) гипервентиляция оттегіге қосымша мұқ-таждықпен немесе С02 газын сыртқа шығару қажеттігіне байланысты болмайды. (рл ми жөне оның қабықтарының аурулары кездерінде, миға қан қүйылғанда, гипоксемия (анемия, таулық немесе биіктік аурулары), артериялық қысымның төмендеуі кездеріндегі тыныс алу орталығының рефлекстік қозуынан дамиды.
Бірақ үзақ гипервентиляция гипокапния мен алкалоз дамуына әкеледі, осының әсерінен тыныс алу орталығы тежеледі. Бүл жағдайда гипервентиляция гиповентиляциямен ауысады.
Өқпенің гиповентиляциясы - деп өкпеде ауа алмасуының азаюын айтады. Ол мына жағдайларда байқалады:
• өкпенің және тыныс жолдарының дерттері (пневмония, пневмосклероз, эмфизема, бронхит т.с.с.) кездеріңде;
• тыныс алуды реттейтін жүйкелердің жарақаттануы, қабынуы немесе бүл жүйкелерден серпіндердің (миастения, ботулизм, сіреспе т.с.с. дерттер кездерінде) тыныс алуға қатысатын бүлшықеттерге берілмеуі немесе олардың қабынуы, дистрофиясы кездерінде;
• қабырға аралық жүйкелердің, өкпеқаптың қабынулары кездерінде қатты ауыру сезімінде;
• жүлында өспе дамығанда немесе полиомиелит ауруы кезіңде оның мотонейрондарының бүліністерінен тыныс алуға қатысатын еттердің жүйкеленуі бүзылыстарында;
• мидағы тыныс алу орталығына дерт туындататын ықпалдардың тікелей тежегіш әсерлерінен немесе олардың қан тамырларындағы хемо-, барорецепторлардың қоздырылуынан рефлекстік түрде тежелгенінде.
Гиповентиляция пайда болу себептеріне қарай:
— обструкциялық (лат. оЪкгтисііо — бітелу) немесе бітелулік гиповентиляция;
— рестрикциялық (лат. геБггісІіо — шектелу, кішірею) немесе шектелулік гиповентиляция;
— араласқан гиповентиляция — деп ажыратылады.
Обструкциялық гиповеитиляция тыныс алу жолдары тарылғанында немесе бітелгенінде байқалады. Бүл кезде ауа қозғалысына кедергі тьшыс алу жолдарында пайда болады. Ол мына себептерден дамиды:
— тыныс алу жолдарының қабынуынан;
— майда кеңірдекшелердің тегіс салалы еттерінің, әртүрлі аллергендердің және химиялық қоздырғыштардың әсерлерінен, жиырылып қалуынан (бронхоспазм);
— тыныс алу жолдары қою қақырықпен бітеліп қалуынан;
— тыныс алу жолдарында өспе дамуынан;
— тыныс алу жолдары сыртынан ісінген қалқанша безбен, айналасындағы тіндердің өспесімен қысылып қалуынан;
— дыбыс байламдары мен көмекей еттерінің жиырылып қалуынан (ларингоспазм) т.с.с. жағдайлардан байқалады.
486
Рестрикциялық гиповентиляция окпенің тыныс алу бетінің азаю-ынан немесе өкпе тінінің серпімділігі төмендеуінен дамиды. Ол екпе тінінің өзінде болатын (окпе ішілік) дерттермен немесе өкпенің сыртынан есер ететін (өкпесыртылық) дерттік өзгерістермен байланысты дамиды.
Рестрикциялық гиповентиляция дамуына әкелетін өкпе ішілік дерттерге:
• өкпеде қабыну мен қан іркілу қүбылыстарын;
• өкпе ауруларын (пневмосклероз, обыр (рак), эмфизема, туберкулез);
• өкпенің бір бөлшегін немесе бір окпе түтас оталып тасталуын;
• өртүрлі себептерден сурфактанттың азаюынан өкпеде ателектаз дамуын т.б. жатқызуға болады.
Рестрикциялық гиповентиляция дамытатын өкпесыртылық дерттік өзгерістерге:
— өкпеқап қуысында сүйық, қан, ауа жиналып қалуы (гидроторакс, гемоторакс, пневмоторакс);
— кокірек орталығында еспе өсуі;
— кеуде қуысын тарылтатын дене пішіні өзгеруі (лордоз, кифоз, сколиоз);
— іш қуысында ауа жиналуы (метеоризм), бауыр үлғаюы, іш шемені дамуы т.с.с. жағдайлар жатады. Бүл кездерде екпе сыртынан қысылып, оның тыныс алу кезіндегі тербелістерін азайтады.
Обструкциялық гиповентиляция кезінде:
— қарқыңцы дем шығарудың 1-секундындағы ауа көлемі (ҒЕУ1с);
— осы корсеткішпен қарқынды тіршіліктік өкпе сыйымдылығының пайыздық арақатынасы (ҒЕУ1с/ҒҮС%);
— қарқынды дем шығарудағы қарқынды тіршіліктік өкпе сыйымдылығының 25-75% аралығындағы ауа ағымының келемдік жыддамдығы (ҒЕҒ2575%) — азаяды. Бүл кезде өкпеде қалдық ауа келемі (КУ) және онымен толық өкпе сыйымдылығының арақатынасы (КУ/ ТЬС) көбейеді (14-кесте).
Рестрикциялық гиповентиляция кезінде:
— толық өкпе сыйымдылығы (ТЬС);
— тіршіліктік екпе сыйымдылығы (УС) қатты азаяды. Бүл кезде ҒЕУ1с/ҒУС% мен ҒЕҒ25 75% өзгермейді (14-кесте).
Өкпе желдетілуі бүзылыстарынан артериялық қаңда оттегінің үлестік қысымы азайып, гипоксемия және онда комірқышқылы газы көбейіп, гиперкапния дамиды.
Өкпе үяшықтары мен қылтамырлардың қабырғалары арқылы газдардың диффузиясыныц бүзылыстары. Газдардың диффузиясы - деп өкпе үяшықтарынан оттегінің қанға, қаннан кемірқышқылы газының әкпе үяшықтарына қарай көп жағынан аз жағына жайылып тарауын айтады.
487
14-кесте
Обструкциялық және рестрикциялық гиповентиляциялар кездеріндегі сыртқы тыныс алу көрсеткіштерінің салыстырмалы сипаттамасы
Көрсеткіштері Рестрикциялық гиповентиляция Обструкциялық гиповен-тиляция
FVC азаяды шамалы азаяды
FEV1C азаады қатты азаяды
FEVlc/FVC % қалыпты деңгейде қатты төмендейді
ҒЕҒ
'-"■ 25 - 75 % қалыпты деңгейде қаггы баяулайды
VC қатты төмендейді азаяды
FRC онша өзгермейді көбейеді
RV онша өзгермейді көбейеді
TLC қатты азаяды онша өзгермейді
RV/TLC біршама көбейеді көбейеді
Ескертпелер:
FVC — forced vital capacity — қарқынды тіршілікгік өкпе сыйымдылығы;
FEVlc — forced expiratory volume in 1 second — қарқынды дем шығарудың 1-секувдындағы ауа көлемі;
FEVlc/FVC% — қарқынды дем шығарудың 1-секундындағы ауа көлемі мен қарқынды тіршіліктік өкле сыйымдылығының пайыздық арақатынасы;
FEF25,5% - forced expiratory flow between 25 and 75% of forced vital capacity - қарқынды дем шығарудағы қаркынды тіршіліктік өкпе сыйымдылығының 25-75% аралығындағы ауа ағымының колемдік жыддамдығы;
VC — vital capacity — тіршіліктік өкпе сыйымдылығы (қалыпты мөлшері 3,5 л.);
FRC — functional residual capacity — функциялық қалдық сыйымдылык (қалыпты молшері 3,0 л.);
RV — residual volume — қаддық ауа көлемі (қалыпты мөлшері 1,5 л.);
TLC — total lung capacity — толық өкпе сыйымдьшығы (қалыпты мөлшері 5 л.);
RV/TLC — қалдық ауа көлемі мен толық өкпе сыйымдьшығының арақатынасы.
Өкпе ұяшықтарынан оттегінің қанға жайылып тарау жылдамдығы: D = k (Рх —Р2) S/d — теңеуімен анықталады.
Мұнда: D — белгілі уақыт ішіндегі жайылып тараған газдың мөлшері, Р, — өкпе ұяшықтарындағы ауада оттегінің үлестік қысымы, Р2 — көктамыр қанындағы оттегінің үлестік қысымы, S - жайылып тарау бетінің аумағы, d — ауа мен қан аралық тосқауылдың қалындығы, k — оттегінің суда еру қабілеті мен оның молекулалық салмағына байланысты енгізілетін константа. Осы теңеуге байланысты Р, төмендеуінен, S кішіреюінен және d — қалыңцауынан оттегінің диффузиясы азаяды.
Өқпеде газдардың диффузиясы мына жағдайларда бүзылады:
488
• өкпе қабынуы, ісінуі кездеріңце үяшықтар ауасы мен қан аралық тосқауыл қалывдауынан;
• қызмет атқаратын өкпе үяшықтары мен қылтамырлардың азайып кетуінен немесе тыныс алу беттерінің кішіреюінен (мәселен ателектаз, өкпенің бөлігін отау, өкпе тінінің бүліністері кездерінде);
• өкпе қылтамырларывда қан көлемі мен гемоглобин аздығынан;
• өкпе үяшықтарындағы ауамен қанның түйісу уақыты қысқаруы-нан; бүндай жағдай ауыр қол жүмысын атқарғанда, өкпе эмфиземасы кездерінде байқалады.
Өкпенің диффузиялық қабілетінің бүзылыстарын үяшық-қылтамырлар аралық бөгет дейді.
Газдардың диффузиясы бүзылыстарынан ауыр артериялық гипоксемия дамиды. Бірақ гиперкапния онша байқалмайды. Өйткені көмір қышқылы газының диффузиялық қасиеті, оттегіге қарағанда, 20,3 есе жоғары болады.
Өкпе перфузиясының бұзылыстары. Өкпеде қанайналымның (перфузияның) бүзьшыстары мына жағдайларда дамуы мүмкін:
— жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кездерінде;
— туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек кемістіктерінде (атриовенгрикулалық қақпакдіалардың тарылуы, жүрекшелердің арасыңцағы сопақша тесіктің бітелмей қалуы, Ботал өзекшесінің бітелмеуі т.с.с);
— өкпе артерияларында қан қатпаларының (тромбылар) қүрылуы немесе эмбоддар түрып қалуы;
— сілейме (шок), коллапс кездерінде қан тамырлары қызметтерінің жеткіліксіздігінен өкпеге аз қан келуінен;
Осы жағдайларда қанның оттегіге қанығуы болмайды да, артериялық гипоксемия жөне, көмірқышқылы газының сыртқа шығарылмауынан, гиперкапния дамиды. Кіші қанайналым шеңберінде қан іркіліп түрып қалуынан артынан өкпенің ісініп кетуі болады. Содан үяшықтар суға толып қалып, оларда ауа алмасуы одан сайын бүзылады.
Сонымен бірге, өкпенің ішінде үяшықтардың желдетілуі мен олардың қанмен қамтамасыз етілуінің жергілікті бүзылыстары маңызды орын алады. Қалыпты жағдайда қызмет атқаратын өкпе үяшықтарына қан жақсы келеді де, қызмет атқармайтын үяшықтарға оның келуі шектеледі (Эйлер рефлексі). Содан өкпе үяшықтарындағы вентиляция мен олардың перфузиясының арақатынасы (Va/Q) бірге жуық болады.
Бүл арақатынастың бірден астам болуы қан келмейтін үяшықтарда вентиляция болуын көрсетеді. Бүндай жағдайды дәрменсіз вентиляция дейді. Бүл кезде артериялық гипоксемия байқалмауы мүмкін. Өйткені тыныс алу бүлшықеттерінің артық жүмыс атқаруынан тыныстық ауа көлемі, тыныс алудың жиілігі және тыныстың минөтгік көлемі жоғары деңгейде үсталып түрады.
Дем алудың минөтгік көлемі терендігі езгермей, тек оның жиілеуімен бір деңгейде үсталып түрғаны өкпе үяшықтарындағы вентиляцияның азаюын жөне ауа алмасуының нашарлығын көрсетеді. Совдықтан өкпе үяшықтарының вентиляциясына зор көңіл бөлінеді.
489
Va/Q бірден төмен болуы қалыпты қан келетін үяшықтардың желдетілмеуін көрсетеді. Бүндай жағдай обструкциялық бронхит, ателектаз т.с.с дерттер кездерінде байқалады және ол артериялық гипоксемияға өкеледі. Бірақ сау үяшықтардың желдетілулері икемделістік түрлерде жоғары болудан гиперкапния дамымайды.
Сьфтқы тыныс жеткіліксіздігінің клиникалық түрлері. Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі қауырт, жіті және созылмалы түрлерде болады. Қауырт сыртқы тыныс жеткіліксіздігі бірнеше минөттен бірнеше сағаттың ішінде дамиды. Оған мысал ретінде: дыбыс байламдарының аяқ астынан жиырылуы немесе жоғары тыныс жолдарына бөгде зат түскенде адамның түншығуын, бронхиалық демікпенің үстамасын, өкпе тамырларында тромбоз, эмболия дамуын т.с.с. дерттерді келтіруге болады.
Жіті сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі бірнеше аптаның ішінде дамиды. Мөселен, жіті пневмония, өкпеқапта біртіндеп сүйық немесе ауа жиналуы (гидроторакс, пневмоторакс), өкпе сыртынан қысылып қалуы, өкпе ісінуі кездеріндегі сыртқы тыныс жеткіліксіздігі.
Созьшмалы сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі бірнеше айдан бірнеше жыддар бойы дамиды. Мөселен, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, өкпе туберкулезі т.с.с. аурулар. Бүл кезде сыртқы тыныс жеткіліксіздігі үш сатьща өтеді:
— теңгерілген (компенсациялық) жеткіліксіздік сатысы. Бүл кезде өкпе вентиляциясы бүзылған белгілер болғанымен қанда оттегінің қалыпты деңгейі үсталып түрады.
— шала тенгерілген (субкомпенсациялық) жеткіліксіздік сатысында өкпе вентиляциясы қалыпты деңгейде немесе төмендеген, өкпеде газдардың диффузиясы мен перфузиясы бүзылған болады. Қанда тотыққан, оксигемоглобиннің деңгейі 93%-дан азаяды, гипоксемия байқалады.
— теңгерілмеген (декомпенсацияланған) жеткіліксіздік сатысы кезінде ауыр гипоксемия (артериялық қанда оксигемоглобин 75%-дан аз) және гиперкапния дамиды, артериялық қанда көмірқышқьш газьшың мөлшері с. б. б. 42 мм-ден астам болады. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі нөтижесінде қанның газдық қүрамы өзгереді және ентік пайда болады. Қанның газдық қүрамының өзгерістері гипоксемия, гиперкапния және гипокапния
/ түрлерінде көрінеді.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің көріністері спецификалық жөне бейспецификалық болып екі топқа ажыратылады.
Оның спецификалық көріністері — деп тыныс алудың жеткіліксіздігіне ғана тән өйгіленімдерді айтады. Оларға артериялық гипоксемия мен гиперкапния жатады.
Бейспецификалық көріністеріне, тыныс алудың жеткіліксіздігінде ғана емес, басқа жүйелердің (мәселен, қан, жүрек-қан тамырлар жүйелерінің) аурулары кездерінде де байқалатын өйгіленімдерді жатқызуға болады. Бүларға:
490
— тыныс алудың жиілігі мен ырғағының өзгерістері;
— тері мен шырышты қабықтардың көгіддірленуі (цианоз);
— ентік;
— өртүрлі дерттік тыныстар — жатады.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінін патогенездік түрлері. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің спецификалық көріністеріне қарай оның:
— гипоксемиялық немесе үлпалық тыныс жеткіліксіздігі (І-түрі);
— гиперкагшиялық-гипоксемиялық немесе вентиляциялық тыныс жеткіліксіздігі (П-түрі) — деп екі түрін ажыратады.
Гипоксемиялық тыныс жеткіліксіздігі кезінде артериялық қанда отгегінің үлестік қысымы с. б. б. 60 мм-ден төмендеп кетеді. Ол өкпе үлпасының ауыр бүліністерінен жөне төменгі майда тыныс жолдарының ауруларынан дамиды. Оның даму жоддарында:
— өкпе үяшықтары мен қылтамырлар қабырғалары арқылы газдардың диффузиясының бүзылыстары;
— үяшықтардың жеддетілуі мен олардың қанмен қамтамасыз етілуінің арақатынасы бүзылыстары;
— веналық қанның, өкпе тамырларына түспей, тікелей сол жақ жүрек қуыстарына ауысуы;
— дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымы қатты азайып кетуі — маңызды орын алады.
Артериялық гипоксемияның нәтижесінде мидың, жүректің, бүйректің т.б. ішкі ағзалардың жасушаларында гипоксия дамиды. Шамалы гипоксемиядан адамның парасаты, көз көруі төмендейді. Артериялық қанда оттегінің үлестік қысымы (р02) сынап бағанасы бойынша 50 мм-ден азайғанда адамның масаттануы болып, өз жағдайын бағалай алмайды, үйқы басады жөне сана-сезімі қарауытады. Ол одан ары азайғанда естен тану, тырыспа-селкілдек дамып, мидың бүліністері пайда болады. Гипоксемия кезінде жүрек қағуы, артериялық қысым көтерілуі болып, артынан брадикардия жөне гипотензия дамвды. Ба-сында тыныс алу жиілеп (гиперпное), артынан ол сирейді, брадипное дамиды.
Гиперкапниялық-пшоксемиялық тыныс жеткіліксіздігі өкпе үяшықта-рының гиповентиляциясы нөтижесінде дамиды. Бүл кезде организмнен көмірқышқылы газының сыртқа шығарылуы азайып, қанда оның деңгейі көбейіп кетеді. Қанда бүл газдың үлестік қысымы с. б. б. 45 мм-ден астам көтеріледі. Осыны гиперкапния дейді. Гиперкапішяның деңгейі өкпе үяшықтарының жеддетілуі азаюынан тікелей байланысты болады Осыдан қанда қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бүзылуы байқала-ды, газдық ацидоз дамиды. Артынан гипоксияның нәтижесінде газдық емес, метаболизмдік ацидоз қосылады.
Гиперкапнияның нәтижесінде ми тамырлары кеңіп, бас сүйек ішінде қысым көтеріледі. Содан бас ауыруы, көңіл-күйдің қобалжуы, діріл пайда болады. Артынан естен тану болып, кома дамиды.
491

Приложенные файлы

  • docx 11852803
    Размер файла: 24 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий