Байқау ережесі


Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Елдікті жырлаймыз» жас ақындар мен көркемсөз шеберлерінің қалалық байқауы
ережесі.
Өтетін күні: 15.04.2015 ж
Өтетін уақыты: сағ. 14.00 – 17.00
Өтетін орны: Ғ. Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы Ұйымдастырушылар: Облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі
Мақсаты:
Ақындық өнермен машықтанып жүрген жас таланттарды анықтау, ынталандыру және ел тарихына құрметтеуге баулу, қазақ поэзиясының дамуына үлес қосу
Ережелері мен шарттары:
- Байқауға 6-10 сынып аралығында жас ақындар қатыстырылады.
1. Тақырыпқа сай өлең (бұрын еш жерде жарияланбаған 1 өлең);
2. Тақырыпқа сай ақындар өлеңдерінің біреуін мәнерлеп оқу.
3. Қатысушылар өз туындыларын жинап, кітапшасын қазылар алқасына ұсынады;
- Өлеңдерін А4 форматты қағазда компьютерде теріп, 2 дана етіп ұйымдастырушыларға ұсынады.
- Шығармалары 8 шумақтан кем болмауы керек.
- Үміткерлердің шығармаларын қазылар алқасы анықтап, жүлдегерлерді белгілейді.
Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау:
Байқау жеңімпаздары 2 номинация бойынша марапатталады:
«Жас дүлдүл» номинациясы (ақындық өнер бойынша);
«Көркемсөз шебері» номинациясы;
Әр номинация бойынша:
I орын (біреу)
II орын (біреу)
III орын (біреу)
Жеңімпаз атанған үміткерлер арнайы дипломдармен, сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталады.
Қатысушылар өтінімдері мен шығармалары 2015 жылдың 9 сәуіріне дейін мына мекен-жай бойынша тапсыруы тиіс: Атырау қаласы жас натуралистер стансасы, Ж. Нәжімеденов көшесі, 71 үй. Байланыс телефондары:тел/факс: 29-07-14, электрондық пошта: [email protected], ұялы тел.: 8775 234 10 95.
Мүшайраға қатысу талаптары:
Өтініші(үлгіге сай толтырылып тапсырады)
Жеке куәлігінің көшірмесі
Шығармалары (2 дана)Байқауға қатысушысының сауалнама-өтініші

3х4 фото
Т.А.Ә. Туылған күні, айы, жылы Білімі Оқу орны Өмірлік ұстанымың
Ақындық өнерге қашаннан машықтандың, не түрткі болды? Шығармашылық мінездеме
(ұсынылып отырған шығармаң туралы жазу) Пошталық мекен-жайы (облыс,қала, көше, үй, пәтер) Үй телефоны (қала кодымен қоса) Ұялы телефон номері Электрондық пошта Ескерту: 1. Туу туралы немесе жеке куәлік көшірмесін осы сауалнамаға қоса жолдануы тиіс;
2. Ұсынылып отырған шығарманы 2 данадан әділқазыға тапсыруы тиіс;

Приложенные файлы

  • docx 11311654
    Размер файла: 16 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий